Спорттағы тәрбие психологиясының негіздері.
Жоспар:
Тәрбие ұғымы, тәрбие психологиясының басты міндеттері.
Тәрбие психологиясының қарастыратын мәселелері
Тәрбие iсiнде қолданылатын тәсілдер мен әдістер
Еңбектің тәрбиелік мәні – дұрыс мамандық таңдау.
Тәрбие беру (оқыту, оқытумен қатар немесе одан тыс процестер барысында) адамды (қоғамның адам дамуының әрбір берілген тарихи кезеңінде әлеуметтік маңызды, позитивті құндылықтар ретінде қарастырылатын) белгілі құндылықтарға бағыттау, өзін-өзі ұстау принциптерін, баға беру жүйесін, өзіне, басқа адамдарға, еңбекке, қоғамға, жалпы әлемге көзқарасын қалыптастыру мақсатында мақсатты бағытталған ықпал деп түсініледі (А.Ф. Лазурский, В.Н. Мясищев)1. Тәрбие беру талдамалы және педагогикалық мақсаттарда ол адамгершіліктік, эстетикалық, еңбектік, физикалық және т.б. деп жеке тұрғыдан қарастырылғанына қарамастан, жалпы барлық білім беруші ортаның тұтас ықпалы ретінде қарастырылады.
Оқыту мен тәрбие беру процестерінің осылайша түсінілетін өзара байланысы, кемінен төрт түрлі бола алады:
Тәрбие беру оқыту процесінде жүзеге асырылатын, оқытудан ажыратылмайтын процесс (мазмұны, нысаны, оқыту құралы арқылы). Бұл дәл осы екі процестің арасындағы, былайша айтқанда бір-біріне қосылатын қатынастар. «Оқыта отырып, біз тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып, біз оқытамыз», - деп С.Л. Рубинштейн атап өткен. Осындай түрде тәрбие беру оқу процесіне кіреді, бұл жағдайда ол тәрбиелеуші оқыту ретінде анықталады. Осы тұрғыдан ол басымдырақ тартып, педагогикалық психологиямен қарастырылады.
Тәрбие беру белгілі бір жүйе мен мекеменің білім беру процесінде және оқытудан тыс, оған қатарласа (үйірмелер, қоғамдық жұмыс, еңбекке тәрбиелеу) жүзеге асырылады. Бұл жерде оқытудың барлық тиімділігі нығайтылуы тиіс, және оқыту өз кезегінде тәрбие беруге ықпал етуі тиіс.
Тәрбие беру білім беру процесінен тыс (бірақ оның ортақ мақсаттары мен құндылықтарына сәйкес) отбасында, еңбек ұжымы, топта, қауымдастықта жүзеге асырылады, бұл жерлерде оқыту мен үйрету өз бетінше жүруі де мүмкін.
Тәрбие беру өз бетінше, ал кейбір кезде мақсатты бағытталған оқыту мен үйретумен ілесіп басқа да мекемелер мен (білім беруші емес), қауымдастықтарда жүзеге асырылады (клубтар, дискотека, компаниялар және т.б.). Үлкендер мен құрдастарының тәрбие берудің осындай өмірдің қатаң шындығынан туған әсері көбінесе шешуші болып шығады.
Әрине, тәрбие берудің оқыту процесіне қарасты соңғы үш түрі педагогикалық психологиямен ғана емес психология мен педагогиканың арнайы бөлімінде қарастырылуы қажет. Педагогикалық психология үшін тәрбие беру оқыту процесіне оның мазмұны, түрі мен әдістері арқылы үйлесімді өз орынын алуы қажет. Зерттеу пәнінің келтірілген анықтамасы мен жоғарыда қарастырылған көзқарастар тұрғысынан педагогикалық психологияның құрылымына:
білім беруші қызметтің психологиясы (оқу және педагогикалық қызметтің бірлестігі ретінде);
оқу қызметінің және оның субъекті – оқушының психологиясы (оқушы, студент);
педагогикалық қызметтің (білім беруші және тәрбиелеуші әсердің бірлестігі) және оның субъекті (мұғалім, оқытушы) психологиясы;
оқу-педагогикалық еңбектестік және қарым-қатынас психологиясы кіреді.
Аталған құрылым педагогикалық психологияның зерттеу аумағын кеңейтіп отырғаны анық, соның өзінде ол 3 тармақта дәстүрлі болып қалып отыр (оқыту, тәрбие беру, мұғалім). Қазіргі уақытта педагогикалық психология жоғары мектеп психологиясы (жоғары білімнің) (Н.В. Кузьмина, М.И. Дьяченко, Л.А. Кандыбович, А.В. Петровский, С.Д. Смирнов) және мектепте оқытудың педагогикалық психологиясы болып бөлінуі көп кездеседі, оған дәстүрлі осы саладағы жұмыстар кіреді.
Тәрбие деп үлкендердің кішілерге азаматтық қасиетін қалыптастыруға тигізетін әсерін айтады. Тәрбиенің өзі неше түрлі саладан, айталық, моральдық, интеллектуалдық, эстетикалық және еңбекке үйретуден, дене шынықтырудан құрастырылады. Тәрбиенің осы түрлері ерте дәуірлерден басталынып келеді. Аталған салалардың жас өспірімдердің есеюіне тигізетін әсері күшті болғанымен, “тәрбие” деген терминді түсінуде ғалымдар арасында түрлі пікірлер кездеседі: бірінші пікір бойынша, баланың басы “таза тақта”. Сондықтан оның көкейіне не жазам десең, соны жазуға болады. Баланың келешекте кім болатынын түгелдей тәрбиеші шешеді. Тәрбиеші баладан келешекте қандай адам жасап шығарғысы келсе, бәрі қолынан келеді.
Екінші пікір бойынша, баланың көкейіне не болса соның бәрін жазуға болады. Біреуді біреу тәрбиелей алмайды, әркім өзін-өзі тәрбиелеп, азамат қатарына жете алады. Соңғы пікір мына сияқты дәлелге сүйенеді: ешкім баланың басына өсиеттерді енгізіп, оның лұқсатынсыз, ісін, қылығын сол өсиеттерге бағындыра алмайды. Бала үлкендерді тыңдағысы келсе, тыңдайды, тыңдағысы келмесе, тыңдамайды,-өз еркі дәлелдің бұл түрі орынды сияқты. Себебі, тәрбиеші баламен тіл табысып, жақын жақын қатынаста бола алса, онда баланы өзінің сөзіне көндіріп, біразға дейін жетелеп, оны тәрбиелеуде едәуір дәрежеге жете алады. Біз осы пікірдің әрқайсысына тән қолайлы жағын алып, тәрбиеге ұмтылытын баланың өзі, оның келісімінсіз бұл салада нәтижеге жетуге болмайтынын мойындай отырып, егер баланың “кілтін” тауып алса, онда тәрбие саласында үлкен нәтижеге жете алады дейміз.Осыған қарағанда тәрбиенің ең негізгі мәселесі баламен әңгімені қандай тақырыпта жүргізуде емес, онымен байланысудың “кілтін” тауып, тіл алдыра білуде.
Ал тіл алу не алмау неге байланысты? Баланың тіл алуы мынадай екі түрлі себептерге: біріншіден, балаға айтылған кеңестің мазмұнына, екіншіден, сол кеңеске ол қаншалықты құлақ асатынына тәуелді келеді. Мұны С.Л.Рубинштейн детерминизм деп атаған болатын. Бұл принцип бойынша, баланың тәрбиеге көніп тіл алуы тек үлкендердің өсиетіне ғана байланысты емес, сол кездегі оның көңіл-күйіне де тәуелді. Егер тәрбиеші балаға ұсыныс жасап, бәлендей тапсырманы орындау туралы қанша дәлел келтіргенімен, осыған оның көңілі болмаса немесе қасақаналықпен орындағысы келмесе, онда сол сөздерден нәтиже шықпайды.
Сонымен балаға тіл алдыру – қиын мәселенің бірі. Бала қайткенде тіл алатынын зерттеп, осы жөнінде тәсіл ойлап шығаратын - тәрбие педагогикасы. Бірақ тәл алудың не алмаудың психологиялық тұрғыдан себептерін зерттеп, осы жөнінде ұсыныстар енгізіп отыратын – тәрбие психологиясы туралы ілім. Бұл мәселе оңай емес және оның қзіндік ерекшеліктері кездеседі. Тәрбие психологиясы сол ерекшеліктерді өандай тәсіл қолданғанда кеңес пен ескертпені жете ұғынып, өзінің ішкі ниетіне айналатынын тексеріп, тәрбие жұмысының қазіргі өскелең талабына сай тәжірибенің өріс алуына көмектеседі. Тәрбие психологиясы жаңағы детерменизм принципін басшылыққа ала отырып, оны тәрбие процесін дәлелдеуде қолданады.Мысалы, үлкендер тарапынан оқушыға арнап айтатын сөз оның тәрбиеге көнуіне себеп болса, ол оның ішкі ниетіне айналып, соған сәйкес барлық ісін, қылығын т.б бағындырады. Ал мұның өзі соның нәтижесі болып табылады. Сондықтан тәрбие жұмысын зерттеуде психологтар әр себептің қандай нәтижеге апарып соғатынын тексеріп, осының өзіндік сырларын ашып беруге ұмтылады.
Ал кеңестер мен ескертпелердің баланың тәрбиеленуіне әсер ете алуы неге байланысты? Бұның себебі айтылатын сөздер мазмұнының тереңдігінде жатыр. Бірақ күнделікті сөздердің бәрі бірдей балаға ықпалын тигізе алмайды. Мұны айтылатын мәністің оқушының, сол кездегі жағдайы мен көңіл-күйімен санаса отырып, соған сәйкестендіріп, айта білмеуден кездеседі. Осыдан шығатын қорытынды тәрбиелеуге не қайта тәрбиелеуге көнбейтін баланың ішінде ешқандай сыр жоқ. Сондықтан тәрбиеге көнгісі келмеген кейбір балаларға “қиын” деп ат беру – қате. Мұндай бала кездескен жағдайда да бұл – сол баланың кемшілігі емес, әлеумет ортасының кемшілігі.
Бұл айтылатын мәселелер тәрбие жұмысын толық қамти алмайды. Себебі оқушыға тіл алдырудан басқа, оның азаматтық қасиетін және осыған орай, әдептілігі мен сыпайылығын, интеллектуалдық сапасын, эстетикалық талғамын дамыту қажет. Осыған қарағанда “тәрбие” деген ұғым бір жағдайда кең мағынада, екінші жағдайда тар мағынада, яғни тіл алдыру, тәртіп сақтау мағынасында айтылады.
Тәрбие iсi—“ой шұңкыры”, қыры мен сыры мол, неше түрлi тәсiл, әдiстердi қажет ететiн аса күрделi процесс. Бұл жерде, осы айтылғанның бiр жағына, яғни тәрбие әдiстерiнiң бiрi - тәрбиеленушiлерге талап қоя бiлу, оның нәтижесiн кадағалап отыру мәселесiне тоқталмақпыз. Адамға дұрыс талап қойылмаса, тапсырылған iс уақытында қадағаланбаса, бiртiндеп берекесiздiк пайда болады. Сондықтан балаға кiшкентай кезiнен бастап шамасы келетiн талаптар қойып, мiндеттер жүктеп, олардың орындалуын бақылап отырмаса, жас өскiндi жауапкершiлiкке, өз борышын дүрыс түсiне бiлуге машықтандыру қиын. Талап қою, мiндет жүктеу бала мектепке барғаннан кейiн ерекше мәнге ие болады. Мұнсыз оқудың, оны миға тоқудың өзi мүмкiн емес. Мәселен, жетi жасар бала мұғалiмнiң үйге берген тапсырмаларын орындап тұруға бiртiндеп машықтануы қажет, ұстаздың талап-тiлектерiн орындау оқушы үшiн - заң. Оқушыға мiндет алу, тәрбиешiнiң талабын мүлтiксiз орында шығу үлкен жауапты әрi жанды жадырататын iс. Бұл жәйт шәкiрттiң психикасына зор салмақ салып, бала психологиясын күрт өзгертуге себепшi болады. Өйткенi, мектепке дейiнгi тәрбиеде шын мәнiндегi талап қоюшылық, мiндет алушылық болмайды, белгiлi мiндет жүктеу, белгiлi талап, ережелердi орындатқызу — мектеп режимiнiң бұлжымас заңы. Балаға талап қоюдың түрлi жолдарын шәкiрттiң жеке-дара, жас, жыныс және ұлттық ерекшелiктерiне қарап әр кез нақтылы жағдайға орай үнемi түрлендiрiп отыру қажет.
Мәселен, шәкiртке қойылатын талаптың қарапайым түрi, оған өз мiндетi туралы жайлап ескерту болса, ал мұның жоғары түрi кесiмдi түрде бұйыру. Адамға талап қою - оны бiр нәрседен сақтандыру, тиым салу түрiнде де қолданылады. Дұрыс талап қоя бiлудiң тиiмдiлiгi, тәрбиелiк мәнi ұстаздың байсалды, байып тылығына да байланысты. Адамға талап қоя бiлу - үлкен өнер. Оқушыларға жөндеп талап қоя алмайтын, қойса да оны орындауды аяғына дейiн қадағаламайтын, тiптi оған қалай болса солай қарайтын мұғалiмдер де кездеседi. Осындай мұғалiмнiң сынып ұжымын ынтымақтыққа, бiрауыздылыққа тәрбиелей алуы қиын. Шәкiртке дүрыс талап қоя бiлумен қатар оның iс-әрекетiн оқтын-оқтын қадағалап отыру да қажет. Бақылау жүргiзу оқушының iске жауапкершiлiгiн арттырады, өзiне деген сенiмiн күшейтедi, iс-әрекетiнiң қоғамдық маңызын аңғара бiлуге, сөз бен iстiң арасындағы алшақтықты бiртiндеп жойып отыруға мүмкiншiлiк бередi. Оқушыларға талап қоюмен олардың iс-әрекетiне бақылау жүргiзуде мына төмендегiлердi ескерiп отырған абзал. Бiрiншiден, әр уақытта орындалуы күмәнсiз нәрселерге ғана нақты талап қойылуы қажет. Кiсiге ауыр талап қою, сондай-ақ, оның шамасы келетiн-келмейтiнiн ескермеу жақсы нәтиже бермейдi.
Сондықтан, талап дәл, анық, нақтылы келiп, одан қайшы пiкiрлер орын алмауы тиiс. Екiншiден, ол өте қысқа, ықшам сөздермен тұжырымдалып, оның орындалу жолын шәкiрт жақсы түсiнсе ғана нәтижелi болып орындалады, үшiншiден, талап барынша байсалдылықпен, оқушының ар-ожданын сыйлау жағдайында қойылғаны жөн. Ең негiзгiсi — оның орындалғаны жөнiнде адамнан есеп алуды ұмытып кетпеу керек. Осы айтылғандарды ретiне қарай жүзеге асырып отыру тәлiмгерлiк шеберлiкпен, ұстаздық тактiнi қажет етедi. Шәкiрт тәрбиесiнде кiсiнiң қол жеткен табыстарын уақытында көре бiлiп, оны ретiмен мадақтап отырудың да маңызы зор. Мұның ең қарапайым түрi -мақұлдау. Егер шәкiрттiң iс-әрекетi әркез мақұлданып отырса, ол еңбек етуге онан сайын ынталана түседi. Мәселен, «бәрекелде», «дұрыс», «жақсы», «тамаша», «мынауыңнан нәтиже шығады», т.б. осы секiлдi сөздер оның жiгерiне жiгер қосып, үлкен демеу болады. Оқушының әрбiр iсiне әдiл баға берiп отыру үстаздың беделiн онан сайын арттыра түседi. Шәкiрттердi айқай-ұйқаймен басқарғысы келетiн мүғалiмдер көп сөйлейдi, кiсiнi ығыр қылатын сөздi шәкiрт жаратпайды, ол «ұстазының» қай сөзiн тыңдарын бiлмей, басы қатады. Ұстаз шәкiрттiң терiс iстерi мен қылықтарын дер кезiнде көре бiлiп, реттi жерiнде оған түрлi жазалау шараларын да қолданып отырғаны дұрыс. Жазалаудағы негiзгi максат - терiс жолға түскен баланы қайтадан жақсы қасиеттерге бой ұсындыру. Мұның мәнi де осында. Жазалауды да мадақтау сияқты аса ептiлiк, ерекше байсалдылықпен пайдалану қажет. Тiптi төменгi сынып оқушыларының да өздерiнiң тәртiпсiз iстерiнен ұялатын, жапа шегiп, қапаланатын кездерi болады. Адамның кiнәсi үшiн әдiл жазалау кiсiнi қатты ойландырып, бұл оның мiнез-құлқын түзете бастауға себепшi болады.
Шәкiрт нақты кiнәсiне сәйкес жазаланғанда ғана босқа зәбiрленбей, қолайлы көңiл-күйiн басынан кешiредi. Егер ол терiс жазғырылса, бұл оның тәрбиесiне керi әсерiн тигiзедi. Егер мұндай жағдай қайталана берсе ол әдiлеттiк, шындық деген ұғымға жөндi мән бермейтiн, тiптi пысқырып та қарамайтын болады. Орынсыз жаза оны ашушаң, ызақор, кекшiл, қасарыспа, не қорқақ, жiгерсiз, әр нәрсеге селсоқ қарайтын күйге түсiруi де мүмкiн. Кейде оқушының терiс қылықтарын көре-тұра оны жазаламаудың да кесiр-кесапаты аз болмайды. Шәкiрт оқыс қылықтарды кейде әдейi жасамай, оны балалығымен, бiлместiк, аңғарымсыздығынан да жасайды. Ал, ендi бiр оқушы мұны орынсыз батылдығы мен сотқарлығына, қасарыспалығына карай iстейдi. Мәселен, бiр бала терезенiң желдеткiшiн ашамын деп оның әйнегiн сындырып алса, екiншi бала оны жолдасымен алысып жүрiп сындырады. Бұл жерде, осы екi балаға бiрдей шара қолдануға болмайтыны белгiлi. Өйткенi, екеуiнiң кiнәсi екi түрлi, сондықтан екеуiне екi түрлi жаза ойлап табу қажет.
Шара қолдану мәселенiң түпкi себебiн iздеуден басталуы қажет. Өйткенi, әр уақытта да себепсiз ештеңе болмайды. Сондай-ақ, кiсiнiң терiс қылықтарын айыптап, тиiстi жаза қолданып отыру белгiлi талаптарға сәйкес жүрiзiлуi тиiс. Бұлардың кейбiрi мына төмендегiлер: бiрiншiден, жазалау әр уақытта әдiл, адамның кiнәсiне лайықталып берiлуi қажет. Екiншiден, жаза әр уақытта оқушы санасында iз қалдырып, оны жақсы жолға итермелейтiндей етiп берiлетiн болсын. Үшiншiден, жаза жеңiл түрден ауырға қарай, әр бұзақылықтықтың өзiндiк ерекшелiгiне қарай қолданылуы қажет. Төртiншiден, шәкiрттiң терiс қылығының ақ-қарасы нақты тексерiлiп, оның бұрыннан белгiлi ерекшелiктерi (бiлiмi, қабiлетi, жалпы мiнез-құлқы, т.б.) ескерiлiп отырылсын. Бесiншiден, мұғалiм бұл шараны аса байсалдылықпен, оның жеке басын тәлкек етпейтiн (ондай жағдайлар да кездесiп отырады) түрде ұйымдастырылғаны абзал.
Тәрбие тәсiлдерi мен тетiктерiнiң осы айтылғаннан басқа да сан алуан түрлерi болатыны - әркез ұстаз бен шәкiрттiң есiнде болуы тиiс.
Адамның өзiн-өзi тәрбиелеуi, жар таңдап, отау құру, сөйтiп жұрт қатарына енуiмен өзектесiп жататын мәселенiң бiрi- мамандық таңдау. Соңғы кезектi жүргiзiлген зерттеулер (анкета, сұхбат, т.б.) жастардың мамандық таңдай бiлуге байланысты ой-пiкiрлерi мен тебiренiс-толғаныстарында бұл мәселенiң қоғамдық-әлеуметтiк жағынан гөрi жеке бас мүддесiне көбiрек қатыстылығы байқалып жүр. Әрине, бұл қазiргi нарық экономикасына көшу кезiндегi өтпелi кезең тудырған жәйт болса керек. Жеке мүдде қазiргi кезде ел-жұрт психологиясына елеулi әсер етiп тұрған фактор екендiгi белгiлi. Заман талабы жастардың тек мал шаруашылығы, өндiрiс, құрылыс маманы ғана болмай, сауда, алыс-берiс, бизнес iсiне де көптеп мамандануын қажет етiп отыр.
Үлкен өмiрге ендi ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзiне лайықты бiреуiн таңдау мiндетi тұрады. Әр адамның бiрнеше кәсiппен айналысуға қабiлетi болғанымен, соның бiреуiне ынтасы ерекше ауады. Өйткенi, әр кәсiпке қажеттi қабiлеттiлiк деңгейi түрлi дөрежеде болады. Мәселен, ұшқыштық қабiлет тек ұшу немесе оған жаттығу кезiнде емес, спорт ойындары кезiнде, математикалық қабiлет шахмат ойыны үстiнде қалыптаса бастауы мүмкiн. Мамандықтың белгiлi бiр түрiне бағыт-бағдар беру - кәсiптiк бейiмделу, (адаптация) мәселесiне келiп тiреледi. Бұл жөнiнде өткен тарауда азды-көптi айтылды. Мәселен, өндiрiске жаңадан келгендерге тәжiрибелi жұмыскерлер алғашқы кезде көбiрек көңiл бөлiп, олардың әрқайсысына қамқорлық көрсетiп, жұмыстағы кемшiлiк-олқылықтарын түзеп, қабiлеттерiн сүйеп, демеп отырады. Бүл жәйт жас адамның өмiр жолын дұрыс таңдай алуына, өз мүмкiндiгiне сенiмiн нығайтып, бекiте түседi. Кәсiпке бейiмдеудiң сан алуан жолдары мен әдiстерi бар. Солардың iшiнде «Жұмысшы қатарына кабылдау», «Өмiрге жұмысшы жолдамасын беру», т.б. салт-дәстүрлердiң маңызы ерекше.
Кәсiпке бейiмделу элементтерi мектептегi оқу-тәрбие процесiнде де жүргiзiлсе құба-құп. Мәселен, сабақ үстiнде, әр түрлi үйiрме жұмыстары кезiнде шәкiрттердi практикалық мәнi бар қызметпен жәй таныстырып қоймай, оларды бұл iске тiкелей араластырған абзал. [Жазушы мамандық таңдауға ерекше көңiл бөлетiн әрбiр жас өскен мектепте оқып жүрген кездерiнiң өзiнде-ақ бұл жөнiнде жазылған әдебиеттермен танысып отыруды ойластырады. Бұл жерде оған мамандық таңдау психологика жайлы жазылған кiтаптар көп қөмек көрсетедi. Мұндай басылымдарда – жастарды кәсiптiк бағдар, оларды жеке икемдiлiктерiне қарай iрiктеу, тиiстi кеңестер беру, әртүрлi мамандықтарды психологиялық жағынан сипаттау, бұлардың профессияграммасын жасау, әр жастағы адамдардың еңбектiң түр-түрiне қабiлеттiктерiн ажырату, еңбек экспертизасының мәселелерi қарастырылады. Мұнда сондай-ақ әртүрлi мамандыққа қажеттi бiлiм жүйесi мен дағды, икемдiлiктердiң қалыптасу жолы, жұмыс устiнде түрлi бақытсыз жағдайға душар болмаудың профилактикасы, адамның еңбек үстiндегi қолайлы көңiл күйiнiң бiрқалыпты болуын қамтамасыз ету мәселелерi, еңбек ұжымдарындағы жарасты моральдық-психологиялық ахуалдың қалыптасу факторлары жұмыс үстiндегi шаршау мен болдыруға қарсы күрес, техникалық құралдарды гуманизациялау (өндiрiстiк эстетика), мастерлер мен ұстаздардың, инженер-техниктердiң психологиялық бiлiмдерiн жетiлдiру, т.б.-мәселелерi жайлы сөз қозғалады. Мәселен, оның психологиялық профессиография дейтiн бөлiмiнде адамнын мамандыққа қажеттi ерекшелiктерi профессияграммаға (түрлi мамандыққа қажеттi, талаптардың сипаттамасы) түсiрiледi. Психологиялық профессиограмма (психограмма) - мамандықтың бiр түрiнiң адам психикасына қоятын талап-тiлегiнiң жинақ мәлiметi. Iс-әрекеттiң әр саласына тән өзiндiк профессиограммалары болады. Оларға техника (мамандықтың технологиялық аспектiлерiн сипаттау), экономика (экономикалық мәнiн сипаттау), социология, педагогика, медицина, т.б. профессиограммаларын жатқызуға болады. Профессиологияның айналысатын мәселелерiнiң келесi бiр саласы-кәсiби бағдарлау. Бұл мамандықты дұрыс таңдап алмау жағдайынан туатын қателiктердiң алдын алып, болдырмау жағына бағытталған еңбек экспертизасы.
Кәсiби бағдардың (профориентация) мынадай түрлерi бар:
а) кәсiби сауат ашу;
ә) кәсiби насихат;
б) кәсiби адаптация (төселу);
в) кәсiби ақыл-кеңес беру (консультация), кәсiби iрiктеу (подбор).
«Кәсiби консультация» - түрлi мамандықтың өзiндiк ерекшелiктерi жайлы түсiнiгi кем, немесе саяз жастарға практикалық ақыл-кеңес берiп, жөн-жосық көрсету. Кәсiби бағдардың бұл түрiнде адам тәнiнiң, сондай-ақ жан дүниесiнiң өзiндiк ерекшелiктерi (көргiштiк, естiгiштiк, заттарды бiр-бiрiнен тез айыра алу секiлдi арнаулы психикалық қабiлеттер, т.б.), яғни тиiстi мамандыққа қажеттi медициналық, психологиялық талаптар туралы ақыл-кеңес берiлiп, осы мамандыққа қоғамның зәрулiгi, кейiннен жұмысқа орналасу мәселелерi сөз болады. Мұндай консультацияны арнаулы мекемелер, сондай-ақ мектептегi мұғалiмдер мен психолог мамандар жүргiзiп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |