Тәрбие сағат тақырыбы:
1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларға тұңғыш президент туралы мәлімет беру; Н. Ә. Назарбаевқа арналған мұражайға сырттай саяхат жасау; президентті құрметтеуге, оны үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Ι. Ұйым. кезеңі. Тақырып, мақсат. Әнұран орындау
Сабақтың барысы 1 - ші желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Парламент 1991 жылдың 1 - ші желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын.
ІІ. Өмірбаяны 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының (Қаскелелең), Шамалған ауылында дүниеге келген. Нұрсұлтан әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұңғышы. 1958 жылы Днепродзержинск (Украина) техникалық училищесіне түсіп, 1960 жылы май айында Нұрсұлтан Днепродзержинскіден Теміртауға екінші дәрежелі горновой қара металлургия өндірісінің білікті маманы деген атақпен оралады. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын бітірді. 1969 – 1976 жылдары Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1977 – 79 жылдары Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы, 2 - хатшысы, 1979 – 84 жылдары Қазақстан КП ОК хатшысы, 1984 – 89 жылдары Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1989 – 91 ж. Қазақстан КП ОК - нің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан – сәуір) болды. Қазақстанның қайта құрылуы Мемлекет басшысының алғашқы маңызды заң актілерінің бірі – 1991 жылдың 10 желтоқсанда қол қойылған «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының аталуын өзгерту туралы» заң. Бұл заң бойынша Қазақ КСР - і бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды. 1991 ж. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңға қол қойып, 1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпыхалықтық сайлау өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланысымен 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойып, жаңа тәуелсіз мемлекеттің егемендігін жариялады. 1997 ж. 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды (қ. Астана). «Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» көптомдық кітапта жас мемлекеттің өміріндегі ұлы өзгерістерді, ұлтты қайта өрлетудегі Елбасының ұланғайыр еңбегін, дүниежүзілік қауымдастықтың осыны қалай мойындап отырғанын дәлелдейтін құжаттарға, дерекнамаларға негізделген.
ІІІ Видео "Біздің президент"
ІV. Сұрақ- жауап викторинасы
1. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.)
2. Н. Ә. Назарбаев қашан туған?(6 шілде, 1940 жылы туған)VV
3. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?( өткені бұл күн президент сайлау күні болды.)
4. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?(Металлургия)
5. Н. Ә. Назарбаев қайда туған?(Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
6. Н. Ә. Назарбаевтың неше баласы бар? (үш қызы)
7. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?(1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан алғашқы президент күні, 16 желтоқсан.)
8. Мемлекеттік рәміздердің авторларын білесіңдер ме?(әнұран: Н. Ә. Назарбаев, Қалдаяқов, Нажмиденов, елтаңба: Уалиханов, Малибеков.)
9.Қ. Р - ның ұшқыштарын атаңдар?(Т. Аубакиров, Т. Мусабаев.)
10. Әлемде Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?(9 орында)
11. Біз қай облысқа қараймыз?
12.Қазақстан ұлттық валютасы қалай аталады? Ол қай жылы қабылданды?(1993 жылы 15 қараша )
V. Өлеңдер оқып , шаңырақ құрастыру
Ән: " Отан"
V Ι. Кортынды.
Достарыңызбен бөлісу: |