эссе
Жоғары сыныпта оқып жүріп жазған «Кім болам?» тақырыбындағы шығармада жас апайларымызға еліктеп «ұстаз боламын» деп жазғаным алабұртқан жастықтың әңгімесі емес, шындыққа айналғанына міне, тура 31 жыл өтіпті, Сол қиялдың жетегінде Қызылорда педагогикалық институтына түсіп , музыка пәнінің мұғалімі, тәрбиеші-методист мамандығы бойынша алған дипломыма алғысым шексіз. Алғаш еңбек жолымды бастаған сәттен-ақ түсінгенім-ұстаздық менің өз мамандығым екендігі. Демек, мен мамандықты емес, мамандық мені таңдап тұрғанын түсіндім. Балаға білім мен тәрбие беретін ұстаздық-бұл кездейсоқ адамдар жүруге болмайтын белгілі бір қызмет саласы. Өйткені, бала-біздің болашағымыз. Ал, болашақты тәрбиелеу тек ұстазға ғана сеніп тапсырылатын қызмет. Әрбір бала өзінші бір әлем, өзінші бір өнер, өзінше бір бірегей. Міне, сол баланың тілін тауып, іргетасын калау-ұстаз міндеті. Ұстаздық қызмет мектепке дейінгі және мектеп жасына қарай мектеп мұғалімі және балабақша тәрбиешісі болып бөлінетіні белгілі. Менің бүгінгі әңгімем балабақша тәрбиешісі жөнінде болмақ. Шығыс философтары: тәрбиешінің еңбегі мың түрлі гүл өсіретін бағбанның еңбегімен бірдей. Бір гүл жарықты, бір гүл көлеңкені, ал, енді бір гүл алакөлеңкені, келесісі қараңғыны сүйеді. Барлығына да ерекше күтім керек. Бала да сол сияқты» деп тәрбиеші еңбегінің ерекшелігін атап көрсеткен екен. Мен үшін де қазіргі заманның тәрбиешісі- ол жүгіруші, секіруші, мәңгілік қозғалыс иесі. Өйткені, бала жүгіруші, секіруші, және қозғалыс иесі. Мен үшін қазіргі заманның тәрбиешісі-ол зерттеуші, бақылаушы,құрастырушы, суретші, мүсінші, әнші, биші, әртіс, сиқыршы, саяхатшы., ізденуші. Баланың әрбір сұрағына нақты дәлелмен жауап беру үшін ол үнемі білімі мен білігін көтеріп, жаңа заман ағымымен ілесіп отырушы. Балаға тек тәрбиеші өз деңгейінде ғана білім беріп қоймайды , баланың шығармашыл ойлай білуіне ықпал ету үшін көп ізденеді. . Сол ізденіс арқылы бала жүрегіне жол тауып, оны өз қалауымен жетектей білуі де ұстаздық қасиет. Бала өзін тәрбиешімен бірге жүргенде қауіпсіз, қамсыз сезініп, тәрбиешіге толықтай сенуі керек. Ал, ол сенімге ие болу үшін, тәрбиеші баланы өз баласындай жақсы көруі керек. Менің ойымша Әйел-ана үшін тәрбиеші болу-ең керемет мамандық. Өйткені қыз баланың өмірдегі мақсаты-ана болу. Ана ретінде балаларды мейірімге бөлеу, олардың өмірін махаббатқа толтыра отырып, өзіне жағымды әсерлер топтамасын алу тек тәрбиешінің ғана қолынан келеді. Тәрбиеші болу мен үшін- бұл үнемі балалық шақта, ертегілер әлемі мен қиял әлемінде болу мүмкіндігі.Алдыма келген балаларды үлкен жауапкершілікпен осы ғажайып әлемнің тылсымына ендіру маған үлкен ләззат сыйлайды. Педагогикалық шеберліктің мәні алдымен қызықтыру, сонан соң үйрету деген тұжырымдамасын негізге аламын. Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл - күй сыйлау. Өзімді жұмыс барысында балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші сезінемін. Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттырып, оқу қызметіне деген тұрақты зейінін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызады. Баланың барлығы бірдей емес: момын, қырсық, тынымсыз, ұялшақ, ұрыншақ, үндемес, сөзуар, кінаратшыл, аңғал, талапшыл, қайсар, өжет.. т.б. Бірақ, мен оларды осы мінездері үшін жақсы көремін, сол күйі қабылдаймын. Олармен бірге өз жасымды ұмытып бала болып ойнаймын, оларды аналық махаббатыма бөлей отырып, ерекше дарыны мен қабілетінің дамуына жағдай жасаймын. Дидактикалық, қимыл-қозғалыс ойындарын тиімді ұйымдастырып, өз ойын толық айтуға баули отырып, өз қимыл-қозғалысында еркіндікті сезіне білуге үйрету де тәрбиешінің қызметі және міндеті. 2-6 жастағы бүлдіршіннің ең басты жұмысы-ойын. Оның ойынына шектеу қою-балалығына шектеу қоюмен бірдей.Баланың қателесуіне және сол қатесін түзеуіне де мүмкіндік беру керек. Барлық талаптарды орындауға бала міндетті емес. Оның бүлдіруге, сындыруға, шашуға, айқайлауға, жылауға, күлуге ,өз ойын айтуға құқысы бар. Өйткені ол - бала. Біз роботтар тәрбиелеп жатқанымыз жоқ. Сондықтан осындай сәттерде тәрбиешіге тек сабырлылық қасиеті серік бола алады. Қорытынды: Әр адам сүйікті мамандығы бойынша жұмыс жасағанда өз мамандығынан рухани күш алып, еңбектің рахатын көреді деп ойлаймын. Сүйікті мамандығы болса атақ-абыройға кенеледі. Әрине, барлық мамандықтар адамнан шеберлікті, қажымас қайратты, еңбектенуді керек етеді. «Ұялмаған әнші болады; Ерінбеген етікші болады»,- деген халқымыздың даналық сөзі бар. Тіпті етікші болсаң да, өз ісіңнің шебері бол. Менің түсінігімдегі ТӘРБИЕШІ – рухы таза, ой – өрісі биік, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, қоғамды өркендетуші, жаңашылдық бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам.Өз бойынан осы қасиеттерді таба алмаған адамның ұстаз-тәрбиеші атануға қақысы жоқ.
Эссе Абай атамыз қазақ баласының бойында: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» болуы керек деп атап көрсеткендей, өмір сүрудің басты заңдылығы болса, осы үш асыл қасиетті шәкірттердің бойына сіңіре білу - тәрбиешінің міндеті екені даусыз. Яғни, «ыстық қайрат дегеніміз - спортқа баулу, нұрлы ақыл дегеніміз - санасына білім нәрін құя білу, ал жылы жүрек дегеніміз - эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру» - деп түсінемін. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де бірегейі - Мұғалім-тәрбиеші деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап қарайын. Өйткені мен де бала бағбаны - тәрбиешісімін. Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірибемнің мейірімінің дәндерін қондыру - менің жұмысымның мәні. Балалармен жұмыс жасау - үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы - әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен сезіне білуі қажет.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне" бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және тәрбиешіге тән ең бірінші қасиет - баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім. Абай атамыз айтқандай: «бала тәрбиесіне 3 жақ әсер етеді, ата - анасы, ұстазы, және жүрген ортасы. Қайсысының ықпалы зор болса, баланың мінезі солай қалыптасады» деген ойы ұстазға да ауыр салмақ салып тұр. Француз ағартушысы, жазушы Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді» деген нақыл сөзі балабақша балаларына арналғандай. Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта -жігері артады сөзсіз деп білемін. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі бала ролде өзі ойнаса сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады. Ол үшін тәрбиеші бойындағы асыл қасиет - ақыл-парасат болуы шарт. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан тәрбиеші ең нәзік те мөлдір, алайда, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Осы әлемнің ішінде, осы әлеммен қатар үндесе өмір сүруі тиіс. Ол үшін сол мөлдір әлемнің айқыш-ұйқыш құбылыстары мен қағидаларын, заңдылықтары мен жұмбақтарын барынша тереңірек түсініп, парықтай алатын айқын да қуатты ақыл-парасат қажет. Адам жанын аялай отырып, түсінетін нәзік те әмбебап табиғи құрал керек. Оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектеп алды оқушысын мектеп өміріне енгізудің өзі таңдаулы технология мен асқан шеберлікті талап етеді. Баланың мектепке келгенге дейін «Мен бәрін де мектептен үйренемін» - деген үмітін анықтау, бүкіл мектеп ұжымымен ата-анасының, туған-туысының қатысуымен жүзеге асырылады. Баланың мектепке дайындығын балабақша мен мектептегі әдіс-тәсілдерді ұштастыру арқылы жүзеге асыру - басты мақсатым. Осындай тынымсыз еңбектің жемісін көру үшін, тәрбиешілік жұмыс тәрбиешінің бойынан - жігерлілік пен еңбекқорлықты қажет ететінін айқын аңғардым. Әрине, әрбір тірлікте де жігерлі еңбек етпей айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Ал тәрбиешіде бұл қасиеттердің түп негізі жауапкершілікте дер едім. Қолыңдағы баланың, адамның, тағдырын шешуден артық жауапкершілік бар ма?! Тәрбиешінің жұмысын дәрігермен салыстырамын. Емші адам бойындағы ауру-сырқатпен алысса, тәрбиеші оның ойындағы надандықпен күреседі. Балалар - өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі. «Бәйтерек» балабақшасының балаларының осылайша шығармашылығын дамыта отырып, қазіргі заманғы педагогикалық теориямен практиканы басшылыққа, алып жұмыс жасаудамын. Педагогикалық озық техналогияларды сабақ барысында пайдаланып, балалардың шығармашылағын дамытуға ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырдым. Қортындылай келе шағын орталық тобы тәрбиешісі ең озық педагог, психолог, ғалым және асқан дарын иесі болу керектігіне көз жеткіздім. Бес жастағы бала зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің басты міндеті. Сондықтан бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілетімен дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған ең басты міндеті деп түсіндім. Қорытындылай келе, тәрбиеші бақытты - білімді ұрпақта, абыройлы еңбекте дер едім. «Шәкіртсіз - ұстаз тұл» - демекші, оқушыларым бар да, мен де бармын.
«Мамандығым мақтанышым...» Эссе Абай атамыз қазақ баласының бойында: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» болуы керек деп атап көрсеткендей, өмір сүрудің басты заңдылығы болса, осы үш асыл қасиетті шәкірттердің бойына сіңіре білу - тәрбиешінің міндеті екені даусыз. Яғни, «ыстық қайрат дегеніміз - спортқа баулу, нұрлы ақыл дегеніміз - санасына білім нәрін құя білу, ал жылы жүрек дегеніміз - эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру» - деп түсінемін. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де бірегейі - Мұғалім-тәрбиеші деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап қарайын. Өйткені мен де бала бағбаны - тәрбиешісімін. Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірибемнің мейірімінің дәндерін қондыру - менің жұмысымның мәні. Балалармен жұмыс жасау - үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы - әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен сезіне білуі қажет.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне" бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және тәрбиешіге тән ең бірінші қасиет - баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім. Абай атамыз айтқандай: «бала тәрбиесіне 3 жақ әсер етеді, ата - анасы, ұстазы, және жүрген ортасы. Қайсысының ықпалы зор болса, баланың мінезі солай қалыптасады» деген ойы ұстазға да ауыр салмақ салып тұр. Француз ағартушысы, жазушы Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді» деген нақыл сөзі балабақша балаларына арналғандай. Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта -жігері артады сөзсіз деп білемін. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі бала ролде өзі ойнаса сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады. Ол үшін тәрбиеші бойындағы асыл қасиет - ақыл-парасат болуы шарт. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан тәрбиеші ең нәзік те мөлдір, алайда, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Осы әлемнің ішінде, осы әлеммен қатар үндесе өмір сүруі тиіс. Ол үшін сол мөлдір әлемнің айқыш-ұйқыш құбылыстары мен қағидаларын, заңдылықтары мен жұмбақтарын барынша тереңірек түсініп, парықтай алатын айқын да қуатты ақыл-парасат қажет. Адам жанын аялай отырып, түсінетін нәзік те әмбебап табиғи құрал керек. Оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектеп алды оқушысын мектеп өміріне енгізудің өзі таңдаулы технология мен асқан шеберлікті талап етеді. Баланың мектепке келгенге дейін «Мен бәрін де мектептен үйренемін» - деген үмітін анықтау, бүкіл мектеп ұжымымен ата-анасының, туған-туысының қатысуымен жүзеге асырылады. Баланың мектепке дайындығын балабақша мен мектептегі әдіс-тәсілдерді ұштастыру арқылы жүзеге асыру - басты мақсатым. Осындай тынымсыз еңбектің жемісін көру үшін, тәрбиешілік жұмыс тәрбиешінің бойынан - жігерлілік пен еңбекқорлықты қажет ететінін айқын аңғардым. Әрине, әрбір тірлікте де жігерлі еңбек етпей айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Ал тәрбиешіде бұл қасиеттердің түп негізі жауапкершілікте дер едім. Қолыңдағы баланың, адамның, тағдырын шешуден артық жауапкершілік бар ма?! Тәрбиешінің жұмысын дәрігермен салыстырамын. Емші адам бойындағы ауру-сырқатпен алысса, тәрбиеші оның ойындағы надандықпен күреседі. Балалар - өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі. «Бәйтерек» балабақшасының балаларының осылайша шығармашылығын дамыта отырып, қазіргі заманғы педагогикалық теориямен практиканы басшылыққа, алып жұмыс жасаудамын. Педагогикалық озық техналогияларды сабақ барысында пайдаланып, балалардың шығармашылағын дамытуға ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырдым. Қортындылай келе шағын орталық тобы тәрбиешісі ең озық педагог, психолог, ғалым және асқан дарын иесі болу керектігіне көз жеткіздім. Бес жастағы бала зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің басты міндеті. Сондықтан бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілетімен дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған ең басты міндеті деп түсіндім. Қорытындылай келе, тәрбиеші бақытты - білімді ұрпақта, абыройлы еңбекте дер едім. «Шәкіртсіз - ұстаз тұл» - демекші, оқушыларым бар да, мен де бармын.