Stud.kz – қазақ тілінде жазылған жұмыстар саны және сапасы бойынша біздің қор №1 болып табылады
Тері және терлеу функциясы Адам терісі 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабат эпидемис, ортаңғысы дерма және ішкісі гиподерма д.а. Ең қалың сыртқы қабатының қалыңдығы 1 – 2,5 мм. Бұл қабатта минелин өндіріледі. Сондықтан терінің түсі өндіретін пигментіне байланысты , елеп ол өндірілсе тері ақшыл көбіре - қоңырлау, ал тым көп болса, қара қоңыр болады.
Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда қан тамырларының капляларымен және нерв ұштары бар. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі, ал тері қабатындағы дәнекер клеткалары теріге беріктік қасиет береді. Терінің гиподерма қабаты қорғаныс қызметін атқарады.
Тері асты клетчаткада тері бездері орналасқан. Олардың өзегі терінің сыртына жіңішке саңылау түрінде ашылады. Тер бездері алақан, шыңдай, қастық, мойын арқа және шаш терісінде көбірек болады.
Теріде май өндіретін май бездері болады, олар алақан, табан терісінен басқа жердің бәрінде бар, май бездерінің өзектері тері түтігінің қапшығына ашылады. Олардың өнімдері терінің түгін және эпидермис қабатынан майлап, құрғап қалудан сақтайды. Май бездері тәулігіне 20 г тері майын шығарады. Майланған теріден су, микробтар өтпейді және микробтерды өлтіретін заттары теріні тазарып отырады.
Тер және терлеу тетігі оның жас ерекшелігі.
Тер бездері арқ денеден сыртқа шығарылатын судың мөлшері 50 % яғни 500 – 900 мл болады. Термен бірге моченика, несеп қышқылы , креатин, гиппур қышқылы, хлор , натри, калий және фосфаттар мен сульфаттар шығарылады. Тердің сабағалы салмағы 1,012 – 1,010 . терлеу тәулігі бойы үнемі үзіксіз жүреді, бірақ сытқы орталық ортаның температурасы жоғарылағанда және ауыр еңбекпен шұғылданғанда , шынықтыру жаттығулары кезінде тер безінің өзектері кеңейеді де, тер үздіксіз көп шығады. Бұл кезде дененің жылуды өндіруі тепселеді, бүйрек капилляларындағы қысым төмендейді, де, несеп өндіру азаяды.
Ересек адамның терісінен бала терісінің айырмашылығы бар. Бала терісінің сыртқы эпидермис қабаты өте жұқа , терінің қан тегіс, қыртыссыз басады.
Жаңа туған сәбидің терісі өте жұқа , қалыңдығы 1,1 мм 1 жасқа дейін тер бездері жылдам ал созылған тамақтары 6 жастан кейін пайда бола бастайды.
Бала терісінде май көбірек болады әсіресе алғашқы 3 айда ол тез көбейеді. Содан кейін 5 жасқа дейін олардың көбеюі бәсеңдейді. Ересек адаммен салыстырғанда майлы клеткалар жаңа туған сәбиде 5 % көбірек болады.
Терінің температурасы нәрсетелерде жоғарырақ және тұрақсыз келеді. Ыстық пен суықтың әсеріне сәйкес тері температурасының бейімделу өзгерісі 3 – 5 жастан басталып қалыптаса бастайды.
Бала 4 жасқа дейін аз терлейді , өйткені терібездерісінің қызметін реттеуші жүйке орталығы әлі жетілмеген. Оның толық жетілуі 5 – 6 жаста болады.
Терідегі ауруды сезгіш (ауырсыну) рецепторлар. Ауруды сезгіш рецепторлар адекватты, яғни өзіне тән тітіркендіргішті қажет етпейді. Күші шектен асқан қандай да болмасын тітіркендіргіш ауру сезімін тудырады. Ал басқа рецепторлардың адекватты тітіркендіргіші болады: тактильді рецепторлардың жанасуды және қысымды сезетін түрлері болады, ал температуралық рецепторлар суық пен жылудың әсерлерін қабылдайды.
Ауру сезімдерін бос жүйке ұштары қабылдайды. Бұл сезім мүшелердің, ұлпалардың қалпын бұзатын жауапты қажет ететін тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады. Ондай жүйке ұштары бүкіл теріде, ауыз бен мұрын қуыстарының кілегейлі қабатында, яғни дененің барлық жеріне орналасқан. Ауруды сезгіш рецепторларды "қауіпсіздік күзетшісі" деп атайды, олар төнген қауіп туралы ақпаратгы миға жеткізеді.
Ауруды сезіну негізінен туғаннан кейін бір аптадан соң пайда болады. 1 жасқа толған бала аурудың пайда болған орынын анықтай алады. Жаңа туған сәбидің ауру сезгіш рецепторларының сезімталдығы ересектердікінен төмен, 5-6 жастан 6-7 жасқа дейін ауру сезгіш рецепторлардың сезімталдығы тез артады. П. К. Анохиннің айтуынша, организмнің нақтылы және деректік ауытқуларды тудыратын әсері күшті, зиянды тітіркендіргіштерге карсы пайда болатын физиологиялық күйі.
Температуралық сезімдер және олардың жас ерекшеліктері. Организмнің дене қызуы бірқалыпты болғаны тіршіліктің ең қолайлы жағдайы болып саналады. Қоршаған сыртқы ортаның температурасы бірде суық, бірде ыстық болатыны белгілі, бірақ адамның денесінің қызуы бір қалыпта сақталады. Әрине, сыртқы ортаның температурасының ауытқуы оған есер етпей тұрмайды. Оны алдымен тері температуралық рецепторлары сезеді де, , орталық жуйке жүйесіне хабарлайды. Ондағы нервтер арқылы реттеу тетігінің көмегімен дене қызуын жөнге , келтіріп, белгілі бір қалыпта, яғни шамамен 36,5°С ұстайды. Бұған орталық жүйке жүйесінен басқа толып жатқан мүшелер мен оның жүйелері қатысады. Температуралық рецепторлар а р н а м а лы және бейарнамалық болып екі топқа бөлінеді. Біріншісі, температуралық тітіркендіргіштің әсерін ғана сезеді, ал екіншісі, сонымен қатар, жанасу әсерін де қабьшдайды. Жылу рецепторлары плюс 20-50 °С арасындағы, ал суықты сезу минус 10-41 ° С арасындағы әсерді сезеді.
Терідегі Руфини денешіктері жылулықты сезеді, олар тері қабатының 0,63 мм тереңдігінде орналасқан. Ал сауытша тәрізді Краузе рецепторлары суықты қабылдауға бейімделген, олар терінің 0,1 мм тереңдігінде жатыр. Демек, терінің үстіңгі қабаты жылыны, ал астыңғы қабаты суықты сезеді деуге болады.
Температуралық сезімдер бүкіл дененің бетіне тарап жатады, бірақ олардың мөлшері барлық жерде бірдей емес. Денедегі суықты сезгіш рецепторлардың саны жылу сезгіп рецепторлардан 10 есе артық болады.
Ғылымның кейбір жаңа деректері бойынша, ыстық-суықты қабылдайтын рецепторлар құрылысы жағынан бір біріпен ешбір айырмашылығы жоқ, тек олардың терідей, орпаласу терендігі жағынан ғана айырмашылық бар. Бұл ақпарат әлі де болса толық егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді.