Тест медбике группасы I-нұсқа 1.Ағза гипоксиясының алғашқы белгісі:
А. Ықылық
В. Сұрлану
С. Мидриаз
Д. Қалғу
Е .Пароксизмалды такикардия
2.Тыныс алу жүйесін функционалдық зерттеу әдісін көрсетіңіз
А. Спирография
В. Пикфлоуметрия
С. Велоэргометрия
Д .Пульсоксиметрия
Е .Капиография
3 .Психикалық бұзылыстары бар науқастарға дәрі бергенде мейірбикенің іс-әрекеті:
А .Дәрі қабылдауында жайлы нұсқаулықтар айтады
В. Науқастың төсегінің қасындағы төмбешкесіне қалдырады
С .Науқастың өзінің қолына береді
Д .Дәріні көзінше жұтуын сұрайды және ауызын тексереді
Е .Маңыздылығы жоқ
4.Анафилактикалық шокта жедел көмек
А.Адреналин
В.Диуретиктер енгізу
С.Антибиотиктер
Д.Магнезия енгізу
Е.Тіл астына нитроглецерин
5.Пациенттің мәселелері:стрептококты инфекциядан соң 1-3 аптадан кейін дамыған қабақтың ісінуі,АҚ жоғарлауы ,олигурия,гематурия,протенурия тән:
А.Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне
В.жедел циститке
С.жедел пиелонефритке
Д.Бүйрек тас ауруына
Е.Жедел гломерулонефритке
6.Бронхоэктаз ауруының клиникалық көрінісі
А.Таңертең аузы тола іріңді қақырық болуы
В.Қызғылт ,көпіршікті қақырық
С.Әйнек тәрізді қақырық
Д.Плевра үйкеліс шуылы
Е.Везикулярлы тыныс
7.Артқы қолтық сызығы бойында өкпенің төменгі шегі анықталады
А. 7 қабырғааралық
В. 8 қабырғааралық
С. 9 қабырғааралық
Д. 10 қабырғааралық
Е. 11 қабырғааралық
8.Алғашқы медико санитарлық көмек деңгейінде ауру қаупі жоғары тұрғындар арасындағы туберкулезді ерте анықтау әдісін сақтаңыз
А.Қақырықты бактериологиялық зерттеу
В.флюрография
С.Қақырықтың бактериоскопиясы
Д.Компьютерлік тамография
Е.Диоскинтест
9.Перкуссия түрлерін атаңыз
А.Үстірт
В.Жылжымалы
С.Бимануалды
Д.Салыстырмалы
Е.Терең
10.Экспираторлық ентікпе дегеніміз:
А.ауаны алу қиын
В.ауаны шығару қиын
С.ауаны алу және шығару қиын
Д.жатқанда дем алу қиын
Е.отырғанда дем алу қиын
11. Дауыс дірілінің күшеюі қай кезде байқалады
А. Өкпенің серпінділігі жойылғанда
В. Сұйықтық жиналғанда
С. Өкпе тіні тығыздалғанда немесе қуыс үстінде
Д. Қуыс үстінде
Е. Семіздікте
12. Электрокардиографиялық зерттеу науқаста
А. Жүрек бұлшық еттерінің ишемиясын
В. Жүрек клапандарының жетіспеушілігі
С. Жүрек қуыстарының гипертрофиясы
Д. Жүректегі қабыну ошағы.
Е. Перикардтың жағдайы
13. Жүріп–тұруының, сөйлеуінің, дененің бір бөлігіндегі сезімталдылықтың бұзылуы симптомына жатады
А. Ошақты
В. Жалпы милық
С. Шешім қабылдайтын
Д. Реттелетін
Е. Реттелмейтін
14. Инсульт кезіндегі бастың ауруы, жүрек айнуы, құсу, естен тану симптомына жатады
А. Ошақты
В. Жалпы милық
С. Шешім қабылдайтын
Д. Реттелетін
Е. Реттелмейтін
15. Эпилепсиялық талмаға тән
А.Мәнерлеп қимылдардың массасы бар жаяу қозғалыстар
В. Жағдайды реттеу
С.Ауыр жаракаттар, тілдің тістелуі
Д. Тұтылу кезеңі үшін толық амнезия болмауы
Е. Тұтылу кезеңі үшін толық амнезия болмауы
16.Депрессивті диагнозындағы науқастың қауіпті жағдайы
А. Эйфория
В. Суицидті жағдай
С. Галлюцинации
Д. Сандырақтау
Е. Диплопия
17. Бірінші курс студенті 3 апта бұрын денесінде, тізе мен шынтағының терісіне қызарған қышыма түйіндердің пайда болу шағымдарымен дәрігерге қаралды.
Қарап тексергенде: терісінде шектелген, беті ақшылт қабыршықпен қапталған қызғылт түсті дақтар. Бөртпелер аяқ-қолдардың бүгілетін беттерінде симметриялы түрде орналасқан. Денесінде ретсіз орналасқан қызғылт түлеген папулалар
А.Экзема
В.Кәдімгі псориаз
С.Атопиялық дерматит
Д.Рубромикоз
Е.Сифилис
18. Мерездің белгісі
А. Қатты шанкр
В. Папула
С. Пустула
Д. Розеола
Е. Алопеция
19. Диджей болып жұмыс істейтін еркекте көп мөлшердегі жағымсыз иіспен, бөлініс байқалады
А. Трихомониаз
В. Жедел соз (гонорея)
С. АИТВ инфекциясы
Д. Мерез
Е. Микоплазмоз
20. Науқас 24 жаста, мейірбике, ерітіндімен қатынастан кейін пайда болған қышитын бөтрпелерге шағымымен жүгінді. Бұл препаратпен қатынастан кейін бөртпе және қышу жойылды. Қайталанған қатынаста таралған гиперемия және ісіну, папуловезикулалы элементтер пайда болды. Болжамалы диагноз қойыңыз
А. Шынайы экзема
В. Микробты экзема
С. Аллергиялық дерматит
Д. Фотодерматоз
Е. Дәрілік токсидермия
21. АИТВ-мен ауратын пациентте антиретровирусты препараттарды 3 аптадан қабылдағаннан кейін лоқсу, әлсіздік, бас ауруы пайда болды. Бұл жағдайда медбикенің іс-әрекеті
А. Дәрі-дәрмек қабылдауды тоқтату
В. Терапияда үзіліс жасау
С. Дәрі-дәрмектерді қабылдауды жалғастыру, дәрігерді ескерту
Д. Емді ауыстыру
Е. Емді ауыстыру
22. АИТВ инфекциясымен ауратын пациенттер конфиденциалды түрде медициналық тексеріске міңдетті
А. Донор
В. 12 жастан кіші балалар
С. Репродуктивті жастағы әйел адамдар
Д. 21 жастан асқан ер адамдар
Е. Мектептегі жоғарғы сыныптағы оқушылар
23. АИТВ - инфекциясына күдік тудыратын симптомдарды белгілеңіз
А. Лимфоаденопатия, 1 айдан артық субфебрильді дене қызуы
В. Лимфоаденопатия, 3 айдан артық қайталанбалы қызба
С. Ұзақ жөтел, әлсіздік, бұрыс типті қызба
Д. Әлжуаздық, бас ауыру, субфебрильді температура
Е. Тері қышымасы, дақты-папулалы бөртпе, жоғары қызба
24. Фебрильді тырысуларды басу үшін бірінші кезектегі таңдаулы препарат
А. 10% кальций глюконат ерітіндісі
В. 25% магний сульфаты ерітіндісі
С. 0,5% седуксен ертіндісі( диазепам,реланиум)
Д. 5% глюкоза ертіндісі
Е. 10% глюкоза ертіндісі
25. Сальмонеллездің клиникалық көрінісіне жатады
А. Өте жоғары улану белгілері мен нейротоксикоз
В. Нәжісі жасыл түсті, «балдыр» тәрізді, мөлшері көп
С. Нәжісі «күріш қайнатпасы» сияқты
Д. Іштің ауырсынуы болмауы
Е. Тенезмдер
26. 3 айлық бала, омырау емеді. Анасына қанша жасқа дейін тек омырау сүтімен тамақтандыру керегі туралы кеңес беріңіз
А. 3 айға дейін.
В. 4 айға дейін.
С. 6 айға дейін.
Д. 9 айға дейін
Е. 1 жасқа дейін
27. 9 жасар қыз қант диабетімен ауырады. Таңертең 20 бірлік инсулин егеді. Инсулин енгізілгеннен кейін мектепке асығып таңғы ас ішпеді. Бірінші сабақта кенеттен конвульсиялар пайда болып, санасынан айрылды. Тері ылғалды, беткей тыныс алу, көзінің қарашығы кеңейтілген, клонико-тоникалық конвульсиялар. Сіздің болжамды диагнозыңыз
А. Гипогликемиялық кома
В. Гипергликемиялық кома
С. Кетоацидотикалық кома
Д. Конвульсиялық синдром
Е. Ацетонемиялық кома
28. Бала 6 жаста, медициналық көмекке жүгінді. Жіті аурды, ангинадан кейін дене қызуы 39 дейін көтерілді, ісінулер пайда болды. Баланын жалпы жағдайы ауыр, терісі бозарған, жалпы ісінулер. Қан анализі: лейкоцитоз,ЭТЖ -44 мм сағатына. Зәр анализі: ақуыз -3,8%, эритроциттер -10-15, лейкоциттер -6-8. Қандай ауру туралы айтылған
А. Жедел гломерулонефрит
В. Жедел пиелонефриті
С. Несеп-тас ауруы
Д. Созылмалы гломерулонефрит
Е. Созылмалы пиелонефрит
29. 9 айлық бала жедел ауырды. Жалпы жағдайының нәшәрләп, дене ыстығы 38,2º дейін көтеріліп, дауыстың қарлығуы, тыныс қиындықтар «үрген» дөрекі жөтел пайда болды. Тынысы шулы, кеуде үйлесімді орын шамалы кері кетіп, мазасызданғанда өсіп отырып, бар. Тыныс алуы минутына 50. Жұтқыншақтың артқы қабырғасының жарқын гиперемиясы бар. Өкпесінде - қатты тыныс алу. Басқа ішкі органдардан- ерекшеліктері жоқ. Балалар ауруларын кешенді басқару бағдарламасы бойынша сұрыптау
А. Сары жол
В. Жасыл жол
С. Қызғылт жол
Д. Тоқ сары жол
Е. Көк жол
30. Босанушыда мекониймен ұрық маңы суы төгілгеннен кейін күні жеткен, ер жынысты нәрестемен босану болды. Нәрестенің жағдайы ауыр, пульс 80, бұлшықеттері атониялық, терісі бозғылт, бала айқайламайды. Дұрыс тактиканы таңдаңыз
А. Жаңа туылған нәрестені реанимациялық іс шараларды жүргізуі үшін неонотологқа беру
В. Нәрестені үйде емдеу
С. Ем шара қажет емес
Д. Нәрестеге су беру
Е. Нәрестені зондпен тамақтандыру
31. Аурухананың қабылдау бөлімінде науқастың басынан бит табылған. Бастың шаш бөлігін өңдеу үшін сіз қолдануға болатын ерітіндіні таңдаңыз
А. Фурациллин
В. Сабынды ерітінді
С. Натрий гидрокарбонаты
Д. Медифокс
Е. Дп-2т
32. Жөтелі ұзаққа созылған науқасқа туберкулез микобактериясын анықтауға микроскопиялық зерттеуге қақырық алу тағайындалған. Зерттеуге қақырық алудың ретін белгілеңіз
А. 2 тәулік ішінде 2 қақырық үлгісін тәуліктің кез келген мезгілінде
В. Таңертеңгі мезгілде 2 тәулік ішінде 3 қақырық үлгісін
С. Кез келген уақытта тәулік бойы 2 қақырық үлгісін
Д: Тәуліктің екінші жартысында 3тәулікте 3 қақырық үлгісін
Е. 1 апта ішінде 3қақырық үлгісін
33. Тәулік бойы 3 сағат сайын зәрді жинайтын тексеру тәсілі
А. Нечипоренко
В. Зимницкий
С. Зәрдің жалпы анализі
Д. Аддиса-каковский
Е. Амбюрже
34. Медбикенің тәуелсіз араласу тәртібін атаңыз:
А. Инструментальді диагностикаға дайындау және тексеру
В. Науқасқа небулайзер арқылы ингаляция жасау
С. Дәрілік препараттарды к/т енгізу
Д. ЭКГ регистрациясы
Е. Науқасты ыңғайына байланысты жатқызу
35. Науқасқа бір күнде (3 литрлік құмыр жиналып, таңертең ағаш таяқшасымен араластырып, зертханаға 150-200 мл-ге берілетіндігі туралы хабардар болсаңыз, қандай зерттеулерді көздейтінін анықтаңыз
А. Жалпы зәр анализі
В. Зәрді қантқа тексеру Нечипоренко қан анализі
С. Нечипоренко бойынша зәр анализі
Д. Зимницкий бойынша зәр анализі
Е. Аддис-Каковский әдісі бойынша отыр
36. Қозғалу активтілігінің «палаталық» режимін түсіндіріңіз
А. Палатаның ішінде шектеулі уақыт ішінде жүруге рұқсат етілген
В. Тек қана төсекте қозғалуға ұсынылған
С. Өзін-өзі күтудегі шектеулі қимылдар жасауға болады
Д. тек қана медбикенің қарамағында жүруге болады
Е. Тек қана палатаның ішінде жүру және өзін-өзі күтуге рұқсат етілген
37. Пульстің жиілігі дене температурасының 1 ° C жоғарылауымен қалай өзгереді
А. 1-2 тербеліске көбейеді
В. 10-12 тербеліске азаяды
С. Өзгермейді
Д. 10-12 тербеліске көбейеді
Е.100 рет минутына күшейеді
38. Физиотерапияға жалпы кері көрсеткіштер
А. Бронхылы демікпе
В. Тілме ауруы
С. Қатерлі ісіктер
Д. Гингивит
Е. Физиотерапияға жалпы кері көрсеткіштер
39. Пациентке бел аймағына физиотерапиялық емшара-электрофарез тағайындалды.
Медбике жастықшаларды қоятын жерде тырналған ізді анықтады. Медбикенің әрекеті
А. Дәрігерге хабарлап, емшараны жүргізбеу
В. Тырналғанды йодпен өңдеп, емшараны жүргізу
С. Тырналғанды клеенкамен орап, емшараны жүргізу
Д. Енгізілетін дәрінің мөлшері мен концентрациясын азайтып, емшараны жүргізу
Е. Емшараның ұзақтығын азайтып, емшараны жүргізу
40. Жіті Асептика және антисептика бұзылуынан болатын асқынулар
А. Абсцесс
В. Инфильтрат
С. Гематома
Д. Сепсис
Е. Анафилактический шок
41. Сізге жүкті әйел келесі шағымдармен келді: басының ауыруы, көзінің қарауытуы, эпигастрий аймағының ауырсынуы. Пульсі минутына 80 рет. ҚҚ 170/100 мм с.б., ісіктер жоқ. Жатыр көлемі мерзіміне жетілген жүктілік мерзіміне сәйкес, ұрықтың жүрек соғысы минутына 140 рет, тұншыққан, ырғақты. Болжамды диагнозыңыз
А. Созылмалы артериальды гипертензия, ауыр дәрежесі
В. Преэклампсия, ауыр дәрежесі
С. Преэклампсия, жеңіл дәрежесі
Д. Гестациялық артериальды гипертензия, ауыр дәрежесі
Е. Гломерулонефрит, гипертониялық түрі
42. Плацента бөлігінің жатыр қуысында қалып қоюында немесе плацента бұтіндігіне күдіктенсек жасайтын іс қимыл
А. УДЗ
В. Жатырға сырттай массаж жасау
С. Окситоцин енгізу
Д. Шыдамдылықпен күту
Е. Жатыр қуысын қолмен тексеру
43. Әйел іштің өткір, толықсу тәріздес ауырсынуына, әлсіздікке, АҚ 90/60 мм сын. Бағ., пульс-100 минутына, терінің бозарғанына, Щеткин-Блюмберг симптомы оң, төрт апта бойы етеккір кезеңінің кешігуін белгілейді, PV: Жатыр мен қосылыстар өткір аурудың салдарынан анықталмайды, артқы қабырғасы ілулі, ауырады. Сіздің ұсынысыңыз
А. Жатырдан тыс жүктілік, түтіктік жыртылу типі
В. Аналық бездің кистасының аударылуы
С. Аналық бездің апоплексиясы
Д. Көкбауырдың жыртылуы
Е. Жатырдан тыс жүктілік, мойынның аборттық типі
44. Жамбастың сыртқы өлшемін анықтау үшін акушер әйел адамнан бір қырына жатуын өтінді, үстінгі аяғын созып, ал астынғы аяғын тізе буынынан бүгіп жатуын өтінді. Акушер жамбастың кандай өлшемін анықтайды?
А. Conjugata externa
В. Conjugata lateralis
С. Conjugata vera
Д. Distancia spinarum
Е. Distancia cristarum
45. Акушер партограммада "10 минут ішіндегі толғақ санында" 5 торды бояды. Босану қандай жиілігімен және толғақ түрімен өтуде
А. Аз күшпен 5 толғақ
В. Орта күшпен 5 толғақ
С. Жақсы күшпен 5 толғақ
Д. Жақсы күшпен 2 толғақ
Е. Ретсіз толғақ
46. 39-40 аптада босанудың 1 кезенінде болашақ ана перзентханаға түсті. 5 сағаттан кейін сау қыз баланы дүниеге алып келді. Сәби туылғаннан кейін акушер құрсақта екінші бала болуын анықтау үшін ішке пальпация жасады. Құрсақта екінші бала болмауына көзі анық жеткенде акушер қан кетудін алдын алу шараларына кірісті. Акушер қандай дәрі-дәрмек қолданды
А. 2,0 папаверин, б/е
В. 1,0 метилэргометрин, б/е
С. 1,0 дицинон, б/е
Д. 2,0 окситоцин, б/е
Е. 2,0 анальгин т/і
47. 6 сағат толғақ басталғаннан кейін 39 жастағы қайта босанатын әйел адам перзентханаға түсті. Жағдайы қанағаттанарлық. Ұрық бойымен орналасқан, басымен шығұда, жүрек соққысы анық, ырғақты. Pv: құрсақ мойыны тегіс, жатыр мойнының ашылуы 10 см. Ұрық қабы тұтас. Басымен шығуда. Босанудың қандай кезені
А. Дайындалу кезені
В. Латентті фаза, босанудың І кезені
С.Б елсенді фаза, босанудың І кезені
Д. Босанудың ІІ кезені
Е. Босанудың ІІІ кезені
48. 26 апта аяғы ауыр әйел амниотикалық сұйықтықтың төгілу шағымына байланысты істеу қажет
А. Терапиялық бөлімшеге жіберу
В. Гинекологиялық бөлімшеге жіберу
С. Перзентханаға жіберу
Д. Уақытша үйде бақылау
Е. Хирургиялық бөлімшеге жіберу
49. 35 жастағы бірінші босанушы әйелге акушерді шақыртты. Жүктілік 35 апта. Күні бойы бас ауруы мазалады, сонғы сағаттарда күшейді, лоқсу пайда болды. Объективті қарау барысында: беттің, қолдың, аяқтың ісінуі анықталды, ққ 170/110 мм. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 140. Магнезиальды терапия қолданып акушер ауыр преэклампсия диагнозын қойып шұғыл көмек көрсете бастады. Сульфат магнезиясының старттық дозасын көрсетіңіз
А. 10-15 минут бойы 20 мл 25 % mgso4 к/т баяу еңгізу
В. 10-15 минут бойы 5 мл 25 % mgso4 к/т баяу еңгізу
С. 10-15 минут бойы 10 мл 25 % mgso4 т/і баяу еңгізу
Д. 10-15 минут бойы 20 мл 20 % mgso4 к/т баяу еңгізу
Е. 10-15 минут бойы 20 мл 15 % mgso4 т/і баяу еңгізу
50. Босану үрдісінің бірінші кезенін тездету үшін ұрық қабындағы акушерлік ота аталады
А. Амниотомия
В. Краниотомия
С. Эпизиотомия
Д. Клейдотомия
Е. Лапаротомия
51. Жүкті әйел дәрігер қарауына әйелдер кеңес беру мекемесіне келді. Жүктілік мерзімі 30 – 31 апта. Тексеру барысында біршама ісігі бар. Зәрдегі ақуыз мөлшері 1,2 гр. Сәлден кейін әйел басының және эпигастрий аймағының ауырып, көзі қарауытты
А. Преэкламсияның жеңіл дәрежесі
В. Экламсиялық кома
С. Преэкламсияның ауыр дәрежесі
Д. Артериялдық гипертензия
Е. Гестациялық гипертензия
52. Әйел бұрын екіншілік мерезбен ауырған. Тізімнен алынғаннан 1 жылдан кейін жүкті болды. Туа пайда болған мерездің алдын алу үшін ем қажет пе
А. Ем жүргізілмейді, өйткені ем жүкті болғанға дейін жүргізілген
В. Ем жүргізуді талап етпейді, өйткені есептен шығарылғаннан кейін жүкті болған
С. Клиника серологиялық бақылау жүргізу керек
Д. Алдын ала емді қажет етеді, өйткені қазір жүктілік есептен алынғаннан кейін болған
Е. Ем жүргізілуі керек, өйткені бұрын мерезбен ауырған
53. Отбасын жоспарлау бойынша әйелдер кеңесінің жұмысының негізгі көрсеткіші болып табылады
А. Аймақтағы әйелдер саны
В. Бір жыл ішінде абортқа жіберілген әйелдердің абсолютті саны
С. Аборттан кейінгі асқынулардың саны
Д. Түсік саны фертильді жастағы 1000 әйелдің санына қатынасы
Е. Гинекологиялық әйелдер саны
54. Жүкті әйелде қатты ауырсынулы толғақ, контракционды сақина кіндік деңгейде
А. Жатыр мойнының жыртылуы
В. Жатырдың жыртылу қаупі
С. Бала жолдасының ажырау
Д. Бала жолдасының алда орналасуы
Е. Қынаптың жыртылуы
55. 19 жастағы босанушыда аралықтың керілуі және бозаруы. Қандай шара жүргізу қажет
А. Амниотомия
В. Краниотомия
С. Эпизиотомия
Д. Клейдотомия
Е. Лапаротомия
56. Жүктіліктің 11 аптасы, іштің төменгі аймағында толғақ тәрізді ауырсыну, қанды бөліністер
А. Басталған түсік
В. Жолдағы түсік
С. Түсік қаупі
Д. Жартылай түсік
Е. Толық түсік
57. Көпұрықты жүктілік кезінде
А. Бала жолдасының алда орналасуы
В. Жатырдың жыртылуы
С. Жатыр көлемі мен жүктілік мерзімінің сәйкес келмеуі
Д. Қағанақ суының ерте кетуі
Е. Қанды бөліністердің болуы
58. Ана өлімінің көрсеткіші
А. Жүктілік тоқтағаннан кейін 42 күн ішінде өлген жүктілер, босанушылар және босанған әйелдер саны / тірі нәрестемен босану саны х 100000
В. (Босануда өлген әйел саны)/(босану саны)*100000
С. (Босану саны)/(тірі туғандар саны)*100000
Д. (Жүктілік мерзіміне байланыссыз жүктілердің 28 күн ішіндегі босану саны)/ (тірі және өлі туылғандар саны)*100000
Е. Дұрыс жауап жоқ
59. Жүктіліктің 40 аптасы, іштің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуы, ұзақтығы 20 секунд, 5-6 мин сайын. Жүкті әйелге жедел жәрдем шақыртылды. Диагноз қойыңыз
А. Жүктіліктің 40 аптасы, босанудың ІІ кезеңі
В. Жүктіліктің 40 аптасы, босанудың ІІ кезеңі. Госпитализация
С. Жүктіліктің 40 аптасы, босанудың І кезеңі. Госпитализация
Д. Жүктіліктің 40 аптасы,жалған толғақ, үйіне жіберу
Е. Жүктіліктің 40 аптасы, мерзімінен ерте қағанақ қабының жарылуы
60. 22 жастағы науқас, тік ішекке берілетін іштің төменгі, әсіресе оң жақ бөлігінің ауырсынуы шағымымен ауруханаға түсті. Анамнезінде 2 медаборт, эндометрит. Сонымен қатар , етеккірінің 3 аптаға кідіруі анықталады. Болжам диагноз
А. Жатырдан тыс жүктілік
В. Параметрит
С. Вульвит
Д. Сальпингит
Е. Оофорит
61. Босанған әйел 7 күннен бері үлкен дәретінің болмауына шағымданады. Жасау қажет
А. Тазарту клизмасы, емдәм сақтауға ұсыныс беру
В. Жатыр қуысын қыру
С. Диета сақтау
Д. Барлығы дұрыс
Е. Сұйықтықты көп мөлшерде қабылдау
62. Көп босанушы әйелде бала жолдасы туылды. Тексеру барысында қабықшалары бүтін, жиырылу қызметінің бұзылуы салдарынан жатыр қуысын қолмен тексеру жүргізілді. Әйел 1 литр қан жоғалтты, қан кету жалғасуда. Қан кетуді тоқтату үшін қажет тактиканы таңдаңыз
А. Қан құю
В. Жатыр қуысын қыру
С. Кольпоскопия
Д. Жатыр ампутациясы немесе экстирпациясы
Е. Артқы күмбез пункциясы
63. Босану үйіне жүктіліктің 38- 39 аптасы, бойы 150см болатын 22 жастағы жүкті әйел келіп түсті. Жамбас өлшемдері 22-24-26-16,5 см. Іш айналымы 103см, жатыр түбі биіктігі 40 см. Ұрық ұзына бойы, жүрек соғысы анық, ырғақты 140 рет минутына. Бастың тік өлшемі 12 см. PV: жатыр моны жетілген, ұрық басы кіші жамбас кіреберісінде орналасқан. Диагональная конъюгата 11,5 см. Болжам диагноз
А. Жүктіліктің 38- 39 аптасы. Ірі ұрық
В. Жүктіліктің 38- 39 аптасы. Рахиттік жамбас. Іі дәрежесі
С. Жүктіліктің 38- 39 аптасы. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас. Іі дәрежесі. Ірі ұрық
Д. Жүктіліктің 38- 39 аптасы. Жалпы тарылған жамбас. Іі дәрежесі. Ірі ұрық Е. Жүктіліктің 38- 39 аптасы, Анатомиялық тар жамбас
64. Гинекологиядағы шұғыл жағдай
А. Егізжүктілік, көпсулылық
В. Аналық без апоплексиясы, жатырдан тыс жүктілік
С. Жүктілік гестозы
Д. Жүктілердің экстрагенитальды аурулары
Е. Инфекциялық аурулар
65. Жүкті әйел басының ауырсынуына, көз алдында шыбын шіркейдің ұшуына, эпигастрий аймағының ауырсынуы шағымдарымен келді. Тамыр соғысы 80, АҚҚ 170/100, ісік жоқ, жатыр көлемі жүктілік мерзіміне сәйкес ұлғайған. Ұрықтың жүрек соғысы тынықталған, ырғақты, 140 рет минутына. Болжам диагнозыңыз
А. Ерте гестоз
В. Аралас гестоз
С. Ауыр дәрежелі преэклампсия
Д. Гестациялық гипертензия
Е. Жеңіл дәрежелі преэклампсия
66. Асқазан ойық жарасының перфорациясының белгісі
А. «Кофе түстес құсық»
В. Өт қышқылымен құсу
С. Қара май тәрізді нәжіс
Д. Тұншығу
Е. Эпигастрияда «пышақ сұққандай» ауырсыну
67. Эпигастрий аймағындағы ауырсыну, жеңілділік әкелмейтін көпретті құсу қандай клиникаға сәйкес
А. Жара перфорациясына
В. Жедел аппендицитке
С. Жедел холециститке
Д. Жедел панкреатитке
Е. Жедел ішек өтімсіздігі
68. Күйік бөлімшесіне келесі медициналық диагнозбен науқас түсті: кеуде торының алдыңғы беткейі мен екі аяқтың термиялық күйігі. Күйік алаңын анықтаңыз
А. 54%
В. 18%
С. 27%
Д. 72%
Е. 9%
69. Науқаста тікішектің ампулярлы аймағында ісік анықталған. Саусақпен тексергенде ісікке жетпейді. Қандай диагностикалық әдіс қолданылады
А. Колоноскопия
В. Ирригоскопия
С. Ректороманоскопия
Д. Лапароскопия
Е. Ішқуысы УДЗ
70. 15 ж жасөспірім шынымен білегін кесіп алған. Қан атқылап ағып жатыр. Медициналық пункт мейірбикесі қан тоқтататын шиыршық салған. Жазғы мезгілдеар териялық шиыршықты қанша уақытқа қалдыруға болатынын көрсетіңіз
А. 20 мин
В. 30 мин
С. 40 мин
Д. 10 мин
Е. 60 мин
71. Қою шие түстес қанның ұздіксіз ағуы қандай қанкетуге тән
А. Капиллярлы
В. Аралас
С. Венозды
Д. Артериальды
Е. Тамырлық
72. Жедел холециститтің негізгі клиникасы
А. Оң жақ қабырға астындағы тұрақты ауырсыну, жүрек айну, құсу
В. Іш аймағындағы ауырсыну, ішөту
С. Іштің кебуі, ішқату, температураның жоғарлауы
Д. Бел аймағында, жауырынға иррадиация беретін ауырсыну, іштің кебуі
Е. Белді айналдыратын ауырсыну, көпретті құсу
73. Ларинготрахеитке тән үш белгілер
А. Жөтел, мұрын бітелуі, дене қызуының көтерілуі
В. Үрген жөтел, ентігу, дауыстың үнсіз болуы
С. Тамақ ауырсынулары, жөтел, үнсіз болуы
Д. Дисфагия, дисфония, мұрынбітелуі
Е. Мұрынбітелуі, жөтел
74. 7 жастағы балаға сирақ-табан буынының шығуына байланысты салынған гипсті алғаннан кейін массаж тағайындалды. Массаждың қандай тәсілдерін қолданасыз
А. Сипау, сылау, ұрғылау тәсілі
В. Сипау, сылау
С. Сылау, сипау, үздіксіз діріл
Д. Сипау, үздіксіз діріл
Е. Сипау, ұрғылау тәсілі
75. Мұрын сынуы,мұрыннан қан кету кезінде көмек
А. 24 сағат алдыңғы тампонада
В. 72 сағат алдыңғы тампонада
С. 24 сағат гипстік лангета
Д. 48 сағат гипстік лангета
Е. 48 сағат алдыңғы тампонада
76.Науқас К-на ,40 жас ауруханаға есін жоғалтумен және тонико-клоникалық тырысулармен әкелді.Ең тиімді әдісін таңдаңыз:
А.Электромиография
В.Реоэнцефалография
С.Ультрадыбыстық допплерография
Д.Электроэнцефалография
Е.Эхо-энцефалография
77.Пациент қолымен төсекке сүйеніп,аяғын төмен түсіріп отырған қалып қалай аталады
А.Пассивті
В.Ортопноэ
С.Белсенді,активті
Д.Шынтақ тізе қалпы
Е.Ауырған жағына жату
78.Аурухананың қабылдау бөлімінде науқастың басынан бит табылған.Бастың шаш бөлігін өңдеу үшін қолдануға болатын ерітіндіні таңдаңыз:
А.Фурациллин
В.Натрий гидрокарбонаты
С.Сабынды ерітінді
Д.Медифокс
Е.ДП -2Т
79.АИТВ инфекциясымен ауратын пациенттер конфиденциалды түрде медициналық тексеріске міндетті
А.Донор
В.Репродуктивті жастағы әйел адамдар
С.12 жастан кіші балалар
Д.мектептегі жоғарғы сыныптағы оқушылар
Е.21 жастан асқан ер адамдар
80.Бронхоэктаз ауруының клиникалық көрінісі
А.Таңертең ауыз толы іріңді қақырықтың бөлінуі
В.Қызғылт,көпіршікті қақырық
С.Әйнек тәрізді қақарақ
Д.Плевра үйкеліс шуылы
Е.Везикулярлы тыныс
81.Құрғақ плеврит аускультацияда:
А.Үзілген тыныс
В.Плеврада үйкеліс шуы
С.Қатаң тыныс
Д.Амфорикалық тыныс
Е.Сырылдар
Сырылдар
82.Мұрыннан қан кеткен науқасқа көмек көрсету кезінде мейірбикенің қолына науқастың қаны тамды.Мейірбикенің осы кездегі дұрыс тактикасы:
А.Ағынды сумен жуу
В. 5% Калий перманганаты ерітіндісімен өңдеу
С.Бриллиант көгімен 1% ерітіндісімен өңдеу
Д. 70% Этил спиртімен 2 рет өңдеу
Е. 4% Натрий гидрокарбонатымен өңдеу
83.Балалар урологиясы бөлімшесіне несеп шығару жолдарының туа пайда болған ақауын хирургиялық коррекциялаудан кейін зәр шығарудың функциональды бұзылыстарымен науқас келді.Науқаста никтурия байқалады,никтурия дегеніміз не?
А.Ауырсынатын,қиын зәр шығару
В.Тәуліктік зәр көлемінің екі литрден көп болуы
С.Зәр шығарудың жиілеуі
Д.Тәуліктік зәрдің 500мл аз болуы
Е.Түнгі диурездің күндізгі диурезден көп болуы
84.Ас қорыту мүшелерінің мүмкін болатын ауруларын диагностикалау мақсатында адамның нәжіс (микроскопиялық,макроскопиялық,химиялық зертханалық )зерттеу әдісін көрсетіңіз:
А.Копрологияға нәжіс
В.Бактериялық тексеруге нәжіс
С.Құрттар жұмыртқасына нәжіс
Д.Жасырын қанға нәжіс
Е.Дисбактериозға нәжіс
85.Қабылдау бөліміне науқас ес түссіз түсті,қарау кезінде терісі салқындаған,науқас бозарған,анамнезінде І типті қант диабеті.Терең шулы сирек тыныспен сиппатталатын тыныс түрін көрсетіңіз:
А.Куссмауль
В.Биот
С.Грок-Фругони
Д.Чейна Стокс
Е.Гаспинг
86.Дәрілік электрофорездің әсер ету ерекшілігі негізделеді:
А.Дәрілік препараттың әсер ету аймағында жинақталуымен
В.Дәрілік препараттардың көп мөлшерінің түсуімен
С.Терінің зақымдануымен
Д.Әсер ету аймағында жылудың түзілуімен
Е.Бұлшық еттердің электрлі ынталануымен
87. Пациенттің өзекті мәселесі: психо-эмоционалдық күйзелістен соң, 20 минуттан артық төс артының қарқынды батып ауырсынуы, оның сол жауырынға, қолға берілуі байқалады
А. Миокард инфарктысында
В. Кернеулі стенокардияда
С. Артериальды гипертензияда
Д. Гастроэзофагеалды рефлюкс ауруында
Е. Кардионеврозда
88.Пациенттің мәселелері: стрептококты инфекциядан соң 1-3 аптадан кейін дамыған қабақтың ісінуі, артериалды қан қысымының жоғарлауы, олигурия, гематурия, протеинурия –тән
А. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне
В. Жедел циститке
С. Бүйрек тас ауруына
Д. Жедел пиелонефритке
Е. Жедел гломерулонефритке
89. 40 жастағы В. Есімді науқас ревматология бөлімшесіне аяқ-қолдың ұсақ буындарының ісінуі мен ауырсынуы, 1 сағатта жақын таңертеңгілік буындардың сіресуі мен қимылының шектелуі, субфебрильді температура шағмдарымен түсті. Өзін-өзі күтуі қиын, әсіресе таңертең өз бетімен жуыну, тарану, түймесін салу. Қарағанда: аяқ-қол саусақтары ісінген, олардың деформацияланғанына байланысты қимылы шектелген. Аталған симптомдар тән
А. Остеоартрозға
В. Ревматоидты артритке
С. Жүйелі қызыл жиегіне
Д. Бехтерев ауруына
Е. Бруцеллезге
90. Ларинготрахеита кездесетін үштік белгі:
А. Дауысының қарлығуы, үрмелі жөтел, тарылған тыныс ( тыныс алудың қиындауы)
В. Дауысының қарлығуы, үрмелі жөтел,дауыстың жанды шығуы
С. Дауысының жанды шығуы, қатты жөтел, тарылған
Д. Дауысының қарлығуы, үрмелі жөтел
Е. Дауысының қарлығуы, ысқырықты жөтел