Тест тапсырмалары



Дата07.02.2022
өлшемі37,28 Kb.
#85398

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Ғылым дегеніміз -...
A) адамның табиғат, қоғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани кызметінің ерекше формасы
B) адамның өзін-өзі тануы
C) адамның өзін-өзі тануға бағытталған дене қызметінің түрі
D) адамның өзін және қоршаған ортаны біліп-тануға бағытталған қоғамдық қызметі
Е) табиғи немесе жасанды, өзіндік қолтаңбалы тіл

2. Әр ғылым және ғылыми пән міндетті түрде біртұтастықта көрінетін қажетті элементтерден тұрады, олар:


A) ғылым субъектісі, объектісі, әдістер мен тәсілдер, өзіндік қолданбалы тілі
B) ғылым объектісі және субъектісі
C) ғылымға тән және оның пәнімен шарттасқан әдістер мен тәсілдер
D) табиғи немесе жасанды, өзіндік қолтаңбалы тіл (белгілер, терминдер, символдар, химиялық формулалар).
Е) ғылым субъектісі, объектісі, өзіндік қолданбалы тілі

3. Әдіс дегеніміз -...


A) құбылыстарды танып-білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.
B) көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі.
C) зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі.
D) барлық жауап дұрыс
Е) ғылымға тән және оның пәнімен шарттасқан әдістер мен тәсілдер

4. Ғылымның дамуындағы үш негізгі теориялық әдіс:


A) аксиома, теорема, гипотеза
B) сипаттау, салыстыру, пайымдау
C) ойлау, жинақтау, пайымдау
D) аксиома, болжау, сипаттау
Е) аксиома, болжау, гипотеза
5. Аксиома дегеніміз -...
A) тәжірибелік айғақтармен салыстыра карағанда, теріске шығарылуы мүмкін білімдер
B) логикалық дәлелсіз қолданылатын, эмпириялық айғақтар негізінде теріске шығаруға болмайтын ереже
C) объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу
D) жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі
Е) құбылыстарды танып-білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.

6. Болжау әдісі -...


A) тәжірибелік айғақтармен салыстыра карағанда, теріске шығарылуы мүмкін білімдер
B) логикалық дәлелсіз қолданылатын, эмпириялық айғақтар негізінде теріске шығаруға болмайтын ереже
C) объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу
D) жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі
Е) құбылыстарды танып-білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері

7. Абстракциялау әдісі -...


A) объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі
B) жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зерттеу мен талқылау әдісі
C) зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу
D) жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі
Е) құбылыстарды танып-білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері

8. Жалпылау әдісі -...


A) зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу
B) объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі
С) жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зерттеу мен талқылау әдісі
D) жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі
Е) объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу

9. Индукция әдісі -...


A) зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу
B) объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі
C) жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі
D) жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зерттеу мен талқылау әдісі
Е) объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу

10. Дедукция әдісі -...


A) зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу
B) объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі
C) жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зерттеу мен талқылау әдісі
D) жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі
Е) объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу

11. Аналогия әдісі -...


A) объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі
B) зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу
C) ұқсас бірліктерді (мысалы, тіл білімінде) салыстыра зерттеу әдісі
D) әртүрлі тілдік бірліктерді, мысалы, түркі семьясының қыпшақ тобындағы қазақ тіліндегі фразеологизмдерді үнді-еуропа семьясындағы герман тобындағы ағылшын тіліндегі фразеологизмдермен салғастыра зерттеу әдісі
Е) объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу

12. Классификация әдісі -...


A) объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға мүмкіндік беретін таным әдісі
B) зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу
C) ұқсас бірліктерді (мысалы, тіл білімінде) салыстыра зерттеу әдісі
D) әртүрлі тілдік бірліктерді салғастыра зерттеу әдісі
Е) объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу

13. Салыстыру әдісі -...


A) ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы
B) зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу
C) ұқсас бірліктерді салыстыра зерттеу әдісі
D) әртүрлі тілдік бірліктерді салғастыра зерттеу әдісі
Е) объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алу әдісі

14. Салғастыру әдісі -...


A) объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға мүмкіндік беретін таным әдісі
B) зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу
C) ұқсас бірліктерді салыстыра зерттеу әдісі
D) әртүрлі тілдік бірліктерді, мысалы, түркі семьясының қыпшақ тобындағы қазақ тіліндегі фразеологизмдерді үнді-еуропа семьясындағы герман тобындағы ағылшын тіліндегі фразеологизмдермен салғастыра зерттеу әдісі
Е) объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алу әдісі

15. Зерттеліп отырған нысан жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі -


A) тұжырым
B) әдіс
C) нәтиже
D) қорытынды
Е) тәжірибе

16. Әртүрлі семьяға жататын тілдерді зерттеу әдісі -


A) салыстыру
B) салғастыру
C) жинақтау
D) жіктеу
Е) барлау

17. Ғылыми құбылыстарды қазіргі заман тұрғысынан зерттеу әдісі


A) диахронды
B) синхронды
C) жинақтау
D) жіктеу
Е) салыстыру

18. Ғылыми құбылыстардың тарихи тұрғыдан дамуын, өзгеруін зерттеу әдісі


A) диахронды
B) синхронды
C) жинақтау
D) жіктеу
Е) салыстыру

19. Зерттеудің теориялық мәні қалай анықталады?


A) Автордың ұсынған практикалық ұсынымдарын қолдануға мүмкіндік беретін нұсқаулық ретінде беріледі.
B) Автордың жаңалығы бар теориялық тұжырымдары мен ережелерінің маңыздылығын айқындау жолымен анықталады.
C) Ашылған жаңалықтың тәжірибеде қолданылуы арқылы анықталады.
D) Эксперименталды зерттеу негізінде анықталады.
Е) теориялық және практикалық зерттеу нәтижелерінің маңыздылығымен анықталады.

20. Зерттеудің өзектілігін негіздеу дегеніміз -


A) автордың жеке зерттеу еңбегінде көтеріліп отырған мәселені жан-жақты терең түсінуі мен орындалған жұмыстың сапасы туралы сөз қозғауға мүмкіндік беретін элемент.
B) теориялық және практикалық зерттеу нәтижелерінің маңыздылығы.
C) зерттеу нәтижелерін болашақта ғылымның нақты бір саласында қолдануға мүмкіндік беретін тұжырым.
D) қандай да бір оқиға немесе құбылыс турасындағы біздің біліміміздің ол жайлы басқа білімдерге, күнделікті, қарапайым, ақылға қонымды түсініктерге сәйкессіздігі.
Е) автордың ұсынған практикалық ұсынымдарын қолдануға мүмкіндік беретін нұсқаулық ретінде беру

21. Зерттеу жұмысының кіріспесінде зерттеу мәселесін қысқа, нақты, түсінікті сөйлеммен беру қалай аталады?


A) зерттеудің міндеттері
B) зерттеудің мақсаты
C) зерттеудің әдістері
D) зерттеудің құрылымы
Е) зерттеудің қорытындысы

22. Зерттеу нысанын мазмұндық тұрғыда ашуға көмектесетін және басты зерттеу болжамдарына апаратын жол болып табылатын -


A) зерттеудің басты мақсаты
B) зерттеудің міндеттері
C) зерттеудің ғылыми жаңалығы
D) зерттеу нәтижесі
Е) зерттеудің қорытындысы

23. Сәтсіз құрылған тақырыпты анықтаңыз.


A) Жайсаңбек Молдағалиевтің шығармашылық жолы
B) М.Дулатов шығармаларындағы «ғаламның тілдік бейнесі»
C) Жыраулар поэзиясындағы тәуелсіздік идеясы
D) Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингво мәдени жүйесі
Е) Педагогикадағы толеранттылық мәселесі

24. Зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, тұжырымдар, ғылыми жаңалық, зерттеу жұмысында қолданылған ғылыми әдістер, еңбектің теориялық және практикалық құндылығы, жұмыстың құрылымы жазылатын бөлім.


A) қорытынды
B) кіріспе
C) негізгі бөлім
D) қосымша
Е) тәжірибелік

25. Зерттеудің негізгі бөлімінде айтылған ойлардың жиынтық тұжырымдары көрсетілетін бөлім.


A) қорытынды
B) кіріспе
С) негізгі бөлім
D) аңдатпа
Е) қосымша

26. Зерттеу жұмысын жазу барысында қолданылған, бұрын жарияланған немесе жарияланбаған мәтіндер дегеніміз -


A) қосымша
B) сілтеме
C) жарияланым
D) мақала
Е) негізгі

27. Түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді


A) дәйексөз
B) дереккөз
C) тірек сөз
D) автор сөзі
Е) аннотация

28. Өзгенің мәтіні сөзбе-сөз берілетін дәйексөз


A) нақты дәйексөз
B) нақты емес дәйексөз
C) төл сөз
D) автор сөзі
Е) тірек сөз

29. Өзге адамның идеялары мен сөздерін алып, өзінікі ретінде ұсыну қалай аталады?


A) сілтеме
B) дәйексөз
C) плагиат
D) мақала
Е) аннотация

30. Дереккөзге сілтеме жасамай, өзгенің идеясын пайдалану қалай аталады?


A) сілтеме
B) дәйексөз
C) дереккөз
D) плагиат
Е) мақала

31. Сілтемедегі екінші сан нені білдіреді?


А) Мәтіннің нақты фрагменті алынған бет нөмірін
В) Дереккөздің библиографиялық тізімдегі ретін
С) Жарияланымның шыққан жылын
D) Жарияланымның жалпы бет санын
Е) Жарияланымның нөмерін

32.Сілтемедегі бірінші сан нені білдіреді?


A) Мәтіннің нақты фрагменті алынған бет нөмірін
B) Дереккөздің библиографиялық тізімдегі ретін
C) Жарияланымның шыққан жылын
D) Жарияланымның жалпы бет санын
Е) Жарияланымның нөмерін

33. Бір мезгілде бірнеше дереккөзге сілтеме жасасаңыз, оларды қандай тыныс белгімен ажыратасыз?


А) үтірмен
В) нүктемен
С) үтір-нүктемен
D) сұрақ белгісімен
Е) леп белгісімен

34. Ғылыми-теориялық мақала дегеніміз -


А) теориялық ізденістер мен зерттеліп отырған мәселенің заңдылығын түсіндіруге арналатын мақала
В) ғылыми эксперименттер мен шынайы тәжірибеге арналатын мақала
С) ғылыми немесе қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін әдістер, тәсілдерге шолу жасауға арналатын мақала
D) зерттелетін құбылысты бақылау құралдары мен оларды тіркеу тәсілдері сипатталатын мақала
Е) ғылымға тән және оның пәнімен шарттасқан әдістер мен тәсілдер

35. Зерттеу тақырыбы бойынша нақты жекелеген мәселелерді қамтитын, нәтижесі берілетін, автордың ғылыми басымдығы көрінетін жарияланымның бір түрі -


А) жарияланым
В) ғылыми мақала
С) оқу құралы
D) оқулық
Е) эссе

36. Ғылыми-әдістемелік мақала дегеніміз -


A) теориялық ізденістер мен зерттеліп отырған мәселенің заңдылығын түсіндіруге арналатын мақала
B) ғылыми эксперименттер мен шынайы тәжірибеге арналатын мақала
C) ғылыми немесе қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін әдістер, тәсілдерге шолу жасауға арналатын мақала
С) зерттелетін құбылысты бақылау құралдары мен оларды тіркеу тәсілдері сипатталатын мақала
Е) ғылымға тән және оның пәнімен шарттасқан әдістер мен тәсілдер

37. Ғылыми мақаланың атауы дегеніміз -


A) негізгі мәтіннің құрылымдық бөлігін таңбалау
B) зерттеу барысында алынған нәтижелерді баяндау
C) зерттеу нәтижелерін түсіндіру
D) зерттелетін құбылысты бақылау
Е) ғылымға тән және оның пәнімен шарттасқан әдіс

38. Тақырыптың ең үлкен көлемі қанша сөз болуы керек?


A) 15-20 сөз
B) 10-12 сөз
C) 7-8 сөз
D) 8-9 сөз
Е) 17-23 сөз

39. Бір мәселеге немесе тақырыпқа толық әрі жан-жақты терең зерттеу жүргізетін, бір немесе бірнеше автор жазатын ғылыми жұмыс дегеніміз


A) оқу құралы
B) монография
C) диссертация
D) диплом жұмысы
Е) антиплагиат

40. Өзге біреулер шолу ретінде пайдалануы мүмкін жұмыстың немесе мақаланың қысқаша мазмұны дегеніміз -


A) кіріспе
B) абстракт
C) қорытынды
D) тұжырым
Е) тәжірибе

41. Ғылыми жұмыстың басында жазылатын бөлігі қалай аталады?


A) тұжырым
B) негізгі бөлім
C) абстракт
D) қосымша
Е) мақсаты

42. Жұмыстың нәтижесі қамтылмайтын абстракт


A) ақпараттық абстракт
B) сипаттамалы абстракт
C) ақпараттық-сипаттамалы абстракт
D) қысқа абстракт
Е) қорытынды абстракт

43. Абстракт дегеніміз -


A) Бір мәселеге немесе тақырыпқа толық әрі жан-жақты терең зерттеу жүргізетін, бір немесе бірнеше автор жазатын ғылыми жұмыс.
B) оқырманға бірқатар материалды қарауға және ақпараттың өзіне қажетті зерттеу міндеттерін таңдауға мүмкіндік беретін қысқаша мазмұндама.
C) зерттеу тақырыбы бойынша нақты жекелеген мәселелерді қамтитын, нәтижесі берілетін, автордың ғылыми басымдығы көрінетін жарияланым.
D) зерттелетін құбылысты бақылау құралдары мен оларды тіркеу тәсілдері сипатталатын жұмыс
Е) Бір мәселеге немесе тақырыпқа толық әрі жан-жақты терең зерттеу жүргізетін, бір автор жазатын ғылыми жұмыс.

44. Басқа ғылыми мәтіндерден тезистің айырмашылығы қандай?


A) көлемінің көптігі
B) көлемінің аздығы
C) айырмашылығы жоқ
D) негізгі идеяның берілмеуі
Е) ойдың толық жеткізілуі

45. Тезис жазуға қажетті талаптарды көрсетіңіз


A) Тезис көлемі 5-6 бет болуы қажет.
B) Сілтеме берудің қажеті жоқ
C) Әрбір пайымдау қысқа әрі нұсқа болуы керек.
D) Мәселені қоюдың қажеті жоқ
Е) Сілтеме беру міндетті

46. Ғылыми монография дегеніміз -


A) оқырманға бірқатар материалды қарауға және ақпараттың өзіне қажетті зерттеу міндеттерін таңдауға мүмкіндік беретін қысқаша мазмұндама.
B) ғылыми мәселе бойынша теориялық материал жан-жақты қорытылып жазылатын, жаңа ғылыми тұжырымдамаларды жинақтайтын ғылыми-зерттеу жұмысы.
C) ғылыми немесе қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін әдістер, тәсілдерге шолу жасауға арналатын жұмыс.
D) белгілі бір кітапханаларда шектеулі данада сақталатын қолжазба
Е) қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін әдістерге шолу жасауға арналатын жұмыс.

47. Жаңа нәтижелерден де, көпшілікке белгілі әдістемелік, техникалық шешімдер мен деректерден де хабар беретін ғылыми жұмыс -


A) диссертация
B) монография
C) мақала
D) диплом жұмысы
Е) курстық жұмыс

48. Дереккөзден алынған ақпарат қысқаша мазмұндалған жазбаша мәтін


A) тезис
B) аңдатпа
C) конспект
D) реферат
Е) эссе

49. Көлемі жағынан түпнұсқа мәтіннен екі есе аз болуы керек мәтін


A) конспект
B) реферат
C) түйіндеме
D) аңдатпа
Е) тезис

50. Мәтіннің үзінділері мен дереккөзден алынған дәйек сөздер негізінде жасалатын конспект


A) конспект-жоспар
B) мәтіндік конспект
С) тақырыптық конспект
D) еркін конспект
Е) конспект

51. Конспектінің бірнеше түрі аралас келетін конспект


A) конспект-жоспар
B) мәтіндік конспект
C) тақырыптық конспект
D) еркін конспект
Е) аралас конспект

52. Жоспардың тармақтары сұрақтар түрінде, ал ақпарат қысқа жауап түрінде берілетін конспект


A) конспект-жоспар
B) мәтіндік конспект
C) тақырыптық конспект
D) сызба түріндегі жоспарлы конспект
Е) еркін конспект

53. Қандай бір бағытта жазылған дереккөздерге шолу жасай отырып, белгілі бір тақырыпқа арналған шағын жазбаша жұмыс дегеніміз -


A) конспект
B) реферат
C) тезис
D) курстық жұмыс
Е) дипломдық жұмыс

54. Реферат-шолу...


A) алғашқы дереккөздегі ақпаратқа талдау жасаумен қатар мәселеге объектиеті баға беру болады
B) бірнеше дереккөздің негізінде құрылады және қарастырылатын мәселе бойынша әртүрлі көзқарастарды салыстырады
C) алғашқы түпнұсқа мәтіннің мазмұны баяндалады
D) берілген тақырыптың тек негізгі ережелерінен тұрады
Е) бір дереккөздің негізінде құрылады және қарастырылатын мәселе бойынша әртүрлі көзқарастарды салыстырады

55. Реферат дегеніміз -


A) мәтіннің үзінділерімен дереккөзден алынған дәйексөздер негізінде жасалатын жұмыс
B) дереккөзден алынған ақпарат қысқаша мазмұндалған жазбаша мәтін
С) бір бағытта жазылған дереккөздерге шолу жасай отырып, белгілі бір тақырыпқа арналған шағын жазбаша жұмыс
D) жаңа нәтижелерденде, көпшілікке белгілі әдістемелік, техникалық шешімдер мен деректерден де хабар беретін ғылыми жұмыс
Е) бірнеше бағытта жазылған дереккөздерге шолу жасай отырып, белгілі бір тақырыпқа арналған шағын жазбаша жұмыс

56. Рефераттың көлемі қанша бет болуы керек?


A) 10-15 беттен аспауы керек
B) 20-25 бет болуы қажет
C) 7-8 бет болуы керек
D) 15-20 беттен аспауы керек
Е) 20-27 беттен аспауы керек

57. Соңғы курсқа дейін жазылып қорғалатын ғылыми жұмыс қалай аталады?


A) диплом жұмысы
B) курстық жұмыс
C) реферат
D) диссертация
Е) эссе

58. Эссенің мақсаты қандай?


A) Ғылыми жаңалық ашу
B) Берілген тақырып бойынша ғылыми тұжырым жасау
C) Әртүрлі дәйектер мен дәлелдер келтіре отырып, берілген тақырыпты ашу
D) Дереккөздерге шолу жасау
Е) тәжірибелік бөлім міндетті түрде болу қажет

59. Эссе жазу барысында сақталуы тиіс талаптар:


A) қарапайым өмірдің мысалдарын, ауызекі сөйлеу стилін қолдану
B) жеке көзқарастың болуы, деректі дәйектерді қолдану
C) автордың жеке ұстанымы болуы міндетті емес
D) дереккөздерге шолу жасау
Е) тәжірибелік бөлім міндетті түрде болу қажет

60. Пікірталас эссенің мақсаты -


A) түпнұсқа мәтінде берілген идеяларды түсінгенін көрсету.
B) қандай да бір мәселе бойынша екі түрлі көзқарасты талқылау.
C) тақырып бойынша ғылыми тұжырым жасау
D) екі мәтінді салыстыру және қарама-қарсы қою
Е) барлық жауап дұрыс

61. Қойылым эссенің мақсаты қандай?


A) Мәселеге қатысты түрлі ұстанымның біреуі дұрыс екенін дәлелдеу, сендіру.
B) Қандай да бір мәселе бойынша екі түрлі көзқарасты талқылау.
C) Кітаптың, фильмнің, пьесаның, сайттың т.б. белгілі аудиторияға әсер етуі тұрғысынан жеке баға беру.
D) Екі мәтінді салыстыру және қарама-қарсы қою
Е) арнайы кейіпкерлер болуы

62. Эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік және докторлық диссертациялар, ғылыми мақалалар мен монографиялар сияқты ғылыми мәтін жазудың әдіснамасы


A) академиялық білім
B) академиялық жазылым
C) академиялық оқылым
D) академиялық сауаттылық
Е) академиялық орта

63. Ғылыми мәтіндерге жататын жазба жұмыс түрлері -


A) диктант, мазмұндама, шығарма
B) мақала, реферат, рецензия, аңдатпа, тезис
C) эссе, очерк, роман, әңгіме, толғау
D) ғылыми мақала, өлең, конспект
Е) мақала, реферат, роман, әңгіме, толғау

64. Жоспардың түрлері -...


A) сұрақ-жауап түріндегі, тақырыптық, тезистік
B) тақырыптық, тезистік, конспектілік
C) тезистік, конспектілік, рефераттық
D) конспектілік, рефераттық,
Е) дипломдық, тезистік, конспектілік

65. Сұрақ-жауап түріндегі жоспар


A) Сұраулы сәйлемдер түріндегі жоспар мәтінде берілген негізгі мәліметті іздеуге бағытталады.
B) Жоспарда әр бөлім мәтіннің бөлігіне сәйкес келетін негізгі мәліметті ашатын сөйлем ретінде көрсетіледі.
C) Жоспарда мәтінде айтылатын негізгі мәселелер атап көрсетіледі. Жоспардың бұл түрі сөз сөйлеуге дайындалған кезде немесе негізгі мәселелерді белгілеуде пайдаланылады.
D) Жоспарға қойылатын талаптар сақталмаса да болады
Е) Жоспарда мәтінде айтылатын негізгі мәселелер атап көрсетілмейді

66. Ғылыми жұмысқа жоспар жасалуы қажет пе?


A) Жоспар құрудың қажеті жоқ, шабыт келсе болды
B) Зерттеу жұмысының алдын-ала жоспары жасалып, құрылымы анықталғаны дұрыс
C) Жоспарды жинақталған материалға сәйкес құрастыру қажет
D) Жоспар зерттеу жұмысы жазылып болғаннан кейін жасалады
Е) Жоқ

67. Зерттеу мәселесімен байланысты деректер, идеялар, мысалдар, бақылау нәтижелері және тағы басқалар ... деп аталады


A) зерттеудің пәні
B) зерттеудің жоспары
C) зерттеудің мақсаты
D) зерттеу материалдары
Е) зерттеу ортасы

68. Ақпарат жинауды қайдан бастаған дұрыс?


A) сіздің зерттеу тақырыбыңыз бойынша ақпарат алатын жер жоқ
B) сіздің зерттеу тақырыбыңыз бұрын-соңды сөз болмаған
C) зерттеу тақырыбына қатысты белгілі қор жинақтаудың қажеті жоқ
D) кітапханадан, өзге де электронды қорлардан бастаған дұрыс
Е) негізгі бөлімнен

69. Зерттеу тақырыбы бойынша жинақталған материалдар бойынша жазбалар, карточкалар жасаудың қажеттігі


A) зерттеу пәні туралы базалық деректер, фактілер табылады
B) басқа авторлардың көзқарастары және аргументтерімен танысуға болады
C) өзіңіздің көзқарасыңызды немесе идеяңызды қолдайтын немесе оған қарсы дәйектемелер табасыз
D) барлық жауап дұрыс
Е) барлық ойды сараптау

70. Зерттеу тақырыбы бойынша материал жинау кезінде міндетті түрде дереккөз туралы ақпаратты жазып алу қажет пе?


A) иә, оны зерттеудің міндеттеріне енгізесіз
B) иә, кейін оны дәйексөз ретінде немесе сілтеме жасау үшін, не басқаша түрде пайдаланасыз
C) жоқ, бұл ақпараттың кейін қажеті болмайды
D) иә, кейін оны жоспарыңызға кіргізесіз
Е) қажет емес

71. Зерттеу жұмысын жазған кезде жиі орын алатын қателер


A) зерттеу тақырыбы мен мазмұны бір-біріне толық сәйкес, алайда берілген тақырып ашылмай қалған
B) тақырып атауы жақсы, жұмыс мазмұны да көңілден шығады, бірақ екеуінің арасында байланыс жоқ
C) барлық жауап дұрыс
D) зерттеу мәселесі туралы ұзақ кіріспе жазу, мәселені, тақырыптың зерттелуін әріден бастау
Е) басқа да ақпарат көздерін қарамаған

72. Зерттеу жұмысының көлеміне қойылатын талапты сақтамаудың зардабы


A) тақырып ашылмай қалуы мүмкін
B) басылым редакторы немесе жетекшіңіз жұмысыңызды өзі қысқартуы мүмкін, ал бұл кезде сіз жазған мәтіннің маңызды жерлері кетіп қалуы әбден мүмкін
C) қойылған мақсат орындалмай қалуы мүмкін
D) зерттеу мәселесі өзекті болмауы мүмкін
Е) міндет етілген бет саны есептелмей қалуы мүмкін

73. Дайын мәтінді редакциялауға қанша уақыт жұмсау керек, мәтінді басынан аяғына дейін неше қайталап қарау керек?


A) редакциялау жұмыстың құндылығын төмендетеді
B) бірнеше рет редакциялаудан өткізу (авторлық та, кәсіби мамандардың да) дайын мәтінмен жұмыстың басты қағидаты болып табылады
C) грамматикалық қателер болмаса, жұмыстың жалпы мазмұнын редакциялаудың қажеті жоқ
D) ешқандай грамматикалық, стильдік, техникалық қателер жақсы жазылған жұмыстың құндылығын төмендетпейді
Е) қажет емес

74. Кез келген ғылыми жұмыс мынадай міндетті бөліктен құралады, олар:


A) титулдық бет, мазмұн, негізгі мәтін, библиография
B) титулдық бет, мазмұн, зерттеудің мақсат-міндеттері
C) мазмұн, библиография, қосымшалар
D) мазмұн, негізгі мәтін, библиография
Е) титулдық бет, мазмұн, библиография

75. Ғылыми жарияланымдарға қойылатын талаптар


A) мәтінді кұру мен рәсімдеудің академиялық стандарттарының сақталуы
B) кәсіби қауымдастықтың мәтін мәртебесін растауы, дереккөздің тұрақтылығы
C) мәтін мазмұнының тұрақтылығы, мәтіннің қолжетімділігі
D) барлық жауап дұрыс
Е) талапқа сай болуы

76. Өзгелердің мәтіндерін дәйексөз ретінде келтіру немесе келтірмеу кезінде жиі кездесетін қателіктер


A) дәйексөз алынған дереккөзге сілтеме жасамау
B) барлық жауап дұрыс
C) ұзақ дәйексөз келтіру, дәйексөз алынған дереккөзді толық сипаттамау
D) дәйексөзді қате беру, сілтеменің библиографияға сәйкес келмеуі
Е) мәтін мазмұнының тұрақтылығы, мәтіннің қолжетімділігі

77. Мәтіннің өн бойында кездесетін және басқа түйін сөздермен бірлесе отырып, мәтінді баяндауға ықпал ететін маңызды сөздер ... деп аталады


A) тірек сөздер
B) қажет сөздер
C) маңызды сөздер
D) басты сөздер
Е) қосымша сөздер

78. Тірек сөздер не үшін беріледі?


A) мақалаларды жүйелеу үшін
B) ұқсас мақалаларды топтастыру үшін
C) барлық жауап дұрыс
D) мақаламен танысқан кезде уақыт үнемдеу үшін
Е) мақалада қандай сөздер жиі қайталанатынын білу үшін

79. Мақала үшін тірек сөздерді қайдан іздеу қажет?


A) барлық жауап дұрыс
B) мақала атауынан
C) мақала аңдатпасынан
D) мақала мәтінінің кіріспе, негізгі және қорытынды бөліктерінен терминдер алынуы мүмкін
Е) мақаладағы тәжірибелік бөлімнен

80. Ғылыми мәтінді қысқаша ұсынудың бір түрі -


A) аңдатпа
B) баяндама
C) мақала
D) реферат
Е) эссе

81. Аңдатпа дегеніміз -...


A) кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау
B) кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұны
C) кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның толық мазмұны
D) кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның қысқаша жоспары
Е) кітаптың, топтама жинақтың мазмұны

82. Аңдатпаның басты мақсаты -...


A) зерттеу жұмысының жоспарымен таныстыру
B) зерттеу болашағын болжау
C) автор туралы мәлімет беру
D) өте аз тілдік құралдармен зерттеудің мәні мен жаңашылдығы туралы хабарлама жасау арқылы оқырманның назарын аудару, оқырман қызығушылығын ояту
Е) зерттеудің нәтижесін анықтау

83. Пікір дегеніміз - ...


A) зерттеу жұмысына сын, баға беру ретіндегі ой, қорытынды
B) зерттеу жұмысына қатысты қосымша материалдар
C) зерттеу жұмысы бойынша практикалық нәтижелерге берілетін қорытынды
D) зерттеу жұмысына жағымды қорытынды беру
Е) зерттеу жұмысына қорытынды

84. Пікір мазмұнында көрсетілуі тиіс бөліктер:


A) алынған тақырыптың өзектілігі, автордың тақырыпты аша алуы, материал мазмұнының түсініктілігі мен сауаттылығы
B) терминологиялық аппараттың қолданылуы
C) қойылған мәселеде жаңашылдығы, дәлелдеу тезистерінің деңгейі
D) барлық жауап дұрыс
Е) қойылған мәселеде жаңашылдығы

85. Диплом жұмысының (жобаның) тақырыптарына қойылатын талаптар:


A) тақырыптардың өзектілігі онша маңызды емес, мамандыққа сәйкес болса жеткілікті
B) бұрын-соңды зерттелмеген, тың тақырып болуы міндетті
C) тақырыптар (жоба) ғылымның, техника мен мәдениеттің қазіргі жағдайы мен болашақтағы дамуына сай болуы керек
D) студент міндетті түрде жаңалық ашуы тиіс
Е) тақырыптардың өзектілігі онша маңызды емес

86. Диплом жұмысы дегеніміз -...


A) белгілі тақырып бойынша өзіндік пікір
B) студенттің өз болашақ мамандығына сәйкес жинақтаған тәжірибесі
C) ғылыми зерттеудің практикалық сынағы
D) жоғары оқу орнын бітіруші курс студенті нақты мамандық бойынша өздігінен дайындайтын, қолжазба түріндегі ғылыми жұмыс
Е) алынған тақырыптың өзектілігі, автордың тақырыпты аша алуы, материал мазмұнының түсініктілігі мен сауаттылығы

87. Диплом жұмысының (жобаның) көлемі ереже бойынша


A) 100-120 бет
B) 60-80 бет
C) 15-20 бет
D) 80-100 бет
Е) 35-50 бет

88. Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтері:


A) мұқаба (сыртқы беті); титул беті; диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма; мазмұны; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды (тұжырым); пайдаланылған әдебиет тізімі; қосымшалар (егер болса)
B) мұқаба (сыртқы беті); титул беті; мазмұны; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды (тұжырым); пайдаланылған әдебиет тізімі
C) титул беті; диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма; негізгі бөлім; қорытынды (тұжырым); пайдаланылған әдебиет тізімі; қосымшалар (егер болса)
D) титул беті; мазмұны; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды (тұжырым); пайдаланылған әдебиет тізімі; қосымшалар (егер болса) –
Е) мұқаба (сыртқы беті); титул беті; мазмұны; негізгі бөлім; қорытынды (тұжырым); пайдаланылған әдебиет тізімі

89. Диплом жұмысының мұқабасында келтірілетін мәліметтер:


А) диплом жұмыс орындалған ұйымның атауы; студенттің аты-жөні; диплом жұмысының тақырыбы; жұмыстың түрі- диплом жұмысы (жоба); мамандықтың атауы және шифрі; қала, жыл
B) диплом жұмыс орындалған ұйымның атауы; студенттің аты-жөні; диплом жұмысының тақырыбы; жұмыстың түрі- диплом жұмысы (жоба); қала, жыл
C) студенттің аты-жөні; диплом жұмысының тақырыбы; жұмыстың түрі- диплом жұмысы (жоба); мамандықтың атауы және шифрі; қала, жыл
D) студенттің аты-жөні; диплом жұмысының тақырыбы; мамандықтың атауы және шифрі; қала, жыл
Е) диплом жұмыс орындалған ұйымның атауы; студенттің аты-жөні; диплом жұмысының тақырыбы; мамандықтың атауы және шифрі; қала, жыл

90. Дипломның титулдық бетінің рәсімделуі:


A) диплом жұмысы орындалған ұйымның атауы; диплом жұмысы орындалған кафедраның атауы; жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба); «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен диплом жұмысы тақырыбының атауы; мамандықтың атауы және шифрі; сол жағында «орындаған» сөзі, қарама-қарсы оң жағынан студенттің аты-жөні; бір жол төмен «ғылыми жетекші» деп жазылады және оның аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы көрсетіледі; қала, жыл
B) жұмыстың түрі- диплом жұмысы (жоба); «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен диплом жұмысы тақырыбының атауы; бір жол төмен «ғылыми жетекші» деп жазылады және оның аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы көрсетіледі; қала, жыл
C) диплом жұмысы орындалған ұйымның атауы; диплом жұмысы орындалған кафедраның атауы; жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба); «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен диплом жұмысы тақырыбының атауы; мамандықтың атауы және шифрі; қала, жыл
D) жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба); «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен диплом жұмысы тақырыбының атауы; мамандықтың атауы және шифрі; сол жағында «орындаған» сөзі, қарама-қарсы оң жағынан студенттің аты- жөні; бір жол төмен «ғылыми жетекші» деп жазылады және оның аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы көрсетіледі; қала, жыл
Е) диплом жұмысы орындалған ұйымның атауы; диплом жұмысы орындалған кафедраның атауы; жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба); «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен диплом жұмысы тақырыбының атауы; мамандықтың атауы және шифрі; бір жол төмен «ғылыми жетекші» деп жазылады және оның аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы көрсетіледі; қала, жыл

91. Диплом жұмысының (жобаның) кіріспе бөлімінде жазылуға міндетті мәліметтер:


A) тақырыптың өзектілігі, ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалау, дипломның мақсаты, міндеттерін, зерттеу нысаны
B) тақырыптың өзектілігі, дипломның мақсаты, міндеттерін, зерттеу нысанын, берілген теориялық және әдіснамалық негіздері мен диплом жұмысы жазылуының мақсаты
С) дипломның мақсаты, міндеттерін, зерттеу нысанын, берілген теориялық және әдіснамалық негіздері мен диплом жұмысы жазылуының практикалық базасы
D) тақырыптың өзектілігі, ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, қазіргіғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалау, дипломның мақсаты, міндеттерін, зерттеу нысанын, берілген теориялық және әдіснамалық негіздері мен диплом жұмысы жазылуының практикалық базасы
Е) дипломның мақсаты, міндеттерін, берілген теориялық және әдіснамалық негіздері мен диплом жұмысы жазылуының практикалық базасы

92. Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі:


A) Диплом жұмысын қорғау тәртібін әр жоғары оқу орны өзі белгілейді
B) Диплом жұмысы студент қалаған уақытта қорғалады
C) Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі білім беру саласындағы өкілетті органдар бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу ережесімен анықталады
D) Диплом жұмысын қорғау үшін білім алушылар үлгерімінің ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация нәтижелері талап етілмейді
Е) Диплом жұмысын қорғау үшін білім алушылар үлгерімінің ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация нәтижелері талап етіледі

93. Ғылыми жұмыстың міндетті бөлігін көрсетіңіз


A) Қосымша
B) Бет саны
C) Библиография
D) Тақырып
Е) Сурет

94. Жазбаша жұмыс туралы қажетті ақпараттың бәрі болуға тиіс бөлігі


A) Әдебиет тізімі
B) Қосымша
C) Титулдық бет
D) Тақырып
Е) Аннотация

95. Ғылыми мақала бөлігін көрсетіңіз


A) Титулдық бет
B) Қосымша
C) Мазмұны
D) Аңдатпа
Е) Тақырып

96. Негізгі идеяны, әдістер мен нәтижелерді қоса ала отырып, мақаланы тұтас қарастыру үшін қызмет ететін бөлігі


A) Кіріспе
B) Абстракт
C) Қорытынды
D) Тұжырым
Е) Аннотация

97. Тірек сөздер қатарын құрайтын


A) Термин
B) Жалқы есім
C) Сан есім
D) Сын есім
Е) Дұрыс жауап жоқ

98. Аңдатпаның басты мақсаты -


A) бір мәселеге немесе тақырыпқа толық әрі жан-жақты терең зерттеу жүргізу
B) өте аз тілдік құралдармен зерттеудің мәні мен жаңашылдығы туралы хабарлама жасау
C) зерттеу жұмысына пікір беру
D) дереккөзден алынған ақпаратты қысқаша мазмұндау
Е) тақырыпты толық қарастыру

99. Түпнұсқа мәтіннен екі есе аз болуы керек деп есептелетін жұмыс түрі


A) Мақала
B) Курстық жұмыс
C) Реферат
D) Конспект
Е) Эссе

100. Философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, саяси және тағы басқа салада автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін


A) Монография
B) Эссе
C) Диссертация
D) Шығарма
Е) Реферат

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет