«Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына» орай ұйымдастырылған «Айгөлек» ән-би байқауы
1- жүргізуші:
Қазақ елі қашан да жыр елі,
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан,
Жүздеген ұлт бірге өмір сүреді.
2 -жүргізуші:
Қазақстан Тәуелсіздікті аңсап келді,
Телегей теңіз аңсаған мансап келді.
Қазақтың бойтұмары ана тілін
Ту етіп, айғақ етіп жар сап келді.
1- жүргізуші:
Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,
Күннің көзі көктемдей елжіреді.
Мұнан ыстық , жалын-от бар ма, сірә,
Отан-әнмен жүрегім тербеледі.
Бірге: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Айгөлек» ән - би балалар байқауын тамашалаңыздар.
2- жүргізуші:
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен –кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.
1- жүргізуші:
Бүгін біздің мектебімізде дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Әннен шашу шашылсын, би биленіп
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.
2- жүргізуші: Құрметті өнер сүйер қауым, бүлдіршіндердің өнер сайысы «Айгөлек» байқауына қош келдіңіздер! Иә, балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын, қызықты да бақытты кезең.
1 жүргізуші:
Балдәурен-балалықтың балғын үні,
Балдәурен-қуаныш пен шаттық үйі.
Балдәурен бақыт кешкен балдырғанның ,
Жайраңдап, қырда ашылған қызыл гүлі.
2- жүргізуші: Міне, көптен күткен сәтте келіп жетті. Олай болса «Айгөлек» ән-бибайқауын ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші: Құрметті өнер сүйер қауым, ұстаздар, кішкентай көрермендер және ата-аналар, сіздердің алдарыңызда сынға түсетін бүлдіршіндерімізді шақыруға рұхсат етіңіздер. Қане бүлдіршіндерді қошеметтеп қарсы алайық.
1- жүргізуші:
Балғын тәтті бөбектер,
Ата-анаң сені суреттер.
Мың бұралған, билерің,
Көрген жанды елітер-деп
сахнаға 1 сынып оқушыларын шақырамыз.
2- жүргізуші:
Қазақта жоқ бір ауыз ән салмаған,
Қай қазақта әншісін қарсы алмаған.
2 сынып оқушылары ән шырқаса,
Жан барма екен қызығып тамсанбаған.
1- жүргізуші:
«Айгөлек» деп ән салған,
Тыңдаған жұрт тамсанған.
Шығады қазір ортаға
3 сынып оқушылары қуана!
2- жүргізуші
Барлық әлемнің балалары сияқты жер бетінде тек ғана бейбітшілік болуын тілейтін келесі талантты оқушыларымыздың бірі 4 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
1- жүргізуші: Біздің талантты бөбектерімізге әділ баға беретін, бүгінгі сайысымыздың құрметті қонақтары, мейірімді әділ қазылармен таныс болайық. Бірінен-бірі өткен үміткерлерімізді бағалау қиынға соғады-ау деймін. Ендеше, таныс болыңыздар
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1- жүргізуші: Байқаудың шарттарымен таныс болайық, вокал номинациясы және би номинациясы бойынша І- айналымда бүлдіршіндер ән шырқаса, ІІ-айналымда өз өнерлерін бимен паш етпек.
2- жүргізуші: Бүлдіршіндердің жанкүйерлері және де өнер сүйер қауым өздеріңіздің көңілдеріңізден шыққан бүлдіршіндеріңізге қол соғып қолдау көрсете аласыздар.
1-жүргізуші:
Шашу,шашу, шашайық
Ақ сандықты ашайық.
Бүгінгі күн, бұл тойдың ,
Бастаңғысын жасайық.
«Айгөлек» ән, би байқауын бастаймыз.
2- жүргізуші
Бал-балалық балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Алтын бесік ұлан-байтақ елімде.
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
Айгөлектің алғашқы болып шымылдығын ашатын 1 сынып оқушыларымыздың әндерін қабыл алыңыздар.
(1 «а», 1 «б» сынып оқушылары өз әндерін шырқайды)
1- жүргізуші:
Біз көңілді ұланбыз,
Ән шырқаймыз сайраңдап.
Бақытты елде туғанбыз,
Жаз гүліндей жайраңдап-
деп , сахнаға 2 сынып оқушыларын шақырамыз.
(2 «а», 2 «ә», 2 «б» сынып оқушылары өз әндерін шырқайды)
1- жүргізуші:
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Біз әрі қарай жалғастырамыз, сайысқа түсетін кім екен? Келесі өнерпаздарымызға сәттілік тілеп, сахнаға 3 сынып оқушыларын шақырайық.
(3 «а», 3 «б» сынып оқушылары өз әндерін шырқайды)
2- жүргізуші:
Отанын сүйеді
Бұлбұлдай сайрайды
Табиғатын аялап
Достықты бағалайтын 4 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
(4 «а», 4 «б» сынып оқушылары өз әндерін шырқайды)
-------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Бүлдіршіндеріміздің І-айналымындағы өнеріне тәнті болсақ, қазылар алқасынан бағасын сұрайық.
(Балаларды бағалайды)
2- жүргізуші: Құрметті көрермендер, «Айгөлек» ән-би
байқауы әлі де жалғасуда, бізбен бірге болыңыздар. Ендеше ІІ айналымға кезек берейік.
жүргізуші: Бүлдіршіндер ән жанры бойынша, сахнаға шығатын 1 сынып өнерпаздары өз өнерімен керемет көңіл күй сыйлайды. Қарсы алаңыздар!!!
2 -жүргізуші: Келесі болып сахнаға 2 сынып оқшыларын шақырамыз. Сәттілік тілейік бүлдіршіндерімізге!!!
1- жүргізуші: Келесі тамашалайтындарыңыз 3 сынып оқушыларының өнерлері.
Құлыншақтар өз биімен сіздерді таңғалдырмақ. Қошеметтеп қарсы алайық.
2 –жүргізуші Ортаға мың бұралған бишілеріміз, 4 сынып оқушыларын шақырамыз. Қатысушыларымызды қол соғып қошеметтеп қойыңыздар!!!
1- жүргізуші: Қазылар алқасы «Айгөлектің» жұлдыздарын анықтағанша, барлық бүлдіршіміздерді би алаңына шақырамыз.
(барлық балалар билейді)
2-жүргізуші:
Кімдер биші, кім күшті,
Өнеріне қарайық.
Әділ қазы алқасы ,
Таланттарды табайық.
Сөз кезегін әділқазыларымызға берейік.
(Қазылар алқасы жеңімпаздарды марапаттайды.)
1- жүргізуші:
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
2-жүргізуші:
Бүлдіршіндер ән-биді дөңгелентті,
Көрерменнің көңілі көкке жетті.
Егерде сіздер рұхсат етсеңіздер
Шақырамыз шырқауға «Айгөлекті»
(Айгөлек әні шырқалады)
Достарыңызбен бөлісу: |