Тыныс мүшелері. Дыбыс шығаруда қатысы бар тыныс мүшелері деп аталатын мүшелердің ең бастысы өкпе. Өкпе екі тарам қолқа арқылы кеңірдекпен жалғасады



Дата03.06.2020
өлшемі23,1 Kb.
#72203
Байланысты:
1тапсырма (копия) (копия)



Тыныс мүшелері. Дыбыс шығаруда қатысы бар тыныс мүшелері деп аталатын мүшелердің ең бастысы - өкпе. Өкпе екі тарам қолқа арқылы кеңірдекпен жалғасады. Өкпеге ауаны ішке тартқанда кеңейіп, ауаны сыртқа шығарғанда семіп отырады. Тілдегі дыбыстар өкпедегі ауаның сыртқа шығуымен байланысты.

Тамақ және дауыс шымылдығы. Тамақ деп кеңірдектің кеңейген жоғары тұсы аталады. Тамақтың сыртқы жағында жұтқыншақ немесе өңеш – тамақ жүретін жол – болады. Оның ішкі жағында дауыс шымылдығы болады. Дауыс шымылдығы – тамақтың ішкі жағында кеңірдектің екі жағынан бір-біріне қарсы біткен жиырылмалы қыртысты ет. Тамақтың ішкі жағындағы қабаттасып жатқан екі пар бүршіктің сыртқы екеуі жалған дауыс шымылдығы деп аталады. Бұлар дыбыс шығаруға қатыспайды. Тағам ішкенде, екі жағы қатты жымдасып, асты өңешке жіберіп тұрады. Тек нағыз дауыс шымылдығы ауырған жағдайда ғана қарлыққан, баяу шығаруға шамасы келеді.

Тамақтың ішкі жағындағы қабаттасып жатқан екі пар бүршіктің жиырылмалы астыңғы екеуі нағыз дауыс шымылдығы деп аталады. Дауыс шымылдығының аралығы дауыс қуысы немесе дауыс түтігі делінеді.

Дауыс шымылдығы өкпеден келген ауаны тосқауылдап, бірде керіліп, екеуінің арасы жымдасып тұрады да, діріл пайда болып, үн шығады. Бірде жиырылып, екеуінің арасы ашылып тұрғанда діріл пайда болмайды, үн шықпайды. Дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының керіліп тұрып, діріл пайда болуы арқылы жасалады. Үнді дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы сәл ғана керіледі де, діріл шамалы болады. Сондықтан да дыбыстар үнінің қаттысы сәл ғана болады. Ал қатаң дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да, ешқандай діріл пайда болмайды. Сондықтан да дыбыстардың құрамындағы үннің қатысы болмайды.

Қуыс мүшелері. Өкпеден келген ауа керіліп тұрған дауыс шымылдығына соғылып, дірілдің әсерінен пайда болған дауыс немесе үн тікелей қуыс мүшелеріне түседі де, белгілі резонанс (жаңғырық) пайда болады. Қуыс мүшелеріндег і кедергі мүшелердің қызметі арқылы дыбыстарға әр түрлі өң (рең) беріледі, тіл дыбыстары бірінен-б ірі ерекшеленеді. Қуыс мүшелеріне бірінші – ауыз қуысы, екінші- мұрын қуысы жатады.

Ауыз қуысындағы дыбыс шығаруға қатысы бар кедергі мүшелері: тіл, ерін, тіс түбі (альвеол), таңдай, кішкене тіл, иек.

12

Тіл. Бұл дыбыс шығаруда көп жұмыс атқаратын жылжымалы мүше. Ауыз қуысында бірде ілгері – кейін, бірде жоғары-төмен жүйткіп, ауыз қуысындағы өзге мүшелерге не қақтығысып, не жуысып тұруынан дыбыстарға әр түрлі рең береді.

Ерін. Дыбыс шығаруда қатысы бар жылжымалы мүшенің бірі – ерін. Екі ерін бір- біріне жымдасып тұрып, өкпеден келген ауаның оны бұзып өтуінен п, б дыбыстары пайда болса, астыңғы ерін мен тіске келіп қақтығысуынан ф, в дыбыстары шығады да, екі еріннің дөңгеленіп, алға қарай шүйіріліп тұруынан о, ө, ұ, ү, у дыбыстары шығады. Сол сияқты дыбыс шығаруда екі еріннің кейін жиырылуынан да дыбыс сапасы өзгереді.

Тіс. Кейбір дыбыстарды шығаруда тістің де белгілі мөлшерде қатысы болады. Бірақ бұл – жылжымалы мүше емес. Ауыз қуысындағы жылжымалы мүшелер тіл мен еріннің тіске жуысуынан, не соқтығысуынан дауыссыз дыбыстардың түрлері жасалады.

Таңдай. Мұның өзі қатты таңдай, жұмсақ таңдай болып екіге бөлінеді. Қатты таңдай үстіңгі күрек тіс тұрған қызыл иектен басталады да, ең соңы тістің тұсынан бітеді. Тілдің ұшы, орта, артқы шеңінің бірі не қатты таңдайға, не жұмсақ таңдайға жуысуынан, я соқтығысуынан дыбыстардың сапасы өзгеріп шығады.

Кішкене тіл. Кішкене тіл бірде мұрын жолын жауып тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны ауыз қуысына қарай өткізеді. Бірде ауыз жолын жауып тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны мұрын қуысына қарай өткізеді.

Иек. Иек ауыз қуысын бірде кеңейтіп, бірде тартылып тұрады. Иек төмен түссе, ауыз қуысы кеңейеді де, ашық дауысты дыбыстар пайда болады. Иек жоғары көтерілсе, ауыз қуысы тарылады да, қысаң дауысты дыбыстар пайда болады.

Қуыс мүшесінің екінші түрі – мұрын қуысы. Мұрын қуысының дыбыс шығарудағы қызметі кішкене тілмен тығыз байланысты. Кішкене тіл ауыз жолын жауып тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны мұрын жолы арқылы өткізеді. Содан барып мұрын жолы м, н, ң үнді (сонор) дауыссыз дыбыстары пайда болады. Бұл дауыссыз дыбыстар мұрын арқылы айтылғанмен, олардың жасалуы ауыз қуысындағы кедергі мүшелердің қызметі арқылы болады. Сондықтан да жасалуы жағынан ерін дауыссызы (м) тіл ұшы дауыссызы (н) тіл арты дауыссызы (ң) деп аталады.

«М», «Н», «Ң» дыбыстары

М, н, ң үнді дауыссыз дыбыстарына жатады. Жасалу жағынан - мұрын жолды дыбыстар. М дыбысын айтқан кезде жоғарғы, төменгі еріндер п, б дыбыстарындағыдай қатты жымқырылып тұрады. Дауыс шымылдығы керіліп және дірілдеп, таңдай шымылдығы төмен түсіп, ауа мұрын арқылы шығарылады. Н дыбысын айтқанда тіл ұшы д және т дыбыстарын шығарған кездегідей жоғарға тістің альвеолына тиіп, ауыз жартылай ашық, тіс көрініп, езу тартылады да, ауа мұрын арқылы шығады. Ң дыбысын айтқанда тіл арты жұтқыншаққа тіреледі. Н, м дыбыстарына қарағанда мұрын арқылы шығатын ауа екпіндірек болады.

Тәжірибелік жұмысқа ұсынылатын жаттығулар 1. М, н,ң дауыссыз дыбыстары

Н-нн

нини-нинни, нэнэ-нэннэ, нана-нанна, ноно-нонно, нуну-нунну, ныны-

нынны;

нене-ненне, няня-няння, нёнё-нённё, нюню-нюнню.

51

жаттығу. М дыбысын дауысты дыбыстармен бірге айтыңыз: ми-мэ-ма-мо-му-мы:

ме-мя-мё-мю.

жаттығу. Соңғы дауыссыздың айтылыуын тексеріңіз және оны еселеп айтып көріңіз:

мимимимм, мэмэмэмм, мамамамм, момомомм, мумумумм, мымымымм; мемемеммь, мямямяммь, мёмёмёммь, мюмюмюммь.

жаттығу. М-мм дыбыстарының айтылуын салыстырыңыз: М-мм

мими-мимми, мэмэ-мэммэ, мама-мамма, момо-моммо, муму-мумму, мымы-мыммы;

меме-мемме, мямя-мяммя, мёмё-мёммё, мюмю-мюммю.

«С», «З» дыбыстары

Сурет 7. С,З дыбыстарын дыбыстаудағы еріннің, тілдің және тістің қалпы.

«С», «З» ызың (сүзілмелі) сиблянтты [анг.– sibilant- «ызың»] дауыссыз дыбыстары, тіл ұшы астыңғы күрек тіске жуықтаудан пайда болады. Ерін жартылай ашық күйде болады. С- қатаң, з- ұяң дауыссыз.

жаттығу. С дыбысын дауысты дыбыстармен буынның басында, ортасында және аяғында айтылуын салыстырыңыз:

си-сэ-са-со-су-сы: иси-эсэ-аса-осо-усу-ысы: ис-эс-ас-ос-ус-ыс: се-ся-сё-сю:

52

есе-яся-ёсё-юсю: есь-ясь-ёсь-юсь.

жаттығу: З дыбысын дауысты дыбыстармен буынның басында, ортасында және аяғында айтылуын салыстырыңыз:

зи-зэ-за-зо-зу-зы; изи-эзэ-аза-озо-узу-ызы; из-эз-аз-оз-уз-ыз; зе-зё-зя-зю; езе-язя-ёзё-юзю.

жаттығу: С дыбысының анық айтылуын тексеріңіз: сизизис,

сэзэзэс, сазазас, созозос, сызызыс, сезезесь, сязязясь, сёсзёзёсь, сюзюзюсь.

жаттығу: С және з дыбыстарының біреу және қос дауысты дыбыстармен айтылуын салыстырыңыз:

зиси-зисси, зэсэ-зэссэ, зосо-зоссо, зусу-зуссу, зысы-зыссы.

зесе-зессе, зяся-зясся, зёсё-зёссё, зюсю-зюссю.

сизи-сиззи, сэзэ-сэззэ, саза-сазза, созо-соззо, сузу-суззу, сызы-сыззы. сезе-сеззы, сязя-сяззя, сёзё-сёззё, сюзю-сюззю.

жаттығу: С мен з дыбыстарының басқа дасқа дауыссыз дыбыстармен қосып айтып көріңіз:

спи, спэ,спа,спо,спу,спы; спе,спя,спё,спю;

сли, слэ,сла,сло,слу,слы; сле,сля,слё,слю;

сти, стэ,ста,сто,сту,сты; сте,стя,стё,стю;

сви, свэ,сва,сво,сву,свы; све,свя,свё,свю;

сфи, сфэ,сфа,сфо,сфу,сфы; сфе,сфя,сфё,сфю;

сми, смэ,сма,смо,сму,смы; сме,смя,смё,смю;

зби, збэ,зба,збо,збу,збы; збе,збя,збё,збю;

зви, звэ,зва,зво,зву,звы;

зве,звя,звё,звю;

53

зги, згэ,зга,зго,згу,згы; зге,згя,згё,згю;

зли, злэ,зла,зло,злу,злы; зле,зля,злё,злю;

зми, змэ,зма,змо,зму,змы; зме,змя,змё,змю;

зди, здэ,зда,здо,зду,зды; зде,здя,здё,здю;



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет