Анықтамасы мен қолдану аймағы
Programmable Logic Controller (PLC) – Бағдарламаланатын логикалық контроллер (БЛК) – технологиялық үрдістарді автоматтандыру үшін қолданылатын арнайы құрылғы.
Қолдану мысалдары
Бағдарламаланатын автоматтандыру құрылғыларының түрлері
1. Бағдарламаланатын логикалық контроллерлерлер – машиналық интерфейстер (датчиктер, атқарушы механизмдер және т.б.) жұмысына бағытталған нақты уақыт жүйелері.
2. Микроконтроллерлер – микросұлба немесе баспа платасындағы элементтер жиынтығы түріндегі біркристалды компьютерлер.
3. Енгізілетін жүйелер – өңдеу концепциясы өзі басқаратын құрылғыларға тікелей енгізілген арнайы микропроцессорлық басқару жүйесі.
Simatic (Siemens Automatic) — өндірістердің технологиялық үрдістерін автоматтандыру мәселелерін шешу үшін арналған Siemens концернінің тауар маркасы:
Simatic S5, Simatic S7 — бағдарламаланатын логикалық контроллерлер жиынтығы.
Simatic Net — PROFInet, Industrial Ethernet, Profibus, AS-Interface, KNX өндірістік желілер негізіндегі желілік шешімдер.