Тж №6. Операциялық жүйені орнату. Сақтау құрылғысын орнату процедуралары



бет1/3
Дата20.12.2021
өлшемі57,79 Kb.
#104302
түріКонспект
  1   2   3
Байланысты:
01.02.2021 ТЖ №6. Операциялық жүйені орнату. Сақтау құрылғысын орнату процедуралары


01.02.2021

ТЖ №6. Операциялық жүйені орнату. Сақтау құрылғысын орнату процедуралары
Жұмыстың мақсаты: сақтау құрылғысын орнату процедураларын меңгеру.

Тапсырма: конспект жазу.

Компьютердің жады - оның құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір-бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне және т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады.

Жадтың көлемі байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады. Сонымен 1 байт көлемдегі жадыға бір символ сақтауға болады (Блокнот бағдарламасын ашып, бірнеше символдарды теріп сақтаған соң, файлдың көлемі терілген символдардың санына тең екенің байқап көруге болады). Қазіргі кездегі компьютерлердің жадының көлемі миллиондаған байтқа жетеді, сондықтан оны килобайт, мегабайт, гигабайт, террабайт арқылы қысқаша өрнектеген ыңғайлы:

· 1 Кбайт=1024 байт

· 1Мбайт=1024Кбайт

· 1Гбайт=1024Мбайт

· 1Тбайт=1024Гбайт.

Тұрақты жады (ТЖҚ-тұрақты жадтайтын құрылғы, ПЗУ-постоянное запоминаюшее устройство) – стандартты бағдарламаларды, өзгермейтін мәліметтерді және жүйелік ақпаратты (ВІОS, таңба генераторларының кестесін және т.б.) энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жады. ТЖҚ-да компьютер құрылғыларын басқаруға арналған жүйелік бағдарламалар орнатылған. Компьютер жұмысы кезінде бұл жадыдан мәліметтерді тек оқуға болады, ал оған ақпарат жазу арнаулы құралдар (бағдарламатор) арқылы жүргізіледі.

Жедел жады

Жедел жады (оперативті жад, оперативное запоминающее устройство-ОЗУ, Random Access Memory-RAM) немесе жедел жадтайтын құрылғысы (ЖЖҚ), ақпараттың кез келген бөлігіне лезде қатынауды қамтамасыз етеді. Жедел жады, жүйелік логика жиынтығымен (чипсетпен) және орталық процессорымен бірге, кез келген дербес компьютердің негізін құрайды.

Жедел жады – компьютердің тез әрекет етуі, көлемі мен жұмыс жылдамдығына байланысты болатын құрылғылардың бірі. Бірақ компьютерді өшірген кезде жедел жадының барлық ақпараты бірден жойылады. Дербес компьютерлердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді. Компьютерлердің жедел жадынын көлемі 32 Мбайттан 2Гбайтқа жетеді. ЖЖҚ-ның құрылысы оны үнемі ұлғайтып отыратындай етіп жасалынған. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады.

 

3.5-сурет. Жедел жадылар

Өз даму барысында жедел жады EDO RAM-нан бастап, DDR SDRAM-мен аяқталатын он шақтыға жуық түрлендірілді. Жады – тез әрекет ету жағынан орталық процессордан кейінгі екінші құрылғы. Оның міндеті дер кезінде процессорге қажетті ақпараттарды жеткізу, сондықтан жады жылдамдығына талабы өте жоғары.

Жады модульдерін көптеген өндірушілер шығарады, соның ішінде SEC (Samsung), Corsair, Winbond, Kingston және т.б.

Төменде компьютерде қолданылатын жедел жадының кейбір түрлері сипатталған.

SDRAM (Synchronous Dynamic RAM) – жедел жадының ескі түрі. Микросхема жадысындағы операция орталық процессордың такт жиілігімен синхрондалған (жады мен процессор бір мезгілде жұмыс істейді). SDRAM технологиясы, команданы орындауға және мәліметтерді жеткізуге кеткен уақытты қысқартуға мүмкіндік береді. SDRAM-ң 66, 100 және 133 МГц жиілік жұмысына арналған 168-түйіспелі модулі бар. Сондықтан жады РС66, РС100 немесе РС133 спецификасымен сәйкес келеді.

SGRAM (Synchronous Graphics RAM) – графикалық қосымшаға арналған SDRAM нұсқасы. Аппараттық құрылымдары ұқсас, сол себепті көп жағдайда олар бір-бірімен өзара алмаса алады.

RDRAM (Rambus Dynamic RAM) жады SDRAM және SGRAM жадтарына қарағанда аз разрядты мәліметтер магистральді қолданады. Ол қызметтік жиілікті бірнеше рет көтеруге мүмкіндік береді.

DDR SDRAM (Double Data Rate SDRAM) SDRAM жадысының жақсартылған архитектурасы. Сондықтан оның екінші аты DDR SDRAMII.

DDR SDRAM типті жады бір тактілі, олар екі ақпарат дестесін қатар бере алады, яғни, өзінің жіберушілік қасиетін екі есеге өсіре алады.

Көптеген артықшылығы бар DDR SDRAM-ң бағасы RD RAM –мен салыстырғанда көпке арзандау. DDR SDRAM-да құрамындағы ұяшықтың орналасу уақыты, яғни, латенттілігі аз, сондықтан өндірістілігі бойынша ол RD RAM-нан асып түседі.

Оның өткізгіштік қасиетін, яғни, қабілеттілігін есептеу қиын емес, шинаның ені 8 байт болса, DDR200 жадысы үшін 1,6 Гбайт/с, ал DDR400 үшін – 3,2 Гбайт/с болады.

DDR200, DDR266, DDR333 және DDR400 типтері түсінікті болса да, оларға басқа анықтама қабылданған. Жедел жадының белгілеуінде тиімді жиілігі қолданылмайды, секундына мегабайтпен (Мбайт/с) есептелетін максималды өткізу қабілеті көрсетеді.

Төменде әр түрлі мағынадағы жиілігінің тізімі берілген:

· 100 МГц → РС1600 DDR SDRAM ►РС100 DDR SDRAM ►РС800 RD RAM;

· 133 МГц → РС2100 DDR ►DDR266 SDRAM ►РС133 SDRAM ► РС1066 RDRAM;

· 166 МГц → РС2700 DDR SDRAM ►DDR233 SDRAM►РС166 SDRAM

· 200 МГц → РС 3200 DDR SDRAM ► DR400 SDRAM

· 216 МГц → РС 3500 DDR SDRAM ► DDR433 SDRAM

· 233 МГц → РС 3700 DDR SDRAM ► DDR 466 SDRAM

· 250 МГц → РС 4000 DDR SDRAM ► DDR 500 SDRAM



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет