"Тұлға болам" бәйгесі



Дата03.03.2022
өлшемі16,79 Kb.
#134151
Байланысты:
Тұлға болам
М 302.Жексентай Айнагул.Асқазан ойық жарасы..., Новая Заметка 2023-09-24 20-58-13 5aV

"Тұлға болам" бәйгесі

“Шұғыла” қорының бастауымен (@shugylakz), “Дария” дамыту орталығының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының және демеушілердің қолдауымен “Тұлға болам 3” атты сайыс ұйымдастырылып отыр.

Сайысына қатысу тегін.



Басты шартымыз тек кітап оқу және сол оқыған кітап бойынша тест тапсыру.

Сайыстың басты сыйлықтары: Стамбулға саяхат, MacBook, Iphone, Ipad, ақшалай және тағы да басқа қомақты жүлделер.

Ешқандай шектеу жоқ, 1-сынып оқушыларынан бастап кез-келген жастағы адамдар қатыса алады.

Тіркелу үшін tulgabolam.kz сайтына өтіңіз.

Сайыс 3 кезеңнен және 5 топтан тұрады:

1 топ: 1-2 сынып
2 топ: 3-4 сынып
3 топ: 5-7 сынып
4 топ: 8-12 сынып
5 топ: Ересектер және студенттер

Бірінші кезеңнің кітаптарын біздің инстаграм парақшамыздағы (@dariya_damytu) “Актуальное”-дан біле аласыз.

Жас ерекшелігінде ешқандай шектеу жоқ, яғни 1-сыныптан бастап кез-келген жастағы адам қатыса алады.

Бәйгеде қандай сыйлықтар болады?


Қатысушылар бес топқа бөлінеді және әр топтың сыйлықтары әртүрлі:


1-2 сынып, 1-3 орын аралығы iPad, 4-10 орын велосипед;
3-4 сынып, 1-3 орын аралығы iPad, 4-10 орын велосипед;
5-7 сынып, 1-3 орын аралығы Macbook, 4-10 орын велосипед;
8-12 сынып, 1-3 орындар Станбулға саяхат, 4-10 орын Apple watch;
Ересектер және студенттер, 1-орын 500 мың тг, 2-орын 350 мың тг, 3-орын 250 мың тг, 4-10 орындар ноутбук.
Бұл жүлделер финалда ойнатылады, ал финалға қатысу үшін міндетті түрде бірінші кезеңнен бастап барлық кезеңге қатысып, үшінші кезеңде алғашқы 20 адам қатарында болу керек.
Әр топтан 1-2 кезеңде алғашқы 30 орынға, үшінші кезеңде алғашқы 20 орынға 5000 тг-ден ақшалай жүлделер беріледі.
Финалда әр топтан алғашқы болған 10 адамның жүлдесінен бөлек 3 кезеңге де қатысқандардың арасында кездейсоқ таңдау арқылы (рандомно) қосымша жүлделер ойнатылатын болады. Ол жүлделерді жеңу үшін қатысушы әр кезеңнен кем дегенде 30% жинауы қажет. Кездейсоқ таңдау арқылы ойнатылатын iPhone , iPad

Бәйгеге тіркелу үшін tulgabolam.kz сайтына өтіп, тіркелу бөлімінде өзіңіз жайлы сұралған мәліметтерді енгізесіз.


Бәйге 3 кезеңнен және финалдан тұрады, әр кезеңде әр топқа жас ерекшелігіне сәйкес кітап берілетін болады, яғни әр қатысушы бәйге біткенге дейін 3 кітап бітіреді.


Кітаптарды DARIYA қосымшасынан немесе сайтта көрсетілген сілтемелер арқылы PDF нұсқасын тегін жүктеп оқи аласыздар, ал қағаз түріндегі кітапты мына номерге хабарласып тапсырыс бере аласыз - +7 (777)-661-0428📞


kitapal дүкені

DARIYA қосымшасын жүктеу үшін:


1. Android (Самсунг, сиаоми, хуавэй, т.б) жүйелі телефон болса: https://play.google.com/store/apps/details?id=com.dariya
2. iOS (айфон) жүйелі телефон болса: https://apps.apple.com/kz/app/dariya/id1541791562

Ескерту: кітаптар интернет желісінде бірнеше нұсқада таралған, сұрақтар біз берген нұсқа бойынша дайындалады.


Бәйгеге қалай қатысамыз?


Тіркелесіз (тегін);
Жас ерекшелігіңізге қарай бекітілген кітапты тест болатын күнге дейін кем дегенде 1 рет оқып бітіру;
Тест болатын күні тестке қатысу;
Бәйгеге қатысушы кем дегенде 1-сынып оқушысы болуы керек;
Ескерту: «Тұлға болам 3» бәйгесінде ай сайын жеңімпаздарға ақшалай жүлделер беріледі. Ал басты жүлделерді алу үшін міндетті түрде 1-тесттен бастап барлығына қатысу керек.

Тіркеуге үлгермегендер тестке қатыса береді, дегенмен жүлдеге іліге алмайды.


Егер “Тұлға болам 3” сайысына тіркелсеңіз, сайыс шарты бойынша әр кезеңде әр топқа жеке кітап берілетін болады.


Ал сол кітаптарды қайдан ала аласыз:

1) Электронды кітаптарды DARIYA қосымшасынан (программа) онлайн, тегін оқи аласыз. Ол үшін қосымшаны Play market, App store дүкендерінен жүктеу жеткілікті;


Сілтеме: http://onelink.to/dariya

2) Ал қағаз түріндегі кітапты KitapAl дүкенінен тапсырыс бере аласыз: +7 (777)-661-0428 немесе kitapal.kz;


3) tulgabolam.kz сайтында PDF нұсқасын тегін жүктеп оқи аласыздар.


Сұрақ саны және уақыты.


Ересек және студент тобы: 100 сұрақ, 19:00-19:16 аралығы (16 минут);


8-12 сынып: 100 сұрақ, 19:30-19:48 аралығы (18 минут);
5-7 сынып: 100 сұрақ, 20:00-20:20 аралығы (20 минут);
3-4 сынып: 50 сұрақ, 20 :30-20:50 аралығы (20 минут);
1-2 сынып: 50 сұрақ, 21:00-21:20 аралығы (20 минут).
Тест сұрақтары тек бекітілген кітаптар төңірегінде болады.

1 үйде 1 телефон арқылы бірнеше адам тапсыруға бола ма?


Иә. Тек қатысушылар бір топтан болмауы керек, себебі бір-бірін күтіп уақыт жағынан ұтылып қалуы мүмкін.

Бірінші кезең нәтижесі финалға әсер етеді ме?


Жоқ. Финалға іріктеу үшінші кезең нәтижесі арқылы жүзеге асады. Яғни бірінші және екінші кезеңде іріктеу болмайды. Тесттен 5 ұпай алсаңыз да екінші, үшінші кезеңге өтесіз. Осының алдыңғы бәйгеде көптеген қатысушылар сайыс жолын 1-тесттен аз ұпай алғандықтан тоқтатқан болатын. Сіз олай жасамаңыз, себебі үшінші кезеңде жүйрік атанып, финалист болуыңыз да ғажап емес. Ондай жағдай бәйгемізде көптеп кездесіп жатыр.

Кездейсоқ (рандом) ұтысына қалай қатысамыз?


1) “Тұлға болам 3” бәйгесінің әр кезеңіне де қатысыңыз;
2) әр кезеңнен кем дегенде 30 ұпай жинаңыз. Содан кейін сіз автоматты түрде ұтыс ойынына қатысасыз.

Тест қандай платформада болады? Тестті қайда тапсырамыз?


Тест Google платформасында өтеді. Яғни тест тапсыру үшін міндетті түрде телеграм қосымшасында біздің ресми тобымызға (@tulgabolam) тіркелу керексіз, себебі тест күні сілтеме сол жерге жіберіледі.

Ескерту!
Тест күні телефоныңызға, почтаңызға немесе әлеуметтік желілерде жекеңізге ешқандай хабарлама жіберілмейді.


Тестті тек телефонмен емес басқа да құрылғыларымен тапсыруға болады. Дегенмен телефон арқылы тапсырған абзалрақ.


Тест алдында мәліметтер енгізетін анкета толтырылады, сол жерге номеріңізді мұқият, қатесіз енгізіңіз. Себебі жеңімпаз атансаңыз қайта хабарласуда қиындықтар туындауы мүмкін.


Нәтиже қалай есептелінеді?


Жоғарыда көрсетілген уақыт аралығында ең көп жинаған - алғашқылардан болады. Егер сіздің ұпайыңыз 100-ден 100 болып, бірақ бекітілген уақыттан 1-ақ секунд өтіп кетсеңіз бекітілген уақытта тапсырып, 98 ұпай жинаған адамнан қалып қоясыз. Сондықтан уақытқа аса мән бергеніңіз жөн.

Финал қалай, қайда болады?


Жоспар бойынша финал офлайн өтеді. Дегенмен еліміздегі карантин шарттары өзгерсе бәйгенің де финал шарттары өзгеруі мүмкін. Міндетті түрде алдын ала ескертеміз.
Болатын орны финалистердің шоғырлануына байланысты: егер Алматы қаласында көп болса Алматыда, немесе бірнеше ірі қалаларда, облыс орталықтарында.

Тест “Google Форма” арқылы өтетін болады. Тест сұрақтары тек 1-кезең кітаптары бойынша қойылатын болады. Тестке сілтеме Телеграм арнамызға (осы жерге) жіберілетін болады👌🏻

1 үйде 1 телефон арқылы бірнеше адам тапсыруға бола ма?


Иә. Тек қатысушылар бір топтан болмауы керек, себебі бір-бірін күтіп уақыт жағынан ұтылып қалуы мүмкін.



Ескерту!
Тест күні телефоныңызға, почтаңызға немесе әлеуметтік желілерде жекеңізге ешқандай хабарлама жіберілмейді.


Барлығын өткізіп алмау үшін міндетті түрде телеграм арнамызға тіркеліп, хабарлама үнін қосып қойыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет