Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының өзара байланысы. Әртүрлі жастағы оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің ерекшеліктері



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі49,97 Kb.
#96215
  1   2   3
Байланысты:
Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының өзара байланысы. Әртүрлі жастағы оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің ерекшеліктері
Қола дәуірі тайпалар шаруашылығы, 7-лекция. Педагогика. Тәрбие (1), Аннотация Махабхарата” және “Рамаяна, «Мәңгілік ел» идеясының ұстанымдары, Ежелгі Арабия мәдениеті, Ежелгі Парсы Мәдениеті мен Діні, Ежелгі дәуірдегі Қазақстан тарихының тарихнамасы, Эмоция мен сезім түрлері, Эмоция мен сезім түрлері, Очерки по истории Алаш Орды, Ми қызметiнiң патологиясы және ерiктiк әрекеттiң бұзылуы, Тарихшы Е Бекмахановтың, 1897 жылғы халық санағы бойынша қазақтардың саны құрамы, Тевкелев

Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының өзара байланысы. Әртүрлі жастағы оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің ерекшеліктері


Тұлғаның дамуы оны тәрбиелеу және қалыптастыру

Мақсаты: жеке тұлға, оның даму факторлары туралы білім жүйесін қалыптастыру.


Міндеттері:


а) Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуының өзара байланысының негізгі ұғымдарын ашу.


ә) Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық- әдіснамалық негіздерін сипаттау


б) Жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторларды анықтау


Қарастырылатын мәселелер:


1. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы.


2. Әлеуметтік тұрғыда баланың дамуы жайында.


Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, индивид, даралық, даму, тәрбие, қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының факторлары; қозғаушы күштер, жеке тұлғаның қалыптасуының заңдылықтары; субъект және объект.


Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы.


Тәрбиенің негізгі мақсаты- қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтіктәжірибені меңгеруі, оның жан- жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның. ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы қадір – қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс – әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер менқасиеттердің айқын және спетцификалық көрініс табуы арқылы, оның іс – әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгі“Даралық” ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпа мен жекеден тұрады.Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым “индивид”. Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы “жекелік”. Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. “Жеке тұлға” ұғымы мен онымен байланысты біртектес ғылыми категориялардың мәні осында.Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықан жеке тұлғаның “дамуы” мен “қалыптасуы” ұғымдарының мәнін ашу педаггика үшін маңызды мәселе болып табылады.Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз- төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарвай қозғалыс.Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң, дене жағынан үлкейеді, яғи оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молайады. Бала көптеген әлеуметтік- тұрмыстық және моралдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Даму – бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік – тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалы өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген қөзқарас пен наным – сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез – құлық бірте – бірте белсенді – жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық – әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.


Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым–қатынасы философия, психология, педагогика, тарих т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Жеке тұлға деген не, оның тұлғалық ерекшеліктері неге байланысты, әр адамның айналасын танып білуінің сыры неде деген мәселелерге тоқталамыз.


Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымының, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.


Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайды қарайтын кейбір қоғам мүшелері басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстанғанымен, шын мәнінде өмірде олай емес.


Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз – ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.


Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, ой қорытуы, сын-пікірлер айтуы мүмкін.


Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, біреулердің бір нәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабылеті күшті болса, екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреуі білімді тез қабылдаса, екінші адамның білімді сылбыр, баяу қабылдауы, біреудің дене күші дамыған болып келсе, екінші адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, біреулердің сурет салуға немесе ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктері адамдардың басқалармен ұжымдық қарым-қатынасында байқалады.


Сонымен бірге, адамның өмірде үздіксіз тәрбие құшағында болатынын, бұрынғы игерген білім, білік, дағдылары біртіндеп көмескіленіп, оның орнына жаңа білім, білік, дағдыларды меңгерумен шұғылданатынын ескеруге де тура келеді. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруіңде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Бұған қоса, әлеуметтік ортаның, отбасы мүшелерінің, жолдас-жораларының, таныстары мен достарының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ескерсек, жеке тұлғаның ерекшелігінің басым болуына оның да ықпалының зор болатынын байқамыз.


Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болуы мүмкін. Ал олардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемдік, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше дараланған жеке тұлға деп қараймыз. Бір қоғамда өмір сүрушілерге ортақ әлеуметтік, моральдық-этикалық заңдардың ортақтығына қарамастан, жеке тұлғалардың әлеуметтік қарым-қатынаста айна қатесіз бірдей болуы да мүмкін емес. Олай болса, «жеке тұлға» деген түсінікке не кіреді? Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерінің қандай түрлері жеке тұлғаны анықтай алады дегенге, ол сана мен өзін-өзі саналандыру қасиеттері деуге тура келеді. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бірін-бірі бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Олар көбінесе өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады. Абайдың өмірде «Көре алмас іші тар, несі артық менен»деушілердің көп болатыны дөп басып айтуы да осы ойға саяды. Сонымен бірге, жеке тұлға өзін-өзі бағалауға да, өзінің іс-әрекетін, оның нәтижелерін басқалардың бойындағы қасиеттермен салыстырып көре, тани білуге, соған теңелсем, сондай болсам екен деп ұмтылыс, іс-әрекет жасауға да қабілетті.


Жеке тұлғаға тән қасиет – ақыл, ес, яғни өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу дегеніміз – миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.


Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады, толықтырады.


Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардын қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін – өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өз бойының жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы. Осы қасиетті көре білген Абай:


«Болмасаң да ұқсап бақ,


Бір ғалымды көрсеңіз,


Ондай болмақ қайда деп,


Айтпа ғылым сүйсеңіз», – деп текке айтпаса керек. Адамның есі оның ішкі ой-сезімімен тығыз байланысты.


«Сезімнің сыртқа шықпас әлі бар ма.


Оны ұғарлық адамда сана барда» – деген Абай сөзі де осыны растайды.


Жеке тұлғаның қоғамдағы ролі қандай? Қоғам дегеніміз адамдардың жиынтығы болып шығады. Шын мәнісінде адамдар қоғамдасу арқылы өзіне тән қасиеттерге ие болып, жеке тұлғалық бейнесін танытады. Адам өмірде белгілі бір әлеуметтік ортаға тән болып, өзіндік тұлғасын қалыптастырады және өзіне тән мінез-құлық ерекшелігін ашып көрсетуге мүмкіндік алады. Сөйтіп, өз бойындағы табиғи қабілетінің ашылуына және оның дамуына жағдай жасайды. Адамдардың бірлесіп еңбек етуі, өмір сүруі рухани бірлестікті (көзқарас, сана-сезім, кәсіптік т.б.) туғызады. Сөйтіп, әрбір жеке тұлға басқалармен мыңдаған байланыс түрлері арқылы әлеуметтік, қоғамдық байланысқа, қарым-қатынасқа түседі.


Әрбір жеке тұлға отбасында, көшеде, қоғамдық көлікте, жиындарда, жұмыста немесе оқу орындарында, күнделікті өмірде үнемі жаңа адамдармен кездесіп, өзара пікірлесіп, байланысқа түсетінін ескерсек, мұның бәрі еріксек, мұның бәрі еріксіз қоғамдасып пікірлесуді туғызатынын байқаймыз. Ал қоғамдастықта пікірлесу жеке тұлғаның рухани өсуінің және өзіндік «Менін» көрсетудің жолы. Мұның бәрі жеке тұлғаның қоғамнан тыс өмір сүре алмайтынын, оның бар өмірі қоғамдасу, ұйымдасу, пікірлесумен өтетініне, айналасындағы адамдармен үздіксіз қарым-қатынасқа құралатынына дәлел бола алады.


Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден, оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру; екіншіден, адамзаттық өркениетті тұлғаның бойына біртіндеп сіңіру; үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы үш компонент тығыз бірлікте қызмет етеді.


Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда, тәрбиеге қоғамдық бақылау және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне мақсаттылықпен даярлау ісі деп қараймыз. Тәрбие ісі адамның қабілетін қоршаған ортада және оның санасында қалыптастыруды мақсат ететін болғандықтан, ол-психологиялық процесс.


Тәрбие адамдарға тән әлеуметтік категорияға жатады және тұлғаны дамытуда шешуші рол атқарады. Тұлғаны қалыптастырудың тиімді жолдары баланы белсенді түрде демеп отырған жағдайда ғана сәтті болады. Баланың жеке басындағы әлеуметтік-психологиялық өзгерістер оның өзінің белсенділігін арттыру жолымен іске асырылады. Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі. Мәселен, дененің дамуы дене шынықтыру жаттығулары арқылы, ал адамгершілік тәрбиесі адамгершілік тәрбиеге тұрақты түрде бағыттау арқылы іске асырылады. Тәрбие ісі екі жақты байланыс арқылы жүзеге асады.


Тәрбиенің екі жақты байланысы. Тәрбие жүйесіне оқушы мен оқытушың қатынасы екі жақты байланыс арқылы іске асырылады. Біріншіден, тәрбиешіден тәрбиеленушіге дейін тікелей байланыс арқылы іске асырылатын, міндетті саналатын іс-әрекет. Екінші, тәрбиеленушінің жауабы, іс-әрекеті арқылы тәрбиеші-ұстазға келіп жететін ақпараттар, білім, білік үлгілері. Мұны кері байланыс деп атайды. Тәрбиеші-ұстаздың қолында кері байланыс арқылы жинақталған хабарлар неғұрлым көп болса, тәрбиелік ықпалдың соғұрлым мақсаттылықпен іске асырылғанына айғақ болады. Сондықтан, оқу-тәрбие жүйесіндегі мұғалім мен оқушының қарым-қатынастық іс-әрекеті мұғалімнің шебер ұйымдастыра білуін қажет етеді. Тәрбие жүйесіндегі істің нәтижесі-оқушының сабақ үстіндегі көрінісінен байқалады.


Тәрбиелік қызмет неғұрлым қарқынды, саналы түрде жүргізілсе, тәрбиенің сапасы да соғұрлым жоғары болады. Бұл үшін тәрбиеші өз шәкіртін жақсы көруі және тәрбиеленушінің жеке басын жоғары адамгершілікпен бағалай білуі қажет.


Тәрбиеленушіге еркіндік берудің және шығармашылық көзқарастың маңызы. Тәрбие үрдісінде ізгілік маңызды рол атқарады. Тәрбиеленушінің жеке басында өзіндік еркі болмайынша, тәрбиенің негізгі идеяларын, жеке басты дамыту идеясын, өзара ынтымақтастық идеяны жүзеге асыруға толық мүмкіндік тумайды. Тәрбие ісі күштеумен жүргізілетін болса, онда бала да, мұғалім де адалдық, шыншылдық, әділдік сияқты адамгершілік қасиеттердің толық сақталуына нұқсан келуі мүмкін. Бала өз ойын ұстазына іркілмей толық және ашық жеткізуі үшін оған еркіндік беру керек. Бала мұғалім алдында өзін неғұрлым, еркін сезінсе, ойын соғұрлым ашық айта алатын болады. Тәрбиеші баланың білімге қызығушылығына, ой-қиялына, азаматтық борыш сезіміне, өз бетінше әрекет етуге тырысушылығына, шығармашылығына сүйенген жағдайда ғана тәрбиеленушінің еркіндігі көрініс табады. Бұл заңдылыққа сәйкес педагог баланың басқа адамдармен алуан түрлі қарым-қатынаста өзіндік «менін» саналы түрде көрсетуіне мүмкіндік береді. Бала өзінің іс-әрекетін ой елегінен өткізіп, өзіне-өзінің баға беруіне, іс-әрекетіне сын көзімен қарауға, үлкендермен қарым-қатынастық мінез-құлықты бағалай білуге үйренетін болады.


Баланы еркіндікке тәрбиелеу мұғалім тарапынан қатаң бұйрықсыз, сыпайы қарым-қатынастың болуын қажет етеді. Сол арқылы педагог пен оқушының өзара қарым-қатынас әдебі күшейе түседі, өзара түсінушілік, тең адамша сөйлесу олардың араласу стилі мен мәдени байланысының үлгілерін оқу-тәрбие жүйесіне енгізуге мүмкіндік туғызып, бір-біріне жақындастыра түседі.


Отбасы тәрбиесінің жеке тұлғаның қалыптасуында маңызы зор. Отбасы тәрбиесі жеке тұлғаның рухани өміріне, сана-сезіміне ұлттық психологиялық белгілерді ендірудің жолдары мен тәсілдерінің бірі болып есептеледі. Ұлттық салт-дәстүрлердің деңгейін, олардың сан жағынан әр ұлттағы аз немесе көптігінен емес, жеке тұлғаның қалыптастыру процесіндегі атқаратын қызметімен, келер ұрпаққа тигізер әсерімен айқындауға болады.


Ұлттық психологияның жеке тұлғаға әсер етуінің түрлі формалары бар және әр түрлі арналар арқылы енеді. Мұндай арналарға жататындар тек қана отбасы емес, сонымен қатар ұлттың тарихи-мәдени тәжірибесін жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекемелер мен мектептер жатады. Және де бұл арналар жеке тұлғаның тұлғалық бейнесін қалыптастырып тәрбиелеу функциясын атқарып, ұлттық мінез-құлық пен ұлттық ерекшелік белгілерін жеке тұлғаның бойына тәлім-тәрбие арқылы біртіндеп сіңіріп жүзеге асырып отырады.


Ұлттық мінез-құлықтағы этникалық белгілер дегеніміз қоршаған әлеуметтік-экономикалық, табиғи және мәдени-идеологиялық ортамен ұзақ қарым-қатынаста болудың нәтижесінде адамдар психологиясында қалыптасатын тұрақты өзіне тән белгілер мен қасиеттердің жиынтығы. Басқаша сөзбен айтқанда ұлттық мінез-құлық белгілері дегеніміз-этникалық бірлік ерекшеліктерінің оған қатысты адамдардың психологиясында бейнеленуінің ерекше түрі.


Әлемдік мәдениетті қалыптастыру өзара байланысты екі топтан тұратын біртұтас жүйе ретінде беріледі: 1)оқушылардың ұлттық сана-сезімін өз ұлтының мәдениеті мен ана тілінің орталығы негізінде дамыту; 2)дүниежүзілік мәдениет жетістіктерін, жалпыадамдық қасиеттер жүйесін меңгерту. Бұл міндетті шешу үшін: біріншіден, өз халқының тарихы мен мәдени дәстүрлерін үйренуі, оқушылардың ұлттық мәдениет шеңберінде бір мақсаттағы бағытта, интеллектуалды, эмоционалды дамуы; екіншіден, оқушылардың әлем халықтары мәдениетінің әр алуан еркіндігін және олардың даму барысында бір-біріне әсер ететіндігін терең түсіне білуін қалыптастыру қажет.


Қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік стандарттары оны этномәдени компоненттермен толықтыруға мүмкіндік береді.


Ұлттық сана-сезімді дамытуға бағытталған өзгерістерге берілген талдауларға сүйенсек, қазіргі кезеңде мектептер көп қиыншылықтарға кездесіп отырғаны байқалады. Берілетін ұсыныстар көбіне идеалды концепция түрінде болып келеді; мектептерде болып жатқан өзгерістерге байланысты әртүрлі пәндерге қосымша аспектілерді ұсыну енгізеді, бірақ мұндай үзік-үзік, әрі кездейсоқ түзетулер, проблемалар эволюциясын толығымен түсінуге кедергі жасайды. Оның үстіне, мұндай қосымша аспектілер үстеме жұмыс ретінде қабылданып, педагогтар арасында реніш туғызады.


Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз оны мәдениетке үйрету, білім, білік, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Ұлттық көркемөнермен, әдебиетпен, ғылыммен айналыстыру, адамгершілік құндылықтар, жүйесін ұғына білуге, сөйтіп жеке бастың тәжірибесін үздіксіз байытып отыруға себін тигізу. Мәдениетке араласу, сайып келгенде, адамның шығармашылық дамуы деуге де болады. Бұл жерде ең басты маңызы бар нәрсе – адам дамуының психикалық және функционалдық заңдылықтарын, сонымен қатар қазақ халқының психологиялық сипаттамасын анықтайтын бірден бір ғылым – ұлттық психологияны меңгеруге байланысты туындайды. Сондықтан да оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту барысында оларды ұлттық мәдениет рухында дамытуға қажетті барлық қолайлы жағдайларды ескеру керек. Ең бастысы – ұстаз өз халқының ұлттық мәдениетінің бай тәжірибесіне ие болуы қажет. Әр мектепте оқу – тәрбие жұмысын сапалы түрде жақсарту және ұлттық мәдениет байлығын әлем мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қабылдату әр ұстаздың өзіндік әдіс – тәсіліне, шығармашылық қабілетіне байланысты.


Қазақ мәдениеті жас ұрпақты тәрбиелеп дамытудың өте маңызды, бай қайнар бұлағы. Оның ғасырлар бойғы тарихы, адам өмірінде болатын маңызды оқиғаларды, жеке тұлғаның даму ерекшеліктерін айқындайтын ұлттық салт-дәстүрлері, оның ғылымы, шығармашылығы мен өнері, ғажайып бай тілі даналық, адамгершілік, парасаттылық сияқты қасиеттерге толы, ал ол қасиеттер өнегелі, творчестволық жағынан дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға үлкен себін тигізеді. Бұған әрине, тәрбие жұмысы отбасында ғана жетуге болады. Бұл жерде балалардың этникалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытып тәрбиелеудің айтарлықтай икемді және белсенді әдіс – тәсілдері үлкен роль атқарады.


Жеке тұлғаның белгілі бір мәдени ортада болуы оның тұлғалық және танымдық дамуына ерекше әсерін тигізеді. Осыған байланысты, жеке тұлғаның белгілі бір мәдениетінің субъектісі ретінде дамуына себепші болатын екі түрлі факторлар бар. Оның біріншісі – сол халықтық мәдени ерекшеліктері болса, екіншісі – сол ерекшеліктерді түсініп меңгеруге себепші болатын баланың ойлау қабілетін, танымдық процестерін, темпераментін, мінез – құлқын саналы түрде танып ажырата білу.


Қазақтардың этнопсихологиялық ерекшеліктеріне адалдық, ақниеттілік, жаужүректілік, шыдамдылық, қарапайымдылық, жомарттық, қонақжайлық сияқты т.б. тарихи қалыптасқан қасиеттерді жатқызуға болады. Бұл қасиеттердің барлығы жеке тұлғалық белгілер болып саналады.


Ақыл-ой (интеллектуалды) мәдениетті-тәрбиенің аса маңызды құрамдарының бірі. Адамның ақыл-ойының дамуы оның интелектілік, ойлай білу қабілетінің, білімдік-танымдық қызметінің дамуымен сипатталады. Шапшаң ойлай алатын, мәселеге тез талдау жасай отырып, логикалық дұрыс қорытынды жасай алатын жеке тұлғаны тәрбиелеудің қажеттілігі әрбір адамның ақыл – ой қабілетін дамытумен тығыз байланысты қарастыру үшін қажет болып отыр.


Ақыл-ойдың дамуы, рухани күштер мен қабілеттердің дамуы көп жағдайда адамның денсаулық жағдайына, төзімділігіне, жүйке жүйесінің мықтылығына қарай айқындалатын болғандықтан, ол дене тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырылады.


Дене тәрбиесінің міндетіне мыналар енеді: денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс дамуына және организмнің жұмыс істеу қабілетін арттыруға көмектесу; қимылдық дағдылар мен біліктерді қалыптастыру және жетілдіру, қимылдың жаңа түрлерін үйрену және оның біліммен байланыстарын хабарлап отыру; оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге, Отанды қорғауға даярлығын қамтамасыз ету; оқушылардың бойында санитарлық-гигиеналық дағдыларды, еңбекті және демалысты, ой еңбегі сабақтарын дене шынықтыру жаттығуларымен және алуан түрлі практикалық қызметпен дұрыс алмастыра білуді қалыптастыру.


Адамгершілік мәдениеті тұлғаны жан-жақты дамыту жүйесінің жетекші сыңары, адамгершілік сананы, сезімді және мінез-құлықты қалыптастыру үрдісі ретінде қалыптастырылады.


Адамгершілік тәрбиесіндегі құндылық қоғамның мүшесі ретінде де, жеке тұлғаға қажеттілік ретінде де маңызды болып саналады. Қоғамдық құндылықтарға Адам, отбасы, еңбек, білім, Отан, Жер бетіндегі бейбітшілік, т.б. жатады.


Адамзат мәдениетінің басты қайнар көзі еңбек болып табылады.


Еңбек дегеніміз – бұл еңбекке жаңаша қарау, еңбек процесінде дұрыс қарым – қатынасқа (еңбексүйгіштік) түсу, еңбек ете білушілік қабілеттердің қалыптасуына психологиялық тұрғыдан даярлық жасау болып табылады. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу міндеттері: оларды жалпы қоғамдық және пайдалы қызметке даярлау, олардың бойында қажеттілік ретінде еңбекке деген саналы көзқарасты қалыптастыру, мамандықты дұрыс таңдауға даярлық жасау. Бірақ, ең бастысы еңбек тәрбиесі процесінде мәні-сен жасаған затта өзіндік қолтаңбаның болу қажеттігін қалыптастыру, адамдарды, заттарды, дүниені өзгертуші ретінде еңбектің жасампаздық құдіретін бағалау екенін атап айтқан жөн.


Оқушылардың саяси мәдениеттілігін қалыптастыруды тұлғаның идеялық жалпы мәдениетінің түйінді өзегі деп қарастыру қажет.


Бүкіл тәрбие жүйесінің бағыттылығы ретінде (ғылыми көзқарас, саяси саналылық, ізгілік, елжандылық, жоғары азаматтылық, ұлттық, халықтық тұтастық, әлеуметтік белсенділік) саяси тәрбиенің міндеттерінде жан-жақты түрде қарастырылады.


Басқа міндеттер арасында тұлғаның жан – жақты дамуының өзіндік сыңары ретінде құқықтық тәрбие де белгілі рол атқарады. Ол кез келген адамның, әсіресе жас ұрпақтың құқықтық санасын, құқықтық мәдениетін қалыптастырудың қайнар көзі.


Осы заманғы оқушы тәрбиесінде адамның экологиялық мәдениеті ерекше мәнге ие болған. Экологиялық тәрбиенің мақсаты – оқушылардың бойында білім, көзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып, сол арқылы олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік қарым-қатынасын жан-жақты дамытады.


Педагогикалық және психологиялық тұрғыдан гуманизмге адамдар арасындағы қатынастардың сүйіспеншілікке негізделуі олардың ар-намысын, абыройын, ожданын құрметтеу, жоғары адамгершілік, парасаттылық қасиетпен қамқорлық жасау, адамды сүйе білу, қадірлеу деп білеміз.


Түйіндей келе, гуманизмді адамға тән адамгершіліктің, парасаттылқтың және ой-шабының жиынтығы ретінде қарастырып, адамды еркін ойлаудың адамшылықтың шынайы иесі деп қабылдаймыз. Адам неғұрлым өз өмірі мен тағдырына жауапкершілігін ерте сезінсе, соғұрлым өмірін дұрыс құруға талпынады. Содан барып өз ойымен әрекет ететін тұлғаны тәрбиелеу іске асады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет