Томас Эдисонды көп адам танымауыда мүмкін, егер сен физик болмасаң. Томас Альва Эдисон – америкалық өнертапқыш және кәсіпкер. Фонографты алғашқылардың бірі болып жасады. Сонымен қатар телеграф, телефон, киноаппаратураны жетілдірді, электр қыздыру шамының алғашқы коммерциялық нұсқаларының бірін әзірлеген.
Кішкентайындамектепте оқитын кезі еді, бұл оның өміріндегі ерекше кезеңдердің бірі болады. Күндердің бір күнінде Томас Эдисон мектептен үйіне оралып, бір парақ қағазды анасына ұсынып: "Менің ұстазым бұл құжатты сізге беруге тапсырып, сіз оқып береді деп айтты", – деген сөздерді айтады. Қағазды оқыған анасының көзіне жас үйіріліп:
"Сіздің ұлыңыз гений. Ол біздің мектепте оқи алмайды, бізде оған лайықты ұстаздар жоқ. Сол себепті, оны өзіңіз оқытыңыз", – деген сөздерді, ол дауыстап оқиды.
Осы кезден бастап, анасы оны үйінде оқытып, алғашқы білімді береді.
Анасы қайтыс болғаннан кейін көп уақыт өте келе Эдисон шкаф сөрелерін тексеріп жатып, осы хатқа кезігеді. Хатты ашқан Эдисонның көзі келесі сөздерге ілігеді:
"Ұлыңыздың ақыл есі кем болғандықтан, біздің мектеп, оны енді оқыта алмайды".
Эдисон бұл сөздерді оқып болып, өзінің күнделігіне былай деп жазған екен:
Томас А.Эдисон ақыл есі кем бала болатын, алайда анасы оны ғасырдың генийіне айналдырды.
Ең атақты ойлап тапқан құрылғысы – электр шамы. Бұл құрылғыны 1 ғасырдан аса адамзат әліде қолданып келеді және де өзінің маңыздылығын жоғалтпайды. Оны ойлап табу барысында кейбір деректер бойынша 1000 түрлі эксперимент жасаған.
Бұл оқиғадан қандай сабақ алса болады, біріншіден, адам өзіне және жақындарына сену керек, қандай жағдайда болсын бір-біріңді қолдаумен көп нәрсеге жете аласыңдар, екіншіден, берілмеу керек қанша қиындықпен сәтсіздік алдында тұрса да, осымен Томас Эдисонның бір қанатты сөзімен бітірейін: Мен жеңіліс тапқан жоқпын, мен тек 10000 жұмыс істемейтін тәсілді таптым.