Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз



Дата11.05.2022
өлшемі17,79 Kb.
#142212
түріСценарий
Байланысты:
9-сынып емтихан ІІнұсқа 29.03


Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді

Көрерменің қандай, қазақ театры?
Соңғы уақыттарда театр актерлеріне сыни көзқараспен қараушылар көбейіп жатқанын байқаймыз. Режиссердің жұмысы, қойылымның сценарийі, сахна мәдениетіне көңілі толмай жатқандар артты. Бірақешкім көрермен мәдениетін ескермейді. Менің ойымша, осы мәселеге де ерекше көңіл бөлу керек секілді. Бүгінгі күні театрға барсаңыз, мәдениетті халықты көру қиындап кеткенін байқайсыз. Бұл ащы болса да шындық. Себебі көрермендер қарапайым ұялы телефондарын өшірмей, қойылым кезінде оның қоңырауына ие бола алмай жатады. Жастар қойылым көруге емес, әңгіме айтып, көңіл көтеруге келетін секілді. Жырқ-жырқ күлкі, бос әңгіме театрды шын ниетімен көруге келген адамдарды мезі етіп, оларға кедергі жасайды. Айта берсек, кемшілік көп. «Қара халықтың мәдениетті болуынан, мәдениетті адамның қазақ болу қиын»,- дейді Жүсіпбек Аймауытов. Бәрі өзімізге байланысты. Егер театр ұжымынан жоғары деңгейдегі қойылымды күтсек, өзіміз де сол деңгейге лайық болайық! Сонымен, театр көрермені ретінде сіз сақтауға тиіс 10 қағида: •Қойылымға уақытынан бұрын, не кешікпей келіңіз.Билетті алдын ала сатып алғаныңыз дұрыс. •Киімнің сол ортаға сай болғаны дұрыс. Спорт киімімен немесе жұмыс киімімен келуші болмаңыз. •Сыртқы ортада болған жағдайлардан туындағын түрлі эмоцияларды мұнда көрсетудің қажеті жоқ. Сіздің театрға келгендегі мақсатыңыз – рухани ләззат алып, жаныңызды жайландыру. •Билетте көрсетілген орынға отырыңыз. Билетіңізде көрсетілген орынға отырсаңыз, сізді ешкім де жылы орныңыздан қозғамайды. •Қойылым басталар алдында ұялы телефоныңызды не дыбыссыз режимге қойыңыз, не сөндіріп тастаңыз. Сахнаның аса киелі екенін ешқашан да ұмытпайық! (208 сөз)

Ә мәтіні: сұхбаттан үзінді

Белгілі сыншы, мәдени сарапшы Әлия Бөпежанова қазіргі театрлар туралы өз пікірін білдірді.
Бүгінгі Қазақстандағы қазақ театрларының жай-күйі туралы не айта аласыз? Театр сыншысы ретінде ойыңыз қандай?
Әрине, әлемдік театрмен бүгінгі қазақ театрын салыстыра алмаймыз. Себебі бірнеше мың жылдық тарихы бар әлемдік театр өнерінің бүгінгі даму қарқыны көз ілеспес жылдамдықпен алға қарыштап кеткен. Режиссура, драмматургия, актерлік өнер, техникалық мүмкіндіктер, спектакльдерді жарнамалау әлемдік театрларда әлдеқашан игерілген. Сондықтан да әлемдік театр өнеріндегі жаңалықтарды бақылаудың өзі мүмкін емес. Бүгінгі таңда біздің қазақ театрына «жаңа драматургия» мен «жаңа режиссура» қажет. Біз әлемдік театрларда болып жатқан театрлық ағымдар мен үрдістерді бақылай отырып, өзіміздің ұлттық актерлік мектебімізді сақтап, ұлттық келбетімізді көрсететіндей деңгейден көрінуге тиіспіз.
Қазақ театрларының одан бөлек тағы қандай кемшіліктері сізді ерекше алаңдатады? – Меніңше, театрлардың басты проблемасы – репертуар таңдау мәселесі. Театр мамандары тақырыпқа жеңіл-желпі қарайды. Театрлардың репертуарында замандастар өміріне қатысты жазылған шығармалар, әлемдік және ұлттық классикалық пьесаларды сахнаға шығару төмендеп кеткен екен. «Репертуар – театр айнасы» деген сөз бекер айтылмаған. Себебі репертуардағы шығармалардың сапасымен театрдың бейнесі айқындалмақ. Әр театрдың репертуары сол театрдың ӛзіндік ерекшелігін ескере отырып жасалады. Сондықтан да бүгінгі қазақ театрларына жастардың патриоттық сезімдерін ұштайтын ұлттық салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді насихаттайтын пьесаларға орын берілуі керек деп есептеймін.
Әрине, пікіріңіз орынды, дегенмен қоғамның сұранысы дейтін мәселе де бар. Бүгінде әзіл-сықақ театрларының айы оңынан туып тұрған сияқты. Осы туралы ойыңыз қандай?
– Қазір әзіл-сықақ театрлары көп. Жалпы, қазір әзіл-сықақ театрлары жан-жақты. Негізінен бүгінгі күннің әлеуметтік мәселелерін көтереді. Бірақ бір айтатын мәселе: олар қоғамдық әлеуметтік мәселелерден гөрі отбасы-ошақ қасы сияқты жеңіл-желпі тақырыптардың айналасынан аса алмай жүр. Кез келген өнер адамы саясаткер болу керек. Ол қоғамда не болып жатыр, парламент не талқылады, қандай халықаралық мәселелер қаралды, қысқаша айтқанда, бәрін біліп, бақылап отыру керек. Яғни деңгейі өте жоғары, ой-өрісі кең болуы тиіс. Өнерде интеллектуалдық ізденіс көбірек керек. Меніңше, әзілсықақ театрларында білім, ізденіс жағы жетіспейтін секілді…(324 сөз)



Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып «Қазіргі қазақ театрлары көрермендердің сұранысына сай ма?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 100-150 сөз болуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет