АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
МКҚК «АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФЛОРИСТИКА КОЛЛЕДЖІ»
Пән: Қолданбалы информатика
Мерзімі: «17» наурыз 2020 жыл
Топ №: 18-23
Сабақтың №: 13-14
Сабақтың тақырыбы: Ms Exsel терезесіне шолу. Кестенің құрлымы
Microsoft Excel – электрондық кестелерді, диаграммаларды, тізімдерді және тіпті Web – беттерді дайындау үшін пайдаланылатын толық қызметтік кестелік процессор. Excel-дің файлдары Кітаптар деп аталады. Кітаптар жолдарв, бағандары, ұяшықтары бар Парақтардан тұрады.
Excel экранының терезесі 8.1 суретте көрсетілген.
8.1 сурет. Excel қосымша бағдарламаларының терезесі.
Excel терезесінің негізгі элементтері:
Меню жолы – Excel командаларына қатынас құруға мүмкіндік береді.
Тақырып жолы – құжат атауы мен терезені басқару батырмаларын қамтиды.
Стандарттық тақта – Excel командаларының көпшілігіне арналған батырмаларды қамтиды.
Формула жолы - ағымдағы ұяшықтардың ішіндегі барын, оның адресін немесе сілтемесін бейнелейді.
Форматтау тақтасы – форматтау комндаларына арналған батырмаларды қамтиды.
Тапсырмалар аймағы – ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.
Жолдар тақырыбы – бұл әрбір жолдың сол жақ бөлігінде орналасқан нөмірленген ентаңба.
Бағандар тақырыбы – бұл алфавит бойынша реттелген әріптік ентаңбалар, олар әрбір бағанның үстінде орналасқан.
Қалып-күйлер жолы – құжаттың ақпаратын қамтиды.
Шиыру жолақтары - құжаттың әр түрлі бөліктерін қарауға мүмкіндік береді.
Кестенің құрылымы
Электрондық кестелерде ақпарат ұяшықтарға енгізіледі. Ұяшық – бұл баған мен жолдың қиылысы. Әрбір ұяшықтың бірегей адресі немесе сілтемесі бар. Адрес бағанның атауы мен жолдың нөмірінен құралады. Сонымен, ұяшық В6 баған В мен 6-жолдың қиылысы болады. Ағымдағы ұяшықтың ішіндегі бары мен адресі Формула жолында бейнеленеді (8.2 сурет).
8.2 сурет. Формалалар жолында ағымдағы ұяшықтардың бейнеленуі
Достарыңызбен бөлісу: |