Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы Топырақтың атқаратын қызметтері Бірінші және ең бастысы- топырақтың жер бетіндегі тіршілік қорегінің негізгі өзегі болуы
Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы Топырақтың атқаратын қызметтері Бірінші және ең бастысы- топырақтың жер бетіндегі тіршілік қорегінің негізгі өзегі болуы. Екінші, топырақтың атқаратын басты қызметі – табиғаттағы үлкен геологиялық және кіші биологиялық зат айналымының өзара қарым-қатынасының тұруына әсер етеді. Топырақтың үшінші қызметі- атмосфера мен гидросфераның химиялық құрамын реттеуші болуы. Топырақтың төртінші қызметі – биосфералық процестерді реттеуші болуы. Топырақтың бесінші қызметі – органикалық пәрменді заттарды және олармен байланысқан химиялық энергияны жердің беткі қабатына шоғырландырып жинауы.
Топырақта болып жатқан процестерді зерттеу гоехимиялық іздеу әдістерін жетілдіру үшін маңызды. Бұл әдістер халық шаруашылығының минерал шикізатқа мұқтаждығына байланысты ерекше мәнге ие. Минерал шикізат жер қойнауының терең не тайыз тереңдігінде жатқандықтан, ғылымдар геохимиялық әдістерді дайындап, топырақты зерттеп, пайдалы қазба кен орнының бар жоғын анықтайтын арнайы аппараттар ойлап шығаруда. Мысалы, топырақ ауасын зерттеп мұнай-газ жиналуын, радиоактивті элементтер қорын анықтауға болады. Осындай іздеу әдістерін дайындау үшін, топырақта жүретін процестерді жақсы білу қажет. Сондықтан бұл салада топырақ танушылар да үлкен қызмет етеді.
Жер қыртысы түзілу процестері топырақтың беткі жыныстарының физика-химиялық қасиеттерін өзгертеді. аэродром автомагристраль теміржолдар салу үшін инженерлік ізденістер жүргізген кезде кейбір жер қыртысын түзуші процестердің топырақтың құрылыстық сипаттамасына әсер етуін бағалау өте үлкен маңызыға ие болып отыр
Топырақ – табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Полеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн. жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған.
Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы – жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары ғалымы В.В.Докучаев – топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады.
Табиғатта топырақ жамылғысының түзілуі - өте ұзаққа созылатын құбылыс. Ұзақ геологиялық мерзімде таулар үгіліп, мүжіліп, шыңдар аласарады. Құм мен саздар суға шайылып, желдің күшімен ауаға ұшады, шаңданады. Бұл процестер ғасырлар бойы жалғасады. Жаңбыр, жел қатты болса, жер беті өзгеріп тұрады. Топырақтың ең негізгі қасиеті табиғи құнарлығы, яғни құрамында өсімдіктің тез әрі жақсы өсуі-не жағдай жасайтын қоректік заттардың мол болуы. Сөйтіп, аналық тау жыныста-рынан кейін топырақ түзуші жетекші фактор ағзалардың тіршілік әрекеті. Олар тасты бұзатын қышқылдар шығарады. Қышқалдар тау жыныстарын ерітуінен, одан шірінді (гуммус) пайда болған. Шірінді үгілген майда жыныстармен араласып кіріккен. Осылайша топырақ қалыптаса бастаған.
Жануарлар дүниесі өздерінің тіршілік әрекетінің нәтижесінде топырақты байытады, өлгендері шірінді мөлшерін көбейте түседі. Шұбалшындар топырақ пен органикалық қалдықтарды асқазан шырынымен шылап өзгертіп, өңдеп шығарады.
Топырақ жамылғысын механикалық құнарлылығына қарай ажырату. Топырақтың механикалық құрамы ірілі және ұсақ минерал бөлшектерінің жиынты-ғы. Топырақтың механикалық құрамы әр түрлі болады. Оны анықтау қиын емес. Топырақты дымқалдап алып, илегенде құрамында саз бен шірінді бар топырақтар біріккіш келеді. Ал құрамы құмды, құмдауытты, сыздауыт болса, онда топырақтың бірігуі нашар болады.
Топырақтың қасиетіне қарай оның құрылымы да әр түрлі болады. Шірінді өсімдіктің қоректенуі үшін ғана керек емес. Ол топырақ құрылымының түзілуіне белсенді түрде қатысады. Топырақтың құнарлылығы оның құрылымына байланыс-ты. Шірінді мен кальцийге бай қара топырақ құрылымы ең жақсы топырақ болып саналады.
Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86%-ын алып жатыр, жазық бөлігінде ең көбі: қара топырақ.Қара топырақты зона республиканың солтүстігінде тараған. Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай үлкен бөлігін, Ақмола,Павлодар облыстарының солтүстік жерін қамтиды.Аумағы: 25,5 млн гектар жерін (9,5 %)
Қара қоңыр топырақ зонасы қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. Бұл Орталық Қазақстанның көп жерін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының жазықтарын алып жатыр.Бұл – республиканың оңтүстік дала (тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын алып жатқан зона. Оның жусаны мол, жайылымы жұтаң жерлер. Ауданы: 120 млн гектар жерін (44%)
Топырақ географиясы — топырақтың қалыптасуы мен кеңістік бойынша орналасу заңдылықтарын зерттейтін физикалық географияның ғылым саласы. Жер бетінде топырақтардың таралу заңдылықтары мен топырақ түзуші факторлардың байланысын, топырақтардың кеңістікте ауысуын, олардың жер шарында немесе белгілі бір аймақта, кезектесіп орналасуын зерттейді. Топырақтану, сондай-ақ геоморфология, геоботаника, ландшафттану ғылымдарымен тығыз байланысты. Жалпы топырақтар географиясы және аймақтық топырақтар географиясы болып бөлінеді.
Жер шарының топырақ жамылғысы алуан түрлі. Себебі, кеңістікте топырақ түзуші факторлар да өзгермелі болып келеді. Өсімдік дүниесі, климат, топырақ түзуші тау жыныстары, жер бедері және олардың уақыт өткен сайын өзгерістерге ұшырауы әр мекенде, жер аумағында әр түрлі.
Жер бетінің топырақ жамылғасын топырақ географиясы салыстырмалы-географиялық әдіспен, яғни топырақтың кеңістікте таралуы мен топырақ түзуші факторларды бірге қатарластыра салыстыру арқылы зерттейді. Осы әдісті қолдану нәтижесінде Жер шарында топырақтардың таралу заңдылықтары ашылды.
1899 жылы В.В. Докучаев бүкіл терістік жарты шардың топырақ аймақтарының нұсқалық картасын дайындап, оны 1900 жылы Парижде әлемдік көрмеде көрсетті. Осы картада бес әлемдік аймақтар көрсетілді:
бореалды немесе арктикалық;
орманды;
далалық қара топырақты;
аэралды (олар тасты, құмды сорланған және лессті шөлдерге бөлінеді)
латеритті.
Топырақ туралы ілімнің негізін қалаушы В.В. Докучаевтың анықтамасы бойынша, топырақ - түрлі топырақ түзуші факторлар әсерінен жер қыртысының жоғарғы қабатының түрі өзгеруі нәтижесінде пайда болған ерекше табиғи-тарихи дене болып табылады. Бұл факторларға топырақ түзуші аналық тау жыныстары, климаттық әсерлер, жергілікті жердің рельефі, өсімдіктер, топырақ ағзалары, уақыт факторы, адамның әсері жатады. Аналық тау жыныстары мыңдаған жылдар бойына желмен мүжілуге және үгілуге ұшырай отырып, біріккен массадан борпылдақ қабатқа айналатын, біртіндеп органикалық заттармен байытылып отыратын, топырақ түзілу процесінің бастамасы болып табылады. Бұл ретте аналық тау жыныстарының бөлшектері топырақ түзілу үшін тек механикалық базис құрап қана қоймай, топырақтың физикалық қасиеттерін, оның минералды химиялық құрамын анықтайды, топырақ биоценозының тіршілік етуі үшін микроэлементтер көзі болып табылады, микроэлементтердің сипатын, сондай-ақ топырақтың адам ағзасына әсерін анықтайды (В.И. Вернадский).
Топырақ түзілу ұрдісің негізгі факторларының қатарына топырақтың жылу және су режимдерін қалыптастыратын жергілікті жердің климаты мен рельефі жатады. Жылу мен ылғалдылық топырақта болып жататын барлық биологиялық және физикалық-химиялық үрдістерге әсер етеді. Көп жағдайда оларға топырақ түзуші тау жыныстардың бүліну жылдамдығы, топырақтың әр түрлі типтерінің қалыптасуы, топырақ микроорганизмдерінің, жануарлар ағзаларының, өсімдіктердің тіршілік етуі үшін қажетті жағдайларды қалыптастырады.