Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай – жер сілкінісі , сел , көшкін , су тасқыны, табиғи өрт , індеттер мен малдың жұқпалы аурулары , ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай - өнеркәсіп , көлік авариялары және басқа да авариялар , өрт ( жарылыс ) , күшті әсер ететін улы , радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын ( тарату қаупі бар ) авария , үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы , бөгендердің бұзылуы , тіршілікті қамтамасыз ететін электр Энергетика және коммуникация жүйелеріндегі , тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар жатады. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін . Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы , атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады . Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау , жасап шығару , өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады . Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады . Бірақ ондағы технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі , сонымен қатар , орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде . Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді. Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары технологиясы ескі , техникалары өзіндік ресурстарын тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталып отыр . Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде.