Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі
«Төтенше жағдайда қорғау» мамандығының 3 курс студенті
Ердімұрат Қайраттың кәсіби дағдыны қалыптастыру
тәжірибесі бойынша есебі
Мен,Ердімұрат Қайрат 21.11.2022-23.11.2022 аралығында Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, МӨСБ №2 - де кәсіби дағдыны қалыптастыру тәжірибесін өттім. Тәжірибе өту кезінде өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының гарнизондық және қарауылдық қызмет атқаруының ұйымдастырылуымен, күн тәртібімен таныстым. Өрт сөндіру бөліміндегі техникалық-нормативтік құжаттамаларымен, құтқару кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі ережелердің талаптарымен таныстым.Бөлімшеде бар авариялық-құтқару техникасын, олардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, сондай-ақ оларға жүктелген техникалық қару-жарақты және олардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, сынақ жүргізу мерзімі мен тәртібімен таныстым.Тәжірибе кезінде Бөлімнің байланыс пунктінің диспетчері (радиотелефонист) ББП-де атқаратын жұмысымен таныстым.
ББП барлық қолда бар техникалық байланыс құралдарына келіп түскен өрт, басқа ТЖ туралы хабарламаларды дәл қабылдауға, беруге және тіркеуге және ақпаратты өңдеуге, шақыру орнына қарауылдың (бөлімшелердің) кезекшілерін уақытында және дұрыс жіберуге; кезекші қарауылдың (бөлімшелердің) өртке, басқа ТЖ орнына жіберілгені туралы ӨБОП және бөлімше басшыларына уақтылы баяндауға; ББП техникалық құралдар мен жабдықтарды сақталуына және дұрыс пайдаланылуына жауап береді.
ББП диспетчері (радиотелефонист):
ББП жедел-қызметтік құжаттамасын, оны жүргізу ретін, ББП диспетчерінің (радиотелефонист) қызметін регламенттейтін, басшылыққа алатын құжаттарды;
бөлімшенің шығу ауданы мен жедел ахуалды, көшелер мен өту жолдарын;
бірінші хабарлама жоғары ранг бойынша бөлімшелер жіберілетін объектілерді;
жедел жоспарлар мен өрт сөндіру карточкалары жасалған объектілердің тізбесін;
маңызды, өрт және жарылыс қауіпті объектілердің орналасқан жерін, өртке қарсы сумен жабдықтауды, суы жоқ учаскелерді;
бөлімшенің жарақтануындағы өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларының, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жарақтар мен жабдықтардың тактикалық-техникалық сипаттамасын;
кезекші қарауылдардың өрт сөндіру машиналарындағы тактикалық мүмкіндіктерін;
ББП орнатылған байланыс құралдары мен ақпаратты өңдеу, сондай-ақ басқа жабдықтардың техникалық сипаттамасын, жұмыс істеу қағидатын, басқару элементтерін;
бөлімшелер мен басшы құрамның шақырту белгілерін біледі.
ББП диспетчері (радиотелефонист):
1) кезекшілікке түскен кезде:
ББП құжаттаманы, мүлікті және техникалық құралдарды тізімдеме бойынша қабылдайды;
ББП техникалық құралдардың, резервті қоректендіру көздерінің болуын, тазалығын, жай-күйін және жарамдылығын тексереді;
ауысатын диспетчерден (радиотелефонистан) ағымдағы шығулар,
сондай-ақ бөлімше басшылығының өкімдері мен нұсқаулары туралы мәліметтерді алады;
2) кезекшілік кезінде:
қарауылдың бастығынан (кезекші ауысым басшысынан) күштер мен құралдар (жеке құрамның, өрт техникасының, өртсөндіргіш заттары мен ЖЖМ саны) туралы мәлімет алады;
байланыс құралдары мен техникалық жабдықтардың ақаулықтары туралы мәліметті осы Жарғыға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байланыс құралдарын қабылдау-тапсыру журналына енгізеді;
өзара іс-қимыл жасау қызметтерімен байланыс ұстайды және қажет болған жағдайда өрт, басқа да ТЖ аудандарына жібереді;
осы Жарғыға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тәуліктің түнгі мезгілінде балалар, емдеу және басқа да мекемелерде болатын адамдарды есепке алу журналын жүргізеді;
телефон арқылы барлық қоңырауларға дереу "Өртке қарсы қызметі" деп жауап беруге, ал ішкі телефонға өзінің лауазымы мен тегін атайды, мысалы: "диспетчер (радиотелефонист) Ахметова";
өту жолдарының жабылуы, өртке қарсы сумен жабдықтаудың істен шығуы және жедел ахуалдың басқа да өзгерістері туралы ақпарат алған кезде дереу ӨБОП-дағы кезекші қарауылдың бастығына (кезекші ауысым басшысы), баяндайды және алынған ақпаратты тиісті журналдарға енгізеді;
қарауылдық қызметті тексеруге құқығы бар лауазымды тұлғалар ББП үй-жайына барған кезде, "Майор мырза. Диспетчер (радиотелефонист) Ахметова" деген нысан бойынша баяндайды;
3) шақыруларды өңдеген кезде:
кезекші қарауылдарының шығу жолдамасында мынадай ақпаратты:
шақыру объектісінің мекенжайы;
объектінің атауы;
объектінің орналасқан жері туралы басқа да мәліметтерді;
не және қайда жанып жатқаны (немесе ТЖ туралы басқа мәлімет);
нешінші қабатта (немесе жертөледе) жанып жатқаны;
ғимараттың қабаттылығы (немесе биіктігі);
адамдарға төнген қатердің болуы;
ӨБОП диспетчерінің тегін;
ТЖ туралы хабар алынған уақытын, күнін тіркейді және қолын қояды;
ӨБОП аға диспетчердің (гарнизон диспетчері) басқа нұсқауы болмаса шығу кестесінде көзделген күштер мен құралдарды жіберу туралы шешім қабылдайды;
шешім қабылданғаннан кейін бірден "Дабыл" сигналын береді;
қарауылдың шығу жолдамасын, сондай-ақ өрт сөндіру жоспарын немесе (бар болған жағдайда) карточкасын кезекші қарауылдың бастығына (кезекші ауысым басшысына) береді;
4) шығуларды сүйемелдеу кезінде:
өрт немесе басқа ТЖ шыққан кезекші қарауылмен (бөлімшемен) радиобайланыс орнатады және ұстады;
өрт немесе басқа ТЖ туралы қосымша (нақтыланған) ақпаратты қарауылдың бастығына (кезекші ауысым басшысына) шақыру орнына бару кезінде, ӨБОП аға диспетчеріне (гарнизон диспетчеріне) және бөлімше басшыларына дереу береді;
осы Жарғыға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлімшенің шығуын есепке алу журналына уақытты белгілеумен, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде лауазымды тұлғалардың барлық қабылдаған шешімдерін тіркеуді жүзеге асырады.
ББП диспетчеріне (радиотелефонистке):
қызмет өткеруден алаңдауға және қарауыл бастығының (кезекші ауысым басшысының) рұқсатынсыз және ББП жұмысы үшін дайындалған және рұқсат етілген тұлғаның ауыстыруынсыз ББП-дан кетуге;
қарауылдың өртке немесе басқа ТЖ-ға шығуы кезінде демалуға, телефон бойынша негізгі қызметпен байланысты емес әңгімелерді жеке жүргізуге және оларға жол беруге, радиоалмасу тәртібін бұзуға;
ББП үй-жайына гарнизонның лауазымды тұлғаларынан, бөлімше басшылығынан, қарауыл бастығынан (кезекші ауысым басшысынан), қарауыл бойынша кезекшіден және байланыс құралдарының ТҚ көрсетуі үшін жауапты тұлғалардан басқа бөгде тұлғалардың кіруіне тыйым салынады.