Туберкулез профилактикасының басты мақсаты – бұл сау адамның туберкулезді жұқтырудың алдын алу, яғни жұқтыру қаупін минимумға келтіретін жағдайларды жасау болып табылады. Бірінші рет ауырған науқастардың ішінде 50 % —алкоголизммен және нашақорлар; 20 % - түрмеде отыратындар; әлеуметтік жағдайы нашарлар — 10 %. Осы контингентте туберкулездің асқынуы кезінде анықталады. Профилактика мақсатында түрлі әдіс қолданылады.
Эпидемиялық ошақ — бұл инфекция көзі орналасқан орын және оның маңайындағы аумақ. Осы шектелген аумақта нақты жағдайда науқас адамнан сау адамға қоздырғыш берілуі мүмкін. Эпидемиялық ошақ эпидемиялық процестің бір бөлшегі болып келеді және де эпидемиялық процестің таралуын бөгейтін орта болып табылады.Эпидемиялық ошақ жанұялық,өндірістік немесе мекемелік болуы мүмкін. Инфекциялық ауру бір адамнан екінші адамға жұғып отырса, инфекция айлап, жылдап жалғасын тауып отырады, таралу жолын таппаса тоқтап қалады.
Қауіп-қатерлі факторлар ұғымдарының қысқаша анықтамасы
Қауіп –қатерлі аумақ: қоздырғыштың вирулентті түрінің қалыптасуынан және оның таралуын қамтамасыз ететін факторлардың әсерінен болған сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіші бар аумақ.
Қауіп қатерлі әлеуметтік әртүрлі жастағы топтар: қоздырғыштың эпидемиялық түрі арқылы және оның таралу факторларының әсерінен болған сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіші
Қауіп қатерлі ұжым: қоздырғыштың эпидемиялық түрі арқылы және оның таралу факторларының әсерінен болған сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіштері бар нақты ұжымдар (балабақша, мектеп, жатақхана)
Қауіп-қатерлі уақыт: эпидемиялық түрге байланысты қоздырғыштың таралу факторларымен анықталатын сырқаттанушылықтың жағдай жасайтын факторлар: