Туризмдегі
инновация
Presented by Tanatar Arailym
Инновация мен инновациялық қызмет дәстүрлі түрде ғылыми
техникалық
прогрестің бағыты мен ғылыми зерттеулердің нәтижелерін
тәжірибеге енгізумен
байланысты үдеріс болып табылады. «Инновация» ұғымын кең
мағынада қарастырсақ,
оған өнімдегі, үдерістегі, маркетингтегі, ұйымдастырудағы өзгерістер
жатады, яғни,инновация әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға бағытталған жаңа
немесе жетілдірілген өнім, технологиялық үдеріс, жаңа қызметтер
мен жаңа тәсілдерді
жүзеге асырудың қызмет нәтижесін қамтитын өзгерістердің айқын
факторы. Ал,инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу
мен бәсекелестiк қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және
қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми
бiлiмдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған
қызмет
Бүгінде туризм саласы қатаң бәсекелестік жағдайында дамып келе жатқан
экономиканың маңызды саласы және туристердің үздіксіз өсіп келе жатқан
қажеттіліктері
мен сұраныстары, туристік нарықтың әр түрлі турөнімдерге қанықтығы,
маусымдық фактордың орын алуы бұл саладан жедел өзгеріп отыратын
сыртқы жағдайларға тұрақты
бейімделуді талап етеді, ол үшін туристік саланы инновациялық даму
жолына бағыттау
қажет. Себебі туризмдегі инновациялар тиімді өсудің ішкі энергиясын
құрай отырып, бір
жағынан тепе-теңдікті бұзады, басқа жағынан одан әрі дамудың, жүйенің
жаңа сапаға
көшуіне негіз болады.
Әлемдік туристік индустриядағы инновацияларды әзірлеу мен енгізудің
өзгешеліктері инновациялық қызметтің объектісі ретінде танылған турөніммен тығыз
байланысты:
- турөнім материалды емес (клиент сатып алу туралы шешім қабылдағанға дейін
турөнімің физикалық сипаттамаларын өз бетінше зерттей алмайды);
- турөнімді меншік ете алмайды; - турөнімді негізгі құрал нысаны мен айналымдағы
актив ретінде қолдану мүмкін емес;
- турөнімді өндіру мен тұтыну бір мезгілде жүреді; - адами фактор (туристік қызмет
көрсету үдерісіне көптеген адамдар қатысады: қызметкерлер, клиенттер, басқа туристер
мен жергілікті тұрғындар);
- сапаның тұрақсыздығы және оны басқарудың қиындығы; - көп компоненттілік
(турөнім бірнеше жеке қызметтерден тұрады, олардың сапасы жалпы сапардың әсеріне
ықпал етеді);
- маусымдылық (жеке қызметтерге сұраныс пен баға мөлшерінің ауытқып тұруы);
- қызмет ұсынатын серіктестер ұсыныстарының икемсіздігі (көлік компаниялары,
орналастыру мен тамақтандыру орындары нақты күнге бар бос орындардың шамасынан
тыс қонақтар қабылдай алмайды).
Инновациялар туристік саланың және ондағы туристік
кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін
басты шарт. Дегенмен, жоғарыдағы кестеде келтірілген
мәліметтер туризм саласындағы инновациялық
менеджменттің әлі де терең ізденісті қажет ететін айғақтайды.
Сондықтан осы саладағы ең перспективті және аз зерттелген
зерттеу бағыттарын атап өту керек: - инновациялардың
стратегиялық маркетингі; - елдің туристік саласының және
ондағы туристік кәсіпорындардың инновация мен
халықаралық бәсекеге қабілеттілігі арасындағы өзара
байланысты зерттеу; - инновациялық стратегияны жүзеге
асыру мен e-tourism (электрондық туризм) ұғымдарын негіздеу
үшін ақпараттық технологияларды қолдану;
туризмдегі маркетингтік инновациялар (әлеуметтік
бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-брэндинг, серпінді
баға белгілеу, заманауи
ақпараттық технологияларды қолдана отырып, нысаналау
(таргетирование) және нарықты саралау); - туризмдегі
инновациялық жобаларды институционализациялау; -
инновацияның туризм индустриясына, кәсіпорындарға,
нарық пен тұтынушыларға әсерін
өлшеу және бағалау; - инновацияларды қолдану негізінде
туризмнің тұрақты дамуына
ерекше назар аудару керек
Экономиканың барлық салаларындағы инновациялық
қызметтің негізін ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін
жүзеге асыру құрайды,ол туризм саласына да қатысты, мұндағы
инновациялық қызметтің мәні жаңашылдықты құру және оны
өндіріске енгізу, кеңінен тарату. Туризмдегі инновациялық қызметке
инновациялық процесс аясындағы барлық қызметті жатқызуға
болады: өткізу нарығын маркетингтік зерттеу және жаңа
тұтынушыларды іздеу,бәсекелес фирмалар
тауарларының тұтынушылық қасиеттері мен ықтимал бәсекелестік
ортасын ақпараттық қамтамасыз ету, жаңашыл идеялар мен
шешімдерді, инновациялық жобаларды енгізу мен қаржыландыру
бойынша серіктестерді іздеу. Кез келген жаңалықты қолданысқа
енгізуден бұрын оның тиімділігін анықтайды.
Presented by Tanatar Arailym
Достарыңызбен бөлісу: |