Xvi-xviii ғғ. Қазақ халқының материалдық мәдениеті
XVI-XVIII ғғ. Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Орындаған: Сағынғалиева Әсел
ОП 6В05302 – Химия-102 топ
Жоспар:
Материалдық мәдениет дегеніміз не?
Киіз үй
Ыдыс-аяқ
Қазақтың ұлттық киімдері
Қолданылған әдебиет
Материалдық мәдениет дегеніміз не?
Материалдық мәдениет - біртұтас адамзаттың мәдениеттің бір бөлігі. Адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам арқылы ғана бола алатын, демек, мәдени мақсатқа сәйкес міндетті және өркениеттік рөлі бар шығармашылық қызметтің нәтижелері.
Материалдық мәдениетке өндірістің әр түрлі құрал-жабдыктары - энергетикалық және шикізат ресурстары, еңбек құралдары, өндіріс технологиясы және адам өмір кешетін ортаның инфроқұрылымы, байланыс және көлік құралдары, тұрмыстык, ойын-сауықтық ғимараттар, пайдаланылатын әр түрлі құралдар жатады. Тұтастай алғанда адам қызметінің нәтижесі болып табылатын материалдық құндылыктардың жиынтығы.[1]
Киіз үй
Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шашпаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырында кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, Қырым таулы-тастарындағы сурет таңбалар айғақ бола алады. Ұзақ жылғы тәжірибе негізінде халық киіз үйдің ұйтқып соққан желге жығылмайтынына, нөсерлеп құйған жаңбырды өткізбейтініне көзі жетіп, оны баспана етуді әдетке айналдырған.
Киіз үйдің көшіп-қонуға ыңғайлылығымен бірге жазда ауасы таза, салқын болады. Қос қабаттап киіз жапқан қазақ үйінде ертеде ата-бабаларымыз қыста да қыстап шыққан. Балшықтан соққан там үйлер бертінде отырықшыланып, егіншілікпен айналыса бастаған кезде (XVIII— ғ. екінші жартысынан) пайда болған.
Қысқасы, киіз үй көшпелілер үшін табиғаттай сұлу, кеңістіктей үйлесімді шағын әлем еді. Бұл ретте, киіз үйді адамзат баласының ұзына тарихында жасалған материалдық мұралардың ішіндегі бірегей айғақтардың бірі деп қарауға негіз мол.
Ыдыс-аяқ
«Шешесін көріп-қызын ал, ыдысын көріп асын іш», — деген қазақ мақалында пәлсапалық, әлеуметтік терең ой жатыр. Демек ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыс-аяқ мәселесіде шет қалмаған. Оған үлкен мән бергендігіне жоғарыда бір ауыз сөз куә.Ата-бабаларымыз ыдысты көбіне ағаштан, жылқы, ешкі терісінен, мыс, жез сияқты металл бұйымдарын жасаған.
Ағаш ұсталары ыдыс-аяқ жасауға да айрықша ден қойған. Соның ішінде қымызға арналған түрлері назар аудартады. Негізінен, бұл ыдыстарды қайыңнан, табылып жатса, оның безінен жасауға тырысатын. Өйткені, қайың мықты келеді. Мұқият өңдеген қайың, әсіресе, оның безі қара шұбарланып, қосымша әшекейсіз-ақ әдемі болады. Шеберлердің айтуынша, әбден кепкен қайыңда бөтен иіс те, шайыр да болмайды, сондықтан оған құйылған қымыздың дәмі де бұзылмайды.
Қымызға арналған ағаш ыдыстар: тегене, ожау, шара, сапты аяқ, тостаған, күбі, піспек. Ел ішінде бұл ыдыстардың түрлері күнделікті өмірде кеңінен пайдаланылса, оның сәнделіп жасалған ғажайып түрлері де аз болмаған.
Ертедегі көшпелі қазақтар ас сақтайтын ыдыстардың біразын мал терісінен жасаған.
Қазақтың ұлттық киімдері
Қазақ киімі құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығының, салқын самалы мен аңызақ желінің әсерімен қалыптасқан бар өмірі көлік үстінде өткен Сарыарқа мен оған іргелес жатқан ұлан-ғайыр кеңістікте көшіп-қонған малшы қауымның, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей «жер шұқылап», мал ұстап күн кешкен Сыр бойындағы, Қазақстанның оңтүстігі мен Талас-Шу атырабындағы жартылай отырықшы және отырықшы елдің ғасырлар бойы реттеуге көне қоймаған тұйық шаруашылығы мен қарабайыр тіршілігі қалыптастырған заттық-тұрмыстық мәдениеттің бірден-бір көрінісі болғандықтан, өзінің қарапайымдылығымен, үйлесімділігімен, жүріп-тұруға ыңғайлылығымен ерекше.