Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 5.2А «Жай бөлшектер және аралас сандарды көбейту»
Мектеп: С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия
Күні:28.12.2018ж Мұғалімнің аты-жөні: Телекеева Ә.С.
Сынып: 5 «А» Қатысқандар: Қатыспағаны:
|
Сабақ тақырыбы:
|
5.3..Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту/2 сабақ/
|
Ресурстар
|
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):
|
5.1.2.21 Жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейтуді орындау
|
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар:
Жай бөлшектерді натурал санға көбейту, бөлшекті бөлшекке көбейту әдісімен танысады;
Аралас сандарды көбейту тәсілін үйренеді;
Көбейту қасиеттерін пайдаланады.
Оқушылардың көпшілігі:
Жай бөлшектерді натурал санға, бөлшекті бөлшекке көбейте алады ;
Аралас сандарды бұрыс бөлшекке айналдыра алады және жай бөлшектерді көбейтудің тәсілімен көбейтуді орындайды;
Көбейту алгоритмін тұжырымдай алады
Оқушылардың кейбіреулері:
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейте алады және оны көбейту формуласын тұжырымдайды, оларды әріппен өрнектей алады
|
|
Бағалау критерийі:
|
Жай бөлшектерді натурал санға көбейтеді;
Бөлшекті бөлшекке көбейтеді ;
Аралас сандарды көбейтеді;
Көбейтудің қасиеттерін біледі.
|
|
Тілдік мақсат:
|
Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану алгоритмін түсіндіре алады;
Белгілі және белгісіз шамаларды сипаттай отырып, мәтінді есептердің шешімдерін түсіндіре алады;
|
|
|