Кәсіпорын – бұл дербес шаруашылық жүргізетін бірлік, меншігінде бар еңбек құралдары көмегімен еңбек заттарын өңдеп, тұтынушыларға қажет дайын өнім шығарып, пайда алу мақсатымен оны өткізетін, кәсіби ұйымдасқан еңбек ұжымы. Әр кәсіпорын заңды тұлға ретінде қарастырылады және кәсіпорынды құру келісім шарты негізінде жұмыс істейді.
Заңды тұлғаның мынандай негізгі белгілеріне бөлінеді:
1) Тұлғаның ұйымдық бірлігі болу керек – нақты және толық басқару құрылымы болу керек, кәсіпорын цехтерге, жұмыс орындарға және т.с.с. бөліну керек;
2) Мүліктік дербестік – бухгалтерлік баланс негізінде;
3) Мүліктік жауапкершілік – кәсіпорын барлық қарыздары бойынша барлық өз мүлігімен жауапберуге тиіс.
Кез келген кәсіпорынның өмірлік циклы болады: құрылуы, дамуы, жетілуі, құлдырауы.
Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
1) Пайда алу және оны өсіру
2) Жұмыс орындарын және еңбек ақыны қамтамасыз ету
3) Қоршаған ортаны қорғау, ластамау
4) Сапалы өнім шығару
5) Жұмысшыларға қажет жұмыс жағдайларын жасау
6) Өз қызметін дамыту
2. Кәсіпорынның ішкі ортасына кіретін негізгі элементтер:
А) Өндіріс қорлары
Б) Адамдар
В) Ақпарат
Г) Қаржы
Капитал – қосымша құн әкелетін кез келген құндылық.
Кәсіпорын қорлары – экономикалық және экономикалық емес болып бөлінеді.
1. Материалдық қорлар.
1.1. Капитал, негізгі және айналым.
1.1. Жер қорлары.
1.2. Энергетикалық қорлар.
2. Материалдық емес қорлар – өнім өңдіруге қатысатын, бірақ материалдық-заттық формасы жоқ қорлар.
2.1. Авторлық құқық.
2.2. Патент.
2.3. Сауда маркалары.
2.4. Бағдарламалар, ноу-хау және т.с.с.
3. Еңбек қорлары.
3.1. Еңбек
3.2. Кәсіпкерлік қабілет.
4. Қаржы қорлары (экономикалық емес) – кәсіпорында бар ақша:
— өзіндіке – жарғылық капитал, пайда, амортизациялық қор және т.с.с.
— келтірілген.
— қарызды.
— Басқа түсімдер – сақтық төлемдер, мемлекеттік бюджеттен түскен ақша, дивидендтер және с.с.
Кәсіпорынның сыртқы орта элементтері:
А) Мемлекеттік органдар
Б) Кәсіпорындар – бәсекелестер, әріптестер, серіктестер.
В) Тұтынушылар
Г) Кәсіпорын қасында тұратын халық
3 Кәсіпорындардың жіктелуі
Жіктеу факторлары:
1) Қолданылатын қорларына байланысты кәсіпорындар да: еңбек сіңіргіштігі жоғары, қор сіңіргіштігі жоғары және материал сіңіргіштігі жоғары болып бөлінеді. Еңбек сіңіргіштігі жоғары кәсіпорындарда, көбінесе еңбек бөлінісі дәрежесі өте жоғары.
Бөл бөліністің кемшіліктері еңбекті ізгілендіру, еңбек қызметін қызықтыру және топтарда жұмыс істеу тұжырымдамаларын туғызды.
2) Салаға байланысты кәсіпорындар келесі түрде бөлінеді: кен өңдіру, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ауыл шаруашылық, сауда, транспорт, байланыс, құрылыс кәсіпорындары, қаржы мекемелері.
3) Орналасуына қарай. Орналасу жерін таңдау белгілері:
а) материалдар шығындары (транспорттау шығындарын азайту)
б) еңбек шығындары (еңбек қорларының жеткіліктілігі, еңбек күші бағасы)
в) тауарларды сату шығындары және салықтар деңгейі
г) транспорттық құралдар жеткіліктілігі
д) энергия шығындары
е) қоршаған орта жағдайына қарай
ж) тұтынушылар жеткіліктілігіне
з) жергілікті жердің ерекшеліктеріне қарай (ландшафтысы, климаты және с.с.)
и) шетел әріптестерімен байланысуына қарай
4) кәсіпорын өлшеміне қарай ірі, орташа, шағын кәсіпорындар болады. Ол үшін жұмысшылардың саны, жылдық айналымы, негізге қаржы мөлшері, жұмыс орындарының саны, бастапқы материалдардың қолданылуы есебке алынады.
5) меншік формасына қарай жеке, мемлекеттік, ұжымды кәсіпорындар болады.
6) ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қарай
4 Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары.
1.Шаруашылық серіктестіктер.
Шаруашылық серіктестіктер – белгілі бір мақсаттарға жету мақсатымен кәсіпкерлердің бірігуін айтады.
Екі не одан көп қатусышысы болу керек. Табыс енгізген капитал үлесіне сәйкес бөлінеді. Барлық серіктестер ұйымның жұмысына міндетті түрде қатысу керек. Жалданды еңбек қолдана алады. Екі түрі
1)Толық серіктестік. Оның мүшелері кәсіпорын қарыздары үшін бүкіл мүлігімен жауап беруге тиіс.
Сондықтан да бұл ең сенімді ұйымның түрі. Әр серіктес ұйым атынан басқалардың келісімінсіз қызмет ете алады.
2) Коммандитті серіктестіктер.
Мұнда толық серіктестермен бірге жай салымшылар коммандитисттер бола алады. Коммандитисттер компанияны басқаруға қатыспайды, тек енгізген капиталдан процент түрінде пайда алады.
2. Шаруашылық қоғамдар.
Шаруашылық қоғам – коммерциялық мақсаттарға байланысты капиталдардың бірігуі. Міндетті түрде жарғысы және құрылтай келісім шарты болу керек. Қоғамның жұмысына қатыспауға да болады.
Түрлері:
1) ЖШҚ – Жауапкершілігі шектелген қоғамдар: Мүшелердің жауапкершілігі олардың салымдар мөлшерімен ғана шектелген. Қатысушылар саны шектелмеген. Ең сенімсіз кәсіпорын формасы.
2) Қосымша жауапкершілігі бар қоғам: мүшелері қоғам қарыздары бойынша бүкіл мүлігімен өз салым үлесіне пропорционалды жауап береді.
3) АҚ: Жарғылық капитал бірдей үлестерге – акцияларға бөлінеді. Түрлері:
—ЖАҚ: Акциялар акционерлердің көпшілігі берген рұқсатымен ғана сатылады. Қоғам мүшелері арасында ғана қолданылады.
— ААҚ: акциялар еркін сатылады.
Өндірістік кооперативтер – бұл бірлескен өндірістік және шаруашылық қызмет жүргізу мақсатымен адамдардың бірігуі. Әр құрылтайшы кооператив жұмысына тікелей еңбек ету қажет. Жалданды еңбек қолдануға тыйым салынады.
Табыс істеген еңбек үлесіне қарай бөлінеді. Жауапкершілік – берген салым (пай) мөлшерінде.
Унитарлы кәсіпорын.
Мұнда мүлікке меншік құқығы болмайды, барлық қызметкерлер жалданды болады.
Екі түрі бар:
— Шаруашылық жүргізу құқығы бар: кәсіпорын қарыздары бойынша мемлекет жауап береді.
— Оперативты басқару құқығы бар: (қазыналық кәсіпорындар) тек мемлекет ие болады (мысалы қорғаныс өнеркәсібі).
Кәсіпорындар ұйымдарға біріге алады:
Ұйымдардың келесі түрлері болады:
Корпорация – акционерлік қоғам, жалпы мақсаттарға жету үшін бірнеше кәсіпорындардың бірігуі, кіретін кәсіпорын қарыздары үшін жауап береді.
Концерн – келісімдік монополиялық бірлестік, шоғырландыру, кооперациялау, мамандану және интеграциялау артықшылықтарын қолданады. Ең ірі кәсіпорын түрі.
Консорциум – ірі экономикалық бағдарламаны орындау үшін кәсіпорындардың уақытша бірігуі.
Картель – нарықтарды бөлу, баға деңгейі, өнім өңдіру үлесі, төлем жасау мерзімдері және т.б. бойынша жасалынған келісім.
Трест – кәсіпорындар өз дербестігінен толығымен айрылады, бір орталыққа бағынады.
Синдикат – жабдықтау және өткізу сұрақтары бойынша қызметті жетілдіру мақсатымен еріктіттүрде бірігу түрі.
Холдинг – акционерлік қоғам түрі, өз капиталын басқа компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алу үшін қолданады және оларға басқару жүргізеді.
Қаржылы-өнеркәсіптік топтар – ірі инвестициялық бағдарламаларды іске асыру мақсатымен өз активтерін біріккен заңды тұлғалар жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |