Б. з. б. 2,5 млн – 12 мың жыл – палеолит (ерте тас ғасыры: жер бетіндегі алғашқы адамдардың, еңбек құралдарының, отбасы және ежелгі қауымның пайда болуы).
Б. з. б. 2 миллион жылдан 800 мың жылға дейін – дошель (Олдувей) мәдениеті.
Б. з. б. 1 млн жыл – ежелгі адамдардың Қазақстанды игере бастауы.
Б. з. б. 800 мың жылдан 140 мың жылға дейін – шель және ашель.
Б. з. б. 140 мың жылдан 40 мың жылға дейін – соңғы ашель мен мустье.
Б. з. б. 40–35 мың жыл — «Хомо сапиенс» — «саналы адам» қалыптасты.
Б. з. б. 40–12 мың жыл – кейінгі палеолит (адамдардың жердің барлық климаттық аймақтарын игеруі).
Б. з. б. 12–5 мың жыл – мезолит (орта тас ғасыры: садақ пен жебенің пайда болуы, итті қолға үйрету).
Б. з. б. 8–7 мың жыл – дәнді дақылдардың пайда болуы, жануарларды қолға үйрету.
Б. з. б. 6–5 мың жыл – егіншілік пен малшылықтың Еуразия аумағында таралуы.
Б. з. б. 5 мың жыл – тілдік топтардың қалыптасуы.
Б. з. б. 5–3 мың жыл – неолит (жаңа тас ғасыры: тасты өңдеудің жетілуі, терімшілдіктен егіншілік пен малшылыққа өту).
Б. з. б. 3 мың жыл – энеолит (мыс-тас ғасыры: тасты пайдаланудан металға өту).
Б. з. б. XVIII-VIII ғғ. — Қола дәуірі.
Б. з. б. XVIII – XVI ғғ. — ерте қола дәуірі.
Б. з. б. XV – XII ғғ. - орта қола дәуірі.
Б. з. б. XII – VIII ғғ. — кейінгі қола дәуірі.
Б. з. б. VII – VI ғасырлар Қазақ жерінде тайпалық одақтардың құрылуы.
Б. з. б. IX – VІ ғғ. — сақ тайпалары мәдениетінің ерте кезеңі.
Б. з. б. VIII – VII ғғ. — көшпелілердің Ишпакайдың, одан соң оның ұлы Партутдың басшылығымен Ассирия, Египет елдеріне жорығы.
Б. з. б. VII – V ғғ. — Орталық Азия сақтары мәдениетінің гүлденуі
Б. з. б. V ғ. — «Есік» қорғаны
Б. з. б. VII – I ғғ. — Орталық Қазақстан далаларындағы «Тасмола» мәдениеті
Б. з. б. 530 жыл – Ахеменидтік патша Кирдің сақтарға қарсы жорығы. Кирді Сыр бойында Томиристің өлтіруі.
Б. з. б. 519 -518 жж. — Ахеменид әулетінен шыққан қолбасшы I Дарий патша сақтар еліне жорыққа шықты.
Б. з. б. 500 жыл – Хаоварга сақтар және дахалар грек- парсы соғыстарына парсылар жағында қатысты.
Б. з. б. 340 жыл – Филипп патша Сақ басшысы Атеймен соғысып, 20 мыңға жуық жылқыны қолға түсірді.
Б. з. б. 330 – 327 жж. — Александр Македонский Дарийді жеңіп, Сырдарияға дейін жетті және көшпелілерден жеңіліске ұшырады.
Б. з. б. 325 жыл – Массагеттердің ауыр атты әскері Македонскийдің Индияға жорығына қатысты.
Б. з. б. 238 жыл – Аршакидтер (даялар) Иранда жаңа империя – Парфян патшалығын құрды.
Б. з. б. IV ғғ. – б. з. III ғ. — Ғұндардың тайпалық бірлестігі
Б. з. б.XIII- III ғғ. — Ғұндар тарихының аңызға айналған кезеңі.
Б. з. б. 205 – 202 жж. — Орта Азиялық көшпелі тайпаларды біріктіру үшін Мөденің күресі.
Б. з б. 200 жыл – Қытай императоры Гао-Дидің ғұндар еліне жорығы және оның Байтен тауларында жеңіліске ұшырауы.
Б. з б.190–176 жж. — б. з б. 165 жылы Мөденің мұрагері Лаошань шаньюй юечжилер қолбасшысымен қоса өлтірілді, аман қалғандары Орталық Азияға көшіп, Кушан патшалығын құрды.
Б. з б. 188 жыл – Хуннулар (ғұндар) мен Қытай арасындағы соғыс Қытай әскерлерінің жеңілуімен аяқталды.
Б. з б.133 жыл – Ғұн – Қытай соғыстарының жаңа кезеңі
Б. з б.90 жыл – 70 мыңдық Қытай армиясы Янжинь қаласының жанында жеңілді.
Б. з б. 71 жыл – Көшпелі халықтар – динлиндер, үйсіндер, ухуаньдар ғұндардың үстемдігіне қарсы шықты.
Б. з б. 48 жыл – Империяның оңтүстікке және солтүстікке бөлінуі.
Б. з б.I ғ. — ғұндардың Батысқа қарай жылжи бастауы.
Б. з-дың.367 – 566 жж. — ақ ғұндар империясының өмір сүру уақыты
Б. з-дың 375- 376 жж. — ғұндар гот тайпаларын жеңіп, Рим империясының шекараларына қарай жылжыды.
Б. з-дың 375–469 жж. — Батыс ғұн империясының өмір сүрген уақыты.
Б. з-дың 437 жылы — ғұндар Батыс Еуропа аумағына жорықтар жасады.
Б. з-дың 453 жылы — Аттиланың (Еділ) қайтыс болуы
Б. з б. III-II ғғ. — б. з. V ғ. — Үйсін мен Қаңлы бірлестіктері
Б. з б. 177 жыл – Үйсіндер өз мемлекетін құрды.
552 ж. – Түрік (Көк түрік) қағанатының құрылуы.
563–567 жылдар – Түріктердің ақ ғұндарды жаулап алуы.
6–7 ғасырлар – Соғдылықтардың Жетісу, Жоңғария және Сібірге қоныс аударуы.
603 ж. – Түрік қағанатының Шығыс және Батысқа бөлінуі.
8 ғасыр – Тоныкөк, Білге, Күлтегіндердің құрметіне тас бағандар қойылып, ғибадатханалар салынды.
751 ж. – Қытайлықтар мен арабтардың арасындағы Талас маңындағы шайқас.
8ғ. -9 ғасырдың 1-жартысы – Ұйғыр қағанаты.
756–940 жылдар – Қарлұқ қағанаты.
9–10 ғасырлар – Хазар мемлекеті.
9–11 ғасырлар – Оғыз мемлекеті.
965–985 жылдар – Оғыздардың хазарлар мен бұлғарларға қарсы жорықтары.
10–12 ғасырлар – Әл-Фараби, Әбу Райхан Бируни, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Йассауи, т. б. ғұламалар өмір сүрді.
11 ғасырдың басы – Қыпшақ мемлекетінің құрылуы.
1128 ж. – Қарақытайлардың Жетісуды жаулап алып, өз мемлекетін құруы.
1203–1206 жж. — Темучин Моңғол тайпаларын бір мемлекетке біріктірді.
1207 ж. – Моңғолдардың Қытайды жаулап ала бастауы.
1210 ж. – Хорезмшах пен қарақытай әскері арасындағы шайқас.
1219–1224 жж. — Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы.
1223 ж. – Қазақстан аумағында Жошы мен Шағатай ұлыстарының құрылуы.
1236–1242 жж. — Бату хан әскерлерінің Русь пен Шығыс Еуропаға жасаған жорығы
1243 ж. – Алтын Орданың құрылуы.
1257–1266 жж. — Берке ханның ел билеуі.
1312–1342 жж. — Өзбек ханның ел билеуі.
1342–1357 жж. — Әз Жәнібек ханның ел билеуі.
XIV ғ. ортасы – Ақ орда мен Моғолстанның оқшаулануы.
1380 ж. – Куликово шайқасы.
1370–1405 жж. — Әмір Темірдің ел билеуі.
XIV ғ. 70–90-шы жж. — Әмір Темірдің Ақ Орда мен Моғолстан аумағына жорықтары.
1396–1411 жж. - Едігенің (Алтын Орда) ел билеуі.
1397 ж. – Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің салына бастауы.
1428–1468 жж. — Әбілқайырдың Шығыс Дешті Қыпшақта ел билеуі.
1433/34–1462 жж. — Есен-Бұға ханның (Моғолстан) ел билеуі.
1457 ж. – Әбілқайыр хан әскерлерінің ойраттармен шайқасы.
1457 жыл- Жәнібек пен Керей сұлтандарының Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып,
Шу және
Қозыбасы аймақтарына тұрақтады.
1459 жыл- Бөлініп шыққан көшпелілер өздерін
«қазақтармыз» деп атап, ұғымға этникалық астар берді.
1465 жылы-
Қазақ хандығының құрылуы. Алғаш Керей хан, содан соң Жәнібек хандар басқарды.
1468 жылы – Қазақ хандығының құрамы Әбілхайыр хан өлгеннен кейін топ-тобымен ағылып келе бастаған жаңа рулар мен тайпалардың есебінен ұлғая түсті.
1470 жылы – Жәнібек хан билігі
1480–1510 ж. ж. –Бұрындық хан билігі
1495 жылы –Сібір хандығының құрылуы
1499–1561 ж. ж. -М. Х. Дулати өмір сүрген жылдары
1500–1505 ж. ж. - Шайбани мемлекетінің құрылуы
1511–1521 ж. ж. - Қасым хан билігі
1535–1590 ж. ж. - Доспамбет жыраудың өмір сүрген жылдары
1538–1580 ж. ж. -Ақназар хан билігі
1557–1607 ж. ж. – Қадырғали Жалайыридың өмір сүрген жылдары
1571–1572 ж. ж. - Ақназар ханның Мәскеуге елшілігі
1576–1656 ж. ж. – Жалантөс батыр өмір сүрген
1580–1582 ж. ж. — Шығай хан билігі
1583–1598 ж. ж. - Тәуекел хан билігі
1598–1528 ж. ж. –Есім хан билігі
1594 ж. – Қазақ хандығының Мәскеуге елшілігі
1565 ж. — Мәскеудің Қазақ хандығына елшілігі
1598 ж. - Тәуекел ханның Орта Азиядағы жорығы
1635 жыл- Жоңғар мемлекетінің құрылуы
1643 жыл- Орбұлақ шайқасы
1644- 1700 ж. ж. - Әйтеке би өмір сүрген жылдар
1663–1756 ж. ж. -Төле би өмір сүрген жылдар
1667–1763 ж. ж –Қазыбек би өмір сүрген жылдар
1680–1715 жж. — Тәуке ханның ел билеуі.
1690–1778 ж. ж. — Қанжығалы Бөгенбай батыр өмір сүрген
1706–1781ж. ж. - Шапрашты Наурызбай батыр өмір сүрген
1710 ж. – Қарақұмдағы құрылтай. «Жеті жарғы».
1712–1802 ж. ж. -Сырым батыр Датұлы өмір сүрген
1713–1781 ж. ж. - Абылай хан өмір сүрген
1716 ж. – И. Бухгольцтің отряды Омск қаласының негізін салды.
1716–1718ж. ж. - Қайып хан билігі
1717–1718 жж. — Шығыс Қазақстан аумағындағы қазақтардың қалмақтармен сәтсіз шайқасы.
1718–1748 ж. ж. — Әбірқайыр хан билігі
1720- 1740 ж. ж. - Ұлы жүз ханы Жолбарыс билігі
1723–1727 жж. — «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары.
1724- 1734 ж. ж. - Орта жүз ханы Сәмеке билігі
1726–1729 жж. — Қазақтар мен қалмақтардың Бұланты және Аңырақайдағы шайқастары.
1730 ж. – Әбілқайырдың Ресейге жіберген елшілігі.
1731–1732 жж. — Кіші жүздің Ресей бодандығы шарттарын қабылдауы.
1734–1771 жж. — Әбілмәмбет ханның ел билеуі.
1734- 1769 ж. ж. – Әбілмәмбет билігі
1740 ж. – Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанның Орынбор әкімшілігіне ант беруі.
1741–1743 жж. — Абылай ханның Галден-Церенде тұтқында болуы.
1743 ж. – Орынбор қаласының салынуы.
1748–1786ж. ж. -Нұралы хан билігі
1752 ж. – Петропавл бекінісінің салынуы.
1756–1758 жж. — Абылай хан бастаған қазақтардың Цин агрессиясына қарсы күресі.
1758 ж. – Жоңғарияның құлауы
1771–1781 жж. — Абылай ханның ел билеуі.
1801ж. — Бөкей хандығының құрылуы.
1804–1846 жж. — Махамбет Өтемісов.
1836–1838 жж. — Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісі.
1836–1857 жж. — Отаршылдық езгіге қарсы қазақтардың Жанқожа Нұрмұхамедов бастаған қозғалысы мен көтерілісі.
1837–1847 жж. — Кенесары Қасымұлының Ресей отаршылдығына қарсы ұлт — азаттық қозғалысы.
1838 ж. — «Сібір қырғыздарын жеке басқару туралы ереженің» енгізілуі.
1839–1840 жж. — В. Л. Перовский басқарған Хиуа экспедициясы.
1841–1889 жж. — Ыбырай Алтынсарин.
1844 ж. — Кіші жүзді басқару жөніндегі жаңа ереженің енгізілуі.
1845 ж. — Ырғыздың (Орал бекінісі) салынуы.
1847 ж. — Қапал бекінісінің салынуы.
1848 ж. 10-шы қаңтар — Ұлы жүз әкімшілігінің құрылуы.
1848 ж. — Арал теңізінің жағасында Қосарал қалашығының салынуы.
1854 ж. — Верный (қазіргі Алматы, орта ғасырда Алмату) бекінісінің іргесі қаланды.
1854 ж. — Семей облысының құрылуы.
1856 ж. қыркүйек-1857 ж. қаңтар — Сырдария қазақтарының көтерілісі.
1858 ж. наурыз-шілде — Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда қырғыз бен қазақтардың Қоқан билеушілеріне қарсы көтерілісі.
1860 ж — Ұзынағашта (Жетісу) Қоқан әскерінің күйрей жеңілуі.
1864 ж. — Патша әскерінің Меркі, Түркістан, Әулиеата, Шымкентті басып алуы.
1867 ж. — Түркістан генерал-губернаторлығы құрылды.
1869 ж. — Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс.
1872 ж. — Бөкей хандығы жерінің Астрахан губерниясына қосылуы.
1873 ж. — Орыс әскерінің Хиуаға жорығы.
1880–1888 жж. — Каспийдің шығыс жағына темір жол салынуы.
1881–1884 жж. — Ұйғыр мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.
1889–1905 жж — Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы.
1905 ж. — Успен руднигіндегі ереуіл.
1911 ж. — Доссорда мұнай кәсіпшілігінің ашылуы.
1913 ж. 29 көкек — Торғай облысының Айдарлы кеніндегі жұмысшылар ереуілі.
1914 ж. қаңтар — Доссор мұнай-кәсіпшілігіндегі жұмысшылар ереуілі.
1916 ж. маусым — Қазақстанда ұлт-азаттық қозғалысының басталуы.
1917ж. көкек-маусым — Орынборда, Петропавлда, Верныйда (Алматыда), Әулиеатада (Таразда), Перовскіде (Қызылордада), Семейде, Шымкентте жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің құрылуы.
1917 ж. шілде — Бірінші жалпықазақ съезі
2015 жыл – Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл
2015 жыл – Қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 180 жыл
1917 ж. қазан-қараша – Перовскіде, Әулиеатада, Шымкентте, Орынборда кеңес үкіметі орнады.
1917 ж. 14 қараша – Орынборда Әскери-төңкерістік комитеттің құрылып қаладағы бүкіл өкімет билігінің өзіне көшкендігін жариялауы.
1917 ж. 20 қараша – РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің «Россия мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуін қабылдауы.
1917 ж. қараша-желтоқсан – Петропавлда, Оралда, Қостанайда, Ақмолада Кеңес үкіметі орнады.
1918 ж. қаңтар-наурызда – Ақтөбеде, Павлодарда, Семейде, Верныйда Кеңес үкіметі орнады.
1918 ж. 14 мамыр – РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Ә. Жанкелдинді Дала өлкесінің төтенше комиссары етіп тағайындауы.
1918 ж. 20 шілде-11 қараша – Мәскеуден Ақтөбе майданына қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізу жөніндегі Ә. Жанкелдиннің экспедициясы.
1918 ж. 10 қыркүйек-1919 ж. 14 қазан – Черкасск ерлік қорғанысы.
1919 ж. 22 қаңтар – Қызыл Армияның Орынборды азат етуі, Түркістанның еліміздің орталығымен төте байланысын қалпына келтірілуі. Ақтөбе майданының жойылуы.
1919 ж. 24 көкек-11 шілде – Оралдың ерлік қорғанысы.
1919 ж. 16 маусым – В. И. Лениннің Орал қаласының қаһарман қорғаушыларына жолдаған құттықтау телеграммасы.
1919 ж. 10 шілде – РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің «Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі Төңкерістік комитет туралы» В. И. Ленин қол қойған декреті.
1919 ж. 11 шілде – 25-ші Чапаев дивизиясының Орал қаласын азат етуі.
1919 ж. 19 тамыз – Қызыл Армияның Қостанайды азат етуі.
1919 ж. 30 қазан – Қызыл Армияның Петропавлды азат етуі.
1919 ж. 12 қараша – Қызыл Армияның Көкшетауды азат етуі.
1919 ж. 26 қараша – Қызыл Армияның Атбасар мен Ақмоланы азат етуі.
1919ж. 30 қараша – Қызыл Армияның Павлодарды азат етуі.
1920 ж. 26 тамыз – Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті мен РКФСР Халық комиссарлары Кеңесінің В. И. Ленин мен М. И. Калинин қол қойған «Автономиялық Қырғыз (Қазақ) Кеңес Социалистік Республикасын құру туралы» декреті.
1920 ж. 4–12 қазан – Қазақ АКСР Кеңестерінің бірінші съезі.
1925 ж. 15–19 сәуір – Қазақ АКСР Кеңестерінің бесінші съезі. Қазақ халқының тарихи дұрыс атын қалпына келтіру туралы қаулы.
1925–1929 жж. — Республика астанасы – Қызылорда.
1925–1933жж. — Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф. И. Голощекин.
1926 ж. 20 мамыр – Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің егіндік және шабындық жерлерді қайта бөлу туралы қаулысы.
1928 ж. - тұңғыш жоғары оқу орны – пединституттың ашылуы.
1928 ж. 27 тамыз — Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің жартылай феодал-ірі байлардың мал-мүлкін тәркілеп, оларды жер аудару туралы декреті.
1928ж. 20 желтоқсан — Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің латын алфавитіне көшу туралы қаулысы.
1929 ж. мамыр – Қазақ АКСР астанасының Қызылордадан Алматыға көшірілуі.
1929 ж. — зооветеринария институтының ашылуы.
1929 ж. 1 мамыр – Түркістан-Сібір /Түрксиб/ темір жолының ашылуы.
1929–1931 жж. — Күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер.
1929–1933 жж. — Қазақтардың аштан қырылуы және республикадан ауа көшуі.
1930-шы жылдар – Жаппай жазалау.
1930 ж. 27 тамыз – Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің "Жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқуды енгізу туралы” қаулысы.
1931 ж. — медицина институтының ашылуы.
1932 ж. ақпан – Қазақстанда: Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының құрылуы.
1932 ж. 8 наурыз – КСРО Ғылым академиясының Қазақстан базасының құрылуы.
1932 ж. қаңтар – Шымкент қорғасын зауытының бірінші кезегінің іске қосылуы.
1934 ж. — Қазақ мемлекеттік университетінің ашылуы.
1936 ж. — Қазақ АКСР-інің одақтас республика болуы.
1937 ж. — Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы.
1941–1945 жж. — Ұлы Отан соғысы.
1941 жыл 22 маусым- Ұлы Отан соғысының басталуы,
Қазақстан соғыс жылдарында.
1941- шілде бірінші болып 316-шы атқыштар дивизиясы ұйымдастырылды.
1941 жылы- автоматшы, пулеметші, мерген, граната лақтырушы, байланысшы, радиошы, телефонист, т. б. әскери мамандықтары бойынша 134083 адам даярлап шығарды.
1941 жыл- Соғыстың алғашқы жылдары Қазақстанға батыс аудандардан эвакуацияланған 532,2 мың адам баспана мен жұмыс тапты, сонымен бірге 50 мың маманданған жұмысшылар, инженер- техник қызметкерлер және 970 мыңдай күштеп көшірілген поляктар мен немістер ауылдар мен селоларға орналастырылды.
1941 жыл
тамыз- 316- атқыштар дивизиясы майданға аттанды.
1941 жыл қыркүйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев ленинградтықтарға
«Ленинградтық өренім» деген жырын арнады.
1941 жыл 17 қарашадағы Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің қаулысы бойынша 316- атқыштар дивизиясы жаппай ерлік көрсеткені үшін 8- гвардиялық дивизиясы болып аталды. Дивизия Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ауыр соғыста
генерал И. В. Панфилов қаза тапты. Дивизияшылар өздерін
«Панфиловшылармыз» деді.
1941 жыл
6 желтоқсанда Алматы аэроклубынан 662 – авиациялық полк майданға аттанды.
1941 ж. - экономиканың соғыс жағдайына бейімделуі, әскери бөлімдердің жасақталуы.
1941 ж. 16 қараша – 28 гвардияшы-панфиловшылардың Москва түбіндегі Дубосеково разъезінің жанындағы қаһармандық ерлігі.
1942 қаңтар — ақпанында табандылықпен, ерлік көрсеткен, аты аңызға айналған 28 панфиловшыға
Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1942 ж. 3 қыркүйек – Орал және Гурьев облыстарында әскери жағдайдың енгізілуі.
1943 ж. 20 қаңтар – Ақтөбе ферросплав зауытының бірінші кезегі іске қосылды.
1943 ж. 25 сәуір – Қаратау кен-химия комбинаты халықтық құрылысының бірінші кезегі салынып бітті.
1944 ж. 31 желтоқсан – Қазақ металлургиялық қайта өңдеу зауытының бірінші мартен пеші қатарға қосылды.
1944 ж. 26 қазан – КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыру туралы қаулысы.
1945 ж. 9 мамыр – неміс фашистерін талқандаған жеңіс күні.
1946 ж. 24 шілде – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде Қазақ КСР халық шаруашылығын дамытудың 1946–1950 жылдарға арналған бесжылдық жоспары туралы заң қабылданды.
1947 ж. 16 ақпан – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы.
1947 ж. 25 қыркүйек – Өскемен мырыш зауыты қатарға қосылды.
1947 ж. 11 қаңтар – Қазақ КСР еңбекшілер депутаттары жергілікті Кеңестерінің сайлауы.
1949 ж. 10–19 мамыр – Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі он күндігі.
1950 ж. 23 желтоқсан – Текелі қорғасын-мырыш комбинаты іске қосылды.
1953 ж. 27 қазан – Мойынты-Шу темір жолы тұрақты пайдалануға берілді.
1953 ж. 20 желтоқсан – Ақмола-Павлодар темір жолы тұрақты пайдалануға берілді.
1954 ж. 28 ақпан – Қостанайға тың игерушілердің алғашқы тобының келуі.
1956 ж. 10 қазан – Қазақстанның колхоздары мен совхоздары мемлекетке мерзімінен бұрын 1 млрд. 340 мың пұт астық тапсырды.
1956 ж. 20 қазан – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының тың және тыңайған жерлерді игерудегі жетістіктері үшін Қазақ КСР-ін Ленин орденімен наградтау туралы жарлығы.
1957 ж. 4 қазан – Байқоңыр космодромынан жердің дүниежүзіндегі тұңғыш жасанды серігінің ұшырылуы.
1960 ж. 4 қаңтар – Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинатының бірінші кезегі іске қосылды.
1960 ж. 2 шілде – Қарағанды металлургия зауытының бірінші домнасы іске қосылды.
1960 ж. 1 желтоқсан – Қарағанды металлургия зауытында кокс батареясы іске қосылып, Қазақстанның тұңғыш коксі алынды.
1962 ж. 3 қаңтар – Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинатындағы сарыбай руднигінің екінші кезегі іске қосылды.
1963 ж. 26–27 ақпан – жас шопандардың республикалық 1 слеті.
1964 ж. 29 маусым – Мақат-Ақтау темір жолының құрылысы аяқталды.
1965 ж. шілде – Өзен мұнай-газ кен орнының бірінші кезектегі объектілерін салу аяқталып, Маңғыстаудың алғашқы мұнайы алынды.
1965 ж. қазан – Жетіқара асбест комбинатының бірінші кезегі қатарға қосылды.
1966 ж. қазан – Республика мемлекетке 1 млрд. 37 млн. пұт астық тапсырды.
1967 ж. шілде – Қазақ КСР мәдениеті мен өнерінің Мәскеудегі күндері.
1968 ж. 1 ақпан – Есіл су құбыры /1748 км/ іске қосылды.
1969 ж. 17 қараша – Қазақстан колхозшыларының III съезі.
1970 ж. 28 тамыз – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР-і, Қазақстан Компартиясының құрылғанына 50 жыл толуына арналған бірлескен салтанатты мәжілісі.
1971 ж. 27 қазан – Алматыда В. И. Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы Ғылымдары академиясының Шығыс бөлімшесі құрылды.
1972 ж. 28 желтоқсан - «Медеу» бірегей спорт комплексі пайдалануға берілді.
1973 ж. 4–9 қыркүйек – Алматыда Азия мен Африка елдері жазушыларының бесінші конференциясы болды.
1974 ж. 15 наурыз – Алматыда тың және тыңайған жерлерді игерудің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.
1975 ж. 5 наурыз – Павлодар трактор зауытының конвейерінен 100 мыңыншы «Қазақстан» тракторы шықты.
1975 ж. 28 қыркүйек – Ермак ГЭС-і толық жобалық қуатында іске қосылды.
1977 ж. — Қазақстанда жоғарғы оқу орындарының саны 50-ге, арнаулы оқу орындарының саны 220-ға жетті.
1978 ж. — Қазақ тілінде 12 томдық Қазақ Совет энциклопедиясын шығару аяқталды.
1979 ж. 16 маусым - Қазақстанда неміс автономиясын құруға қарсы Целиноградтағы (Ақмоладағы) шеру.
1979 ж. желтоқсан – Ауған соғысы. Оған 21979 қазақстандық қатысты.
1980 ж. мамыр – Екібастұз отын-энергетика комплексінде қуаты жылына 50 млн. тонна көмір беретін «Богатырь» разрезі іске қосылды.
1981 ж. 15 шілде – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі халық депутаттары Кеңестерінің шаруашылық құрылыстағы рөлін арттыру туралы қаулысы жарияланды.
1982 ж. 30 қараша – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы Қазақ КСР-нің 1990 жылға дейінгі кезеңге арналған Азық-түлік бағдарламасын мақұлдады.
1986 жыл 16 желтоқсан - Қазақстан Компартиясы ОК Ү Пленумы Д. А. Қонаевты орнынан алып, республиканың бірінші басшысы қызметіне Г. В. Колбинді тағайындады.
1986 жыл 17–18 желтоқсан – Г. В. Колбиннің Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті бірінші хатшысы болып сайлануымен байланысты республика жастарының наразылығы күндері.
1989 жылғы қыркүйек — «Қазақ КСР-дегі тіл туралы Заң» қабылданды.
1989 жыл маусым – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
1990 жыл 24 сәуір – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н. Ә. Назарбаевты республиканың алғашқы Президенті етіп сайлады.
1991 жыл – Қазақстан жерінде Семей полигонындағы ядролық жарылыс тоқтатылды.
1991 жыл 2 қазан – Бірінші қазақ Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1991 жыл 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Егеменді, өз алдына тәуелсіз мемлекет деп жарияланды.
1992 жыл 30 қаңтар- Қазақстан ЕҚЫҰ-ға мүшелікке кірді.
1992 жыл наурыз – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
1992 жыл 4 маусым – Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.
1992 жылы қазан – Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы Алматыда болып өтті.
1993 жыл 28 қаңтар – Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.
1993 жыл 12 қараша - «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шықты.
1994 жыл 30 маусым – қазақ халқының екінші қыраны ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.
1994 жыл 6 шілде – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезекті жалпы отырысында Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы мақұлданды.
1995 жыл 29 сәуір – Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімі 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.
1995 жыл 30 тамыз – Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.
1997 жыл 10 қазан – Президенттің жарлығымен мемлекеттің астанасы болып Ақмола жарияланды.
1997 жыл 11 қазан – Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына «Қазақстан-2030» Жолдауын қабылдады.
1999 жыл 10 қаңтар – Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып қайтадан сайланды.
1999 жыл 11 маусым – Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы жарияланды.
1999 жыл 28 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 2000 жыл-Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды.
2002 жыл. 12 маусым Лиссабон хаттамасына қол қойды. Онда «Терроризмді тоқтату оның қауіпсіздігіне бірігіп күресу.» қарастырылған.
2005 жыл 18 ақпан - «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңарту жолында» атты ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
2005 жыл 4 желтоқсан – Қазақстан Республикасының президенті сайлауында Н. Ә. Назарбаев Президент болып сайланды.
2006 жыл 1 наурыз – ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында” атты жолдауы жарияланды.
2007 жыл 28 ақпан – ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына „Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан“ Жолдауы жарияланды.
2008 жыл 7 ақпан – Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты туралы Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
2010 жыл қаңтар. Еліміздің президенті 2010 жыл ЕҚЫҰ-ға бұрынғы ТМД елдері арасында алғашқы болып төрағалық етті.
2011 жыл Қазақстан Президенті Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етеді.
2011жыл ақпан. Азия елдері арасында қысқы спорттық Олимпиада ойындары болды.
2011 жыл 25 қазан. ”Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” Заң қадылданды.
2012 жыл сәуір. Қазақстан халық Ассамблеясының 19-шы сессиясы болды.
2012 жыл мамыр 4-ші Әлемдік және дәстүрлі Діндер құрылтайы.
2012 жыл желтоқсан. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың „Қазақстан-2050 стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты“ Қазақстан халқына жолдауы қабылданды.
2013 жыл сәуір. Қазақстан халық Ассамблеясының 20-шы сесиясы.
2013 жыл 4–5 қыркүйек. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Ресей Президентінің шақыруымен Әлемдегі ірі -20 ел самитіне қатысты. Онда Сирия мәселесі қаралды.
2013 жыл 9 қыркүйек Астанада ТМД елдерінің ішкі істер басшыларының кеңесі болды.
2013 жылы 18 қазан „НұрОтан“ партиясының ХVсъезіболды.
2014 жыл 17 қаңтар — Қазақстан Республикасының Президенті-Н. Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Бұл-
„ Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ“-Егемен еліміз- дің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған тарихи құжат.
2014 жыл 29 мамыр — Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің басшылары
Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойды.
2014 жыл 12 қараша — Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Жолдау Қазақстанның жаңа экономикалық саясатын айқындайтын
„Нұрлы жол – болашаққа бастар жол“ деп аталатын тарихи маңызы өте зор мәселелерді көтереді.
2015 жыл 24–25 ақпан — Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт Министрлігі ұйымдастырған
»Алматы- Ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы " атты халықаралық конференциясы болып өтті
2015 жыл 11 наурыз — Астана қаласында Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының кезекті ХҮІ съезі болды. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Сайлауына үміткер ретінде түсуге келісімін бере отырып, қазақстандық мемлекеттілікті нығайтудың 5 реформасын ұсынды.
2015 жыл 26 сәуір — Кезектен тыс
Президенттік сайлауда белсенділік танытқан барша қазақстандықтар еліміздің бірлігі мен ынтымағының жарқын үлгісін көрсете білді. Сайлау науқанына халқымыздың 95,11% -зы бір кісідей қатысып, өз таңдауларын жасады. Елбасымыздың саясаты
— Қазақ елінің қарыштап дамуына үлесін қосты. Біздің халық Елбасы саясатын толықтай қолдап Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа өз дауыстарын берді.
Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы- 2015 жыл тамыздан бастап Алматы қаласының әкімі.
1974 жылдың 19 наурызында Алматы қаласында туған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 3 жоғары білімі бар: педагогикалық, сыртқы экономикалық және музыкалық.
2002 жылдардан бастап Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде бірқатар қызметтерді атқарды. 2009 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2013 жылдың қаңтарынан – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.
2015 жылдың тамызынан – Алматы қаласының әкімі.
2015 жыл 2 қыркүйек- Қазақтың 3-ші ғарышкері
– Айдын Айымбетов Ғарышқа ұшты
. 12 қыркүйекте аман –есен жерге қонды.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Союз ТМА- 16 М» экипажының мүшелерімен: кеме командирі- Г. Подалка, Бортинженерлер- Андреас Могенсен және Айдын Айымбетовпен кездесті. Экипаж мүшелерін аман-есен оралуымен және Халақаралық ғарыш стансасындағы маңызды миссияларының аяқталуымен құттықтады.
2015 жыл 30 қараша- Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына
«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын
жолдады.
30 қараша- 11 желтоқсан 2015 жыл аралығында Парижде Бүкіләлемдік экономикалық саммит өтті.
БҰҰ-ның әлемдік климаттың өзгерісі жайлы конвенциясының 21 –ші конференциясы болды.
2015 жыл 21 желтоқсан – Н. Ә. Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесіне және Жоғарғы Еуроазиялық Экономикалық кеңес отырыстарына қатысты. 2016 жылы Қазақстан ЕАЭК –те төрағалық етеді.
2016 жыл 29 қаңтар – ҚР «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХҮІІ съезі болды. Съезге екі мыңнан астам адам қатысты, олардың қатарында республиканың барлық өңірінде өткен конференцияларда сайланған делегаттар, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтердің басшылары, мәдениет және спорт қайраткерлері, дипломатиялық корпустың, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ұйымдарының, бастауыш партия ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Съезд қорытындысы бойынша парияның Сайлауалды бағдарламасы қабылданып, а. ж. 20 нарызда өтетін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің сайлауына үміткерлердің партиялық тізімі бекітілді. Сонымен қатар съезд партия Саяси кеңесінің құрамындағы өзгерістерді қарады.
2016 жыл 20 наурызда – Кезектен тыс ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы болды. Сайлауға қатысу көрсеткіші 77 пайыздан асып, айқын басымдықпен жеңіске жеткен "Нұр Отан " партиясына қазақстандықтардың 82 пайызы дауыс берді. «Нұр Отанға»- 84 мандат, «Ақ жол» мен ҚКХП- ға 7 мандаттан берді.
2016 жыл 26 сәуір – Қазақстан халықтар Ассамблеясының
ХХІҮ сессиясы болды. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев сессияға қатысып, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық Патриоттық акт қабылдады.
2018 жыл 10 қаңтар – ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев кезекті Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Жолдау
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталады. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік Революция (Индустрия 4.0) әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Біз саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға кірістік – дейді жолдауда.