Заман өзгерді ме, заманына қарай адам өзгерді ме?



Дата09.05.2023
өлшемі15,24 Kb.
#176262
Байланысты:
Заман өзгерді ме


Заман өзгерді ме, заманына қарай адам өзгерді ме?
Қара халық күйбең тіршіліктің күйін күйттеп жүргенінде жазбаша мәдениет артта қалып бара жатқандай көрінеді осы кездері. Жасанды интеллект пен нанотехнология үстемдік алған дәуірде газет, журнал, кітап сықылды қағазға басылған әріптердің әрі кетіп, шәй ішіп отырып оқу «сәннен» шығып, жазылып жатқан дүниелер мәнін жоғалтып жатқандай ма, қалай өзі?
Дегенменен, осы уақытқа дейін жеткен қандай ілімді, қандай ғылымды алсаңыз-дағы, барлығына тірек – қолжазбалар, яғни, жазу арқылы жетіп, сол саланы одан ары дамытуға үлкен септігін тигізуде. Тарих, саясат, әдебиет, мәдениет, есеп-қисап негіздері, тіптім, жер бетіндегі алғашқы адамдардың өмір сүру салты мен дәстүрлері де иероглиф, петроглиф, түрлі жазба тақтайлар – жазбаша мәдениет арқылы жеткені «тайға таңба басқандай» айнадайын анық, ақиқат екендігі даусыз, сөзсіз мақұлданатын болса керек.
Біршама білім-ғылымның бастамасы болып саналатын қайнар бұлағы – Ежелгі Грециядан шыққан жазбаша туындылар күні бүгінге дейін кеңінен қолданылуда. Аристотельдің «Саясат» атты кітабы, өз заманында бір ел ішіндегі бірнеше мемлекеттің басқару жүйелерін сипаттай, талдай, сыни көзқарастарын қоса отырып, артықшылығы мен кемшіліктері сараланған жазба. Сол басқару жүйелері әлі де қолданылуда. Бұл жазба бүгінде, саясаттанудың негізгі тірегі, бастамасы.
Өзіміздің әдебиетте, қыз-әйел, теңдік – қыз баласының ұл баламен қатар жүріп, ілім іліп, білім алуының маңыздылығы, халық ағарту мәселелері тілге тиек болатын: 1910 - жылы жарық көрген, Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» атты қазақтың тұңғыш романы; Жүсіпбек Аймауытұлының «Күнікейдің жазығы», «Ақбілек» шығармалары; Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы; Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» туындысы ашық аспанымыздың астына қағазға басылып жеткендігі, әлі де өзекті, мәнісін жоғалтпаған мәселелер екендігін айтпасам да түсінікті болар...
Аударма саласында қажырлы еңбек құрып, елеулі үлес қосқан кісілерді де атап өткен жөн болар. Сөз басында атап өткен, грек жазбаларының басым көпшілігін аударған – Әбу Насыр Әл-Фарабидің мәдени мұрасы мол. Қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы – Ахмет Байтұрсынұлының өскелең ұрпақтың білім алуына, жастардың болашағына алаңдаушылық танытып жүріп қыршынынан қиылғандығы саналы қазақ жасының жадында болар. Ахмет Байтұрсынұлының шет елдік көркем әдебиеттің көрнекті өкілдерінен туған туындыларды ана тілімізге аударған. Сол аударылған мысалдар бүгінгі тұрмыста кеңінен қолданылуда.
Айтылғысы келген ой қандай? Жастар оқымайды емес әрине, оқиды. Кеуде кернер қуаныш пен көңілге құмалақтай кірбің түсіретін бір сәті бар сияқты ма, қалай. Оқитынымыз шетелдік классика, қазақтың әдебиеті жетім қыздың тойындай боп елеусіз қалып жатқан сыңай танытуда. Қазақтың көрнектілерінен туған көркем шығармалардың қияпаты бөлек қой, оқыған адам қазақ тілінің кенішіне кенелгендей болары сөзсіз. Жазылып жатқан дүниелер де жоқ емес, бар болса керек, дегенмен жеткілікті дәрежеде желеп-жебелмейтіндей....

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет