Зертханалық жұмыс №6 Бас қанқасы



Дата30.12.2021
өлшемі18,42 Kb.
#106906
Байланысты:
6 лаб анат


Зертханалық жұмыс №6

Бас қанқасы

Бас қанқасын құрайтын сүйектер басқа сүйектерге карағанда күрделі дамыған және қүрылысы алуан түрлі болып келеді. Атқаратын кызметтеріне сәйкес бас қанқасы ми сауыты және бет бөлімі сүйектеріне бөлінеді.

Адамда ми сауыты бет бөлімінен үлкен болады, бұл адам миының үлкен болуына байланысты.

Тақырыбы: Бас сүйектері.

Мақсаты:І.Ми сауытымен бет бөлімі сүйектерінің құрылысын және олардың өзара
байланыстарын атқаратын қызметтеріне сәйкес қарастыру.

Жоспар:


  1. Ми сауытының, сүйектері, олардың пішіні, топографиясы және анатомиялык құрылысы.

  2. Бет сүйектері, олардын пішіні, топографиясы және анатомиялық қүрылысы.

3. Бас сүйектерінін топографиясы, оның негізімен қақпағының анатомиялық сипаттамасы.

4. Бас сүйектерінін өзара байланысы.

Тапсырма:

I. Ми сауыты және бет сүйектерінің, анатомиялық құрылысымен танысу.

1. Тақ және жұп сүйектерді анықтау.

2. Сүйектердің анатомиялық құрылысының ерекшеліктерін, бөлімдерін анықтау.

3. Сүйектердің қазақша-орысша-латынша аттарын жазу, оларды жаттау.

II. Бас сүйектерінің топографиясымен танысу:

1. Бас қаңқасының негізін (немесе табынын) құрайтын сүйектерді анықтау.



2. Ми қақпағын (немесе күмбезін) кұрайтын сүйектерді анықтау.

3. Бас сүйектері түзетін қуыстар, тесіктер,ойыстарды анықтау.

III. Бас сүйектерінің өзара байланысын зерттеу:

1. Қозғалыссыз байланыстарды анықтау.

а) жіктердің түрлерін (тәжді жік, өк жік, ламбда жік және қабыршақ жік) және олардың қандай сүйектерді байланыстырып тұратындығын табу

2.Бас сүйектерінің байланысуынын жасқа байланысты ерекшеліктерін анықтау.

3. Қозғалмалы байланысты анықтап, оған сипаттама беру:



а) буынның аты, оны түзетін сүйектер.

ә) буынның түрі, пішіні, біліктері арқылы болатын қозғалыстар.



б) буын байламдары, олардың маңызы.

4. Бас сүйектерінің қазақша-орысша-латынша атауларының сөздігін құру.



Қолданылатын құралдар:

  1. Адам қанқасы.

  2. Бас қанқасы.

  1. Бас қаңқасын құрайтын жеке сүйектер.

  2. Таблицалар.

Әдебиеттер:

1. Дайырбекова М.М., "Адам анатомиясының практикумы", 50-60 бет-тер.

2. Керімбеков Е., "Адам анатомиясы", 40-52, 69-71беттер.

3. Курепина М.М., Воккен Г.Г., "Анатомия человека" (атлас), 16-19 беттер.



Дайындайтын сұрақтар:

  1. Бас қаңқасының, бөлімдері, олардың, сипаттамасы.

  2. Бас сүйектерінің адамға тән ерекшеліктері.

3. Ми сауыты сүйектері, топтары, анатомиялық құрылысы.

а) жұп сүйектер, олардың орналасуы, құрылысының ерекшеліктері.

ә) тақ сүйектер, олардың орналасуы, құрылысының ерекшеліктері.

4. Бас сүйектерінің топографиясы.

а) бас қаңқасының негізін құрайтын сүйектер
ә) бас қаңқасының күмбезін құрайтын сүйектер

б) мұрын қуысының анатомиялық сипаттамасы

в) көз шарасының анатомиялық сипаттамасы

г) ми ойыстары мен ойпаттарының түзілуі

5. Бас сүйектерінің өзара байланыстары:

а) қозғалыссыз байланыстар, олардың, түрлері, сипаттамасы

ә) қозғалмалы байланыс, оның сипаттамасы

б) бас сүйектерінің арасындағы байланыстардың адам жасына сәйкес өзгеруі



  1. Адамның бас қаңқасына тән ерекшеліктер.

  2. Бас сүйектерінің дамуы.

  3. Бас өлшемдері және краниологиядағы реакциялық (нәсімшілдік) теория.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет