ЗЫҒЫР МАТАЛАРДЫҢ АССОРТИМЕНТІ Зығыр матасының ассортиментінің басқалардан ерекшелігі жеке дана бүйымдарды көптеп шығаруы, мысалы сүлгі, дастархан. Зығыр матасының ассортименті он алты топқа бөлінеді, бүл топтың әрқайсысы зығыр және жартылай зығыр матасының топшасын қүрайды. Бар ассортименттің ішінен киімді жасау үшін матаның шекті саны қолданылады. Топқа бөлінген зығыр маталарының негізгі белгісі олардың қүрылымының немесе арналуының ерекшелігі болып табыла- ды, ал топшаларға олар талшықтық қүрамы бойынша бөлінеді. 164 Зығыр матасының ассортиментінің барлығы тігін өнеркәсібінде қолданбайды, сондықтан зығыр матасының кейбір топтары ғана қарастырылады. Зығыр матасының ассортиментін зерттеу барысында, олардың артикуляция жүйесінің барын ескеру керек, яғни алғашқы екі саны топтың нөмірін, ал үшіншісі - топша нөмірін көрсетеді.
Зығыр маталары таза зығырлы және жартылай зығырлы бо- лып өндіріледі. Жартылай зығыр матасында әдетте мақта иірімжібін негізінде, кейде арқауында пайдаланады. Соңғы кездері негізгі виско- залы жібекпен, 50-70% лавсаннан түратын, зығыр иірімжібінен мата- лар өндіріле басталынды. Зығыр маталардың мақта матасынан айырмашылығы қалыңырақ иірімжіптен жасалған (18-166 текс), олар негізі және арқауы бойынша бірдей, көбінесе жаймалық өрімнен, ал жаккардты және үсақ өрнекті өрімдерден сирек өндіріледі. Зығыр маталары негізінде ағартылған, жартылай ағартылған және сүрыпты, меланжды, ала шүбар, тегісбоялған, баспа суретті болып шығарылады. Зығыр маталары жоғары салмақты, қалың, қатты, берік және созылғыштығы аз болады. Олардың гигиеналық қасиеті жақсы, бірақ жылу сақтағыштығы өте төмен, осыған байланысты бүл матаны қыстық киімдерде қолданбайды. Матаның беті тегіс және жылтыр. Тегістіктің арқасында пішу кезінде мата беті жылжуға қабілетті. Қаттылығына байланысты зығыр маталары кесуде үлкен қарсылық көрсетеді. Бүйымды тігу барысында олар қиындық туғызбайды, бірақ қаттылығының сал- дарынан қүрылымы инемен бүзылуы мүмкін. Зығыр маталарының кемшілігі оның қатты қыртыстануы, сондықтанда олардың қасиетін жақсарту үшін штапельді лавсанды қоспаға қоса бастады. Лавсанды зығырлы маталар (50-67 %) сыртқы түрі әдемі, аз қыртыстанғыш және жуу кезінде отырмайды (1% аз емес), олардың тозуға төзімділігі едәуір жоғары. Ылғалды-жылумен өңдеуде зығыр лавсанды маталар 140-180°С температура кезінде жүмсақ ылғалды әлсіз үтіктеуден өтеді. Температураның жоғарылауы және ылғалдыльщ түстің өзгертуі және қатты кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін. Жайма - классикалық зығыр матасы. Мақта негізінде алынатын жартылай зығыр және зығыр матасы. Таза зығырлы жайма қаттырақ, тегіс, жылтыр және жартылай зығырға қарағанда тез жуылады. Таза зығыр жаймасы 18-166 текс ылғалды иірулі иірімжіптен алынады және сызықтық тығыздығына байланысты қолданылған иірімжіптер өте жүқа, орташа жартылай дөрекі және дөрекі болып бөлінеді. Өте жүқа зығыр жаймасы зығырлы бәтес деп аталынады. Жіңішке жайманың ені - 80-90 см, ал қалың 165 кең жайманың ені - 138-200 см, зығыр жаймасының үстіңгі бетінің тығыздығы - 106-300 г/м2 . Жартылай зығырлы жайма арқауында 25-29 текс сызықтық тығыздықты мақта иірімжібі, негізсіне 45-71,5 текс зығыр иірімжібі пайдаланылады, олардың үстіңгі бетінің тығыздығы- 140-210 г/м2 , ені - 90-180 см. Өңделуі мен түстік дайындамасына байланысты жаймалар сұрыпталған, ақ, жартылай ақ, жолақты, торлы және ақ түспен боялған иірімжіптің кезектескен ала шұбарлы болып бөлінеді. Жайманың жаңа ассортиментіне ашық баспалы суретті сұрыпты, ақ және жартылай ақ жаймалар кіреді. Зығырлы жаймалар қалыңдығына, боялуына және өңделуіне қарай қолданылады. Ең кең тараған жайма төсек-орын тыстары. Жұқа жаймалар бет орамал мен ішкиімдерде, ал тығыз ала шұбар маталар мен баспалы суретті жаймалар көйлекке, костюмге және күртешеге пайдаланылады. Тұрақты ырғақта ірі жолақтағы ала шұбарлы зығыр жаймасы сатылы деп аталады. Сәнді төсек жаймасына, дастарханға, сүрткішке, сүлгіге арналған ірі өрнекті өрімді маталар қамқалы болады. Тігін өндірісінде зығыр жаймалары көп қиындық туғызбайды: яғни олар жеңіл төселеді, созылмайды, бояуы жұқпайды, бірақ дөрекі жай- ма кескенде көп қарсылық көрсетеді. Біріктіруші инешаншымға № 110-130 инелері және № 30-60 мақта жіптері қолданылады. Құрылымы бойынша жайма біртегіс тығыз, сол үшін олардың негізі мен арқауы бағытындағы отыруы бірдей және 3-7 % құрайды. Костюмдік-көйлекті маталар - зығыр матасының ассортиментінің ең көп тез дамыған түрінің бірі. Костюмді матаның беттік тығыздығы - 250-290 г/м2 , көйлектікі - 100-220 г/м2 . Костюмді-көйлекті маталар тегіс боялған, ағартылған жартылай ақ түсті (кенеп, рогожка) болып шығарылады, ал атласты және ұсақ өрнекті өрімді, 45-85 текс сызықтық тығыздықты ылғалды иірілген иірімжіптен өндіріледі. Бұл артикулдар қатары сақталған, таза зығыр матасының үлкен тобы. Жартылай зығырлы костюмді-көйлекті матаның екінші топ- шасы бірінші топтан көп және әртүрлі. Соңғы жылдары әсіресе көйлекке, жейдеге, ерлер жейдесіне, костюмге, джинсаға, жастар мен балалардың спорттық киімдеріне арналған жаңа құрылымды маталар ассортименттері кеңінен таралған. Жұқа ерлер жейдесі және әйелдер көйлегінің жеңілдетілген құрылымды матасы төменгі сызықты тығыздықты иірімжіптен өндіріледі. Зығырлы, мақталы иірімжіп пен химиялық жіптің әртүрлі үйлесімділігі қолданылады. Бұл маталар жаймалық өріммен жасала- тын тегіс бетті немесе өрімді және әртүрлі сызықтық тығыздықты ара- лас жіптен жасалған ұсақ құрылымды бетті түзеді. 166 Жеңілдетілген көйлектік маталар тығыз және сирек кезекте- скен жолақты, орташа сызықтық тығыздықты, үсақ өрнекті өрімнен жасалған зығырлавсанды және мақталы иірімжіптен өндіріледі. Ме- ланжды әсерлі маталар бояуларды әртүрлі қабылдайтын, талшықтар қоспасын пайдалану арқасында алынады.
Бүдырлы әсерлі маталарды жіпке штопортүріндегі бүйралықты беретін, өзінің серпімділігінің арқасында зығыр иірімжібін жинайтын, капронды жіппен ширатылған, зығыр жібінен өндіреді. Екінші топшаға әйелдер жазғы пальтосына арналған, біршама ауыр, дөрекі қүрылымды, түстік лавсан қосылған, зығырлавсанды иірімжіптен жасалған, жүнге үқсас созылымды әсем немесе кедір- бүдыр бетті маталар, әртүрлі қүрылымды - қалың және жүқа, оты- руы жоғары қүрылымды зығырлы, мақталы, вискозды, синтетикалық жіптермен жасалған маталар. Әртүрлі өрімді маталар, оның ішінде ірі өрнекті, нақты көрінбеген жуылған жолақты ала шүбар суретті, фото- фильмбаспа әдісімен жағылған баспа суретті маталар және саржалық өрімді жоғары тығыздықты джинсалы маталар жатады. Қатырма мата тобы тігін өндірісінде костюмнің, пальтоның алдыңғы бойына және басқа бөлшектерінде іштікретінде қолданылатын, қатырғы маталардың әртүрлі түрінің ассортиментін біріктіреді. Ма- талар бүйымның негізгі қаңкасының пішінін сақтауды қаматамасыз ететін жоғары қаттылықпен, аз созылымдылықпен, бүйымды созылу кезінде деформациядан сақтаушы қасиеттер сипатталады, мата ауа мен буды жақсы өткізеді. Қатырманың ассортименті сызықтық тығыздығы жоғары зығыр иірімжібінен жасалған, жаймалық өрімді сүрыпты матадан өндіріледі. Қатырмалар сүрыпты аппреттелмеген және аппреттелген болады, олардың кейбірі отыруын азайтатын, арнайы әрлеуден өткізіледі. 1 м2 қатырғының салмағы 230-362 г дейін ауытқиды. Бүл жағдай жоғарғы материалға сәйкес қатырманы таңдау кезінде ескерілуі қажет. Жоғарғы жеңіл мата үшін жеңілірек қатырғы таңдап алынады. Жеңіл қатырманы қалың пальтолық матаға пайдаланбайды, себебі қаттылықтың жетіспеушілігінен ол бүйым пішіннің сақталуын қамтамасыз етпейді, ал қалың ауыр қатырғыны сыртқы жеңіл матаға қолданса, ол артық ауырлық береді және дөрекі көрінеді. Қатырманың ені 66-150 см шекте ауытқиды. Парусин тобы жоғары тығыздықпен және массамен сипаттала- тын, жоғары сызықтық тығыздықты зығыр иірімжібінен жасалған, жаймалық өрімді, ауыр, суға төзімді маталар ассортиментін біріктіреді. 1 м2 матаның салмағы 742г жетеді, ені 70-95 см. Осы топқа жадағайлық, ангарлық, теңіздік парусиннің әртүрлі артикулдары енеді. Олардың көпшілігі қосымша суға төзімділікті әрлеуден өтеді. Парусиндер сүрыпты және тегісбоялған, зығырлы, жартылай зығырлы болады. Кейбір парусиндер, бес қабатты ширатылған, негізінде 167 және арқауында мақта иірімжібі бар, жоғары тозуға төзімділікті беретін мақтадан жасалады, олардың кейбір бөлігіде суға төзімділік әрлеуінен өткізіледі. Зығыр матасының қалған ассортименті - яғни екі жіпті, равентух- тар, олардан ораушы және қаптық маталарға қолданылады.