Zoom неге тиімсіз? Zoom біздің көпшілігіміз ка­ран­­тинге дейін білмейтін бейнекон­фе­ренция алаңы



бет1/5
Дата23.12.2021
өлшемі1,19 Mb.
#128375
  1   2   3   4   5
Байланысты:
zoom,инфографика, canva
zoom,инфографика, canva, Ýêçàìåíàöèîííûå òåñòû

Zoom

Zoom неге тиімсіз? Zoom – біздің көпшілігіміз ка­ран­­тинге дейін білмейтін бейнекон­фе­ренция алаңы. Наурыздың аяғында оның қаржысы 29 млрд долларға дейін өсті, яғни бұл кез келген америкалық авиакомпанияға қарағанда қымбат тұ­рады. Бұл оқшаулануға мәжбүр бо­лу­дан туындаған сұраныс екені мә­лім. Zoom Video Communications бас кеңсесі Калифорния штатының Сан-Хосе қаласында (АҚШ) орналасқан және қашықтан конференция өткізе­тін бағдарламамен айналысады. Ком­панияны 2011 жылы Эрик Юань құрған. Сервистің өзі 2013 жылы іске қосылды, іске қосылғаннан кейін бірден оған млн пайдаланушы қосылды, 2014 жылдың жазында ол 10 млн-ға жетті, ал 2015 жылға қарай Zoom қызметін 40 млн жеке тұлға мен 65 мың ұйым пайдаланды (Би-Би-Си). Бағдарламаның тегін нұсқасына 100 адамға дейін қатыса алады, бұл жағдайда бейнеконференция 40 минутқа дейін созылуы мүмкін.

Егер пайдаланушыға қатысушылардың көбірек санын қосу немесе олармен ұзақ сөйлесу қажет болса, сізге айына 15 долларды құрайтын ақылы нұсқаға көшу керек. Бұл жағдайда, тегін нұсқада жеке бейнеқоңыраулар шектелмейді. Zoom-ға компьютерден де, смартфоннан да қосыла аласыз. Қоңырау шалуға, хат жазуға және конференция барысында қатысушыларға хабарлама жазуға да болады. Zoom-ның негізін қалаушы миллиардер Эрик Юан әлемде карантин басталғаннан бері платформаны пайдаланушылар саны өскенін, қазіргі уақытта оны күніне 200 млн адам пайдаланатынын айтады. Алайда Сан-Хосе (АҚШ) федералды сотында Zoom компаниясы үшінші тарап компанияларына, атап айтқанда Facebook-ке және басқа да әлеуметтік желілерге деректерді жіберді деп айыпталды. The Guardian iOS қолданбасы әлеуметтік желіде тіркелмеген болса да Facebook-ке мәліметтерін жібереді деп жазды. Бұл ақпарат пайдаланушының орналасқан жерін және бағдарламадағы оның жеке мәліметтерін қамтиды, сол арқылы басқа компаниялар оған жеке жарнамаларын жібере алады.



Тағы бір мәселе 2020 жылдың қаңтарында табылды. Check Point израилдік киберқауіпсіздік компаниясы Zoom-дағы әңгімелерді тыңдауға және осындай парольмен қорғалмаған конференциялар ке­зінде таратылған барлық файлдарды алу­ға болатын кемшілігін анықтады. Ха­­керлер Zoom-дағы конференцияларды бұзу үшін түрлі порнографиялық бейнеро­ликтер жібереді. Америкалық бұқаралық ақпарат құралдарында ха­керлер нәсілшіл және жай ғана қор­лайтын хабарламалар жіберіп, конфе­рен­циялардың берекесін кетіргені жай­лы айтылады. Алайда БАҚ-тың хабарлауынша, хакерлер компьютерлер мен телефондардағы жеке ақпаратқа қол жеткізе алмайды.

Инфографика


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет