§ 1 «Орталық Азия» ұғымының тарихи және географиялық негіздері


§ 4. Орталық Азияда өркениттің пайда болу факторлары



бет2/21
Дата13.11.2023
өлшемі83,52 Kb.
#191240
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Тест сұрақтары

§ 4. Орталық Азияда өркениттің пайда болу факторлары
1. «Неолиттік төңкеріс» деген атауға ие болған уақыт? Б.з.б 6-5 мыңжылдық
2. Неолиттік төңкерістің ең маңызды қадамдарының бірі? Егіншілік пайда болды, отырықшылыққа көше бастады.
3. Б.з.б. 6 мыңжылдықта Оңтүстік Түрікменстанда орталық Азия бойынша алғаш рет жер өңдеп, дәнді дақылдарды өсіруді меңгерді? Жейтундықтар
4. Еуразия даласында дөңгелікті көлік пайда болған уақыт? Б.з.б 3 мыңжылдық соңында
5.Еуразия даласының климаты құрғақшылыққа ұшырай бастады? Б.з.б 3 мыңжылдықтың 2 жартысы
6. Жиналмалы киіз түрі пайда болды? Б.з.б. ІІ мыңжылдық


§ 5-6. Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары
1. Орталық Азияның отырықшы-егінші өркениетінің негізгі ошақтарының саны? 9
2. Б.з.б. 18-13 ғасырлардағы қола дәуірінде Орталық Азияның оңтүстігінде Мурғаб жазирасында қалыптасқан отырықшы мәдениет? Маргуш (Маргиан)
3. «Окс өркениеті» деп те аталған мәдениет? Маргуш (Маргиан)
4. Б.з.б. ІІ мыңжылдықта Маргуш (Маргиан)-ның астанасы болған қала? Гонур
5. Б.з.б. І мыңжылдықтың бірінші жартысында пайда болған қала? Мерв
6. Әмударияның төменгі сағасында орналасқан ірі аймақ, б.з.б 2-1 мыңжылдықта өмір сүрген өркениет ошағы? Хорезм
7. Хорезмнің астанасы – Топыраққала.
8.Әмудария мен Сырдария аралығындағы ірі егіншілік аймағында пайда болған қала? Мараканд (Самарқанд)
9.Соғдылардың астанасы болған қала? Самарқанд
10.Соғдылардың негізгі кәсібі? Сауда мен қолөнер
11. Мауренахрдың кейіннен Әмір Темір мемлекетінің орталығы болған қала? Самарқанд
12.Соғдының солтүстігінде орналасқан қала? Шаш
13. Шаш қаласының қазіргі атауы? Ташкент
14. Б.з.б 3-б.з. 6-шы ғасырларда өз билеушілері бар дербес мемлекет болған тау арасындағы ойпат? Ферғана
15.Қытай тарихшысы Сыма Цянның дерегінде Даваниде (Ферғанаға) кіретін қала саны? 70
16.VI ғасырда Түрік қағанатының құрамында, кейіннен қолбасшы М.З. Бабыр дүние келіп, 18 ғасырда Қоқан хандығының орталығына айналған қала? Ферғана
17.Соғдының солтүстігі мен Шыршық және Ангрен өзендері, Сырдарияның оң жағалауын қамтыған тарихи өңір? Шаш
18.Негізі б.з.б. ІІІ ғасырдан бұрын қаланған, І мыңжылдықта далалық түркілер мен соғдылықтар кейіннен Мауранехр халқының сауда орталығы қызметін атқарған қала? Шаш
19. Шаш қаласы қай ғасырдан бастап, Ташкент (Ташканд) атала бастады? ХІ ғасыр
20.Ташкент Қоқан әмірлігінің билігіне өткен уақыт? 18 ғасырдың соңы
21.Ташкент қаласын орыстар басып алған жыл? 1865 жыл
22.Сыма Цян, «Қаңлы мемлекеті» атап кеткен өңір? Сырдария аймағы
23.Ежелгі Сырдария аймағының ірі орталығы болған қала? Фараб (Отырар)
24.Мұсылман жылнамаларында моңғол шапқыншылығынан кейін Сырдария аймағы аталды? Түркістан
25. Балқаш көлі мен Ыстықкөлдің арасындағы тарихи-мәдени аймақ? Жетісу
26.Тянь-Шань тауынан басталып шығысқа ағатын Тарым өзені алабындағы аумақ? Шығыс Түркістан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет