Үй жануары мен жабайы аңдар мүйізінен қанжар, қамшы, пышақтың сабы жасалды.
Насыбай сақтайтын шақшаға қой мүйізі, ожаудың сабы, тарақ сияқты заттарға ірі қараның сүйегі қолданылған.
Тас қашаушылардың шеберлігі қабір үстінде құлпытастар тұрғызуда көрініс тапты. Бұл өнердің кең таралған аймағы – Батыс Қазақстан өңірі.
Бұл туралы Құсмұрын округінің аға сұлтаны Шыңғыс Уәлиханов: «Жейде, шапан, тон аң терісінен тігіледі. Малақай, шалбар, бешпент, қамзол, тақия – осының барлығын әйелдер өздері дайындайды, сатып алмайды», – деп жазған.
Ежелгі дәстүр бойынша кілемасар салтын өткізген.
Ежелгі Пазырық және тағы басқа Алтай қорғандарынан табылған бұйымдардағы ою-өрнектер қазіргі қазақ оюларымен ұқсас келеді. Осы тектес ою-өрнектермен Есік обасындағы «Алтын адам» киімі де безендірілген. Академик Ә. Марғұлан: «Бұл өнер туындысы (қазақтың ою-өрнегі – авт.) сақ, үйсін, ғұн, түркі, қаңлы, қыпшақ секілді көне көшпелі тайпалар өнерінің негізінде қалыптасты», – дейді.
Шымкент және Перовск уездерінде мақта, Верный уезінде аздап темекі өсірді. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс аймақтарда қауын, қарбыз, асқабақ, пияз, сәбіз екті.
ХІХ ғасырдың соңынан бастап қазақтар мен орыс шаруалары қатар қоныстанған аудандарда жергілікті тұрғындар картоп, қияр және тағы басқа көгөніс түрлерін егумен айналысты.
Достарыңызбен бөлісу: |