§ 17.Антропогенез және этногенез 1.Адамның пайда болуы мен оның түр ретінде эволюциясы? Антропогенез 2.Адам денесін, оның құрылысын, қызметтері мен өзгергіштігін зерттейтін биологиялық ғылым? Антропология 3.Дүниежүзінің әртүрлі аймақтарындағы генетикалық белгілердің таралуын зерттеумен айналысатын жаңа ғылым? Гендік география 4.Адамдардың өзіндік сезімі бойынша тиісті болатын этникалық қауымдастық? Этнос 5.Этностар мен басқа да этникалық қауымдастықтарды, сондай-ақ сан алуан этникалық үдерістерді зерттейтін ғылым? Этнология 6. Этностың пайда болуының тарихи үдерісі? Этногенез 7.Жаңа этностар түрлі тәсілдермен былайша құрылады:
а) тайпалардың бірігуімен;
ә)жаулап алушылар немесе отаршылдардың жергілікті халықпен араласуы (ассимиляция);
б) иммиигрант топтардың қосылуы;
в) жіктелу арқылы (австралиялықтар ағылшындардан бөлінуі)
д) өзгеру арқылы (тарихи жағдайлардың әсерінен ежелгі мысырлықтар копттарға)
8. Өз этносы шегінде ғана неке құру арқылы жүзеге асыру? Эндогамия
§18-19. Ежелгі дәуірдегі Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық үдерістер 1.Қазақтардың этногенезі көшпелілер өркениетінің пайда болуымен байланысты
2.Этногенездің фин-угор кезеңі. Ботай-Терсек мәдениетін жасаушылар еуропеоидті-оралдық антропологиялық түрге жатады.
3. Б.з.б. 4-3 мыңжылдықта Орталық Азияның оңтүстігінде фин-угор тілдестер қарым-қатынаста болған тіл? дравид 4.Этногенездің үнді еуропалық (үндіирандық) кезеңі. Андрондықтардың үндіирандық екендігі туралы болжам жазабаша (Авеста, Ригведа және басқа Ведалар) және лингвистикалық мәліметтермен расталады.
Андрондықтар антропологиясы. Андрондықтар еуропеоидтердің екі типінде кездеседі: Ұзын бас сүйекті және сопақтау бетті жерортатеңіздік тип олар мекендеген жердің батыс бөлігінде болды. Ал дөңгелек бас сүйекті, жалпақ бетті және қыр мұрынды андрондық түр шығысында таралды.
5.Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Сібірде пайда болған мәдениет? Қарасұқ 6..Б.з.б. І мыңжылдықтағы жазба дереккөздерде Қазақстан аумағы мен Орталық Азияның іргелес жатқан аудандарында өмір сүрген тайпа? Сақ