++ 1 вариант тест мб каз Іш қату, тазалау клизмасы



бет109/147
Дата25.12.2023
өлшемі1,6 Mb.
#199038
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   147
Байланысты:
1 вариант тест мб каз Іш ату, тазалау клизмасы 2

Реабилитология негіздері.
Пациенттің жалпы эмоционалды тонусы мен иммунитетті көтеру, асқынулардың (пневмония, тромбоэмболия, бұлшықет атрофиялары, контрактура, остеопороз, невриттер) алдын алу, жергілікті қан және лимфа айналымын жақсарту, ұлпалардың регенерациясын белсендету тірек-қимыл аппараты зақымдануларындағы реабилитацияның қай кезеңінде орындалады?

  1. І-кезең- жедел кезеңінде

  2. ІІ-кезең – созылмалы кезеңде

  3. І- кезең-иммобилизация кезеңінде

  4. ІІ-кезең- иммобилизациядан кейінгі кезеңде

  5. ІІІ-кезең- қорытынды-қайта қалпына келу кезеңінде

Қазіргі уақытта миокард инфарктісінде жүрек қан тамыр жүйесі қызметін барынша мүмкін болған деңгейге дейін қалпына келтіру, физикалық жүктемеге адекватты реакцияға қол жеткізу, коллатералды қан айналымын жақсартатын жеңіл физикалық жаттығулар жасауды, қозғалу тәртібін кеңейтуді асқынулар болмаған жағдайда қай уақыттан бастап қолданады?

  1. 1 аптадан соң

  2. 5-күннен кейін

  3. 2-ші күннен бастап

  4. пациенттің қалауымен

  5. 10-ші күннен бастап

Медбике инсульт алған пациентті қалыппен емдеу кезінде сал қолын денеге жақын жанастырып, шынтақ буынын жазды және алақанына арнайы конус салды. Медбикенің қателігі неде?

  1. Қолды денеден алшақ орналастыру керек

  2. Қолды шынтақта бүгу керек

  3. Алақанына жұмсақ жастық қою керек

  4. Қол саусақтарын бүгу керек

  5. Қолды білезікте бүгу керек

Инсульттарда реабилитацияның екінші кезеңі жүргізіледі



  1. неврология бөлімшесінде

  2. санаторийлерде

  3. емханалардың оңалту кабинеттерінде

  4. жандандыру бөлімшесінде

  5. мамандандырылған реабилитациялық орталықтарда

пациенттің психикалық жағдайын түзетуге, сонымен қатар пациенттің емге, дәрігердің ұсыныстарына, реабилитациялық шараларды орындауға қатынасын қалыптастыруға бағытталатын іс-шаралар кешені реабилитацияның қай бағытына сәйкес келеді?

  1. медициналық

  2. физикалық

  3. психологиялық

  4. кәсіптік

  5. әлеуметтік-экономикалық

пациентті еңбекпен қамту, кәсіптік оқыту және қайта оқыту, пациенттің еңбекке жарамсыздығын анықтау сұрақтарын көтеретін бағыт реабилитацияның қай бағытына сәйкес келеді?

  1. медициналық

  2. физикалық

  3. психологиялық

  4. кәсіптік

  5. әлеуметтік-экономикалық

жарақаттардан соң және сүйек-бұлшықет жүйесі аурулары, сынықтар, омыртқа жотасының даму ақаулары, дене келбетінің бұзылулары салдарынан жасалған операциялардан соң реабилитацияны қай түрі жүргізіледі?

  1. Нейрохирургиялық

  2. Ортопедиялық

  3. Травматологиялық

  4. Неврологиялық

  5. кардиологиялық






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет