Қан айналысына әсер ету шаралары.
Жылытқыш, мұзды мұйықты қолдану
Пациентке гематома аймағына мұзды мұйық қою тағайындалған. Медбике тоңазытқыштан ішіне су құйып қойылған мұзды мұйықты алып сүлгімен орап пациенттің гематома аймағына қойды. Бұл кезде қандай асқыну болуы мүмкін?
Терінің тітіркенуі
Жергілікті үсік
Терінің «құс терісі сияқты» болуы
Терінің бозаруы
Терінің көгеруі
Қыша қағаздарын қоюдың қарсы көрсетілімін анықтаңыз:
1. стенокардия ұстамасы
2. гипертониялық криз
3. жүйке қабынуы
4. жоғары қызба
5. бұлшықеттердің қабынуы
Жылытқышты қоюдың қарсы көрсетілімін анықтаңыз:
1.қызбаның І-ші кезеңі
2. инъекциядан кейінгі инфильтрат
3. іш қуысының жедел қабынуы
4. қызбаның ІІІ-ші кезеңі
5. соғып алудың 2-ші тәулігі
Медбике дәрігердің тағайындауымен пациенттің құлағына қыздырма компрессін қойды. 8 қабат салфетканы 40% этил спиртіне малып, сығып алды және қажет мақта, компрестік қағазбен қоса құлақ қалқаны үстінен қойып, бинтпен бекітіп, компрессті 6 сағатқа қалдырды. Медбикенің қателігі неде?
1. қыздырма компресін 10 сағатқа қалдыру керек еді
2. салфетканы 70% этил спиртіне малып қою керек еді
3. компресс қағазын қоймау керек еді
4. мақтаны қоймау керек еді
5. құлақ қалқаны шығып тұратындай қою керек еді
Қыша қағазын қоюға болмайтын аймақты анықтаңыз:
1. омыртқа жотасы
2. желке аймағы
3. балтыр бұлшықет аймағы
4. жүрек аймағы
5. жауырын асты аймағы
|