Қ. А. Темирбеков «Суықбұлақ орта мектебі»кмм психологиялық қызметінің



бет1/11
Дата07.04.2022
өлшемі50,74 Kb.
#138381
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
психологтын жоспар (2)


«Бекітемін»
Директордың
міндетін атқарушы
_______Қ.А.Темирбеков
«Суықбұлақ орта мектебі»КММ психологиялық қызметінің
2021- 2022 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары


Түсінік хат

Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесінде, өркениет қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы, ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігін, білімділігін қажет етеді.


2018-2019 оқу жылына арналған психологиялық қызмет жоспарын жасауда Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, «Неке және отбасы» туралы «Бала құқықтары » туралы «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасызқалуының алдын алу» туралы, 2011 жылдың 20 желтоқсанындағы №528 бұйрығымен Орта білім беру ұйымдарында психологиялық жұмыс істеу қағидасы, Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.07.2015 жылғы №257 қаулысымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары» басшылыққа алынды.
Мектеп психологінің 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бес бағыт бойынша құрылды. Ол оқушыларды диагностикалау, түзету, кеңес беру, ағарту және алдын алу жұмыстары болып келеді. Бұл бес бағыт оқушылармен, дарынды оқушылармен, қиын оқушылармен, педкадрлармен, және ата аналармен жұмысты қамтыды. Жұмыс жоспарында оқушылардың мазасыздануын анықтау, өзіндік даму ерекшеліктерін анықтау, бағалау, алдын алу т.с.с ерекшеліктерді анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары енгізілді. Сонымен қатар, ассоциалды қабілеттің, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында алдын алу іс шаралары енгізілді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет