3 Микропроцессордың құрылысын зерттеу



бет1/4
Дата12.03.2018
өлшемі0,74 Mb.
#38439
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Б. Ахметов атындағы Павлодар Педагогикалық колледжі

«Информатика және есептеуіш техника» бөлімі


Курстық жұмыс



Тақырыбы: Кәсіби оқытуда арнайы пәндерін оқыту

әдістемесі

Жетекші: Қуанышева Р.С.

Орындаған: ПО-41 тобының студенті Шарипханова Күнсана



Қорғау күні: « » 2010 ж.

Бағасы:

Павлодар – 2010

Мазмұны:

I. Кіріспе бөлім

1. Кәсіби оқыту

1.1 Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі

1.2 Кәсіби оқытуды ұйымдастыру
ІI. Теориялық бөлім:

2. Есептеу және микропроцессор техника негіздері пәні

2.1 Есептеуіш техниканың даму тарихы

2.2 Ертедегі есептеу құрылғылары

2.3 Микропроцессор туралы мәлімет

2.4 Микропроцессордың түрлері

ІІI. Тәжірибелік бөлім:

3.1. Микропроцессорды орнату

3.2. Микропроцессор мен куллерді тазарту

3.3. Микропроцессордың құрылысын зерттеу ?????

IV. Қорытынды бөлім

VП. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе


Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техника да, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Мұндай бетбұрыстар адамның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, оның жеке тұлға  ретінде жаңаша қалыптасуын талап етеді. Осымен байланысты жоғары оқу орындары білім беруде адамның игерген білім, дағдысымен шектелмей, оның шығармашылық белсенділігін, кәсіби біліктілігін, өз бетімен әрекет жасау мүмкіндігін, өз пәніне қызығушылығын, ғылыми көзқарасын, кәсіби мәдениетін, педагогтік шеберлігін, т.б. қалыптастыруы қажет.

    Білімгерлердің бойында мұндай қасиет пен қабілет қалыптасуы үшін оқу процесіне оқытудың жаңа нысаналарын, жаңа технологияларды енгізу қажеттілігі туып отыр.

    Білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жақсарту және азаматтардың білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Білім» мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығы 2000 жылы қырқүйектің 30-ыншы жұлдызында шығып, Мемлекеттік бағдарлама бекітілді.

    «Білім» мемлекеттік бағдарламасында, білім беру жүйесін ақпараттандыруды қоса алғанда оқытудың жаңа технологияларын енгізу мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту міндеттері бір-бірімен өзара байланысты және білім беру жүйесін ақпараттандыру, дистанциялық оқытуды енгізу және тағы басқалар арқылы оқу процесіне қазіргі заманғы технологиялар мен оқытудың техникалық құралдарын енгізу көзделеді.

    Білім беруді ақпараттандыру өте қажетті мемлекеттік ағарту үлгісін жүзеге асырудың негізгі құралы болып саналады, сонымен бірге білім беру бағытын қайта қарап, арнайы өндірістік салаға мамандар даярлау мақсатында терең білім беруге бейімдейді.

    Кез келген ғылым саласын ақпараттандыру, сол ғылым ерекшеліктеріне тән, оның ішкі дүниесін сипаттайтын алгоритмдерін анықтау және оның ақпараттық қорын жасау болып табылады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру – өте күрделі және ұзақ орындалатын процесс екені белгілі. Мәселен, оқу процесін ақпараттандыру үшін, оқитын әр пәннің алгоритмдерін анықтап және алгоритмдік оқыту бағдарламасының қолданылу орнын таба білу керек. Компьютерлік оқытудың мұндай бағдарламалары, қалыптасқан дәстүрлі оқумен салыстырғанда білім беруді жоғары сатыға көтеруге мүмкіндік береді: білімгерлердің ой-өрісі деңгейін, ойлау қабілетін т.б. қасиеттерін арттырады, өйткені компьютердің мүмкіншілігі оқыту процесі материалдарының ерекшеліктеріне толық сәйкес келеді. Сондықтан да алгоритмдік оқуға көшу ол процестің, құбылыстың өздеріне тән қасиеттерінің мәнін терең оқып түсіну деген сөз.

КӘСІБИ ОҚЫТУ

Кәсіп – (профессия-латын тілінен аударғанда professio) адамның білімі туралы тиісті құжаттармен расталған кәсібінің, еңбек қызметінің негізгі түрі.

Бүгінгі заманда кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау кезек күттірмейтін талап. Адам еңбек ету іс-әрекетінде білім мен ептілікті игеру үшін кәсіптік білім беру қажет.

Кәсіби білім – қандай да бір кәсіп аясында біліктілік қызметіне қажетті жүйелі білік, дағдылыарды игеру процессі, құралы мен нәтижесі, және де сол кәсіби ортаға сай мінез-құлық ережелері мен нормаларды сақтауды қарастырады.

Кәсіби оқыту – педагог пен оқушының кәсібіне қатысты ғылыми техникалық жүйелерді игерудегі және де типтік кәсіби міндеттерді шешеуге қажетті біліктер мен дағдыларды меңгеруге бірігіп жасайтын қызмет.

Кәсіби тәрбиелеу – педагог пен оқушының нақты кәсіби ортада қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелдері мен нормаларын игерудегі және оқушыда кәсіби қажетті және әлеуметті маңызды тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда бірлесіп жасайтын қызмет.

Мамандық – бұл кәсіби еңбектегі тар ауқымды жұмыстарды қарастыратын кәсіби қызмет түрі.

Сонымен, кәсіп – бұл еңбектің қоғамдық бөлінісінен пайда болатын тұрақты қызмет түрі. Ол адамды материалдық қамтамассыз етудің көзі болады және жалпы адамның моральдік нормаларын сақтайды.
1.1 Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі

Кәсіби оқыту білім берудің негізгі жолы. Кәсіби оқытудың басты мақсаты – білім алушының кәсіби білімділігін арттыру.

Оқу процесі – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін басқа адамдардың меңгеруіне және оны өмірде тиімді етіп қолдануын айтады. Оқу процесін басқару әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Білім беру нәтижесі екі тұрғыдан қарастырылады:


  1. Нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі. Қазіргі замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын өту үстіндегі адамның тұлғалық сапасына оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды. Стандарттың мазмұны әлеуметтік мәдени тәжірибенің идеалды формада сақталатынына әлбетте қол жететін көрінісі екені мәлім.

  2. Білім беру нәтижесі бұл белгілі бір білім беруші жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Қазіргі жағдайда еңбек нарығында экономиканы қайта құруда жастардың кәсіптік дайындығының кәсіптік шеберлігінң деңгейі, сәттіліктің кепілі бола алады.кәсіптік оқу орнында оқу процесін іске асыру педагогтың саналы іс-әрекет жасау қабілетіне байланысты. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзіреттілігінен шешіледі.

Кәсіптік білім беру жүйесі – бұл кәсіби және жоғары білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың басқару жүйесі мен қоса жиынтығы. Басқару құрылымы:

  • Бастауыш кәсіптік білім;

  • Орта кәсіптік білім;

  • Жоғары кәсіптік білім;

  • Қосымша кәсіптік білім.

Кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлерін

дайындайды. Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде 2-3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде 3 жыл, кейбір күрделі технологиялар мен құрылғыларды үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді. Бастауыш кәсіптік білім беру қайсыбір кәсіпті саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уақыт мерзімде жұмыс істей алады.

Кәсіптік лицей – кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ білікті жұмысшыларды дайындайтын, оқытатын және тәрбиелейтін оқу орны.

Оның мақсаты – азаматты жұмысшы мамандығына дайындауда өз қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай білім беру, оларды қайта даярлау және кәсіптік біліктілігін көтеру.

Білім беру ақпараты – белгілі бір кәсіп саласы не мамандық бойынша оқушыларға ғылыми-техникалық білім, практикалық дағды беріп, кәсіптік шеберлікке баулу. Кәсіптік әлеуметтік ортаның ережелері мен нормаларын орындауға үйрету. Педагогикалық коммуникация тәсілдері арқылы оқушылырға кәсіптік білім беру мен тәрбиелеуде құрал-жабдықтар арқылы оқытудың әдістерін қолдану қажет.

Негізгі білімі барлар үшін оқу мерзімі – 3 жыл, ал толық орта білімді жастар үшін -1,5 жыл.

Кәсіптік мектептерде кәсіби білім беру дегеніміз – инженер-педагогтық ұжым мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті олардың теориялық білім негіздерін, практикалық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған біліктіліктер деңгейін қалыптастыру.
1.2 Кәсіби оқытуды ұйымдастыру

Кәсіби білім берудің негізгі ұйымдастыру формасы – сабақ. Сабақтың жалпы барысы:



1. Жалпы мәліметтер: күні, сыныбы, мектебі, жалпы мәліметтер. Оқыту бағдарламасының тақырыбы, сабақ тақырыбы.

2. Оқу ортасы мен оқыту құралдарына шолу. Кабинетті жабдықтау, оның мұғалім мен оқушыға ыңғайлылығы, жабдықтау құралы. Оқыту құралдарының күйі.

3. Компьютермен жұмыс жасауда техникалық қауіпсіздігін, санитарлы-гигиеналық нормаларын сақтау.

4. Мұғалімнің сабаққа дайындалуына кететін уақыт шығыны. Белгілі бір сабаққа материалының дайын болуы. Қолданылатын көрнекілердің сабақ тақырыбына сәйкестігі, қолдану моменті, материалының мазмұны, нұсқалар, сұрақтар кезеңі, әдістері.

5. Сабақ құрылымы: сабақтың негізгі кезеңдері, мақсаты және ұзақтылығы ұстаздың басқару жұмысын тіркестіру. Жеке, жұптық, топпен және сыныппен бірлесіп жұмыс істеу. Материалды қайталау және бекіту кезеңі, әдістері.

6. Мұғалімнің сабаққа қойған мақсаты, оның жетістіктері.

7. Сабақ мазмұнын, мектап оқулығының материалымен салыстыру.

8. Жалпы дидактикалық принциптер көзқарасынан сабақ мазмұнына баға беру.

Ғылымилық информатика сабағында жаңа жетістіктерді есепке алу және т.б.

Көрнекілік-графикалық ақпаратты қолдану алгоритмдердің орындалу кестесі және т.б.

Тізбектілік – түсіндірілетін материалдың логикалық көрнекі болуы түсіндіруде материалды қалдырмау күрделі түсініктерді оқығанда циклдің болуы.

Практикамен байланысы компьютермен және ақпараттық қоғамның талаптарына сай қолданбалы есептердің мазмұнын сәйкестендіру.

1. Мұғалімнің сабақтағы әрекет тәсілдері. Оқушыларды сабақты дайындау құралдарына және сабақ басында есептеу техникасын дайындауға кірістіру. Мұғалімнің материалды қолдануындағы еркіндігі. Негізгі сұрақтарға жауауп қайтару кезеңі. Оқытуды жекешелендірудің тапсырмалардың түрлі деңгейі, білімі мықт ыоқушылардың нашар оқитын оқушыларға көмек беруі. Мұғалімнің оқушылар зейінін ауып кетпеуін қадағалау әдістері. Тақтадағы программадағы есептеу қателерін табу кезіндегі іс-әрекеті.

2. Материалға қызығушылықты бекіту әдістері. Оқушылардың танып білу қабілеттерін ынталандыру. Тапсырманы беру кездері: оқулықтан, басқа әдебиеттерден, мұғалімнің сабақ барысында ойлап табуы оқушыларды іздендіру, сабақтағы басқа белгісіз және стандартты емес оқыту әдістері.

3. Оқушылардың сабақта жұмыс істеуі. Оқушылардың материалға оқушылардың қызығушылығы белсеңділігі және өз бетімен жұмыс істеу. Саналы түрде меңгеру ЭЕМ-дегі әрекет қызметінің мағынасын меңгеру. Оқытудың тиімділігі оқыту уақытының толықтығы. Оқытушының және оқушылардың қарым-қатынасы, тәрбиесі және ұйымдасуы есептеу техникасына қатынасы қауіпсіздік техникасын сақтау.

4. Кері байланыс мұғалімнің білімін бақылау жүйесі. Білімін тексеру үшін компьютерді қолдану бақылаушы бағдарламасы білімді бағалау объектілігі белгілі мұғалімнің баға критерийлері үй жұмысын бағалау.

5. Сабақтың тәрбиелік эффектісі. Мұғалім тұлғасының ерекшеліктері оқушыларға бағыттаушы ретінде сіздің көзіңізге көрінген тәрбиелеу әдістері және тәсілдері.

6. Қорытынды. Сіз болашақ мұғалім ретінде осы сабаққа және талдауда нені үйрендіңіз.

Есептеу және микропроцессор техника негіздері пәні



"Информатика және есептеуіш техника негіздері" пәніп мектепке енгізу

Сонымен мектептерді компьютерлендіру саласындағы нақты ұйымдасқан әдістемелік шараларды талқылауға «жалпы білім беретін және кәсіби мектептердің реформасының негізгі бағыттары» тірек болды (1984 ж.) [64]. Сол уақыттағы мектеп реформасының басты бір жағдайы, ол алғашқы рет декларацияланған информатика және есептеу техникасын мектептің оқу- тәрбие процесіне енгізу және жастарды жалпы компьютерлік сауаттыльщпен қамтамасыз ету мәселесі болды. 1984 жылдың соңында Кеңес Социалистік Республикалар Одағының Ғылым Академиясының Сібір бөлімінің Есептеу орталығы (А.П.Ершов) және Кеңес Социалистік Республикалар Одағы ПҒА оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институтыньщ (В.М.Монахов) бірігуімен және еліміздің түкпір-түкпіріндегі педагог-информатиктердің тобын жұмылдыра
отырып, жалпы білім беретін мектепте «Информатика және
есептеуіш техника негіздері» деп аталатын жалпы білім берудегі
жаңа пәннің бағдарламасын жасау жұмысы өріс алды. 1985
жылдың ортасында осындай жұмыс орындалды және Кеңес
Социалистік Республикалар Одағыньщ Оқу-ағарту
министрлігімен мақұлданды [67]. Ұкіметтің келесі шешімдерімен
жастардың компьютерлік сауаттылығының қалыптасуы
мәселесін тез шешуге мұмкіндік беретін негізгі стратегиялық жол
ретінде орта мектепке «Информатика және есептеуіш техника
негіздері» пәнін міндетті тұрде енгізудің нақгы мерзімі - 1985
жылдың 1 қыркұйегі болып қабылданды. Бағдарламадан кейін қысқа мерзім ішінде оқушыларға арналған оқулықгар [65, 66],
мұғалімдерге арналған көмекші құралдар дайындалды [27,28].
Мемлекеттің мектепті компьютерлендіру мәселесіне ұлкен көңіл
аударғанына «Информатика и образование (ИНФО)» деп
аталатын жаңа ғылыми-әдістемелік журнал баспасының пайда
болуы куә болады, бұл журналдың бірінші саны 1986-1987 оқу
жылында шықты. Қазіргі кездегі Ресейдегі әкономикалық
қиындықтарға қарамастан ИНФО бұгінгі кұнге дейін қазіргі білім
беру жұйесі ұшін маңызы ерекше, информатика мен ақпараттык;
технологияларды білім беру ауқымына ендіру ұшін қажетті
әдістемелік, дидактикалық, техникалық, ұйымдастырушылық,
әлеуметтік-әкономикалық,
психология-педагогикалық мәселелерді түсіндіретін арнайы ғылыми-әдістемелік журнал болып отыр.

Ал Қазақстанда 1992 жылы Қазақстан Білім Министрлігінің ғылыми-әдістемелік педагогтік «Қазақстан мектебі» журналының «Информатика, Физика, Математика» атты қосымшасы жарық көре бастады.

Жаңа пәнді оқыту ұшін 1985 және 1986 жылдардың жаз айларьшда мұғалімдерді жедел дайындау курстары өткізілді, олардың қатарында негізінен физика, математика мұғалімдері мен білім беруді ұйымдастырушылар болды. Бұл құрам 1985— 1986 жылдардағы физика - математика факультетгерінің тұлектерімен, яғни информатика және есептеу техникасы саласындағы болашақ жас мұғалімдермен толықтырьшды. Сол кезде Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Оқу министрлігінің шешімімен педагогикалық институттардың физика-математика факультеттерінің негізінде информатика және есептеу техникасы пәніне жұйелі тұрде мұғалімдер дайындауды ұйымдастырудың бірлескен әдістемелік шаралары қабылданды [47,48].

1985 жылдан бастап физика-математика факультетінің қызметі халыққа білім беру мен халық шаруашылығына жоғары мамандандандырьшған мамандар: математика мен информатика мұғалімдерін; физика-математика ғылымы және орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы математика мен информатиканың кейбір тарауларынан сабақ беру әдістемесі салаларынан гылыми қызметкерлер дайындауға бағытталды. Осыған орай 1985-1987 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Информатика және есептеуіш техника» кафедрасының қызметкерлері республикадағы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» атты мектеп курсының мазмұны мен одан сабақ беру әдістемесін қалыптастыруга ат салысты.

1985 жылдан бастап Қазақстандағы мұғалімдер дайындайтын қара шаңырақ Абай атындағы АлМУ-да «Математика және информатика», «Физика және информатика» мамандықтарының оку жоспарлары жасалып, солар бойынша орта білім беретін оқу орындары ұшін «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні бойынша оқытушылар дайындау жұзеге асырыла бастады.

Мектепке ИЕТН пәнін енгізуде мамандармен қамтасыз ету ауқымында, немесе кеңірек айтқанда бұтіндей мектепті компьютерлендіру ауқымында қысқа мерзім ішінде шешілуі қажетті мәселелердің қиындық деңгейі мен сипатын нақтырақ тұсіну ұшін, 1980 жылдардың ортасында Кеңес Социалистік Республикалар Одағы мектептерінде информатика және ӘЕМ саласьшда жұмыс істеген мұғалімдердің дайындық деңгейлерінің қандай болғанын ескере кету керек.

Алғаш ЭЕМ-ге бағдарламалаудың қысқа таныстыру курсы - «Математикалық машиналар және есептеу практикасы бар бағдарламалау» деген оғаш аты бар 1964 жылы педагогикалық жоғарғы оқу орындарьгаың физика-математика факультетінің оқу жоспарында пайда болды. 1970 жылы педагогикалық жоғарғы оқу орындарының физика-математика факультетінің оқу жоспарына жаңартылған «Есептеу машиналары және бағдарламалау» (50 сағат) курсы енгізіледі, бұл курстың бағдарламасының мазмұны бағдарламалаудың даму бағытына сәйкес келмеді. «Есептеу математикасы және бағдарламалау» синтездік курсының бағдарламасының келесі ресми тұрі бағдарламалауға 70 сағат бөледі және дербес жагдайда жоғарғы деңгейдегі Алгол-60 тілімен танысуды болжады [45]. Сол кезде еліміздің санаулы педагогикалық жоғарғы оқу орындарында бір-екі «Найри», «Промин», «Мир» және т.с.с. кіші ӘЕМ-дің болуы жоғарғы деңгейдегі техникалық қамтамасыз етілуін ескере кету керек. 1970 жылдардың соңына қарай ледагогикалық жоғарғы оқу орындарында бағдарламалау және есептеу математикасының тек қана төрт кафедрасы ашылды (Мәскеу, Ленинград, Свердловск, Омбы), ал алғашқы дербес ӘЕМ-дер (отандық ДӘЕМ-дер «Искра», «ДВК», «Әлектроника») тек, 1980 жылдардың ортасында санаулы жоғарғы оқу орындарында өте аз мөлшерде пайда бола бастады.

Жоғарыда айтылғандардан информатиканы орта мектепке енгізу кезеңінде (1985 жылы), сол кезде мектепте жұмыс істеп жұрген педагогикалық жоғарғы оқу орындарьшың физика-математика факультеттері тұлектерінің компьютерлік дайындық деңгейі жаңа ИЕТН курсын оқытудың талаптарына еш сәйкес келмегенін байқауға болады.

Оның себептері айқын:

  • педагогикалық жоғары оқу орнында білім беру информатика саласын оқытпады, ол тек бағдарламалаудың алғашқы әлементтерімен танысуға, информатика курсын мектепке енгізу кезеңіне қарағанда, өте төмен, едәуір мешеу деңгейіндегі идеяға бағдарланған болды;

  • педагогикалық жоғары оқу орындарында бағдарламалауға дайыидау тек білім беру сипатында ғана болды, ал осы пәнді оқушыларға оқытуға бағдарланған болмадьт (мұндай мәселе жоқ еді).

Шынында да 1980 жылдардың екінші жартысында мемлекеттік жәие аймақтық білім беруді басқаратын ұйымдармен қабылданған ең батыл және шапшаң тұрде информатика және ссептсу техникасын оқытатын физик, математик мұғалімдерді қайта дайындауды қамтамасыз ететін ұйымдасқан - әдістемелік шаралары, тек ИЕТН мектепке енгізудің бірінші кезеңінің шұғыл шаралары ретінде ғаиа жарамды болды. Педагогикалық жоғарғы оқу орындарының физика-математика факультетінің негізінде
информатика
мұғалімдерін және мектептерді

компьютерлендіруді ұйымдастырушыларды жұйелі тұрде дайындау және басқа мектептік пәндер мұғалімдерінің компьютерлік білімін лайықты жағдайға келтіру шараларын өткізу ұшін негізгі ғылыми-әдістемелік құралдар мен талқылауларға сұйену керек.

Қазіргі кезде оқу орындарының, мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейін, Қазақстан Республикасы халық шаруашылығының даму ерекшеліктері (менеджмент, ақпарат қажеттілігі және т.б.) нарықтық әкономика жағдайында «информатика» мамандығы бойынша информатика оқытушысы және компьютерлендіру бойынша менеджер мамандығы, сол сияқты «информатика және ағылшын тілі», «информатика және әкономика» тағы сол сияқты мамандықтағы мамандар даярлау талап етіліп отыр. Мұлдай мамандар дайындауды физика-математика факультеті базасында көп сатылы құрылымы бар оқу жоспарларына көшу арқылы іске асыру керек. Осындай мамандарды дайындауға республикаға белігілі ғалымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Ұ.М.Сұлтанғазин, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы Ш.С.Смағұлов, ғылым докторлары Т.Н.Бияров, С.С.Оспанов, СЯ.Серовайский және т.б. ғалымдар информатика және қолданбалы математика кафедрасында қосымша оқытушылық қызмет атқара отырып ат салысты.

«Информатика және есептеуіш техника негіздері» курсын бағдарламалық қамтамасыз ету негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Мұндай жағдай 1985 жылы қалыптасты, яғни информатика және есептеуіш техника негіздері курсын сұйемелдеуге арналган алғашқы кешенді бағдарламалар сол жылдары пайда бола бастады. Бұ_л жұмыстар окулықтар мен оқу құралдарының авторларымен тығыз байланыста болды [21]. Кейіннен компьютерлердің әрбір тұрлері ұшін бағдарламалық-әдістемелік кешендерді жасау мәселесі алдыңғы орынға шықты. Бұл оқу жоспарында қойылған міндеттерді шешуді қамтамасыз ету ұшін онсыз да мұмкіндігі шектеулі оқулық-есептеу машиналарын мейлінше кеңінен пайдалануды қажет етеді. Дегенмен, 1990 жьтлдардың басында ТМД-ның республикаларында, соның ішінде Қазақстанда да есептеу техникаларын тандауда, ІВМ-РС тектес компьютерлерді таңдау арқылы соңғы нақты шешімдері қабылданды. Сол жылдары отандық мұғалімдер мен оқушылардьщ қолында А.П.Ершов пен В.М.Монаховтың және А.Г.Кушниренконың редакциялауымен дайындалған оқу құралы мен мұғалімдерге арналған әдіетемелік құрал болды.

1985-1987 жылдары Қазақстанда Абай атындағы АлМУ-дың «Информатика және есептеуіш техника» кафедрасыньщ меңгерушісі Е.Ы.Бидайбеков «Информатика жоне есептеуіш техника негіздері» курсын оқыту әдістемесі мен мазмұлын калыитастыруға тікелей ат салысты. Ол А.П.Ершов, М.В.Монаховтың редакциясын басқарумен дайындалған 2-бөлімнен тұратын «Информатика және есептеуіш техника негіздері» деп аталатын оқушылар ұшін байқау оқу құралын және мұғалімдер ұшін «Информатика және есептеуіш техника негіздерін оқыту» әдістемелік құралының қазақша аудармасының арнайы редакторы болды [88-91]. Соньшен қатар, арнайы редактор ретінде аударудың ғылыми-әдістемелік деңгейінің тек дұрыстығын ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының орта мектептеріне жаңа пәнді енгізуді қамтамасыз ететін информатика бойьшша қазақ тілінің терминологиясын енгізіп, тағайындады.

Бұл оқулықтардың екі нұсқасы ұшін де қажетті қазақ тіліндегі педагогикалық бағдарламалық кұралдар жоқ болды. Тек Абай атындагы АлМУ-дың есептеу зертханасында университеттің барлық факультеттерінің информатика және басқа пәндері бойынша оқу процесін сұйемелдеуден ғана емес, сонымен қатар әр тұрлі қазак, орыс тілдерінде педагогикалық бағдарламалар пакеттері (ПБП) нсасала бастады. Атап айтқанда, қазақ және орыс тілдерінде тілінде мынадай багдарламалық өнімдер: Е-практикум, ПРОЛОГ-Д, ПРОЛОГ-Б, ТІЛДІК ОРТА, ИЕРАРХИЯ, «Информатиканы оқыту әдістемесі», «Есептеуіш техниканы оқу процесінде қолдану» пәндерінде қолданылатын бағдарламалық құралдар пакеті жасальшьш, ал кейбіреулерінің аудармасы, оқу процесіне енгізу мақсатында таратылып отырды. Кафедрада жасалған «ТТЛДІК ОРТА» бағдарламалық құралдар пакеті 1994 жылы Республикалық көрме-жәрмеңкеде бірінші дәрежелі дипломмен марапатталып, Қазақстан Республикасының білім беру жұйесінде пайдаланылуға ұсынылды. Сонымен қатар, бұкілодақтық компьютерлеидіру бағдарламасына сәйкес аталған университеттің математика және басқа факульттетеріне (ДЕКАНАТ-автоматтандырылған басқару жұйесі (АБЖ), ректоратқа оқу-тәрбие жұмысын автоматтандыру (кадрлар, аспирантура) т.б. бойынша АБЖ) жұмыстары жүргізілді.

1.3 Есептеуіш техниканың даму тарихы


 



Абак (Ежелгі Рим) – V-VI ѓасыр
 Ең алғашқы пайда болған есептеу құралы есепшот болып табылады. Кейбір деректреге сүйенсек, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсі шынылардан, қоладан жасалды. Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланып келді. Оның жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.

XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және логарифм кестесін жариялады. Ал 1761 жылы ағылшын Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасай идеясын 1660 жылдары Иссак Ньютон ұсынған болатын. Соңғы кезге дейін логарифм сызғыштары инженерлердің бірден-бір есептеуіш құралы болып келді, бірақ өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болған электронды калькуляторлар оларды қолданудан ығыстырды.

1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдың машинасында көпорныды сандарды қосу қосу мүмкін болды.

1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын – арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнында мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді. Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т. Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазіргі қолданыста жүрген калькулятордың негізін салды. Арифмометр мен қарапайым есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдарының қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әреккеттер тізбегін анықтап басқарады.

Есептеуіш техникалардың қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Есептеуіш техниканың дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған программа бойынша адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын құрылғылар жасау болды.

Алғашқы программалық басқарылатын есептеу машинасын құрастыру идеясын 1821 жылы ағылшын математигі Чарльз Беббидж өзінің аналитикалық машинасында ұсынған болатын. Беббидждің аналитикалық машинасы – ақпаратты өңдеп қана қоймай, оны жадында сақтап, адамның тікелей араласуынсыз алдын-ала жазылған программамен жұмыс істейтін алғашқы әмбебап құрылғы болатын. Бұл машинада қазіргі компьютерлерде бар барлық негізгі құраушылар: бастапқы сандар мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған жад, жадтан алынған сандармен амалдар орындайтын арифметикалық құрылғысы, деректерді енгізу мен оларды басып шығару құрылғылары болды. Басқару программасы перфокарта деп аталған қатырма қағаздардағы тесіктердің көмегімен кодталды.



  Беббидждің аналитикалық машинасы өз заманының озық идеясы болатын.  Ол  техникалық жағынан алғанда өте күрделі құрылғы болғандықтан, оны құрастыруға қажетті техникалық базаның сол кезеңде болмауына байланысты Беббидждің машинасы 40 жылдан астам уақыт қағаздағы сызба түрінде болды. Алайда осы машинаның жобасында ұсынылған негізгі идеялар ХХ ғасырда алғашқы компьютерлерді құрастыру кезінде басшылыққа алынған болатын. Сондықтан аналитикалық машинаны қазіргі компьютерлердің "арғы атасы" десе де болады.


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет