Сабақ сапасы ұстаз білігінде



Дата22.08.2017
өлшемі51,12 Kb.
#23841
түріСабақ
Сабақ сапасы – ұстаз білігінде

Қазіргі заман талабына сай білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі. Осы орайда оқушылардың танымдық қабілетін дамыту , білім сапасын арттырумен қатар ақыл-ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін жеке пәндерді оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіру қазіргі білім беру саласының алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан жалпы білім беру саласының алдына қойылған осы мақсаттарды іске асыруда бірінші кезекте мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын арттыруға келіп тірелетіні мәлім. Ал оқущылардың математикалық мәдениеттілігі тек берілген білімге ғана емес, оның деңгейін анықтау критериіне тексеру құралы емес, тәсіліне де тәуелді.

Қазіргі таңда еліміздің барлық ғылым мен білім саласында қайта құру яғни технологияландыру, жаңа үрдістерге көшу процесі жүріп жатыр. Оқушыларға сапалы білім беру де осындай қажеттілікті керек етуде. Мұғалімнің негізгі мақсаты – математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету, ол үшін оқушылар білім негіздерін мұғалімнің басшылығымен іздестіре отырып, өздері жаңадан ашулары керек. Оқу процесі осылай ұйымдастырылған жағдайда оқушылардың ойлау қабілеті кеңейіп, сабаққа ынтасы артады. Көрнекті педпагог В.Ф.Сухомлинский «Егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейге көтеріле алмас едім, шәкірттерімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәңгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді»-, деген сөзін өз санамызға сіңіріп, бұл тұжырымға көп мән беруге болады. Мысалы, мектеп оқушыларының көпшілігі математика пәнін меңгеруде көптеген қиыншылықтарға ұшырайды. Қайсібір оқушы болмасын одан осы пән туралы сөз қозғасаң, оның дұрыс түсіне алмай жүргеніне, оған деген құштарлығының жоқтығына көз жеткізуге болады. Әрине, басқа пәндерге қарағанда бұл пәннің қиыншылығы да баршылық. Бірақ кез келген пәнді жақсы меңгеру үшін оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын артттыру керек. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі.

Жас ұрпаққа жан-жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан математика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек. Бұған оқушылардың қызығушылығын, сабақ сапасын арттырудың бір көзі – математикалық ойын элементтерін қолдану. Бұл айтып отырған мәселе оқушылардың ойлау қабілетін арттырады.

Математикалық ойындар – сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да балаларды өзіне тартады, теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Мұның өзі мұғалім үшін өте қажет жағдай. Математикалық ойын элементтерін қолдану оқушылар арасында саналы жарыс туғызған жағдайда жүргізілуі тиіс.

Білім беру процесінде оқытудың инновациялық технологиялары жедел қарқынмен енгізіліп жатқан қазіргі дәуірде оқу материалын меңгеру үшін Б. Блум ұсынған төмендегідей жүктемесін пайдалану үлкен нәтижелерге қол жеткізгендігін педагогикалық тәжірибедер көрсетуде: танып- білу- түсіну- анализ- синтез- қолдану- бағалау. « Білім болмаса, ойлау да болмайтындықтан» әрбір оқу пәнін меңгеру процесінде оқушы сол пәнге сәйкес ойлау тәсілдерін де меңгере бастайды.

Танымдық-диалектикалық заңдылықтарына сүйене отырып, математикалық ұғымдарды меңгеруде, ұғымға сәйкес термин-сөздермен, символдармен жүйелі түрде мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізу керектігін, оқушылардың математикалық ұғыммен білімдерді саналы және белсенді меңгерулерін басқару мүмкіндігін ескере отырып, ұғымдарды қалыптастырудың төмендегі ғылыми- әдістемелік деңгейі көрсетілген.


  1. Оқыту процесінде енгізілетін математикалық ұғымдардың бейнелері болып табылатын жеткілікті объектілерді оқушыларға көрсетіледі және олардың өмірдегі тәжірибесін есепке алып, жаңа ұғым туралы алғашқы елестетулер туғызады. Мәселен іргелес екі көршіні бір- бірінен бір қабырға бөліп тұрады. Бұл мысал іргелес (сыбайлас) бұрыштар туралы ұғымның пайда болуына әкеледі.

  2. Енгізілетін математикалық ұғымның сипаттық қасиеттерін ажырату. Бұл оқытылатын ұғымдағы заңды байланыстар мен қарым- қатынастарды анықтауға байланысты. Мұндай сипаттық қасиеттер ұғымды қалыптастыруға, оны дамытуға және қолдануға жеткілікті болу керек.

  3. Математикалық ұғымның анықтамасын тұжырымдау. Мұнда жаңа ұғымның аты- жаңа термин айтылады. Ол термин оқушылар жадыдында сақталып қалуы үшін оқушылар көңілі жаңа терминнің мағынасына аударылады.

  4. Оқушыларда жаңа енгізілген термин және символдың тарихи- генетикалық құрылыммен таныстыру. Бұл оқу мазмұнын адамгершілікке, оқушылардың « Неге бұл ұғым осындай атпен аталады, неге басқаша аталмайды?» - деген сияқты сұрақтарына жауап берудің тәрбиелік және ғылыми мәні бар.

  5. Оқытылған математикалық ұғымды жалпылау, оны оқу процесіндегі ұғымдарын оқып білуіне қиын болатындығы туралы оқушылар сенімін қалыптастыру.

  6. Жаңа енгізілген ұғымның практикалық қолдануларын көрсету, яғни сол ұғымды практикада қолдану.

Пәннің негізін меңгертуде пән мұғалімдері өз пәнін терең білетін, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс- тәсілдерін меңгеруі қажет. Сабақта оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдерін пайдалана отырып, оқушының ойлау қабілетін арттыру, өз бетімен жұмыс істеуін шығармашылық қызметке баулуды әр түрлі деңгейде пайдалануға болады.

Оқушылардың математика пәнін игеруде қызығушылықтарын арттыру мақсатында « Жұлдызды шақ », « Бақытты кезең », « КВН », « Жарыс сабақ», « Сайыс сабақ» түрлерін жүргіземін ( қайталау сабақ).

Оқушыларға тиянақты білім беруде сабақты түрлендіріп өту әр мұғалімнің көп ізденуін талап етеді. Дәстүрлі емес сабақ түрлерін қызықты өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көрсетеді. Бүгінгі шәкірт- ертеңгі күнгі әр түрлі сланың маман иесі. Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің « Егер балалар бірдеңе түсінбейтін болса», оқытушы оларды кіналауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кіналауға тиіс» - деген қанатты өсиетімен аяқтамақпын.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

мектепке дейінгі шағын орталығы бар №3 жалпы білім беру

орта мектебі



Баяндама

« Сабақ сапасы- ұстаз білігінде ».



Дайындаған: математика пәні мұғалімі Кощанова М.Е.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет