Баланы шомылдыру Баланың сыртқы денесі кір тоңғақты болса онда əр 2-6 сағатта мынандай жағдайда шомылдырады: - бөлменің ауа температурасы 27С төмен емес; - ваннада су температурасы 37,5 С; - шомылдырған соң жылы құрғақ сүлгімен орап, мұқият кептіріп басынан аяғына дейін сүрту; - баланы ана төсіне апарып жатқызу; - ал жаялықтарын ауыстырғанда бала денесі суымау керек, барлық іс-əрекеттер жылдам болуы керек. Дені сау балаларды дұрыс тамақтандыру Дені сау балаларды дұрыс тамақтандыру
Баланы жылаған сайын (күні-түні) тәулігіне ең кем дегенде 8 рет емізіңіз
|
Басқа тағам, соның ішінде сұйық тамақтар: шырын, су, шай, жасанды қоспалар, сүт, ботқаларды (каша) бермеңіз!
|
Балада аштық белгілері білінсе: бала қозғалып, саусағын сорып, ернін жыбырлата бастағанда емізу керек. Баланың жылағанын күтпей емізіңіз.
|
Ойнату: Баланы дүниге келген сәттен бастап есту, көру, сезіну, қабілетін дамытып, үнемі қозғалыста болуын қадағалаңыз, ойнауға естуге, көруге баланы қызықтыратын түсті жылтырақ, көлемді заттар, бұрын көрмеген жаңа ойыншықтарды беріңіз. ЕСКЕРТУ: ойыншықтар балаға зиянсыз болуы керек.
Көңіл бөліп сөйлеу: балаға қарап, күліп, сөйлеу керек. Әсіресе баланы емізіп отырғанда. Балаңыз өскен сайын, оған көбірек сөйлеп, әртүрлі дыбыстар шығарып, қимылдар жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |