Баланың туылуы келесі критерилерге сəйкес бөлмеде өтуі қажет: жеке, таза, жылы (ауа температурасы 25-27ºС болу қажет),желсіз, жарық, жағдай «үйдегідей» болу қажет, жағдай отбысына бейімделу қажет, босану кезінде позицияны таңдау үшін жарықтың болуы, үйретілген персоналдың болуы (маңызды фигура - акушерка). Нəрестеге өз бетінше еметіндей мүмкіндік жасау (15-20 минут ішінде бала өзі анасынан емуге талаптанады) ана төсіне еметіндей дұрыс жатуына көмектесу. Анасында, баласында жылы көрпемен жауып , емуіне кедергі жасамау керек. Əр 30 минутта туғаннан соң дене температурасын электронды термометрмен өлшеу (баланы ашқанда, емшек еміп, анасымен бірге жатқан кезін бұзбау).