Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы



Дата24.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#193289
Байланысты:
DOC-20231123-WA0011.
эссе, математика сводная каз АВС №№№№№№, В-ЖМҚА-02-21 Нұрмахан А.1(3).Ф, 843067E0-CA8C-4FB9-B2BD-A3DC72B7897B, Lecture 5 , 5, 2, Динамика — Уикипедия, Geometriya.-Zadachi-na-chertezhah.-7-9kl. Balayan 2013-223s

Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті


Орындаған: Мырзабаева Аяулым
Мұса Салтанат
Тобы: 1501-21
Қабылдаған: Нұртай Ғани
Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде жарықтың таралу бағытының өзгеруін жарықтың сынуы деп атайды.
Жарықтың сынуы
тАУА
СУ
ШЫНЫ
ШЫНЫ
СУ

Жоспары:

•Жарықтың сынуы

• Жарықтың сынуын ұғымын қалыптастыру

•Жарықтың сыну заңы.


Жарықтандырғыштан жарық шрғын шыны жарты цилиндр арқылы өткіземіз. Шыны мен ауаның бөліну шекарасында жарық шоғы өзінің бағытын өзгертеді, яғни сынады.
Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеде тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрышты сыну бұрышы деп атайды.

Жарықтыӊ сынуы ұғымын қалыптастыру. Тәжірибе: Стаканға суды құйғанға дейін стақанның түбінде көзге көрінбейтін монета орналастырылады, стақанға су құйғанда, ол көтерілгендей болып көрінеді. Сұрақ: неліктен су құйғаннан кейін бізге монета көрінеді?

Стақанда су жоқ кезінде бізге монета көрінбейді, өйткені монетадан шағылған жарық біздіӊ көзімізге түспейді. Ал егер стақанда су болса, монетадан шағылған жарық су-ауа шекарасында бағытын өзгертіп көзімізге түседі, сөйтіп монета бізге көрінеді. Қорытынды: жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде өзініӊ таралу бағытын өзгертеді, яғни сынады.

Жарықтың сыну заңы

Жарықтың сыну заңы

Түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке сәуле түскен нүктеде тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.

Түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады:


Сыну заңын эксперимент жүзінде 1621 жылы голланд ғалымы В. Снеллиус тұжырымдаған.

n1, n2- сыну көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді емес және тек ортаның оптикалық тығыздығына тәуелді. Заттың вакууммен салыстырғандағы көрсеткіші «абсолют сындыру көрсеткіші» деп аталады.

n1, n2- сыну көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді емес және тек ортаның оптикалық тығыздығына тәуелді. Заттың вакууммен салыстырғандағы көрсеткіші «абсолют сындыру көрсеткіші» деп аталады.

n екі ортаның салыстырмалы сыну көрсеткіші.

n екі ортаның салыстырмалы сыну көрсеткіші.


Жарық сәулесі вакумда 300000 км/с жылдамдықпен тарайды. Жарық 300000 км/с кем жылдамдықпен таралатын орта оптикалық тығыздығы жоғары орта деп аталады.

  • Жарық сәулесі вакумда 300000 км/с жылдамдықпен тарайды. Жарық 300000 км/с кем жылдамдықпен таралатын орта оптикалық тығыздығы жоғары орта деп аталады.
  • Сонда берілген екі орта үшін (ауа – су, ауа – шыны...) заттың сындыру көрсеткіші
  • Жарықтың бір ортадан екінші ортаға өткенде сыну себебі әртүрлі ортада жарық жылдамдығының түрліше болатындығынан. Яғни, оптикалық тығыздығы жоғары ортада жарық жылдамдығы кемиді. Ортаның сындыру көрсеткіші осы жылдамдықтың неше есе кемитінін көрсетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Көрініс кітаптар Физика Кітап: Физика . Автор: Қойшыбаев ... Бөліктің атауы: (электродинамика негіздері, тербелістер мен толқындар, оптика, кванттық физика
  • Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ . Г.К. Уазырханова А.А. Жаксылыкова.Өскемен 2010
  • Физика - оптика
  • Енохович, А. С. Справочник по физике/А. С. Енохович.-2-е изд. перераб. и доп.-М.:Просвещение,1990.-381 с.-(Библиотека учителя,физики)

Назарыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет