Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры Т. Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектебінің өзбек тілі және әдебиеті пәні мұғалімі



Дата09.02.2022
өлшемі16,82 Kb.
#131260
Байланысты:
Эссе Тәуелсіздік Маменова Т.А.


Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры
Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектебінің
өзбек тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Маменова Тажихан Алымовна
Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік.
Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін
де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз
керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын,
елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет
тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын
бір тұсы осы.
Н.Ә.Назарбаев
Адам бақытты болу үшін еркін болу керек, еркін болу үшін тәуелсіз болу керек, демек, ең алдымен, тәуелсіздіктің мәнін түсіну қажет.
Тәуелсіздіктің мәні - адамның өз тағдырына иелік ету құқығы және оны одан әрі нығайтуға ұмтылу. Әрбір адам осы қарапайым шындықты түсінгенде, яғни бұл идея халықтың жүрегінен орын алған кезде, ол ұлтты біріктіретін және оны ілгерілеуге жетелейтін ұлттық идеяға айналады. Демек, ұлттық идеология тәуелсіздікті түсінуге, бағалауға және нығайтуға шақыратын көзқарастарды білдіреді.
Қазақстан өз тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялады.
Туған жердің құны өсті, ұлттық құндылықтарымыз, зорлық-зомбылықпен жойылған дініміз («Наурыз» мерекесі, Рамазан және Құрбан айт) халыққа қайтарылды.
«Басқа елдің бау – бақшасы, өз еліңнің жантағындай көрінбейді» деп бекер айтылмаған. Адам бойындағы ең жоғары сезім – Отанды сүю.
Еліміздің басынан нелер өтпеді? 150 жылдай жоңғарлар мен шайқасты. Ата бабаларымыз жаулар мен қасық қаны қалғанша күресті. Кеңестік биліктің қатал ықпалына да шыдады. Жаужүрек батырларымыздың арқасында бодандықтан арылып, бостандықта өмір сүру бақытына да ие болдық.
1991 жылы еліміздің басшысы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Жаңа мемлекеттік рәміздер - мемлекеттік ту, елтаңба, әнұран, ұлттық валюта, мемлекетіміздің Ата Заңы - Конституциямыз қабылданды. Қазақ халқының ең маңызды құндылықтарының бірі-өз тілінде еркін сөйлеу, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен құндылықтарды қайта ашу және құрметтеу, біздің тарихымызды объективті зерттеуге құқығымыз ашылды.
Біз тәуелсіздік алғанға дейін, негізінен кеңес дәуіріндегі тарихымызды зерттедік. Тәуелсіздіктің арқасында біз өз тарихымызды объективті түрде зерттей бастадық. Халқымыздың білімі мен руханиятын көтеруде төл тарихымызды зерттеудің маңызы зор. Өйткені білім мен руханият тек тарихи таным негізінде қалыптасады. Тарихты білмейтін адам сауатты да, білімді де бола алмайды. Барлық қоғамдық ғылымдар тек тарих ғылымы негізінде дами алады.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін туған жер ұғымы ерекше мағынаға ие болды. Коммунистік идеология үстемдік құрған мемлекетте бұл ұлы сезім мазмұны мен формасына ие болды және адамдардың санасына қисынсыз көзқарас енгізілді. Туған жері үшін, ұлт үшін, өзінің ұлттық құндылықтарының гүлденуі үшін жанқияр патриот «ұлтшыл» деп айыпталатын немесе репрессияланатын еді.
Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Қысқа мерзімде Қазақстанда ірі кәсіпорындар құрылып, іске қосылды. Еліміз әлемге танылды. Көршілес мемлекеттер мен келіс сөздер жүргізіліп шекараларымыз бекітілді. Елбасымыз ядролық қарудан бас тартып, бейбіт өмірді таңдады. «Мәдени мұра», «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» сияқты бағдарламалар жүзеге асырылып, рухани жаңғыруға мән берілді. «Қазақстан 2050» стратегиясы қабылданып, озық отыз елдің қатарына қосылуды көздедік. Елімізде жеке кәсіп ашуға, қалаған оқуды оқуға барлық мүмкіндіктер жасалған. Еліміздің тәуелсіз, бейбіт шуақты күндерін бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу керек деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет