Лекция бейімделу ұғымына шолу жасау. Ғалымдардың жасаған ой тұжырымдарының сипаттамалары. Сенсорлық бейімделу. Әлеуметтік бейімделу



бет1/81
Дата11.01.2022
өлшемі1,26 Mb.
#110795
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)
Желі дәріс, ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)

1 ЛЕКЦИЯ

Бейімделу ұғымына шолу жасау.



  1. Ғалымдардың жасаған ой тұжырымдарының сипаттамалары.

  2. Сенсорлық бейімделу.

3.Әлеуметтік бейімделу

Көптеген ғасырлар бойы «адамзат» әр түрлі ғылым салаларының басты объектісі болып келеді, себебі ғылым мен адамзат бір бірімен тығыз байланыста келеді. Өз тарихын, мәдениетін, табиғи болмысын танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Осы таным жолында психология ғылымының орны аса зор әрі ерекше. Адам болмысының табиғаты, оның саналы қоғам шеңберінде өркендеуі мен қалыптасуы, айналасындағы басқа адамдармен қарым қатынасының ерекшеліктері психология ғылымының негізінде жатыр. Адамның даму заңдары мен болмысының мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның дамуы үшін өте қажет. Көп жағдайда адамдардың жеке және ұжымдық әрекеттерінің механизі, әрекет, әлеуметтік бағыт, тәртіп стереотиптерінің қалыптасу заңдылықтары жөніндегі білімдерді пайдаланбай, сезім, психологиялық климатты танып білмей, жеке адамның ерекшеліктері мен психологиялық қасиеттерін,қабілетін, сезімін, мінезін, адам аралық қатынастарын зерттемей, әлеуметтік процестер мен құбылыстардың мәні толық ашылмайды. Яғни, әлеуметтік процестерді зерттеуде психологиялық факторларды ескеру-заңды қажеттілік.Осыған орай,психология бірнеше салаға бөлінген. Соның бірі-әлеуметтік психология . Әлеуметтік психология- адамдардың әр түрлі ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған топтарында көрініс беретін психикалық болмысын зерттеумен айналысады.Әлеуметтік психология бүгінгі таңда ерекше сұранысқа ие. Өйткені әлемдік проблемаларды шешуден бастап, адам қашанда топтың өкілі болғандықтан,оның ортаға бейімделуі, күнделікті тұрмыстағы кездесетін қақтығыс, күйзелістерді зерттеп, қажетті шешімдерге қол жеткізуге болады. Адам баласында өмірге келген сәттен бастап, белгілі ортаға бейімделу процесі жүреді. Психологияда бұл процесті адаптация деп атайды.

Адаптация-жеке адамның немесе әлеуметтік топтың ортамен әрекеттестігі, оған осы ортаның нормалары мен құндылықтарын игеру, сонысымен қатар ортаның мақсатына сәйкес өзгеруі, қайта құрылуы жатады. «Бейімделу» (адаптация) ұғымы психологияда адамның қоршаған орта жағдайына бейімделуін білдіреді. Бұл ұғым индивид пен ортаның тепе-теңдік байланыстары туралы гештальтпсихология, ақыл-ойдың даму теориясы сияқты психологиялық концепцияларда да маңызды орын алады.Бұл терминді еңгізген Г.Селье.

Үш стадиядан тұрады:

1.    Алаңдау стадиясы– бір неше сағат немесе екі күн созылуы мүмкін, мұнда адамға белгілі әсер келіп адам одан қорғануға тырысады;

2.    Қарсы шығу стадиясы – адам әсерге қарсыланады;

3.    Тұрақтану немесе әлсіздену стадиясы.

Дамудағы ауытқуды түзету немесе коррекция жасаудың тұтас тұжырымдамасын алғаш рет итальян педагогы М.Монтессори (1870-1952) жасады. Ол сезімдік тәжірибе мен моториканың дамуы автоматты түрде ойлауды дамытады, себебі олар ойлаудың алғышарттары деп есептейді. Көршілес мемлекет Ресейде түзету жұмысының теориясы мен тәжірбиесін дамытуда жетекші рөлді А.Н.Граборов (1885-1949) атқарды. Ол ақыл ойы кем балалармен жүргізілетін сабақтардың біртұтас жуйесін жасады. Бұл жүйенің құрамына нелер кіреді? Оған ойлау, есте сақтау үдерістерін дамытуға ықпал ететін әр түрлі ойындар, шыдамдылықты, төзімділікті қажет ететін қол еңбегі, топтық саяхаттар тәрізді маңызды әлеуметтік мазмұндағы жұмыстар енеді. Кемістіктердің орнын толтыруда психотерапияның рөлі ерекше маңызды.Ұзақ уақытқа дейін, психотерапевтік шаралар вербальды коммуникация, интеллект сияқты қалыпты дамыған адамға тән компоненттер негізінде ғана жүзеге асады деген теріс ұғым орын алып келді. Бірақ ақыл ойы кем балаларда интеллекттуалды әрекеттік болатыны және психотерапияда вербальды емес әдістердің қолданылатыны дәлелденді, мысалы арттерапия. Олигрофрен оқушылармен психотерапевтік жұмыстар жүргізу барысында, нәтижесінде олардың зейін, қабылдау, есте сақтау қабілеттерінің артқанын, оқу әрекетінің арта түскендігін байқауға болады. Сондай-ақ, психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілген психотерапевтік жұмыстарда өз нәтижелерін көрсетіп келеді. Кез келген қоғамда, даму дәрежесі қаншалықты жоғары болғанына қарамастан, әлеуметтік қиындықтар болып тұрады. Осындай себептердің салдарынан, қазіргі кезде әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған мүмкіндігі шектеулі балалар күннен күнге көбеюде. Әрине, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп, әлеуметтік тұрмысқа баулуда, ата-ана мейірімімен қатар, мұғалім және психологтың тарапынан шексіз, мейірімділіктің қажеттілігі бірден айқын байқалады. Бұл жұмыста үлкен жауапкершілік, төзімділік, тәжірибе қажет. Қазіргі озық технология заманында мүмкіндігі шектеулі балаларды заман талабына сай, түрлі әлеуметтік жағдайлардан адаспай, дұрыс жол таба алатын, еңбеққор азамат етіп қалай әзірлеп шығаруға болады деген сұрақ осы салада қызмет атқарып келе жатқан мамандарды шығармашылық жұмысттар мен инновациялық технология әдіс тәсілдерін іздеуге итермелейді. .

Отандық Ерсарина А.Қ, Жалмұхамедова А.Қ, Сүлейменова Р.А т.б.ғалымдардың ғылыми зерттеулері бойынша ерте жастан кемістікті анықтау және дәл сол кезден кешенді түзету жұмысын бастау, кейіннен бала дамуында басқа ауытқушылықтарды алдын алуға жол ашады.

Сенсор» сөзі латынның «Sensus» - «сезім», «түйсік», «қабылдау», «түйсіну қабілеті» деген сөздерінен шыққан . Дүниені тану түйсінуден, қабылдаудан басталады. Түйсігі мен қабылдауы мол адамның қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жақты келеді. Сөйтіп, баланың сенсорлық мәдениеті, оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады.Педагогикалық сөздікте «сенсор» ұғымына «... 1) жеке рецептор, 2) рецеторлы мүше» деп атап көрсетілген. Сенсорлық бейімделу- организмнің сыртқы ортаның әр түрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі. Сенсорлық бейімделу–түйсіктердің бейімделуі.

Әлеуметтік бейімделу –бейімделудің еңжоғары дәрежесі, бір жағынан, үнемі жүретін индивидтің әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, екінші жағынан, бұл процестің нәтижесі. Осы екі компоненттің өзара қатынасы индивидтің қажеттіліктеріне, оларды қанағаттандыру мүмкіндігіне тәуелді. Бейімделу үздіксіз жүретін процесс болса да, оны әдетте, адамның өмірінде негізгі әрекеттердің және әлеуметтік ортаның ауысуымен байланыстырады.Әлеуметтік бейімделу – тек дені сау адамдардың ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың да әлеуметтік ортаға қосылуы, қоғамда өмір сүруге бейімделуі. Мүгедек бала - тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам. Мүмкіндігі шектеулі балаларда бейімделу үдерісі үнемі сәтті, қиындықсыз бола бермейді. Кейде, адекватты емес мінез-құлық реакциялары, қиын психологиялық ситуациялар туындайды. Бір сөзбен айтқанда, дезадаптация пайда болады. Балалардағы дезадаптация күйі оңай пайда болғанмен, адаптация үдерістері ұзақ уақытқа созылады . Мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделу немесе адаптация қиындықтарын жеңілдету, психикалық дамуын қалыпты балалардың психикалық дамуы деңгейіне жақындату коррекция және компенсация жолдарымен жүзеге асады. Дәлірек айтқанда, коррекция (түзету) ұғымы – психикалық және дене бітімдік дамудағы кемшіліктерді, психологиялық-педагогикалық және емдеу-сауықтыру шараларының жүйесі көмігімен түзету. Бұл жүйе баланың психикасының, дене бітімінің ауытқуларын жеңілдетуге және жоюға бағытталады.

ЕБҚБ балаларды әлеуметтік-психологиялық түзету.

1.Үй жағдайында ЕБҚБ балаларды әлеуметтік-психологиялық қолдау.

2.Мектеп және басқа да ұйымдарда ЕБҚБ балаларды әлеуметтік-психологиялық қолдау.



Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік психологиялық түзету арқылы қолдаудың маңызы зор. Себебі, тұрмыс тіршілігіндегі шектелуді жою үшін жағдай жасауды қамтамасыз етіп, оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасау керек деп ойлаймын. Біздің Отанымызда да осы салаға байланысты арнайы сауықтыру орталықтары да жұмыс жасап келеді. Қазіргі уақытта республикалық арнайы түзету мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер тәрбиеленуде. Осы топқа жататын арнайы мектептерде сырқаттары және басқа себетерге байланысты оқуға мүмкіншіліктері жоқ оқушылардың жалпы орта мектептерде білім алуы қиыншылық туғызады. Осы себепті әлеуметтік тәрбиенің мәселелерін көре білу, сезіну және шешу жолдарын қарастыру, мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және қатарға қосу мен тәрбиелеуді жүзеге асыруды міндет етіп алға қою керек. Егер, әлеуметтік педагогикалық үдерісте мүмкіндігі шектеулі балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортасын зерттей алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатыстыру мүмкіндігі туады. Тек осыдан кейін әлеуметтік психологиялық үдерісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын, білімді, мәдениетті, еңбеққор және тұлғаны қалыптастыру мүмкіндігі туар еді. Бұл қасиеттерді бала бойына дарыту үшін мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясын терең, жетік меңгеруіміз керек.

Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психолог, емдік физкультура, логопед, олигофренопедагог мамандарының арнайы тапсырмалары өте қажет. Сонымен қатар, әлеуметтік бейімделудегі, тәрбиелудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата-аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым әлеуметтік бейімделуде нәтижелі болады. Адамның ең маңызды игілігі –жеке басының бостандығы мен құқықтары. Ата Заңымыз Конституцияның «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педегогикалық түзету арқылы қолдау» туралы Заңның 4- тарауында кемтар балалардың құқықтары бекітілген, нақты ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. 15-бап кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-психологиялық түзеу арқылы қолдауды кепіл түрде тегін алуға құқығын бекітті. «Балалардың құқықтары туралы Конвенцияда» мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы өмір сүруін қамтамасыздандыру мазмұны 23-баптарында нақты көрсетілген. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болсада, мәртебесі сау адамдармен тең дәрежелі. Атап айтқанда мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың қалыпты дамыған адамдармен әлеуметтік жағынан да, саяси, азаматтық, экономикалық, мәдени жағынан тең құқылы екендігі айтылған. Қазіргі таңда, еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі деңсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр.Жылдан жылға мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрып келеді. Үкіметіміздің мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған көптеген көмектерінің ішінде үйде әлеуметтік көмек беру ерекше орын алады. Үйде әлеуметтік көмек беру барлық мүгедек балаларға емес, олардың ішінде өз-өзіне қызмет етуі төмен, қозғалысы нашар, үйде оқитын, үйде тәрбиеленетін және ешқандай бағдарламамен оқуға жарамсыз балалар мен жасөпірімдерге көрсетіледі. Осы орайда педагог-психологтың міндеті мүмкіндігі шектеулі балалардың жан айқайын қоғамға жеткізу, яғни бала ағзасындағы ауытқулар мен бөгеттердің себеп-салдарын анықтап, олардың отбасындағы қарым-қатынастарын дамытып, дені сау баламен араласауына жағдай туғызу болып табылады. Тәрбиелеу барысында, жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Бұл ҚР білім беру саласындағы ауыр мәселенің бірі болып отырғаны ақиқат. Арнайы білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңінде балалалық мүгедектің алдын алу, өзекті мәселесі ретінде қарастырылады. Бүкіл әлемдік деңсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдардың қызметінде кемтар балалар мен отбасына ерте жастан қолдау көрсету жетекші беталыс болып саналады. Қазіргі уақытта біріктірудің жетекші мезгілі ретінде жалпы сыныбында пән мұғаліммен қатар екінші арнайы педагогты қосу ерекше оқу орнын ұйымдастыру кең тараған дәстүр. «Шағын−мектеп» сынып құрамы ашылады. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жеке білім беру және түзету−дамыту бағдарламамен жүргізіледі. Әр жалпы мектептерде білімді, тәжірбиелі арнайы педагог балаларға арнайы көмек көрсету мен мұғалімдерге кеңес беру қызметін атқарады. Осы атқарылып жатқан игі істердің барлығы мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамда өз орынын табуға, дені сау балалар тәрізді білім алуына мүмкіндік жасайды. Ойымды қорытындылай келе, қоғамда тек дені сау балалар дүниеге келуі керек. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік психологиялық бейімдеу арқылы заман талабына сай білім беріп қана қоймай, тәрбиелеп, оларды қоғам өміріне өз пайдасын тигізуге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру.  

ЕБҚБ балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу.



  1. ЕБҚБ балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуінің алғышарттары.

2.ЕБҚБ балалардың әлеуметтік ортаға бейімдеуде кездесетін қиындықтар.

ЕБҚБ баланы әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы бар. Бірінші жолы , ЕБҚБ баланы қоршаған ортаға бейімдеу. Бұл жолдың кемшілігі . біржақтылығы. Бұл жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтену процесі екі жақтылы болуы керек. Бұл дайындық процесінде интеграцияның объектісі ғана емес, сонымен қатар белсенді субъектісі болу керек.

Екінші жолы ЕБҚБ баланы әлеуметтік ортаға енгізу дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны ЕБҚБ баланы қабылдауға дайындау. Негізгі факторы да осы.

Мемлекет ЕБҚБ азаматтардың білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң құжаттарында айтылғандай ЕБҚБ балалар әлеуметтік көмек алуға, оңалтылуға (реабилитация), дәрі-дәрмектермен, протездермен, протезді ортопедиялық бұйымдармен,жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай-ақ кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар. Лев Семенович Выготский:. «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі . бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі . кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері». деп атап көрсетеді. Сондай . ақ ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген.

Осыған байланысты педагогикалық үдерісте балалардың белсенділік, өзіндік әрекетін танытуына, сонымен қатар, оның интеллектуалдық және тұлғалық дамуын арттыруына барынша кешенді түзетушілік педагогикалық қолдау жасау қажет. Ерте жасалған диагностика мен дер кезіндегі түзету жұмыстары мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жеке даму траекториясы бойынша өсуіне жағдай жасайды. Сондықтан, әлеуметтік-педагогикалық қолдау міндеттерін жүзеге асыруда арнайы (түзету) білім беру ұйымдар педагогтарының, соның ішінде әлеуметтік педагог, психолог және арнайы педагогтардың ролі басым.

Психологияның негізін қалаушы ғалым Л.С.Выготский сөзімен айтатын болсақ «Сау бала мен кемтар бала бірдей заңдылықтармен дамиды. Демек қалыпты ЕБҚБ балалардың дамуындағы факторлар бірдей. ЕБҚБ бала өзінің дамуында сау баланың жүріп өтетін даму кезеңдерін бастан кешіреді, тек бірқатар кешігумен және спецификалық ерекшеліктерімен өтеді» деген болатын. Сондай-ақ «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі.Әр баланы өзінің зонасында жетілдіру керек» деген. Сондықтан, әр баланың жан дүниесіне үңілуден бастап, өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, білгеннен кейін, олардың қабылдау деңгейіне қарай түзете-дамыту жұмыстарын жалғастырамыз. Оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, балалардың ойлау қабілеттерін арттыруға жағдай жасау қажет.

Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге есте сақтау, ойлау, танымдық,шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Қазір олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына жағдай жасалып жатыр.

Инклюзивті оқыту- барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үдерісінің дамытуға қол жеткізуді көздейтін кіріктірілген білім процесі. Түзету және инклюзивті білім беру бағдарламасының мақсаты да – әртүрлі мұқтаждықтағы даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психикалық процестерін дамытуда, білім алуда кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету болып табылады.

Педагог-Логопеды маман баланың сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін, оларды түзетудің әдістерін анықтайды,дамудағы сөйлеу кемшілігін, сөйлеу қызметінің бұзылуын түзету үшін топтық және жеке жұмыстар өткізеді. Баланың тіл бұзылыстарын түзету мақсатында логопед логопедиялық тренажер, зондпен жұмыс, тыныс,тіл, артикуляциялық жаттығулар арқылы қызықты қылып өткізуде.

Ғалымдардың дәлелдеуінше, баланың ұсақ моторикасының дамуы оның жалпы тілінің дамуы мен ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты. Саусақтардың және қол білектерінің қозғалысы ерекше дамытушылық мағынаға ие. Баланың саусақтарымен түрлі жұмыстарды орындауы индуктивті бас миындағы сөйлеу орталықтарының қозуына және сөйлеу аймақтарының келісілген әрекетінің күрт күшеюіне алып келеді екен.

Дефектолог мамандар баланың психофизиологиялық даму кемшіліктерін түзеп, жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеп, баланың мүмкіншілігін, қабілетін анықтайды. Дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған танымдық үрдістерін дамытып, сенсорлық қабілеттері мен жалпы және ұсақ моторикасын, ойын арқылы баланың қимыл-қозғалысын, ойлауын және тілін дамытады. Дефектологтың түзеу-дамыту жұмысы саусақ жаттығуларынан басталады. Дидактикалық, сюжеттік-рольдік ойындар, мазмұнды суретпен әңгіме құрастыру, түрлі әдістер арқылы сурет салу, ермексазбен жұмыс және қол моторикасын дамытатын заттық – танымдық құралдармен ойнату балалардың қызығушылығын тудырады.

Педагог- психолог маманы баланың психологиялық даму деңгейін зерттеп, танымдық, тұлғалық, эмоционалды-ерік қабілеттерін дамытуға бағытталған түзету-дамыту жұмыстарын жүргізеді: баланың өзіне деген, қоршаған ортаға деген қатынасын жақсарту,өз эмоциясын басқара алуы, қоғамда өзін еркін ұстауы, танымдық қызығушылығын арттыру т.б.Тренингтер, танымдық ойындар, релаксация,арттерапия сияқты жұмыс түрлері арқылы балалардың психологиялық дамуына жағдай жасайды.

Әлеуметтік педагогы баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, баланың жеке құқығы мен еркіндігін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар өткізеді. Отбасының әлеуметтік – тұрмыстық жағдайын тексеріп, мұқтаждық картасын жасап отырады. Ата-аналарға құқықтық, әлеуметтік жәрдемақылар, курорттық емдеу орындары жұмыстары туралы көмек көрсетеді. Балаларға жеке сабақтар кезінде түрлі табиғи материалдар арқылы қол еңбегіне үйретеді, өз-өзіне қызмет көрсету дағдысын қалыптастыруда Монтессоридің күнделікті өмір жаттығуларын балаларға үйретеді.

Емдік дене шынықтыру нұсқаушысы баланың дене бітімінің дамуына, жетілуіне арналған жаттығулар, ойындар өткізу арқылы баланың ірі және ұсақ моторикасын дамытады, қозғалыс координациясын түзейді. Шынықтыру,сауықтыру шараларын өткізеді.

Музыка жетекшісі балаларды дене жаттығуларын жасауды музыкамен сүйемелдеу арқылы сабаққа қызығушылығын арттырады. Логоритмика элементтерін жеке түзету сабақтарында қолдану кезінде және кабинеттің түрлі мерекелік шараларын өткізуге қатысады.

Мамандардың баламен жан-жақты жұмыс нәтижелерін мыны көрсеткіштен көруге болады.

Кабинет мамандары балаларға түзету-дамыту жұмысын жүргізіп қана қоймайды, олардың ата-аналарына үнемі көмек беріп отырады. Оқу жылының басынан ата-аналар жиналыстары өткізіліп, сауалнамалар алынып, түрлі тақырыпта баяндамалар оқылады. Әр маман өз саласы бойынша кеңестер беріп, түзету сабақтарына қатыстырып, жаттығу түрлерімен таныстырып отырады. Түрлі мерекелік шараларда балалардың өз өнерлерін ортаға салуы балалардың шығармашылық қабілетін ашып қоймай, сонымен қатар баламен бірге ата-ананың да сенімділігін нығайта түсті.

ЕБҚБ балалар жақсы әрі жан-жақты өмір сүруге құқылы. Сондықтан оларға бұл мүмкіндік қолдануға қол ұшын беруге міндеттіміз. Ерекше балаларды ортаға қосып, қалыпты өмір сүруге жалпылай көмек көрсету нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады.

Түзету кабинетіндегі арнайы білім беру қазіргі уақытта әлемдік мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, түзете дамыту жұмыстары жыл санап даму үстінде. Ең негізгі бағыттарын қарастырсақ, олар ерте жастан түзету, педагогикалық қолдау көрсету мен мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен біріктіріп оқытуды ұйымдастыру, білім беру жүйесінің дамуын жалғастыру.Оның көрінісі арнайы білім ұйымдарын кеңейтіп,жаңа педагогикалық кемтар балаларға арналған көмектің кешенді ие болуы (медициналық, әлеуметтік,педагогикалық түзету арқылы қолдау).

Бүгінгі заман талабы арнайы педагог мамандарына әртүрлі мүмкіндігі шектеулі балалардың жүрегінен жол таба білетін, білім-біліктілігі жоғары, жаңашыл, іздемпаз ерен қасиет иесі болуды міндеттейді.

Ата-аналармен, педагогтардың негізгі міндеттері ЕБҚБ балаларды қоршаған ортаға еркін бейімдеу. Бұл негізгі міндеттерді шешу жолында оқыту, тәрбиелеу барысында ата-аналармен , мектеп жасына дейінгі мекемелердегі мамандар атқаратын іс-әрекеттері оқыту бағдарламасына сай болуы тиіс.Дамуында ЕБҚБ бар балалармен өмірге бейімделу жұмыс барысында істелетін оқыту, тәрбиелеу бағыттары аз емес.

1. Баланың алғаш ортаға түскеннен кейінгі қарым-қатынасын бақылау,өзін еркін сезінуін бақылау, құрдастарымен тіл табысуын қадағалау.

2.Ортаға еркін бейімделуін қалыптастыра дамыту.

3.Өзіндік дағдыларын дамыту. Жеке дамушылығына жұмыс жасау.

ЕБҚБ балалармен жұмыс барысында баланың мінез құлқына мән берілуі керек. Баланың белсенділігін, білімін тексере отырып барып бағдарлама құрастырылады.

Кейбір балалар ортаға түскенде ашуланшақ келсе ал кейбір балалар ашылмайды, ортаға қорқынышпен қарайды. Сондықтан баламен жеке дамыту жұмыстарынның маңыздылығы зор.

ЕБҚБ балалардың қоршаған ортаға бейімделуі қиындыққа соғады. Өмірдің, өндірістің, әлеуметтік қызметтердің, сондай-ақ мәдениет пен бос уақыттың құрылымы іс жүзінде қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне бейімделмеген. Мұны авиакомпаниялармен жиі жанжалдар айтады, олардың арбасын ұшаққа жіберуден бас тарту болып табылады.Олар үшін үлкен қолайсыздық қоғамдық көлікті және басқа көлік құралдарын пайдалану мүмкіндігінің болмауымен де байланысты. Қарапайым, өйткені тіпті көптеген үйлердің кіреберістері көтергіштермен жабдықталмаған, кейде олар жай ғана құлыптаулы және кілттің кімде екені белгісіз болады.Қажетті ұтқырлықтың болмауы ЕБҚБ көпшілігін білім алуға, өндіріске бейімделуге және нәтижесінде табыс деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Статистикаға сәйкес, қазіргі уақытта ЕБҚБ азаматтардың өте аз саны өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті жұмыс істеп, кіріс ала алады.

Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың үйден оқытылу қорытындысы берілсе арнайы бағдарламалар жасалады. Мүмкіндігінше бала арнайы мекемелерде тәрбиеленсе кұп болатын еді. Баланы өмірге дайындау, бейімдеу оқытудағы барлық тәрбиелеу қағидаларынан тұрады. Әрбір бала өзінің дамуын қалыптастыра білуі керек. Бала өз-өзіне қызмет ете білу дағдыларын қалыптастыра дамыту болып табылады. Ата-анамен , педагог баланы неғұрлым өзіне сенімімен қарауға, қоршаған ортаға тезірек бейімделіп кетуіне ықпал жасауы тиіс.

Ата-ана балаға қорғау режімін ұйымдастыру керек, бұл баланың жүйке жүйесін қорғап нығайтады. Әдет дағдылар баяу қалыптасады, сондықтан қорғау режімін сақтап көп жұмыс істеуге тура келеді. ЕБҚБ балаларды тәрбиелеуде және әлеуметтендіруде өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастыру және өмірге бейімдеу өте маңызды:

-ұсақ моторикасын дамыту;

-өздігінен тамақтану;

-өздігінен киініп-шешінуге үйрету;

-баланы тазалыққа дағдыландыру.

Баланы адамдармен қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортамен таныстыру қажет (бала қай жерден азық-түлік,т.с.с сатып алынатынын білуі тиіс)

Ата-ана баланы сұрақтарға толық жауап беруге, өз ойын жеткізуге, өзінің және басқа адамдардың іс -әрекетін бағалауға, әңгімелеуге үйреткені дұрыс.Осындай тәрбие барысында баланың танымдық іс-әрекеті, зейіні,ойлау, есте сақтау қкбілеттері, тілі қажетті дағдыларымен біліктіліктері дамиды.

Баланың дамуындағы тежелуін алдын алуда ойын іс-әрекетімен сенсорлық тәрбиелеудің маңызы зор.

Сенсорлы тәрбие арқылы көру, есту қабілеттерімен тактилдік қабылдауы дамиды ( түстерді ажырату, заттарды түсіне, пішініне,көлеміне қарай топтастыру т.с.с).

Ойын – мектепке дейінгі балалардың іс-өрекетінің жетекші түрі.Сондықтан ойын іс-әрекетін ынталандыруға көп көңіл бөлген дұрыс. Ойын іс-әрекетін қалыптастыру барысында балалардың барлық психикалық процестері белсендіріледі,қарым-қатынас құруға үйренеді,қоршаған ортаға бейімделеді.Анасы баласымен ойнағанда оның іс-әрекетіне түсініктеме береді,әр түрлі бағытта сұрақтарды қайталайды.

Сонымен зияты зақымдалған балаларды отбасында тәрбиелеуде ата-аналар келесі бағыттар бойынша жұмыс істеуі тиіс:

-Баланың жеке бас ерекшелігі мен жасына қарай психикалық дамуын ынталандыру;

-қорғау режімін сақтап, оқу және тәрбиелеуге жағдай жасау;

-баланың тілін, көңіл күйін іс-тәжәрбие арқылы ата-анамен қарым қатынас жасауын қалыптастыру.

Әлеуметтік және ортаға бейімдеу баланың танымдық әлемінің белсенділігін арттыруға бағыттау болып табылады.

Егер ЕБҚБ балаларды әлеуметтендіру жұмысы жан-жақты қолға алынса, ата-анасы толық ақпараттанса кемтар балалар қоғамда өздерін тең құқылы азамат ретінде сезінер еді.



Сондықтан да, әр балаға күннің кез-келген уақытында өзі емін – еркін қимылдап, жүріп тұруы үшін даму ортасын жасап, қамтамасыз ету керек. Белсенді іс-әрекетке бейімдей түсу керек.Әр баланың жас ерекшелігін де ескерген жөн. Үлкендермен балалардың өзара іс-әрекеттері бір бірімен білімді ұйымдастырылуы қажет. Ол дегеніміз баланың өзіндік емін-еркін қимыл-қозғалысы, ойын іс-әрекеттері. Баланың іс-әрекеттері жаттыққан сайын күрделене түседі. Баланың әр жетістігі өзіне деген сенімін арттырады. Осының барлығын ескере отырып, әр ата-ана дамуында кемістігі бар баласына арнайы жағдай жасап отыруы керек. Бала тәрбиесіндегі әдіс-тәсіл нәтижелі орындалып отыруы керек-ақ. Мінеки отбасымен бірігіп атқарған жұмыс нәтижесі алдағы уақытта баламен қай бағытта, қалай жұмыс жасау керектігіне көмектеседі. ЕБҚБ балаларды қоғамнан тыс қалдырмай өмірде еркін өз орнын таба білетін азамат ретінде тәрбиелеу бейімдеу мамандардың еншісінде.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет