Сабақтың тақырыбы: Балалардың денсаулығын, жыл мезгілін және аумақтық сипаттамаларды ескере отырып, күн тәртібін жасау



Дата11.06.2020
өлшемі18,46 Kb.
#73158
түріСабақ
Байланысты:
Дутбай АқнұрПрак27
Бұам2.06.2020ж

Мамандығы: 0105000 – «Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105083 – «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі»

Тобы: ББ-П-18

Орындаған: Дутбай Ақнұр

Тәжірибе жинақтау: Балалардың күн тәртібін ұйымдастыру (өндірістік тәжірибе)

Сабақтың тақырыбы: Балалардың денсаулығын, жыл мезгілін және аумақтық сипаттамаларды ескере отырып, күн тәртібін жасау

Күні: 27.05.2020 ж.

Қайырлы күн,ұстазым!
Үй тапсырмасы:
І. Балалардың денсаулығын, жыл мезгілін және аумақтық сипаттамаларды ескере отырып, күн тәртібін жасап, дәптерге жазып, суретін жіберіңіз.
Ересектер тобының күн тәртібі.

Күн тәртібі

Уақыты

Таңертеңгі дидарласу,

Таңертеңгі жаттығу,

Таңғы ас


8.00-9.00

8.15-8.30

8.30-9.00


Ойын түріндегі ұйымдастырылатын оқу іс-әрекеттері.

9.30-9.50

Серуен.

9.50-11.50

Гигиеналық шаралар,түскі ас.

11.50-12.30

Күндізгі ұйқы.

12.30-15.00

Ұйқыдан ояну,шынығу,бесін ас.

15.00-15-30

Ойындар, дербес әрекет

Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс



15.30-16.30

Серуенге дайындық.

Серуен,шығармашылық,ермек ойындар.



16.30-16.50

16.50-17.30



Үйге қайту.

17.30-18.00

Жазғы мезгілде ойын түрінде ұйымдастырылатын оқу іс-әрекеттер кестесі

Апта күндері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Білім беру саласы

Шығармашылық

Шығармашылық

Қатынас

Денсаулық

Таным.

Әлеуметтік орта



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет

Сурет.

Мүсіндеу.

Жапсыру.


Музыка

Көркем әдебиет.

Дене шынықтыру

Қоршаған ортамен таныстыру

ІІІ. Басылым материалынан немесе интернеттен мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібі жайлы материал тауып, мәліметтеріңізді толықтырыңыз. Жіберген материалыңыз сізді немен қызықтырғанын жазыңыз.

Мектеп жасына дейінгі жастағы баланың күн тәртібін ұйымдастырудағы үлкендердің рөлі.

Күн тәртібінің маңызы . Күн тәртібі – балалар іс - әрекеті мен демалысының уақыты мен кезегіне қарай тиімді болуын көздейтін ғылыми жағынан негізделген өмір тәртібі .

– күн тәртібінің мазмұнын құрайды және олар өз кезегімен қайталанып отырады . Күн тәртібіндегі балалар әрекетінің тұрақты жүйелілігі іс – әрекетінің бір түрінен екінші түріне ауысуды оңайлатады : тамақ ішетін уақыт болғанда балалардың қарыны ашып , тәбеті ашылатындықтан , тамақ жақсы сіңеді . Ұйықтайтын уақыт келгенде балалар жүйкесі оңай тежеліп , олар ұйқыға кетеді .

Күн тәртібінде қойылатын талап балалардың жасына қарай физиологиялық ерекшеліктерге , тәрбие міндеттеріне , жағдайға байланысты анықталап отырады ,

Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру – күн тәртібіне қойылатын негізгі талап . Балаларда іскерлік пен дағдылардың қалыптасып үлгермегендеріне байланысты ұйқыға , киінуге , шешінуге және беті – қолын жууға берілетін уақыт сәби топтарда ұзағырақ . Ал ересек топтарда тұрмыстық әрекеттерді атқаруға уақыт жұмсалады да , ойынға және басқа іс – әрекеттерге уақыт көбірек жұмсалады .

Балалардың денсаулығын , психикалық даму дәрежесін ескеру де күн тәртібін орындауға талап . Денсаулығы нашар балалар , сырқаттан тұрғандар ұзақ ұйықтатаылады және таза ауада ұзақ серуендетіледі , тәрбиелік – білімділік жұмыстар мазмұнына да қажетті өзгерістер енгізіледі .

Келесі талап - күн тәртібінің тұрақтылығы : уақытымен тамақтану , оқу , ойнау , ұйықтау . Ол күн тәртібіндегі кезегімен қайталанып отыратын құбылыстарға балалардың дағдылануына көмектеседі , балалар тәртіпке үйренеді . Күн тәртібінің бұзылуы балалардың денсаулығына және олардың мінез – құлқына теріс әсер етеді : олар қыңырлыққа салынуы , олардың арасында ұрыс керіс болуы да мүмкін .

Мектеп жасына дейінгі мекемелердегі күн тәртібі.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған оқутәрбиеісінің бағдарламасы олардың
морфофункционалдық ерекшеліктерін ескере, отырып жасалған. Бұл үшін 7 жасқа дейінгі барлық балалар жас мөлшеріне байланысты жеке топтарға біріктіріледі:
Сәбилер тобы:
кіші топ (2 ай — 1 жас) - 15 баладан
ортаңғы топ (1-2 жас) - 20 баладан;
ересектер топ (2-3 жас) - 20 баладан

Мектепке дейінгі жастардағы балалар тобы:
кіші топ — (3-4 жас) - 20-25 баладан;
естиярлар тобы (4-5жас) - 25 баладан;
ересектер тобы (5-6 жас) - 25 баладан;
дайындық тобы (6-7) - 25 баладан;
Мұндай топтастыру жекелендірілген балалар мекемелері (бала-бақша, немесе ясли) үшін алынған.
Біріктірілген мекемелерде (ясли-бақша) сәбилер жасына (ересектер тобының жасына дейінгі жас) 2
жасқа дейінгі балаларды, мектепке дейінгі жасқа 2-7 жасқа дейінгі балаларды жатқызады.

Сәбилер тобының күн тәртібі:
Бұл жастағы балалардың ерекшеліктері олардың тез өсіп, дамитындығында, ағзалардың қолайсыз жағдайларға қарсыласу мүмкіндіктерінің төмендегінде және олардық орталық жүйке жүйелерінің әлсіздігіңде болады. Сондықтан, ағзалардың функционалдық
жетілмегендігі ұтымды күн, тәртібімен толықтырылуы керек. Бұл кезенде оның негізгі компоненті - ұйқы, тамақтану, сергектік. Бір жасқа дейінгі балалардын күн
тәртібі баланың тамаққа, ұйқыға деген қажеттілігінің қанағаттанғандық дәрежесімен анықталады.

Сондықтан 10 айға дейінгі уақытта ұйқы,тамақтану, сергектік уақыттарын дұрыс алмастырып отыруды қатал сақтау керек, өйткені осы қезеңде осындай, дұрыс жасалған тәртіп жүйесі ғана баланың көңілкүйін жақсартып, тәрбие жағдайын тиімді етеді. Сергектік уақытында гигиеналық


күтім және ойындар, көбінесе жеке мазмұндағы ойындар жүргізіледі.

10 айдан асқан балаларда күндізгі ұйқының саны қысқарады (2 ретке дейін) және тамақтану


үстемділігінің әсері азаяды.2 жастан бастап ұйқының екі сатысы ғана қалады (түнгі және
күндізгі). Осындай жағдайға байланысты тамақтану уақыты қысқарып, сергектену уақыты
ұзарады, және бұл уақыт ойындармен және арнаулы сабақтармен (іс-әрекет, сөйлеу
мүмкіндіктерін дамытуға арналған) толықтырып отыруы керек. Күнделікті ұзақтығы 10 минуттан күннің бірінші және екінші және екінші жартысында) сабақ жүргізілуі керек. Бұл кезеңде балалардың үлкендермен араласуы шешуші роль атқарады және ол баланың өз еркімен жасайтын іс-әрекеттермен кезектесіп туруы керек.

Мектепке дейінгі топтардың күн тәртібі және гигиенаға баулу.
Бұл жастағы балалар қимыл-қозғалыс белсенділігіне қажеттілігінің жоғарылауымен,
ақыл-ой және қызмет қабілетінің жетіле бастауымен сипатталады.
Естиярлар тобындағы балаларға арналған күн тәртібінің құрылысы, тәртіп уақыттарының кезектесуі, тәртіптердің бірінен кейін бірінің дұрыс орналасуы, барлық жас топтарына бірдей болып келеді. Олардың айырмасы іс-әрекет түрлерінің ұзақтығында ғана болады. Мысалы, жасына қарай күндізгі ұйқыға, тамақтануға, таза ауада серуендеуге, сабаққа дайындалуға арналған уакыттар кысқарады да, сабак өткізу уақыты ұзарады.

Ересектер тобындағы балаларға арналған күн тәртібін жасау, көбінесе климаттық-географиялық жағдайларға, жыл мезгіліне, баланың жасына байланысты болатындықтан жан-жақты күн тәртібі жоқ. Сондықтан, күн тәртібі әрбір жас топтары үшін көрсетілген жағдайларды ескере отырып жасалады, бірақ әрбір топтар үшін негізгі ьтәртіптердің (оқу, таза ауада болу, ұйқы) ұзақтығын міндетті түрде сақтау керек. Мысалы 3-7 жастағы балаларға түнгі ұйқының ұзақтығы 10 сағаттан кем болмауы керек (дайындық тобында 9 сағат 45 минуттан), күндізгі ұйқы 2 сағат 10 минуттан 1 сағат 40


минутқа дейін, сабақ ұзақтығы (үзілістерді қоса есептегенде) 40 минуттан 1 сағат 50 минутқа дейін, таза ауада серуендеу 4 сағат мөлшерінде болуы керек, таңертең балаларды ұйқыдан тұрғызу жергілікті уақыт бойынша 6,30-дан, ал, түнгі ұйқыға жатқызу 20.2020.45 уақытта болуы керек.
Жіберген материалыңыз сізді немен қызықтырғанын жазыңыз.

Күн тәртібін ұйымдастыруда үлкендердің рөлі жайлы ақпараттан балаға қажетті үлкендер ескеру керек деректерді көруге болады . Бала үшін тамақтану , ұйықтау , ойнау , оқу , серуендеунің аса қажеттілігін білуге болады.



Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібін құруда жас ерекшелігін ескері қажеттілігін білуге болатын ақпарттар ұнады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет