Бейімделу дегеніміз не? Бала жаңа ортаға келгенде оның бойында өзіне бейтаныс жағдайға үйрену процесі жүреді. Бұл міне бейімделу деп аталады



Дата04.11.2023
өлшемі15,58 Kb.
#189425
Байланысты:
бейімделу
4 акт

Бейімделу дегеніміз не? Бала жаңа ортаға келгенде оның бойында өзіне бейтаныс жағдайға үйрену процесі жүреді. Бұл міне бейімделу деп аталады.
Баланы жаңа ортаға, әсіресе мектепке қалай бейімдеу керек? Бейімделу кезеңдері қалай өтеді? Мұндай жағдайда ата-аналар мен мұғалімдер қандай әрекет жасауы керек?
Бейімделу деген не?
Сарапшының сөзінше, адаптация, яғни бейімделу процесі - ол адамның үйреншікті, қалыпты жағдайдан басқа, таныс емес жағдайға тап болуы. Бұл кезде адамның бойында әртүрлі процестер жүріп жатады.
Ата-аналар мен мұғалімдерге бұл жағдайда не істеуге болады?
Бейімделу процесінің бастапқы кезеңі және соңғы кезеңі болады. Бұл кезең өтеді. Оны қабылдай білу керек. Бала бұл жағдайда қалып қалмайды. Себебі бейімделу процесінде жүрген баланың эмоционалды жағдайы құбылмалы болады. Оның бірде көңіл-күйі болса, бірде болмайды. Кейде ынтасы жоғарылап кетеді де, кейде аяқ астынан қызығушылығы төмендеп кетеді. Кейбір балалар бас ауруының, басқа да аурулардың белгілерін айтып, шағымдануы мүмкін. Бұл жерде балаға «сен жалқаусың», «өзіңді қинағың келмейді» деген сияқты баланың жанына тиетін сын әңгімелерді айтпай, керісінше ол бейімделу процесінде екенін естен шығармай, қолдау көрсету керек. Себебі мектепке барған балада психологиялық жүктеме болады. Ал үйге келгенде бала өзінің қажеттіліктері, ойы, қалауы бар балаға айналуына көмек көрсеткен дұрыс. Демек үйде де баланы қатаң ережелермен күтпей, мүмкіндігінше сабағы қалай өткенін сұрап, не ұнағаны жайлы сұрақтар қою керек. Ата-ана осындай қолдау көрсету арқылы баланы бейімделу процесінен алып шыға алады.
Бейімделу процесі әр балада әртүрлі болады. Мысалы, баланың жеке тұлғалық қасиеттеріне, жас ерекшеліктеріне, физикалық әл-ауқатына және үйдегі эмоционалды-психикалық климатқа байланысты. Психологтардың айтуынша, бұл процесс жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Яғни бала осы уақыт бойы үйренісу кезеңдерінен өтеді.
Бейімделу үш кезеңге бөлінеді. Алдымен жаңадан пайда болған өзгерістерді қабылдамау, одан бас тарту. Соған байланысты бала мінезін көрсетіп, жылап, айғайлап, күйзеліс жағдайында болуы мүмкін. Ол қысқа уақытта өтеді. Екінші кезең, жан-жақта болып жатқан өзгерістерге назар қойып қарау, соларды қабылдауға дағдылану. Үшінші кезең, өзгерістің бәрін түбегейлі қабылдау және оларды мінсіз орындау. Яғни сабаққа бару, оны орындау, киімдерін жинау, сабақ кестесін білу және т.б. Бұл жерде ата-анаға қойылатын маңызды шарт – қолдау процесін ұйымдастыру барысында әр балада жеке күн тәртібі болғаны баланың бейімделу процесінің жеңіл өтуіне көмектеседі. Себебі балада күнделікті нақты жоспар бар: қай уақытта сабақ оқиды, қай уақытта дем алады, қай уақытта ойынға уақыт бөледі, - дейді педагог-психолог.
Балаға қолдау көрсеткен дұрыс
Мектепке барған алғашқы апталарда баланың қасында эмоционалдық жылулық беріп, қолдау көрсете алатын жақындары табылғаны өте маңызды. Мектепте жиналған жағымсыз сезімдерді бала эмоционалдық байланысы бар жақынымен талқылау арқылы арылуға тырысуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет