Бас сауғалау бас сауғалап қаша жөнелді. Соғысқа, жорыққа қатыспағандар олжадан «сауға» сұрап алатын. Зерттеуші К. Ахметжановтың айтуынша: «Сауғаға жеңілген батырдың, тұтқынға түскен адамның бас бостандығын, өмірін сұрап алуға болады



Дата07.02.2022
өлшемі16,26 Kb.
#85785
Байланысты:
Этнолингвистика


БАС САУҒАЛАУ
Бас сауғалап қаша жөнелді.
Соғысқа, жорыққа қатыспағандар олжадан «сауға» сұрап алатын. Зерттеуші К.Ахметжановтың айтуынша: «Сауғаға жеңілген батырдың, тұтқынға түскен адамның бас бостандығын, өмірін сұрап алуға болады. Жеңілген жауынгер кейде өз өмірін де сауғалап алуы мүмкін» «Басын сауғалау» тұрақты тіркесі жанын аман алып қалудың синонимі болып табылады.

ЖАСТЫҒЫН АЛА ЖАТУ
Келесі бір жаугершілік заманнан қалыптасқан фразеологизм – жастығын ала жату ( есесін жібермей, кегін алды мағынасында). Мысалы: Батар күнмен батайын, Бекежанды өлтіріп, тым болмаса, құдай-ай, жастығымды ала жатайын! Ғалымдар бұл фразеологизмнің жасалуына арқау болған образдың түп негізінде ХІІІ ғ. дейінгі кездегі көшпелілер әлеміндегі адамды жерлеу рәсімі жатыр дейді. Ерте кездердегі монғолдарда бай адам өлсе, оның аяғына жастық етіп сүйікті құлын, ал жаугершілік қолбасы қаза тапса, оның ерлікпен өлген қарсыласын, я болмаса, сол ұрыста қаза тапқан үзеңгілес жолдасын қолбасының басына жастап бірге жерлейтін салт болғандығын айтады. Осындай болжам, салт негізінде жастығын ала жату фразеологизмі туындаған деуге болады.


ҚҰЛАҚҚА ҰРҒАН ТАНАДАЙ“ 
Өмір - теңіз..Ол үнемі құлаққа ұрған танадай тып-тыныш қалыпта тұрмайды.
тұрақты тіркесінің де қалыптасу уәжі қазақ халқының малға қатысты тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты. Осы тұрақты тіркестің қалыптасу уәжі мынадай дерек арқылы түсіндіріледі. “сиырдың жас тілінде “айналшық”деген дерт болды. Оны ғылыми түрде “ценнуроз“ деп атайды. Олай ауырған мал сенделіп, тұрған жерінде айнала береді. Ертеде қазақтар ауырған малды жұдырықпен құлаққа қатты соғу арқылы жазған, сонда есеңгіреп қалған төл, аздан кейін шөп жеп, су іше бастайды. Қазақтың тып-тыныш халді “Құлаққа ұрған танадай” деуі содан болса керек. Яғни, о баста мал емдеудің бір тәсілі болған құлаққа ұру, кейін уақыт өте келебастапқы мәні ұмыт болып, тек тұрақты тіркес түрінде тілде орын алса керек.


АСАН ҚАЙҒЫҒА ТҮСУ
Қамығып уайымға түскенде, арман еткенде немесе бір жұмысты қиынсынып оған қай-қайдағыны сылтау еткенде айтылады. Қазақ ертегілерінде Асан қайғы аңызы былай баяндалады: Асан қайғы желмаяға мініп, жиһан кезіп, «Жерұйық» дейтін ну орманлды, көкорай шалғынды, сулы жер, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған қоныс іздейді. Елін сол жерге қоныстандыруды арман етеді. Жүрген жерінде жақсы қонысқа да, жаман қонысқа да баға беріп отырады.

ТОПЫРАҚ ШАШУ
Біреуге өтірік жала жабу, қаралау
Бұл тіркесті Б.Әбілқасымов халықтың ежелгі әдет-ғұрпымен байланыстыра түсіндіреді. Мысалы, мал иесі қасқыр жоламас үшін бір уыс топырақты алып, үш қайтара арбап оқитын да, қораны айналдыра шашатын. Бұдан соң қасқыр қораға кіре алмайды деп сенетін.

ҚАНЫН ІШТІ
тіліміздегі өлтірді мағынасында қолданылатын қанын ұрттады, қанын ішті, тұрақты тіркесі де көп тараған. Мысалы, Қайнап тұрған қанымды ішкенменен, Қаңсыған, қатқан ішін не жылытсын (Абай).
Қанын ішу тұрақты тіркесінің қалыптасуы туралы М.Иваниннің "О военном искусстве при Чингисхане и Темерлане" деген еңбегінде моңғолдар жорыққа аттанғанда, қарудан басқа өздерімен бірге біреуі суға, біреуі құртқа арналған екі торсық алатыны сөз болады. Бұл құртпен олар қатты жүріс кезінде жүрек жалғаған. Мүмкіндік болған сəттерде ет пісіріп жеген. Ал енді құрт немесе басқа азық болмаған жағдайда, олар аттың қанын ағызып, соны ішкен. Осындай деректерден халықтың салт-дəстүрі мен наным-сенімдерін баяндайтын тұрақты тіркестердің мағынасы ашылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет