Өсімдіктерде ауру қоздыратын



бет1/3
Дата04.11.2023
өлшемі0,66 Mb.
#189561
  1   2   3
Байланысты:
дезинфекция


Залалсыздандырудезинфекция – адам мен жануарлардаөсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Залалсыздандыру – жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі. Қазақ халқы залалсыздандыру тәсілдерін ерте заманнан бері қолданып келген. Мысалы, ауырған адамның ыдыс-аяғын бөлек ұстап қайнату, науқастан түскен шашты, тырнақты көміп тастау немесе өртеп жіберу; мал шарушылығында – қораларды, көң-қоқысты тазалап отыру, дәнді дақылдарды күнге кептіріп алу, т.б.

Қолдану мақсатына қарай залалсыздандыру екі түрге ажыратылады: сақтық (профилактикалық) залалсыздандыру және ошақтық залалсыздандыру (күнделікті немесе ағымдық және қорытынды).

  • Сақтық залалсыздандыру – алдын-ала тағамдық өнімдерді дайындайтын және сақтайтын жерлерді, малдан алынатын шикізат немесе тағамдық заттар сақтайтын мекемелердімал қораларын, астық қоймаларын, емхана және ауруханаларды, әжетханалар мен қоқыс жинайтын орындарды арнайы тәсілдер қолданып өңдеу.

  • Ошақтық залалсыздандыру – ауырған адам мен малдың қасында болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп отыру, ауруды емдеуге алып кете салысымен және аурудан жазылып кеткеннен кейін немесе ауру (адам не мал) өліп қалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден өткізу.

Дезинфекция - науқаспен байланыста болған адамдардың инфекциясын болдырмайтын маңызды шаралардың бірі. Дезинфекция сөзі екі сөзден шыққан: француз des-жою және латын infectio-инфекция. Оның басты міндеті-науқастың секрециясын және олар түсуі мүмкін түрлі заттарды дереу залалсыздандыру.
Үй иесі күнделікті не істейді – бұл беттердегі шаң мен кірді, керамика мен араластырғыштардағы шөгінділерді, едендегі құмды кетіруге арналған әдеттегі тазарту процедуралар. Тазарту дезинфекциядан түбегейлі ерекшеленеді, Дүниежүзілік пандемия жағдайында өзін қорғалған сезіну, тіпті 100% болмаса да.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет