Лекция бейімделу ұғымына шолу жасау. Ғалымдардың жасаған ой тұжырымдарының сипаттамалары. Сенсорлық бейімделу. Әлеуметтік бейімделу



бет8/81
Дата11.01.2022
өлшемі1,26 Mb.
#110795
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   81
Байланысты:
ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)
Желі дәріс, ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.https://ust.kz/word/bayandama_mumkindigi_sekteyli_balalardyng_quqygyn_qorgay-216255.html

2.Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ҚР Заңы. – Астана.-2002.

3.«Бала құқықтары туралы Конвенция» БҰҰ, 1989

4.Байтұрсынова А.А. «Арнайы педагогика: проблемалар мен даму болашағы». Оқу құралы.- Алматы, 2008



4 ЛЕКЦИЯ

  1. Тұлғаның әлеуметтік бейімдеудің психологиялық-педагогикалық қырларының ерекшеліктері.

  2. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету.

  3. Әлеуметтік-педагогикалық тренингтің негізгі мәселесі, түрлері және қойылатын талаптар.

Тұлғаны әлеуметтік жағынан бейімдеудің психологиялық - педагогикалық қырларын қарастыратын болсақ, психологияда тұлға іс-әрекетінің өмірдегі ролін және мағынасын ашу, әлеуметтік, психологиялық және тағы басқа да категориялар мен ұғымдар жүйелерінде анықтау барысында талқылайтын – В.В.Давыдов. Тұлғаның дүниемен яғни әлеуметтік ортамен әрекеттестігі тек субъектінің іс-әрекетінен шықпайтындығы туралы интериоризация теориясы жетіспеушіліктерінің бірін анықтауға жол ашады. Бұл теория тұрғысынан А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов және басқалар іс-әрекет мәселесін талдайды. Іс-әрекет мәселесі – бұл жеке тұлға мәселесі аспектілерінің бірі (бірлесіп дүниемен әрекеттескен), ол – ең басты, бірақ сондай әрекеттестіктің жалғыз деңгейі емес. Жеке тұлғаның азаматтық қасиеттерін дамыту жөнінде сөз қозғағанда адамның жеке басында имандылық, адамгершілік қасиеттерді, мәдени мінез-құлық ерекшеліктерін, ақыл-ой, сондай-ақ, ерік, эмоция құбылыстарын жарасымды қасиеттерін тәрбиелеу сияқты мәселелерге баса назар аударылуы тиіс. Осы бағытта мынадай мәселелер анықталды. Тұлғаның құрылымы мен қалыптасу жолы жөнінде бірнеше теориялар бар. Солардың ішіндегі ең қомақтысы Зигмунд Фрейдтің (1856-1939) психоанализ (жан талдау) деп аталатын қисындары. Зигмунд Фрейдтің теориясы бойынша тұлғаның құрылымы үш бөліктен тұрады. Оның біріншісі – ид (ол), екіншісі – эго (мен), үшіншісі – супер эго (жоғары мен).

Ид-инстинктердің жиынтығы, ол санасыздыққа бой ұрып, рахаттану принципін басшылыққа алады. Эго (мен) идтің (ол) оларға әр түрлі рахаттану инстинктерді түгендеп басшылық етуде шындықпен санасу принципіне жүгінеді. Ең соңғы супер - эго адамгершілік ерекшеліктерді басшылыққа алып, бақылаушы және сынаушы міндеттерін атқарады. Егер «Мен» «Жоғары менге» қарсы тұрса, нәтиже «идтің» пайдасына, яғни, рахаттануға бой ұрса, адам өзін кінәлімін, ұяттымын деп айыптайды. Сөйтіп, бұл жайт конфликтілік ситуацияға алып келеді де, адамдарда аса күшті толқу сезімдері пайда болады. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық – педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру. Әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде психологиялық – педагогикалық жағынан қалыптастыруда оның өзіндік ерекшеліктеріне мән беріп, топтағы өзара қарым – қатынастарының ықпалын арттырудың жолдарын нақты көрсетіп бағыт берудің маңызы зор. Осы жауапты қызметте оқушы үшін тиімді әрі оңтайлы әдіс – тәсілдердің шеберлікпен ұйымдастырылуы оларға оң әсерін тигізеді.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғам көзқарасы өзгерген сайын оларға әлеуметтік көмек көрсетудің қолайлы түрлерін іздеуге мүмкіндік тудырады. Әлеуметтік көмек мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік-әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Жәбірлеген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің құрамына кіреді.

Әлеуметтік тексеру – тиісті жастағы балаларға арналған жас нормативтерін ескере отырып, дене кіріптарлығына, жинақтылығы, әдеттегі қызметпен айналысу қабілеті, экономикалық дербестігі мен қоғамға кірігу қабілеті шектелуіне байланысты болуы мүмкін әлеуметтік кемістіктер дәрежесін анықтайды. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ұзақ уақыттық экономикалық, педагогикалық, психологияляқ, әлеуметтік және экономикалық көмек көрсетіліп отырады.Әлеуметтік– педагогикалық қызмет адамның өмірлік жағдайларымен, экономикасымен және саясатты тығыз байланысты.

Әлеуметтік бейімдеу – нысаналы әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау процесінде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игеру мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде икемделуі.Әлеуметтік жұмыс – жекеленген адамдарға, отбасыларына-олардың толық мәнді әлеуметтік жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бұзылған немесе жойылған функцияларының орнын толтыра отырып әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін іске асыруда көмек көрсету жөніндегі қызмет.

Әлеуметтік көмек – бұл экономикалық жағдайы төмен, әлеуметтік әлсіз, психологиялық жағынан әлсіз адамдар тобына әлеуметтік ортада қалыптасуын жақсартуына бағытталған қызмет көрсету кешені.

Әлеуметтік – психологиялық тренингтің негізгі мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны ұйымдастыру болып саналады. Жеке тұлғаны зерттеудің әлеуметтік – психологиялық мәселелері:

Жүргізілген ұйғарымдардың жүру барысы бізді тікелей жеке тұлға мәселесімен байланысты мәселелер шеңберлі қарастыру қажеттілігіне алып келеді. Бірақ, бұл мәселенің талдауын бастамас бұрын әлеуметтік психологияға арнамалы болып табылатын «кесіндіні» дәлелдеп алуымыз керек. (Әлеуметтік психологияға жеке тұлға мәселесі 1979 ж.) Әлеуметтік психологияда жеке тұлға мәселесі қандай орын алу қажеттілігі туралы түсініктердің қарама – қайшылығы бар. Жеке тұлғаны оның әлеуметтік сипаттамасына онда белгілі бір сапалардың қалыптасуына кедергі жасаған болатын. Әлеуметтік психологияның анықтамасында жеке тұлға мәселесі ретінде, бірақ арнаулы аспектіде қатысады. Бұл аспектінің мінездемесі, оның пайдасына аргументация жасалуы керек. Жеке тұлға мәселесіне жалпылама қызығушылықтың бағыттары өте маңызды сияқты болып көрінеді. Себебі: бұл мәселені іске қатысы бар, барлық ғылыми пәндердің бірігуімен шешуге болады. Осылайша, әлеуметтік психология үшін жеке тұлғаға байланысты бағытын екі басқа пәндердің жеке тұлғаға байланысты бағытынан айыру қажет. Олар: әлеуметтану және психология. Бұл мақсаттың әлеуметтанулық және психологиялық білімнің кез келген жүйелері үшін бірдей шешімі болуы мүмкін емес. Оны шешудің қиындығы жеке тұлғаны қандай да бір нақты әлеуметтанулық және психологиялық концепцияда түсінуге тәуелді, тек оның психологиялық зерттеу пәні ретінде спецификасын түсінуге болады.

«Жеке тұлға – бұл индивидтің тума биологиялық диспозицияларының, инстинктерінің, құмарлықтарының және өмір сүру барысында иеленген бейімділіктері мен бітістерінің жалпы жиынтығы»

Адам туа салысымен әлеуметтік топқа енеді. Адам өзінің іс-әрекетінің мақсаты мен жалпы даму функцияларын өз қайшылықтарымен анықтайды. Жалпы адамзат қоғаммен бірге пайда болады. Бұл мәңгілік және жалпы категория деген. Тәрбиенің адамзатпен бірге жасасып, күні бүгінге дейін қоғам, яғни әлеуметтік орта дамуында болды. Алғашқы педагогика ғылымы тек бала тәрбиесі жөніндегі ғылым ретінде қарастырылса, бүгінгі таңда ол, адам тәрбиесі жөніндегі ғылым ретінде танылды. Жеке тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің педагогикалық жақтары педагогтарға тікелей байланысты. Орыс педагогы Ушинский өзінің оқушыларға арнаған «Адам – тәрбиенің объектісі» деген еңбегі балалардың жан дүниесін жете білуі, өте айрықша екенін ескере отырып, егер педагог адамдарды барлық жағынан бейімдегісі келсе, онда оны барлық қырынан тануы тиіс. Педагогтың айтқан кей жағдайлары емес, балалардың психикасы да, мінез - құлқы да әр түрлі болуы керек. Сондықтан дұрыс деп саналатын педагогикалық әдістердің өзі де кей жағдайларда айтарлықтай нәтиже берсе, басқа жағдайда нәтиже бере алмауы осыдан болады. Педагог өз ісіне шебер болуы үшін балалардың, яғни қалыптасқан жеке тұлғаның жан дүниесін жете білуі керек деп, Ы.Алтынсарин былай дейді: « Егер баланың бірдеңені түсінбейтіні болса, ұстазы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлау керек ».

Жеке тұлғаны жан-жақты дамытумен бірге, жеке және жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады. Жеке тұлға проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып, тәжірибеде қолданады. Нәтижесінде әлеуметтік бейімдеу барысында жеке тұлғаның өзіндік пікірі, қоршаған ортасына құрметпен қарау көзқарасы қалыптасып, таным қабілеті ашылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет