Алматы математика-лингвистикалық “Самай” мектебі
Информатика пәні мұғалімі: Қырғызбай Назгүл Сәбитқызы
Робот сұлбасын жасау технологиясы
Кіріспе
1. Роботты техниканың тарихы
1.1.Робоотардың жіктелуі және қолдану салалары
1.2.Әлемдік ең танымал роботты техниканы өндірушілер.
2.Роботтардың ең басты таптары
2.1.Роботтың құрамдастары
2.2. lego mindstorms ev3 моделі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қазіргі заман талабына сай роботты техника саласы күннен күнге дамып келеді. Бұл сала еліміз үшін өте жас сала болып саналады. Яғни, ол адам тәрізді іс-әрекеттер жасайтын автоматтандырылған құрылғы. Жалпы робот компьютер арқылы адамның немесе басқа да құрылғының қызметін атқаратын техника. Мысалы, кіржуғыш мәшинесін алатын болсақ, ол белгілі бір уақыт аралығында киімдерді жуып береді. Адамның жұмысын жеңілдету мақсатында басқарылатын техникалар тізбегі күннен күнге дамып келеді.Осы робототехника саласымен айналысу барысында оқушының бойында шығармашылық қабілеті, кеңістікте ойлау қабілеті, сыни ойлау қабілеті және логикалық ойлау қабілеті жақсы дамиды.
Робототехника қандай да роботтарды зерттеп әзірлемесе да, ол роботтар Айзек Азимовтың үш заңына бағынуы тиіс. Ол заңдарды 1942 жылы жазылған «Хоровод» атты әңгімесінде баяндаған. Ол заңдар мынадай :
1)Бір де бір робот адамға залал келтіре алмайды,немесе әрекетсіздігімен залал келуіне жол бермейді.
2)Бірінші заңға қарсы келмесе, робот адамның барлық бұйрықтарын -орындауға тиіс.
3)Бірінші және екінші заңдарға қайшы келмесе, робот өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.
1.1. Роботтардың жіктелуі
1.Үлкен дәлдікті талап ететін тапсырмаларды орындау үшін;
2.Заводтар мен фабрикалардың өнімділігін арттыру үшін;
3.Жолы қиын, қауіпті, лас және қараңғы жерлерде жұмыс жасау үшін;
4.Қайталанатын әрекеттерді орындау үшін.
Медицина
Da Vinci
Білім беру
NAO
Зерттеу
Curiosity
1.2. Әлемдік ең танымал роботты техниканы өндірушілер.
Негізгі дамыған роботтарды сатып алушылар – Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Германя.
Мемлекетте – негізгі робот өндірушілер – Жапония мен Германия (50%-дан жоғары және 22%-ға жуық әлемдік дамыған робот өндірушілерге кіреді).
Ресейде 10 мың роботты техникасы бар өндісте тек 2 роботтан келеді, ал Қытайда және ОАР-да 24 –ке жуық, бразилияда 5, Индияда Ресейдегімен бірдей.
- Барлық роботтар кішкене болса да компьютер кодын керек етеді. Сол алгоритмде робот қалай жұмыс істейтіні көрсетіледі. Код жазған адам программаның ішінде робот шешімін қалай және қашан қабылдап, әрекет ететінін жазады. Сол шынжыр арқылы жүретін робот өзінің механикалық дизайны мен құрылысының арқасында лайды керемет етіп, өзінің батареясынан сымдар арқылы керек мөлшерде энегия алса да, компьютер программасынсыз орнынан жылжымайды; өйткені программа роботқа қашан, қайда жылжу керек екендігін айтады. Программа роботтың негізгі мәнін құрады. Роботтың механикалық және электр бөлшектері керемет әрленіп, бірақ жазылған программасы нашар болса, роботтың жұмыс істеуі екі талай, істесе де, қозғалуы мен жұмыс істеуі ретсіз болады.
2.2. lego mindstorms ev3 моделі
EV3 – бұл LEGO® MINDSTORMS® Education платформасының үшінші буыны. EV3 – бұл жай конструктор емес, ол көптеген күрделі электронды құрамдас бөліктерден тұратын роботтардың конструкторы болып табылады. «EV» ағылшын тілінен аударғанда «evolution» - «эволюция» деген мағынаны береді.
Мұқабалар Қораптың ішінен үш түрлі картон мұқабалары болады: 1. Атауы бар мұқаба. 2. Құрастырылымдық бөлшектердің тізімі.3.Тетіктердің,сымдардың, блоктардың, дөңгелектердің тізімі.
LEGO Mindstorms —программаланатын роботқа қолданылынатын конструктор, электронды блоктар мен кішігірім құралдар жиыны.
Мотор дегеніміз-(тартпа, қозғалтқыш) тек қана роботты емес, сонымен қоса түрлі механизмдер мен манипуляторды қозғалысқа әкелетін роботтың ажырамас бөлігі болып табылады.
Жанасу датчигі- датчик басуды, басудың жоқтығын, басудың санын анықтайды; әрекеттің 3 режимін ажырата алады.
Ультрадыбысты датчик-дыбыс толқындарын жіберіп, қайтып келген сигналдарды оқиды және нысандарды тауып, оларға дейінгі қашықтықты есептейді.
Гироскопиялық датчиктің негізгі қызметі:көлбеу бұрышты өлшейді; айналу жылдамдығын градуста және секундта өлшейді.
Түс датчигінің негізгі қызметтері:түстерді анықтайды; жарықтылықты, шашыраңқы және шағылысқан жарықты өлшейді.
Енгізу порттары-1,2,3 және 4
Шығару порттары-D, C, B және A.
Қорытынды
Робототехниканы зерттеу оқушылардың болашақта ізденісін одан әрі дамытуына ықпал етеді. Оқушылар робот құрастыра отырып, өзінің автоматтандырылған құрылғыларын құрады, оларды қадағалайды және эксперимент жүргізеді, моделдің практикалық қолданылуын іздейді, ғылыми бағыттағы инженерлік мамандықтың іргетасын қалыптастырады. Оқушылар нақты мақсат қоюға үйренеді, өмірдегі проблемаларды шешу үшін сыни ойлайды және шығармашылық дағдыларын қолданады. Болашақ – роботты техникада.
Назарларыңызға рақмет
Достарыңызбен бөлісу: |