2.Батылдық. Батылдық бұл – жетістік болатынына кепілдік алмай тұрып, өз мақсатына жетуге тәуекелге дайын болуды білдіреді. Бұл мықты көшбасшының ең жарқын қасиеттерінің бірі. Болашақ қауіпсіздікке қарай ұмтылатындарда емес, әрқашанда тәуекел етушілерде екені белгілі. Ерлік – бұл ешқандай кепілдік болмай, әрекетке көшуге дайын болу. Маңызды шешім қабылдамай тұрып, неғұрлым көп ақпарат пен пікірді сараласаңыз, сіз дұрыс жасап жатқаныңыздың ықтималдығы артады. Бірақ тәуекелділікті толық алып тастай алмаймыз. Ерлік пен батылдық үнемі «Не істеуім қажет?» деп ойланғанда ғана көрініс табады. Неғұрлым әрекетке бағдарлансаңыз, соғұрлым өзіңізді сенімді сезінесіз, қажет кезде дұрыс әрекет етіп, жеңіске жету ықтималдығыңыз жоғарылайды. Салыстырмалы кеш «қахармандық, батырлық» теория өкілдері (Т. Карлайл, Е. Е. Дженнингс, Дж. Дауд және т.б.) батырларды (олардың ойынша, тарих – бұл «батырлардың», «ұлы адамдардың» жасаған туындысы) «мұра бойынша берілетін» қаситтердің бөлінуі және олардың «топты» қызықтыра алатынына негіз қойып қарастырды. «Батырлық» теориядан кейін туындаған «белгілер» теориясы көшбасшының, әрекеттің ерекше типі ретінде, қандай қасиеттерге ие болу керек деген сұраққа жауап беруге тырысты. Осы теория жақтастары (Л. Л. Бернард, В. В. Винхам, О. Тэд, С. Е. Килбоурн және т.б.) адамды көшбасшы қылатын – белгілі психологиялық сипаттар және қабілеттер («белгілер»). Көшбасшы факторлардың қатары призмасынан құрастырылды. Біріншіден, «қабілеттер» – ақыл-ой, вербалдылык және т.б.. Екіншіден, «жетістіктер» – білім және спорт. Үшіншіден, «жауапкершілік» – байланыс, ұмтылыс, табандылық, қалау және т.б.. Төртіншіден, «қатысу» – белсенділік, кооперация, және т.б.. Бесіншіден, «дәреже» – әлеуметтік-экономикалық жағдай, танымалдылық. Ақырында, алтыншыдан, тұлғаның «жағдайлы белгілері». Көшбасшыға осы әрекет ету шегінде қажетті негізгі қасиеттерді атап өтейік: 1) істі аяқтауға деген өте күшті ұмтылыс және жауапкершілікке көзқарас; 2) мақсатқа жетудегі энергия мен табандылық; мәселелерді шешудегі қауіпке назар аудармау және алуан түрлілік; 3) алғыр ойлау; 4) өз-өзіне сену; 5) айналадағыларға әсер ету қабілеті, әлеуметтік қатынастарды құрылымдау қасиеті; 6) «өзіне» әрекеттер мен шешімдердің барлық нәтижелерін алу тілегі; 7) фрустация мен топ ыдырауына қарсы тұру қабілет. Ең қызықтысы,1979 жылы АҚШ Мемлекеттік Департаментінде қолданбалы мақсаттарда қабылданған көшбасшылық әрекетті зерттеу, қазіргі саяси көшбасшының ең маңызды белгілер, бюрократиялық, пікірдің туралығы, бөтен ойды тыңдай білу қабілеті, белсенділік, өсу қоры және әзіл-ысқақтың бар болуы табылады. Қызықтысы, интеллектуалдық қабілеттер көшбасшы үшін шешуші деп саналмайды. М.Вебер есептеуінше, «саясаткер» үшін үш қасиет шешуші болып табылады: қызуқандылық, жауапкершілік қасиеті және көз қырағылығы. Қызуқандылық – істің мәнісіне бағыт түсінігінде, іске өте берілгендікте. Көз қырағылығы, әсіресе, ішкі тұрақтылыққа ие және шындық әрекеттеріне берілуге салқындылықпен заттар мен істерге, адамдарға қашықтық қажет. Сонымен қатар, «батырлар» және «белгілер» теориялары көшбасшыға қажетті қабілеттер қатарын және жоқтастарын көбейтуде. Белгілі дәрежеде, бұл бұрынғы, бейнелік тәсілдердің инерциясы. Феноменнің ғылыми зерттелуі одан әрі жүргізілді