Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың



бет6/13
Дата19.12.2021
өлшемі81,45 Kb.
#103249
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
0015708a-99bffd3c
¦С¦Ю¦в¦С¦Р¦Х¦Т¦Р ¦Р.¦б. ¦Ь¦¦¦-¦¬¦¦¦¦¦¦TВTВTЦ¦¦ ¦-¦-TБTЫ¦-TАTГ TВ¦¦¦-TА¦¬TПTБTЛ, Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.
«Денсаулық» білім беру саласы

«Денсаулық» білім беру саласының мазмұны белсенді қимыл әрекетінің дағдыларын, дене сапаларын өздігінен жетілдіру қажеттіліктерін, балаларды салауатты өмір салтының негіздеріне баулуды қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.

Қимыл белсенділігін арттыру денсаулықты нығайтудың пәрменді құралының бірі ретінде қарастырылып, дене дайындығын жақсартады, қимыл тәжірибесін байытады, шығармашылық және танымдық әлеуетін арттырады.

Педагог басшылық етудің мынадай тәсілдерін қолдануды жалғастырады: көрсету, түсіндіру, көтермелеу, жетекші сұрақтар, балалардың өздерін де жаттығуларды көрсетуге баулиды.Дербес қимыл белсенділігін ұйымдастыруда балаларды еріктіксапаларын танытуға ынталандырады.

Балалармен бірге жаттығуларды және ойындарды орындауда педагогтың жеке үлгісі маңызды болып табылады. Педагогтың өзі түрлі қимылдарды білуі және орындауы, шаңғымен жүре білуі, конькимен сырғанай білуі, жүзе алуы, түрлі спорттық жаттығулардың түрлерін үйретудің қажетті тәсілдерін жақсы білуі тиіс.

Бұл кезде сыныптың жалпы жағдайы, әр баланың жеке ерекшелігі ескерілуі тиіс.

Балалардың қимыл белсенділігінің алуан түрлерінжүргізу үшін, тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайлардың болуы, қыста– жақсы желдетілген бөлмеде, жазда-терезелері ашық бөлмеде немесе далада өткізілгені дұрыс.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Дене шынықтыру» бойынша апталық жүктеме – 2,5 сағатты құрайды, ұзақтығы - 25-30 минут.

Балалар ұйымдастырылған оқу қызметі барысында дене шынықтыруға арналған киімде болулары тиіс. Педагог ұйымдастырылған оқу қызметінің алдында ірі және ұсақ дене шынықтыру жабдықтарын дайындайды және оны белгіленген жерге орналастырады. Педагогтың нұсқауымен балалар өздері заттарды алады, жаттығуларды орындап болғаннан кейін оларды орнына қояды.

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі және қорытынды. Бірінші бөлімнің мақсаты- ағзаны негізгі бөлімдегі тапсырмаларды орындауға дайындау. Балаларға жүрудің және жүгірудің, сапқа тұру мен қайта сапқа тұрудың түрлері, күрделі емес ойын жаттығулары ұсынылады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің екінші бөлімі (негізгі) жалпы дамытушы жаттығуларды, негізгі қимыл түрлерін және қимылды ойындарды қамтиды. Жалпы дамытушы жаттығулардың түрлі бастапқы қалыптары: тұрып, отырып, тізерлеп тұрып, шалқасынан және етбетінен жату қолданылады, жаттығулар реттілікпен орындалады: алдымен қолға және иық белдеуіне арналған, содан соң денеге және аяқтарға арналған жаттығулар, бірқалыпты жүруге ауысатын секірумен немесе жүгірумен аяқталады.Баланың бұлшық етіне салмақ түсіретін, нақты орындалатын жаттығуларды заттармен (гимнастикалық таяқшалармен, құрсаулармен және т.б.) орындау. Қайталануы - 8-10 рет.Балаларды негізгі қимылдармен таныстырғанда олардың меңгеруі тиіс 1 жаңа және бекітуге 3-4 элемент таңдап алынуы тиіс. Балалар тұрақты қимыл дағдыларын меңгергеннен кейін жаттығулардың жарыстық түрі қолданылады.Балаларды командада жұмыс істеуге, команда бойынша достарға көмектесу мен қолдау көрсетуге үйрету керек.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің қорытынды бөлімі көлемі бойынша шағын; онда қимыл белсенділігін біртіндеп төмендетуге ықпал ететін аз қарқынды ойындар мен ойын жаттығулары өткізіледі, тыныс алуды қалпына келтіретін жаттығулар, күрделі емес ойын тапсырмалары қолданылады.

Балаларды өз әрекеттерін дербес талдауға, оларды сипаттауға, сұрақтарға жауап беруге, жіберген қателіктерін байқап, түзетуге үйрету керек.

«Денсаулық» білім беру саласы «Қауіпсіз мінез-құлық негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметін қамтиды. Апталық жүктемесі 0,5 сағатты құрайды.

Алға қойылған міндеттерді іске асырудың тиімділігі көбінесе заттық-дамытушы ортаның мазмұнына байланысты болады, ол: «Қиылыстар» макетін, «Жол жүру ережелері»тақырыбы бойынша картиналар сериясын, белгілер- апат кезіндегі қауіпсіз мінез-құлыққа үйрету түріндегі бағдарларды (сурет, сызба, түс, графика), апаттық қызмет телефондарының нөмірін және т.б. қамтиды.

Келесі ұйымдастыру түрлерін қолдану ұсынылады: әңгімелесулер, дидактикалық және мазмұнды-рөлдік ойындар, ойын тренингтері, экскурсиялар және т.б.

Алынған әлеуметтік қауіпсіздік дағдылары, экологиялық сана-сезімі, өз денсаулығының маңыздылығын түсінуі балалардың өміргебейімделуіне көмектеседі.

Бағдарлама балалардың жеке, жас ерекшеліктерін және өңірлік айырмашылықты ескере отырып, оқытудың әдістері мен алуан түрлерін қолдану құқығын береді.

Қимыл белсенділігін арттыруға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады: Денсаулық және спорт күні, дене тәрбиесі мерекелері мен сауық-кештері, жаяу серуен,қимылды және спорттық ойындар, шаңғы тебу, шанамен сырғанау, коньки тебу және т.б. Педагог осы шараларды дайындап, өткізуде балалардың белсенділік танытуына жағдай жасайды. Мектепалды даярлық сыныптарында айына 1 рет, ұзақтығы 40 минутты құрайтын дене шынықтыру сауық-кештерін өткізу ұсынылады. Мазмұнына балаларға таныс жаттығулар, эстафета ойындары, ермек ойындары, аттракциондар енгізіледі. Дене шынықтыру мерекелері жылына 2 рет қыста және жазда өткізіледі, ұзақтығы 1 сағат. Мерекелерде балалар өздерінің дене дамуындағы жетістіктерін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет