Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың



бет7/13
Дата19.12.2021
өлшемі81,45 Kb.
#103249
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
0015708a-99bffd3c
¦С¦Ю¦в¦С¦Р¦Х¦Т¦Р ¦Р.¦б. ¦Ь¦¦¦-¦¬¦¦¦¦¦¦TВTВTЦ¦¦ ¦-¦-TБTЫ¦-TАTГ TВ¦¦¦-TА¦¬TПTБTЛ, Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.
«Коммуникация» білім беру саласы

«Коммуникация» білім беру саласының мазмұны қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасау және өзара іс-әрекет ету білігін қалыптастыруға, қарым-қатынас жағдаяттарын ажыратуға, өзінің мінез-құлқын тәрбиелеуге бағытталған.

Педагог ұжымда балалардың бірінің сөзін бірі бөлмеуге, әдепті түрде қарсылық көрсетуге, дауласпауға, құрдастарын тыңдай білу білігін, олардың бір-бірімен сыпайы қарым-қатынас жасау дағдысын тәрбиелей отырып, қарым-қатынас мәдениеті мен өзара қарым-қатынасқа ерекше мән береді. Педагог балаларда үлкендермен қарым-қатынас жасауда әдептілікпен сыйластық көрсету білігін қалыптастырады, оған назар аударады. Педагогқа балалар қылықтарының себептерін түсіну және оларды дұрыс бағалау маңызды. Педагогтың ықпалымен сол немесе басқа жағдаяттарда балалардың өз бетінше шешім қабылдау қабілеті дамиды. Оқу материалының мазмұнын игеру сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға: коммуникативтік міндеттерді шешу мен қажетті ақпараттарды өңдеу, алу, сұрыптау үшін күнделікті өмірде сөйлеу дағдыларын қолдану мақсатында сөйлеу қызметінің түрлері ретінде, тыңдалым және айтылым ықпал етеді.

«Драма» ұйымдастырылған оқу қызметінің мазмұны артикуляцияны, коммуникативтік-тілдік дағдыларды игеру мен қозғалыстарды үйлестіруді қамтиды.

Ересек мектепке дейінгі жаста театрландырылған-ойын тәжірибелерін тереңдету драматизация-ойындары мен режиссерлық театрландырылған ойындардың әр түрлерін игеру есебінен жүзеге асады. Драматизация-ойындары тәжірибесін тереңдету, ойын мазмұнын таңдауда балалар өз бетінше белсенділік танытады, таңдауға шығармашылықпен қарайды. Оларды негізгі екі топқа бөледі:драматизация және режиссерлік (олардың әрқайсысы, өз кезегінде бірнеше түрге бөлінеді).

Драматизация ойындарында бала, «әртіс» ретінде рөлді орындай отырып, өздігінен вербалды және вербалды емес мәнерлілік құралдары кешені көмегімен өздігінен бейне жасайды.Драматизация түрлері адамдар, әдеби кейіпкерлер, жануарлар бейнесіне еліктеу ойындары- болып табылады; мәтін негізінде рөлдік сұхбат; шығармалар қойылымдары; бір немесе бірнеше шығармалар бойынша спектакль қойылымдары; алдын-ала дайындықсыз (немесе бірнеше мәтіндегі) мәтінді ойнау ойын-импровизациялары.

Режиссерлік ойындарда «әртіс ойыншықтар немесе олардыалмастырушылар болып табылады, ал бала іс-әрекетті «сценарий жазушы және режиссер» ретінде ұйымдастырады, «әртістерді» басқарады.Кейіпкерлерді «дыбыстай» және мәтінге түсініктеме бере отырып, ол әр түрлі вербалды мәнерлілік құралдарын қолданады. Режиссерлік ойындардың түрлері балабақшада қолданылатын түрлі театрларға сәйкес анықталады: үстел үсті, жазықтық және көлемді, қуыршақ (бибао, саусақ, марионеткалар) және т.б.

Ересек мектеп жасына дейінгілердің бірқатары бейнелік-ойын этюдтарымен, ойын-импровизацияларымен, ертегі қойылымдарымен соның ішінде әдеби шығармалардың бірнеше түрінен «коллаж» негізінде өздігінен спектакль көрсетуге қол жеткізе алады.Режиссерлік ойындардың тәжірибесі марионеткалар, «тірі қолмен» қуыршақтар, таяқ қуыршақтар есебінен байытылады.

Қойылымдар үшін мәтіндер күрделенеді.Оларды терең рухани адамгершілік мазмұнмен және жабық сөз астарымен, соның ішінде әзіл-сықақпен ажыратады.6 жастан асқан балалардың ойынының айқын ерекшелігі олардың біртіндеп сөйлеу жоспарына ауысуы болып табылады.Бұл мазмұнды ойындардың әр түрлерін, соның ішінде қиял-ойындарын біріктірумен түсіндіріледі.Ол театрландырылған ойындардың негізі және маңызды бөлігі болып табылады, онда шынайы, әдеби және қиялдағы жоспарлар бір-бірін толықтырады.

«Таным» білім беру саласы

«Таным» білім беру саласыныңмазмұны танымдық-зерттеу іс-әрекеті үшін жағдай жасауға бағытталған. Ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындалу кезінде сенсорлық тәжірибені жинақтауға байланысты, алдын-ала жұмыстардың зор маңызы бар: қоршаған орта нысандарының түрлі ерекшеліктерімен танысу жаттығулары, зейін, есте сақтауды дамыту ойындары, көркем әдебиетті оқу, әңгімелесу, серуенде бақылау жүргізу.Балалар іс-әрекетінің әр түрлері сәйкес келгенде балалардың барлық қабылдау жүйесі қосылады: көру, есту, қозғалыс, өнімді нәтиже сапасын арттыруға ықпал етеді (суреттер, қолдан жасалған заттар).

Ұйымдастырылған оқу қызметінөткізе отырып, оның жекелеген бөліктерін органикалық байланыстыру маңызды, ақыл-ойға түсетін салмақты дұрыс бөлуді қамтамасыз ету, сабақтың түрлерін ауыстыру.

Дәстүрлі сабақ құрлымдарының нұсқалары:

1. Балаларды жаңа тақырыпқа енгізу мақсатында қайталау– 2-4 мин.

2. Жаңа материалды қарастыру -15-18 мин.

3. Игерілген материалды қайталау - 4-7 мин.

Кіріктірілгенұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы дәстүрліұйымдастырылған оқу қызметінен ерекшеленеді.Ұйымдастырылған оқу қызметініңкөлемі шағын, бірақ, нақты зат немесе құбылыс оның түрлі аспектілерімен қарастырылғанда,мағынасы кең болу керек. Оқу үдерісіндегі осындай ұйымдастырылған оқу қызметіндетүрлі әдістер мен тәсілдер, оның ішінде:

-салыстырмалы талдау, салыстыру, іздестіру, эвристикалық әрекет;

-балаға жауап табуға көмектесетін, педагогтармен бірігіп «жаңалық ашуға» ынта таныту, мәселелік сұрақтар;

-мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін дамыту, сөздік қорды байыту үшін түрлі сөйлеу дидактикалық ойындары қолданылады.

«Жаратылыстану» ҰОҚ игеру барысында бақылау, саяхат, серуендеу уақытында педагог балалардың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймайды, ең бастысы оларға табиғаттың маусымдық кезеңіндегі белгілі бір заңдылықтарды сезінуге көмектеседі.Мысалы, «ауа –райы жылы болғанда, қар жабысқақ болады; аязда қар қатты және сықырлақ болады; жылы ауа-райында шатырда сүңгі пайда болады,ұлпа қар жауады» және т.б.

Балаларды үй және жабайы жануарлармен таныстыру кезінде оларды мекендеу ортасы, тигізетін пайдасы бойынша салыстыруға және жіктеуге тапсырма беруге болады. Балалар жануарлардың тіршілігі табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланыстылығын білу керек. Балаларды тұқымды топыраққа себу мен отырғызуға дайындыққа тартып, өсімдіктердің өсуі оның өсіп отырған жағдайына байланыстылығын түсіндіру керек. Сондықтанда балаларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі міндеттердің бірі экологиялық мәдениет пен табиғатты қорғау түсінігін қалыптастыру болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет